Юнисеф — біріккен ұлттар ұйымы- ның (БҰҰ) балалар қоры



жүктеу 30,09 Mb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата20.11.2018
өлшемі30,09 Mb.
#22014
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ұлттық азаматтық қызметтің (Англияның аса 

ірі жастар ұйымы), Ұлыбритания Үкіметінің, 

Жастар  істері  жөніндегі  ұлттық  агенттіктің, 

ДеМонфорт университетінің, жетекші жастар 

және қауымдық орталықтарының тәжірибесі 

қазақстандықтардың  еліміздегі  жастар  сая-

сатына  деген  пайымын  кеңейтуге,  оны  да-

мыту мүмкіндіктері мен жаңа жолдарын түсі-

нуге жол ашты. 

Қазақстанға  келгеннен  кейін  ЮНИСЕФ 

халықаралық  сарапшылары  2015  жылы 

шілдеде  ШҚО-да  алған  тәжірибелері  мен 

өздері үшін өзара іс-қимыл жасаудың жаңа 

мүмкіндіктерін  ескеріп,  жастар  ресурстық 

орталықтарының директорлары мен қызмет-

керлерін қатыстыра отырып, өңірлік жастар 

саясатын дамыту мәселелері бойынша семи-

нарлардың келесі сессияларын өткізді.

 

ЖАЛПЫНЫ ТЕГІС 

ҚАМТИТЫН 

НЕГІЗДЕМЕЛІК 

МОДЕЛЬ ЖӘНЕ 

ИНДИКАТОРЛАР

КӘСІБИ БІЛІКТІ ЖӘНЕ 

БІЛІМДІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

ЖОБАЛАР МЕН 

БАҒДАРЛАМАЛАР

ЖАС 

АДАМДАРДЫҢ 

ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

ТИІМДІ ЖРО МІНСІЗ КОМПОНЕНТТЕРІ

Шығыс Қазақстан облысында:

ЖРО ұйымдық моделі әзірленді

Ұйымдық модельмен және индикаторлармен 

байланысты болып келетін қызмет 

мысалдары таныстырылды

ЖРО қызметкерлері оқытылды 

Жас адамдардың қажеттіліктерін білу 

үшін индикаторлардың көмегімен зерттеу 

жүргізілді

36



АЯГӨЗДЕГІ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 

ЖОБА ТУРАЛЫ ПІКІРІ

...Елімізде 

жастарға 

арналған 

түрлі 

бағдарламалар  пайда  болды,  олардың 



барлығы  да  жастардың  білім  алуына, 

еңбек  етуіне  және  өздерінің  қоғамдағы 

орындарын табуына көмектесу мақсатында 

іске асырылуда. Мұндай мысалдардың бірі 

–  жастар  ресурстық  орталықтарының  әр  

өңірде ашылуы, олардың мақсаты жастар мен 

жастардың  бірлестіктеріне  қолдау  көрсету 

болып табылады. Алайда, жаңа орталықтың 

қандай бағытта жұмыс жасауы қажет екенін 

анықтау  –  оңай  шаруа  емес.  ЮНИСЕФ 

сарапшылары  Аягөз  қаласындағы  жастар 

ресурстық  орталығының  қызметкерлерімен 

кездесіп,  орталық  жұмысының  мәнін, 

негізгі  қызметін  және  жұмысының  бағытын 

анықтап,  түсіндіру  мақсатында  семинар-

тренинг  ұйымдастырды.  Біз  қазірдің  өзінде 

нәтижелерін көріп жатырмыз. Халықаралық 

сарапшыларды  оқытудың  арқасында  біз 

жастармен ортақ тіл табысып, олармен тек 

орталық  қабырғасында  ғана  емес,    парк 

бола  ма,  аула  ма,  көше  ме  –  орталықтан 

тыс  жерлерде  де  жұмыс  істей  аламыз, 

сол  арқылы  жас  адамдарды  жақынырақ 

түсінеміз.  

Ресурстық  орталықтың  негізгі  мақсаты  – 

жастардың,  әсіресе  ауылдық  жерлердегі  

жастардың  рухын  көтеру,  олардың  қоғам-

дағы рөлін күшейту, жастардың құқықтарын 

қорғау  және  оларға  толыққанды  қолдау 

көрсету. 

...Біз  бүгінгі  таңда  жастар  ресурстық 

орталығы  жастар  арасында  маңызды  рөл 

атқарады деп санаймыз.

             БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛДАУ КӨРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫ             



37


ЖАСӨСПІРІМДЕР 

АРАСЫНДАҒЫ 

СУИЦИДТІҢ ТАРАЛУЫН, 

СЕБЕПТЕРІН ЖӘНЕ 

ФАКТОРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ 

«ӘР БАЛАНЫҢ ӨМІР СҮРУГЕ ДЕГЕН АЖЫРАМАС 

ҚҰҚЫҒЫ БАР».

«ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР БАРЫНША МҮМКІН 

ДӘРЕЖЕДЕ БАЛАНЫҢ ТІРІ ҚАЛУЫН ЖӘНЕ 

ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ МЫҚТЫ БОЛЫП ӨСУІН 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ».

БҰҰ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, 6-БАП.




бақылап  жүруге  және  қауіпті  тәуекелшіл    

мінез-құлықтың  алдын  алуға  мүмкіндік 

бермейтін  жүйедегі  кемшіліктерді  табуға 

мүмкіндік  берді.  ШҚО  әкімдігіне  суицидтің 

және  суицидтік  мінез-құлықтың  алдын 

алу  бойынша  үйлестіру  орталықтарын 

құруды,  халықтың  суицидтік  мінез-құл-

қына  эпидемиологиялық  бақылау  ұйым-

дастыруды, 

жасөспірімдерге 

арналған 

суицидтік  мінез-құлық  тәуекелі  жоғары 

жасөспірімдерге 

көрсетілетін 

көмекті 

анықтау  және  уақытылы  көрсету  секілді 

профилактикалық іс-шараларды орындауды 

ұсынатын ұсынымдар кешені берілді.  

Жасөспірімдердің уақытылы психологиялық 

көмек  пен  консультациялар  алуға  қолже-

тімділігін кеңейту үшін интернет алаң ұйым-

дастырылды, онда жастар құпия көмек алу 

мүмкіндігіне ие болды. 

Ата-аналар  мен  жасөспірімдерге  арнап 

олардың  қай  жерлерден  консультациялар 

мен  көмек  алуға  жүгіне  алатыны  туралы 

материалдар басылды. 

Зерттеу 


психикалық 

денсаулық 

пен 

суицидке қатысты стереотиптер мен наным-



сенімдерді  тек  қалың  жұртшылықтың,  ата-

аналардың, 

жасөспірімдердің, 

мектеп 


қызметкерлерінің, 

мемлекеттік 

сектор 

қызметкерлерінің  арасында  ғана  емес, 



сонымен бірге психикалық денсаулық сақтау 

қызметі  мамандарынан  өз  араларында  да 

жоюдың маңыздылығын көрсетті. 

Зерттеу 


аясында 

алынған 


тәжірибе 

мен  нәтижелердің  Қазақстанның  басқа 

өңірлеріндегі 

жасөспірімдердің 

де 

суицидтік  мінез-құлқының    алдын  алуға 



көмектескенін  атап  айтуға  болады.  Олар 

Қызылорда  облысында  суицидтің  алдын 

алу  жөніндегі  жобаны  енгізуге  негіз  болды.  

Кейіннен,  ЮНИСЕФ  Қызылорда  және 

Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген 

профилактикалық  шараларды  бағалау 

үшін

2

  Швецияның  Суицидті  зерттеу  және 



психикалық  денсаулық  проблемаларының 

алдын  алу  жөніндегі  ұлттық  орталығының 

сарапшыларын шақырды.  

2

 



Қазақстандағы суицидтің алдын алуды бағалау: Шығыс 

Қазақстан және Қызылорда облыстары. Қысқаша есеп, 

ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: http://unicef.kz/publication.

html?id=132. Қазақстандағы суицидтің алдын алуды бағалау: 

Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары. Есептің 

толық нұсқасы, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады: http://uni-

cef.kz/publication.html?id=131.

С

уицид  —  өсіп  келе  жатқан  жаһандық 



мәселе.  50  жыл  ішінде  әлемдегі 

суицид  жағдайларының  саны  60%-ға 

өсті. 

Суицид  «жасарып  келеді»  және  ол 



әлем  бойынша  10  жастан  24  жасқа  дейінгі 

балалар  мен  жастар  өлімінің  басты  себебі 

болып  табылады.  Қазақстанда  суицид  пен 

жол-көлік  оқиғалары  жасөспірімдер  мен 

жастар  арасындағы  сыртқы  факторлардан 

болатын  өлім-жітімнің  негізгі  екі  себебі 

болып  табылады.  Оның  үстіне,  балалар 

мен  жасөспірімдер  арасындағы  өлім-жітім 

қалаларға  қарағанда,  ауылдық      жерлерде   

жоғары.  Жағдайды    егжей-тегжейлі  түсіну 

үшін  ЮНИСЕФ  ҚР  Денсаулық  сақтау 

министрлігімен  бірлесіп,  Қазақстан  жас-

тары  мен  жасөспірімдері  арасындағы 

суицид  және  суицидтік  әрекеттердің  та-

ралуын,  оған  қатысты  тәуекел  және  қор-

ғау  факторларының  терең  себептерін  ке-

шенді  зерттеуге

1

    бастамашылық  жасап, 



қаржыландырды.

Зерттеу  жұмысының  міндеті  суицидтік 

мінез-құлықтың  тиімді  және  реалистік  әдіс-

терін  әзірлеу  болып  табылады.  Зерттеу 

Қазақстанның  5  өңірінде  өткізілді  және  ең 

көп  зерттеулер  нақ  осы  Шығыс  Қазақстан 

облысында  жүргізілді    (2012-2013  жж.). 

Сөйтіп, 


жасөспірімдердің 

психикалық 

денсаулығы  мен  суицидтік  мінез-құлқын 

зерттеу  компоненті  облыстың  4  әкімшілік 

ауданындағы    30  білім  беретін  мекеменің  

3  000  баласы  мен  жасөспірімін  қамтыды. 

(Өскемен,  Риддер,  Ұлан  және  Глубокое 

аудандары). 

Зерттеуге дайындық жасау және оны жүргізу 

аясында 2012 жылы суицидті зерттеу және 

оның  алдын  алу  саласында  халықаралық 

сарапшыларды  тарта  отырып,  білім  беру 

және  денсаулық  сақтау  қызметкерлері 

үшін  қарқынды  оқыту  бағдарламасы  іске 

асырылды.  Жалпы  алғанда,  4  қарқынды 

оқыту  семинары  өткізілді,  оларда  70-тен 

астам  мектеп  психологтары,  психиатрлар, 

денсаулық  сақтау  секторларының  басшы-

лары  кәсіби  біліктітіктерін  арттырып,  жаңа 

білім алды. 

Зерттеу нәтижелері суицидтің негізгі себеп-

тері  мен  оған  тәуекел  ету  факторларын 

анықтауға, кәмелетке толмағандарды тиімді  

1 Қазақстан Республикасындағы суицид және суицидтік 

іс-әрекеттердің таралуын, негізгі себептерін, тәуекел және 

қорғау факторларын зерттеу, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға 

болады: http://unicef.kz/publication.html?id=120

            

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ ТАРАЛУЫН, СЕБЕПТЕРІН ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ   

          



39


жүктеу 30,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау