Атлас
Атлас – жалпы бағдарламамен біріккен көптеген картлардан тұратын картографиялық басылым. Ол альбом, мәтінмен бірге бөлек беттер жиынтығы, түрлі нысандар көрінісінің мазмұны.
Атластың негізін салушы ежелгі грек ғалымы Клавдий Птоломей. Ол алдымен географиялық карталар қорын жинаған. Бұл басылым Ливияның мифтік патшасы Атластың құрметіне аталған. Ақындар бойынша ол алғашқы аспан глобусын дайындаған адам.
Жалпыгеографиялық атлас – географиялық, тарихи және басқа да карталардың жүйелі басылымы. Ол альбом немесе кітап түрінде болады. Географиялық атлас – географиялық карталар атласы. Жұлдызды атлас – жұлдыз карталас жиынтығы немесе аспан суреттері. Экологиялық, ботаникалық, анатомиялық, сәулет және т.б. атластар болады.
Атлас – кітаптың басылымға жататын кодекстік құжатқа жатады. Ол суреттермен, фотографиялармен безендіріледі.
Глобус
Басылымдардан басқа картографиялық құжаттарға глобус жатады. Ол шар формасындағы көлемді құжат. Мұнда жер көрінісі беріледі.
Глобустар жалпыгеографиялық және тақырыптық болып бөлінеді: континенттер ландшафты, әлемді саяси бөлу. Жерден басқа Ай және планеталар глобусы болады.
Дәріс 21
Тақырыбы: Хаттардың, қолжазбалардың басылымы.
Дәрістің мақсаты: Хаттардың, қолжазбалардың басылымдарын анықтау
Дәріс мазмұны: Басылымның жалпы мінездемесі.
Көркемдік шығарылымы.
Альбом.
Қолданбалы кестелер.
Эстамп.
Көркемдік открытка.
Плакат.
Изографиялық құжат негізінен көрнекі, көзбен қабылдайтын, нақты құбылыс ақпараттарынан тұрады. Изоқұжаттар бір құбылыстың эстетикалық жағын уақытша ашуға, типизациялық, суретті ойын, адамдар қарым – қатынасын қоғамдық идеяларға енгізу.
Изоқұжаттар ақпаратты беру және белгілір арқылы көрінер, олар негізінен изобасылымдар, көзге көрінетін құжаттар:
Изобасылымдарға жалпы мінездеме;
Пакат;
Көрнекі репродукция;
Эстамп;
Көркем открытка;
Альбом;
Қолданбалы графика.
Дәріс 22
Тақырыбы: Жарияланбаған құжат.
Дәрістің мақсаты: Жарияланбаған құжатқа мінездеме беру
Дәрістің мазмұны: Ақпарат ұсынылу дәрежесіне байланысты құжаттар жарияланған және жарияланбаған болып жіктеледі. «Жарияланбаған құжат» түсінігі «жарияланған құжат», «публикация» түсінігіне қайшы келеді.
1960 жылдары пайда болған «жарияланған» термині, содан соң пайда болған «жарияланбаған құжат» толық анықтамасын алған жоқ. Осы терминнің мазмұнын дәлірек ашатын анықтамаға сай жарияланған - бұл редакциялық-баспалық өңдеуден өтіп, тиражы және шығу мәліметтері бар, кең көлемді және бірнеше қайтара қолдануға арналған құжат.
Жарияланбаған құжаттар кең көлемді таралымға есептелмеген, мекеме, ұйым, кәсіпорын, жеке тұлға жұмысы барысында жасалып, олардың қызметінің нәтижесінің көрінісін сипаттайды.
Жарияланбаған құжаттар қолжазба немесе шағын тиражбен аз көлемде таралады. Оларға ҒЗЖ туралы есептер, диссертациялар (ғылыми баяндама түрінде жарияланғандарынан басқасы), алгоритмдер мен бағдарламалардың сипаттамасы, жобалар мен сметалар, рационализаторлық ұсыныстар, өнімге жарияланбаған сұраныстар, аударма қолжазбалары жатады.
Жарияланбайтындар шеңберінде басылмайтын құжат ерекшеленеді. Ол тікелей басқару шешімдерін орындау немесе қабылдау үшін қажет бір реттік қолдануға арналған, бастапқы шығыс мәліметтерінен, көрсеткіштерден, параметрлерден тұрады. Оған әкімшілік-шаруашылық, ұйымдастырушылық-бөлушілік, бухгалтерлік, технологиялық, жабдықтаушылық құжаттарды жатқызады. Жарияланбаған құжаттар жаңа жалпылаушы құжат жасауға негіз болады.
Жарияланбаған құжаттар машинажазба құралдарымен немесе ДЭЕМ принтерімен басылып, рәсімделеді, ақпарат органдарымен кітапханаларда ақпараттық басылымдар мен осы органдардың мәліметтер базасында көрініс табуы үшін тіркеледі.
Жарияланбаған құжаттар тарихы кезеңде жарияланатын құжаттарға қарағанда ертерек шықты. Қазіргі уақытта зерттеу үрдісінде алынған деректердің тек 20% ғана басылады. Сондықтан жарияланбаған құжаттар жарияланғандарға қарағанда 4 есе көп. Жыл сайын пайда болатын жарияланбаған құжат атауларының жалпы саны жарияланғандардан басым келеді. Ал өзектілігі, жаңашылдығы, маңыздылығы, айрықшалығы, жеделділігі және өзге де ақпараттық сапасына қарай жарияланғандарға қарағанда әлдеқайда алда.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық туралы есеп
Ғылыми-зерттеу және тәжиребелік-конструкторлық жұмыс туралы есеп - бұл зерттеу барысы мен нәтижесін толық сипаттайтын құжаттар (құлжазба, машина жазба).
ҒЗЖ мен ТКД туралы есеп ақпараттық органдар басылымдарында тақырыпты міндетті түрде тіркеп, бітірген жұмыс мазмұнының негізгі аспектілері туралы хабардар ету керек. Украинада мұндай қызметті Ғылыми-техникалық және экономикалық ақпарат Украина институты, Ресейде –бүкіл ресейлік ғылыми-техникалық ақпараттық орталық, АҚШ-та - техникалық ақпараттық ұлттық орталығы атқарады. ҒЗЖ және ТКД туралы есептерді қазір ғалымдардың 25-тен 50 пайызына дейін қолданады.
ҒЗЖ туралы есеп ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жүйеленген мәліметтерден тұратын, зерттеу процессі мен нәтижесін сипаттайтын құжат.
ҒЗЖ туралы есеп құрылымы мынадай: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, есеп соңында қосымшалар мен материал. Есеп құжаттары титулдық бет, реферат, кіріспе, тәжірибе негізгі мәнімен қорытындысынан тұрады. ҒЗЖ мен ТКД туралы есепті айрықшалығы, жеделдігі, сенімділігі, жұмыс нәтижесі туралы толық және жаңа ақпараттардың болуы ерекшелейді.
Депонирленген қолжазба
Депонирленген қолжазба – жарияланбаған құжат түрі, аяқталған ғылыми еңбек, тар көлемдегі мамандар ғана қызықтыратын, көпшілікке арналған басылымдарды түрлі себептермен басылмайтын құжат.
Шектеулі данамен жарияланған заңды мәртебесі басылымдары мен теңестірілген.
Депонирленген қолжазба есебінде мақалалар, ғылыми баяндамалардың тезистері, жинақылар жинағы мен монографиялар (200 беттен аспайтын). Оларға қойылатын талаптар «Украинадағы ДНТБ – дағы депонирленген қолжазба жөніндегі нұсқауда» жинақталған (1993).
ҒЗЖ есеп сияқты оларда баспа машинасында, компьютерде теріліп, дискетаға көшіріліп, ақпарат органдарына депонирлеуге беріледі. Қолжазба жарияланған деп тек ҒТИ – дын ақпараттық органында оның библеографиялық сипаттамасы мен рефераты пайда болғаннан кейін ғана танылады.
Депонирленген қолжазба мәртибесін алған соң олар басылымдармен теңестіріледі. Ақпараттық органдар өз басылымдары арқылы осындай қолжазбаның бар екендігі туралы хабарлап, тапсырыстар бойынша көшірмелерін береді. Бұрынғы КСРО – да Депонирлеумен 49 кітапхана мен ақпараттық органдар айналысты. Осы қызмет өз бастауын 1961 жылдан алған. Ал Украинада қазір осы қызметті УкрИНТЭИ, АҚШ-та 1937 жылы құрылған Ұлттық басылымдар қызметі атқарады.
Депонирлеу жүйесі (Лат.depo - қоямын) – баспаның ғылыми мақалалар мен монографияларды басу мүмкіндігі мен ғылыми мақалалар мен монографиялық қолжазбаларының көлемі арасындағы теңдіктің бұзылуы нәтижесінде құрылды. Бір жағынан, бұл мақалалардың басым бөлігі тар көлемді сипатта, мамандардың өте аз көлеміне арналғандықтан, оларды басу тиімсіз. Алайда бұл олардың ақпараттық құндылығын төмендетпейді, депонирлеу жүйесі олардың мазмұнымен танысуға кепіл болады. Депонирлеу – ақпаратты – тұтынушыға мейлінше тез жеткізу тәсілі. Депонирленген қолжазба ғалымдардығ мақалаға бір жыл бұрын мақтанышы бола алады.
Диссертация. Диссертация авторефераты.
Егер депонирленген қолжазба басылым құқығында ғана болса, диссертация авторефераты қолжазба құғында.
Диссертация – ғылымының белгілі бір саласы бойынша мамандандырылған, алдын ала сараптаудан өткен және ғылыми атақ алуға ізденуді маманданған ғылыми кеңесте қорғауға ұсынылған ғылыми жұмыс.
Ол біртұтас, автордың көпшілік алдында қорғайтын ғылыми нәтижелердің жиынтығы, ғылыми қағидалар жинағы және автордың ғылымға қосқан жеке үлесін танытатын, оның ғалым ретіндегі сипатын айқындайтын ғылыми жұмыс. Бұл – жаңа білімнен тұратын, ғылыми тұжырымдарға негізделген аяқталған жұмыс.
Диссертацияның екі түрі бар: ғылым докторы атағы ізденуге және ғылым кандидаты атағын ізденуге арналған диссертациялар.
Диссертация қолжазбасының мынадай көлемі белгіленген: докторлық – 250-300 бет (гуманитарлық ғылымдарға – 350-400 бет), кандидаттық – 100-150 бет.
Диссертация баспа машинкасында немесе компьютерде 5 дана етіп басылады және мәтін, суреттер, кестелер, циталанатын әдебиет тізімдерінен тұрады.
Диссертацияның негізгі реквизиттеріне министрлік атауы, УДК индексі, автор туралы мәлімет, диссертация атауы, оның түрі (қолжазба, ғылыми баяндама, монография) және ғылыми атақ, мамандық, ғылыми жетекші туралы ақпарат (кандидаттық диссертация үшін) немесе ғылыми кеңесші (докторлық диссертация үшін), қала мен жұмысты аяқтау мерзімі енеді.
Кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғаудан соң міндетті түрде тіркеу үшін Укр ИНТЭИ-ге жіберіледі. Қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар елдің бас кітапханасында – Украинаның Ұлттық кітапханасында сақталады. Екінші данасы қорғау өткен мекемеде сақталады. Диссертация авторефераты ғылыми атақ ізденуші автордың өз зерттеу ісі бойынша жазған рефераты брошюра түрінде қолжазба құқығындағы ғылыми басылым. Авторефератта диссертацияның негізгі идеялары мен қорытындылары беріліп, мәселені шешуге автордың қосқан жеке үлесі, жаңалық деңгейі, ғылыми-зерттеудің теориялық-практикалық маңыздылығы ашылады. Авторефератты ғылыми зерттеудің сынамалары, басылымдары туралы, диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы мәліметтер келтірілген. Авторефераттың «түп атасы» - «докторлық диссертацияның латын тіліндегі ілеспесі орта ғасырлық тездар». Автореферат көлемі кандидаттық я докторлық диссертация үшін сәйкесінше 1 немесе 2 шартты баспа бетінен аспауы керек.
Мәтіннен өзге автореферат тақырып бойынша автордың басылымдар тізімі, орыс-ағылшын тіліндегі аннотациясынан тұрады. 100-150 дана болып шығатын авторефераттар мүдделі мекемелерге диссертациялық зерттеу жқмысына пікір алу мақсатында жіберіледі. Бұл жарияланбаған құжат түрін ғалымдар, аспиранттар, докторлар, мамандар белсенді түрде пайдаланады.
Препринт
Препринт (пре-дейін, алдында және принт - басу) алдын ала сипаттағы материалдар келтірілген құжат, өзі орналасқан басылым шыққанға дейін жарияланады. Препринт алдын ала бағалану үшін шектеулі тұлғаларға таратылады. Бұл құжат түрі жарияланған және жарияланбаған құжаттар аралығындағы құжат түрі болғандықтан, оны кейде басылымға да жатқызады.
Препринтке екі жақты құжаттарды жатқызады:
• Әдетте аз тиражбен мүдделі тұлғаларға және авторларға тарту үшін мақала мен өзге баспа құжаттарының алдын ала үлгісін шығару
•Соңғы нақты мәтінді дайындау мақсатында мамандар талқысынан шығарлатын құжат түрі (стенограммалар,баяндамалар тезистері,сөздіктердің бөлек томдарының сұлбалары,оқулықтың бастапқы нұсқасы). Препринт жоғары құндылыққа ие. Оның артықшылығы – ресми басылымнан бірнеше ай бұрын жарияланып, зерттелетін мәселені толық ашады.
Ғылыми аударма
Шетелдік және отандық ғылыми құжаттарды аудару – техникалық ақпарат алмасудың ең басты құралы. Жарияланбаған аударманың екі түрін ажыратады:
шетел тілінен украин тіліне
украин тілінен шетел тіліне құжат аудару.
Жыл сайын аудармашылар түрлі ғылыми-техникалық мәтіннің 400 мың авторлық бетін аударды.
Ғылыми аудармалар (рефераттың, аннотация - аударма) қажет тиражбен қолжазба түрінде рәсімделеді. Аудармалар мәтіннен, аударма мен түпнұсқа туралы мәтіннен тұрады. Аударманың авторлық құқығы аудармашыға тиесілі.
Аналитикалық шолу құжаты
Аналитикалық шолу құжаты алдыңғы құжаттан бір немесе бірнеше бастапқы ақпараттан тұратын алғашқы құжаттарға аналитикалық-синтетикалық қайда өңдеу нәтижесі болып табылады. Сол себепті 2 санаттағы құжаттарға жатады.
Аналитикалық шолу құжаты құжаттар туралы жүйеленген мәліметтерден тұрады немесе алғашқы нұсқалы құжаттағы мәліметті жалпылау және сараптау нәтижесінен тұрады. Олар сәйкесінше ғылым мен техника саласының үздіксіз ақпараттық мониторингі үшін қызмет етеді.
Шолу құжаттары мынадай түрлерге жіктеледі: мәселенің жағдайына шолу, ақпараттық-рефераттық шолу, жыл сайынғы шолу, болжамдық шолу, библиографиялық шолу.
Библиографиялық шолу –құжаттар тұратын тізбекті баяндау болып табылатын құрал. Қолданылуына қарай ұсыныстық, ақпараттық деп жіктеледі. Ұсыныстық шолу – жалпы және кәсіби білім беруде және білімді насихаттауға арналған. Олар түрлі топтағы пайдалану дайындық деңгейін ескере отырып, беріледі.
Ақпараттық шолу –жарияланған, жарияланбаған құжат туралы жүйеленген мәліметтерден тұрады. Ол танысуға ыңғайлы түрде келеді.
Мазмұнына қарай библиографиялық шолуды: жаңалықтарға, топтамаларға шолу, тұлғалыұ, әмбебап, салалық деп жіктейді.
Жазбаша шолу 2 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімде тақырып түсіндіріледі және шолу-әңгіме құжат туралы баяндайды.
Дәріс 23
Тақырыбы: Іскерлік құжат.
Дәрістің мақсаты: Іскерлік құжатқа мінездеме беру
Дәрістің мазмұны:
Іскерлік құжаттың түсінігі.
Іскерлік құжаттың жіктелуі. Іскер құжаттың мәтіні.
Іскерлік құжаттың реквизиті мен безендірілуі.
Іскерлік құжаттың бөлек түрінің мінездемесі.
Іскерлік құжат бір рет пайдаланатын жариялануға жататын құжат түрі, яғни оның мақсаты басқару шешімдер қабылдау және орындау. Құжат нақты деректер, көрсеткіштер, параметрлерден тұрып басқару қызыметінің құралы мен нәтижесі болып табылады. Басқаруда қолданылатын ақпарат мәлімденеді. Ақпараттың мәлімденуі құжатпен көрсетіледі. Іскерлік құжаттарға келесілер жатады:
Ақпараттық
Коллегия органдарының құжаттары (қызымет бабындағы хат, жедел хат телефонограмма, анықтама баяндаушы, түсінік беруші хат).
(қаулы, шешім, бұйрық, өкім)
Ұйымдастырушылық (ереже, жарғы, нұсқаулар)
Жеке құрам бойынша құжаттар (жұмысқа қабылдау жөнінде өтініш, мінездеме, жеке құрам бойынша және жұмысшыларды жолдау шартының жүйесі бойынша бұйрық).
Шаруашылық – келісім қызыметі жөніндегі құжат жеткізу шарты, материалдық жауапкершілік туралы шарт. Делдалдық қызметтегі шаруашылық шарты, шаруашылықтың жаңа нысанын құру жөніндегі шарттың жинағы. Кәсіпорынмен банк арасындағы әріптестік жөніндегі шарттар жинағы.
Шаруашылық – талап қызметі жөніндегі құжаттар шарттарға келіспеушілік хаттамалары (коммерциялық актілер, талап хаттар).
Есептік – қаржылық ( банкте есеп шотты ашуға өтініш, өтініш-міндеттеме, акцептен бас тарту, актілер, еңбек шарты). Сыртқы экономикалық байланысты ұйымдастыру жөніндегі құжаттар іскерлік құжаттарды басқару құжаттары дейді., ал олардың жиынтығын басқару құжаттамалары деп атайды.
Мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда құжаттардың функционалдық кешені немесе құжатнаманың функционалдық жүйесі болады. Көптеген іскерлік құжаттар үлгіге сәйкес дайындалады. Кей құжаттардың атауы бірдей болғанмен құжаттың түрлі жүйелеріне жатуы мүмкін. Мысалы: демалыс беру жөнінде өтініш, банкте есеп-шот ашу жөнінде өтініш. Құжаттардың шарттары оларды іздеу, сақтау-құжаттармен жұмысты ұйымдастыру деп аталады. Құжаттама мен байланысты қызмет және басқарма қызметі процесінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру іс жүргізу деп аталады. Іскерлік құжаттарды жіктеу, іскерлік құжат келуіне, мағынасына, бағытына пайда болу уақытына, орындау уақытына, тағайындалуына сақтау уақытына нысанына қарай жіктеледі. Іскерлік құжат келіп түсуіне қарай ресми қызмет бабындағы және жеке болып беріледі. Ресми (қызмет бабындағы) құжатты ұйым немесе лауазымды адам дайындайды және бекітілген тәртіппен рәсімделеді. Лауазымды адам билік өкілі бола отырып, лауазымды иеленеді, ұйымдыұ – реттеу, әкімшілік-құқықтық міндеттерді орындайды. Мұндай құжатта мекеменің ұйым немесе кәсіпорынның қызметін сипаттайды. Ресми құжаттардың арасынан адамның жеке тұлға екенін және құқығы мен міндеттерін, қызметтегі немесе қоғамдағы орнын көрсететін жеке құжатты бөліп атауға болады, (визитка, жеке куәлік, студенттік билет, өтуге рұқсат беру қағазы т.б. )
Жеке пайдаланымдағы құжат қызметтен тыс немесе қызметтік міндеттерді орындауда дайындалады. Құжат дайындалуы бойынша ішкі және сыртқы деп бөлінеді: ішкі құжат ұйымдағы функциялардың орындауын көрсетеді. Сыртқы құжат ұйымның сыртындағы жағдайларға арналып дайындалады.
Ішкі құжат (бұйрық, өкім, акт) сыртқы құжат (хат, жедел хат, сұрақ хаты)
Құжат бағыты бойынша кіріс, шығыс болып бөлінеді. Кіріс құжаты мекемеге келіп түссе, шығыс құжаты құжат дайындалған мекемеден тыс жерге жолданады. Дайындалу сатысы бойынша құжаттар бастапқы, таза түпнұсқа көшірме болып бөлінеді. Бастапқы құжат қолмен немесе машинамен терілген құжат, бұл автордың мәтінмен жұмыс жасауын көрсетеді.
Таза құжат бастапқы құжаттан ешқандай өзгертусіз, қатесіз көшірілген мәтіні бар құжат. Құжат егер тек біреу немесе түпнұсқасы болса онда ол құжат түпнұсқа деп аталады. Ал көшірме құжат түпнұсқадан еш айырмашылықсыз көшірілген құжат. Құжат күрделілігіне қарай жай және күрделі (екі немесе одан көп мәселе қаралады) деп бөлінеді. Орындау уақытына қарай құжаттар жедел дайындалатын және асығыссыз дайындалатын құжат болып бөлінеді. Жариялығына қарай құжаттар жай, құпия қызмет бабында пайдалану үшін болып бөлінеді. Құпия құжаттардың ерекше белгісі болады және «құпия» деп жазылады. Мұндай құжаттармен құпия іс жүргізу бойынша құпия нұсқаулық бойынша жұмыс жүргізетін адамдар ғана жұмыс жасайды. Қызмет бабында қолданылатын құжаттар құпия түрге жазылмайды, бірақ жариялауға жатпайды, газет бетіне басуға, радио телеведениеден жариялауға жатпайды. Құжаттың жоғарғы жағына «қызмет бабында пайдалану үшін» деген жазу жазылады. Сақтау мерзіміне қарай құжаттар тұрақты сақталатын болып бөлінеді. Құжаттар нысанына қарай стандарт, жеке құжат болып бөлінеді. Стандарт құжат типтік түрге қаралып дайындалады. Іскрлік құжат мәтіні мәтін құжаттағы басты элемент. Кез-келген іскерлік құжатта кіріспесі, дәлелі,қорытындысы болады.Кіріспеде мәтінді қабылдауға дайындық жүреді.Тек қорытындыдан ғана тұратын құжат –күрделі құжат деп аталады. Құжат мазмұнына қарай тіке айналым деп бөлінеді. Құжат баяндалуы бойынша әңгіме, суреттеу, ойлау деп бөлінеді. Әңгімеде болған оқиға жайттар орын алады. (автобиография хаттама). Суреттеуде белгілер, элементтер баяндалады. (бұйрық, есеп, қаулы). Ой тастайтын құжат – құбылыстардың ішкі байланысын ашатын логикалық анықтамалар, ойлар көрсетіледі. Іскерлік құжаттың реквизиттері және рәсімдеу. Іскерлік құжаттың құқықтық функциясы сыртқы белгілерге реквизиттерге, толықтырылса, онда оның заңды күші болады. Реквизит (лат. Reguisitum – қажеттілік, талап етілетін) міндетті мәліметтер жиынтығы, онсыз құжаттын заңды күші болмайды. Реквизит заңмен бекітілген немесе іскерлік құжаттар ережесімен бекітілген міндетті мәліметтер. Құжатты рәсімдеу – бұл қажетті реквизиттерді жазу. Құжаттарды нысаны үшін А3 форматы (297х420мм), А4 (210х297мм), А5 (148х210мм), А6 (105х148мм) қолданылады. Құжаттың өзіндік нысаны болады, форматы, негізгі реквизиттері, жазылу шарты болады ондай құжатты үлгі деп атайды. Құжат рәсімделгенде міндетті түрде жоғарғы жақта мекеме, кәсіпорын атауы жазылады. Ресим құжат құжат түрінің атауы, авторы, индексі, жазылған уақыты, қолы, мөрі құжаттың орындалу туралы белгісі. Кейбір іс құжаттарына сипаттама. Жедел хат – жедел жазылатын хабар болған жағдайда жазылады. Телефонограмма – телефон арқылы адресатқа жіберілетін хабар. Анықтама – болған жайттарды, оқиғаларды сипаттайтын ақпараттық құжат. Баяндау хаты – автордың бастамасымен жазылады, дайындалады. Түсініктеме хат – қалыптасқан оқиғаны түсінік беретін хат.
Коллегиялық органдарда дайындалатын кең таралған құжат түрі – хаттама деп жазылады. Мұнда мәжілісте қаралған мәселе, уақыты, орны, мақсаты көрініс табады. Ұйымдық реттеуші құжаттардың келесідей түрлері бар: қаулы, бұйрық, өкім.
Қаулы өз құзіретіне жататын мәселелерді шешу үшін жергілікті халық депутаттары қабылдайтын нормативтік акт. Өз заңдылық құрамына байланысты қаулы нормативтік, жеке деп бөлінеді. Нормативтік қаулы – сауда кәсіпорындары жұмысының жүйесі туралы қаулы жеке қаулы үй құрылысын пайдалану туралы т.б. шешімдер. Қаулының келесідей реквизиттері бар:
елтаңба
жергілікті халық депутаттары кеңесінің атауы
басылым орнын көрсету
құжат түрінің атауы
датасы, номері
қаулының мәтіні
төрағаның қолы
мөр
Бұйрық – кәсіпорын, мекеменің жетекшісінің дайындайтын құжаты. Бағытына қарай жеке құрам бойынша және жалпы мәселелер бойынша бөлінеді.
Өкім – басшы құрылымдық бөлімшелердің орындайтын шараларын, жұмыстарын бекітеді. Ұйымдастырушылық құжаттары. Барлық кәсіпорындар, мекемелер өз қызметтерінде жарғы, ереже, нұсқаулықтарды пайдаланады.
Жарғы – заңды акт болып табылады. Мұнда кәсіпорынның құрылымы қызметі құқықтық жағдайы көрсетіледі. Жоғары тұрған мекеме жарғыны бекітеді. Содан соң жарғы қаржы министрлігінің жергілікті органдарына тіркелуі керек.
Ереже – мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметінің негізгі ережесін бекітетін құқықтық акт.
Нұсқаулық – кәсіпорын,мекеменің қызметінің арнайы жақтарын реттеуші ереже. Нұсқаулыққа бастық қол қояды.
Дәріс 24
Тақырыбы: Құжат - артефакт ретінде.
Дәрістің мақсаты: Құжат - артефакт ретінде қарастыру
Дәрістің мазмұны:
Артефактың түсінігі.
Құнды және сирек кезедсетін құжат.
Естелік кітап.
Әлеуметтік – мәдениет мағынасында құжаттар тобы артефакт атауын иеленген. Әлеуметтік – мәдениет құндылық ерекшелігі бар, жалпы құжатқа тән емес. Артефакттық құжат – бұл құжаттық ерскерткіштер, ескерткіш жазбалары, еліміздің, халықтардың құндылығының бір бөлігі, арнаулы заңдармен қорғалады.
Кітаптық ескерткіш.
Дәріс 25
Тақырыбы: Кинофотофоноқұжат.
Дәрістің мақсаты: Кинофотофоноқұжатқа мінездеме беру
Дәрістің мазмұны:
Кинофотофоноқұжатқа жалпы мінездеме.
Киноқұжат: жіктелуі, түрі, тарихы.
Фоноқұжат: жіктелуі, басты түрі.
Кинофильмдер диопозивтер граммтаспалар, магниттік фонограммалар жиынтығы кинофотофоно құжаттар (КФФҚ) деп аталады және олар құжаттық ақпарат көздер арасындағы маңызды орын алады. «Кино», «фото» фоноқұжат түсініктерін жалпылайтын кинофотофоноқұжат термині ғылымға 1980жылдары енгізілді. Дегенмен бұл түсініктің жалпыға бірдей дефинициясы жоқ. Жалпыға қабылданған анықтама болу үшін кинофотофоно құжат бейнеленген, дыбыстық немесе бейнеленген,- дыбыстық ақпараты бар болуы тиіс және олар арнайы техникалық құралдар (диаскоп, эпидиаскоп, фильмскоп, диопроектор, кинопроектор, магнитафон) арқылы өндіріледі. Тек бұлардың қатарына фотосурет кірмейді. Себебі мұндағы ақпарат техникалық құралдың көмегінсіз шығарылады. КФФҚ-ның пайда болуы қоғамның қазіргі және келешек ұрпаққа ақпаратты беруде сөзжүзінде берілген жағдайда өзінің толық немесе басты маңызын специкасын жоғалтып алатын болғандықтан мұраны бейнеленген түрде бекіту, қалдыру, жалғастыру сұранысының өсуімен ұштаса түсті. КФФҚ басылымдармен салыстырғанда құжаттық салада оларды кеңінен пайдаланудың бірнеше артықшылықтары бар. Бірарналық қабылдауда болатын ақпарат азаю мүмкіндіктерін төмендететін КФФҚ – адамның түрлі анализаторларына кешенді ықпалы солардың басты артықшылығы болып табылады. Адамның қанша сезім мүшесі болса, сонша ойлау тәсілдері болады деп есептелінеді. Негізінен ақпарат барлық арналардан бір уақытта түсуі тиіс. Көру-3%, есту-13%, сезіну-6%, иіс сезу-3%, дәм сезу-3%. Ауызша мәтінді құжаттарды немесе толық және мүлдем сөзбен бекітілмейтін дыбыстық және образдық ақпаратты тараптар бекіту және таратуды қамтамасыз ететін КФФҚ-маңызды ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар КФФҚ арқылы ақпаратты қабылдауда пайда болатын эмоциональдық негізін қалайды. Осы күнге дейін жалпыға бірдей қабылданған КФФҚ топтамасы жоқ. Негізінде екі түрлі қасиеттері бар:
Ақпаратты қабылдау арнасы немесе адамның сезім мүшелеріне әсер ету тәсілі
Ақпаратты құжаттандыру тәсілі: КФФҚ құжатта белгіленген.
Ақпартты қабылдау арнасы бойынша екі түрге бөлінеді:
Көру арқылы қабылданатын визуалды (лат: visere –смотреть, қарату); диафильмдер, диапозивтер, дыбыссыз кинофильмдер, эпифильмдер;
Есту арқылы қабылданатын аудиалды (лат: audire – слышать, есту):грамматаспа, магниттік фонограммалар: аудивизуалды (зрительно-слуховые, көру, есту) кинофильмдер, диафильмдер, бейнефильмдер, магнитофильмдер.
Сонымен қатар КФФҚ құжаттандыру тәсілі бойынша үш түрге бөлінеді:
Киноқұжаттар: диа, кино, видео;
фотоқұжаттар, диапозитивтер(слайдтар) фотосуреттер,
Фоноқұжаттар: грамматаспалар, магниттік фонограммалар.
КФФҚ көпшілігі – матрициалдық құжаттар. Фото және кинопленка, диск- бейне сурет немесе дыбыс өндірілетін матрица. Қабылдау саласы бойынша КФФҚ адам оқитын (фотосурет) және машина оқитындарға (диафильм, диапозитив, кинофильм, грамматаспа, магниттік фонограмма) бөлінеді. Мұндағы ақпаратты адам техникалық құралдар қолдану арқылы қарапайым түрде жеңіл қабылдайды. КФФҚ материалдық сындары конструкциясы бойынша ерекшеленеді, себебі бабина катушкада, кассетада, дискетада, рульнда лентада, кадрда, компакт дискіде шығарыла алады. Бұл олардың сақталу ерекшеліктерін және түрлі құжаттық жүйесінде қолдану жағдайын туғызады. Кинофотофоно құжаттарының бөлек түрлерінің жиынтығы ретінде кітапханалар мен ақпараттық орталықтарындағы КФФҚ қорының құрылымына фото, фильмо, диско фоно, видеотекалар кіреді. Киноқұжат – КФФҚ негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Киноматографиялық тәсілмен шығарылған бейнеленген немесе аудиовизуальдо құжат. Киноқұжат ақпаратты өндіру тәсілі бойынша екі түрге бөлінеді:бейнелі статистикалық (диафильмдер, эпифильмдер) және бейнелі динамикалық.. Киноқұжат деп бейнелеу объектілері жағдайларының болмашы айырмашылықтары бар, фототүсірілімдердің үзіліссіз қатарын айтамыз. Киноқұжат бөлек түсілімдердің жылдам ауысуы түсірілген объектілердің қозғалыс әсерін береді. Көпқабатты полимер үлдір (пленочная) киноқұжаттардың материалдық негізін құрайды. Ақ, қара киноүлдір полимер негізінен және жарықсезгіш сектор тұздар кристалдары жинақталған желатин қабатынан тұрады. Түрлі-түсті киноүлдір (кинопленка) негізгі бөлектен, астыңғы қабаттан, эмульсиялық түстерінің бөлінуінен және қорғаныс қабаттарынан тұрады. Диакино, бейнефильмдер киноқұжаттардың негізгі түрлері болып табылады. Фтотқұжатқа фотографиялық тәсілмен алынған бір немесе бірнеше бейнесурет кіреді. Он объективті шындық құбылыстарды фотохимиялық тәсілмен жазылған бейнетүрімен құжаттандыру нәтижесін айтамыз. КФФҚ негізгі түрі фотоқұжаттарға (ФҚ) фотосурет пен диапозитивтер жатады. Олар сала мен жанрға байланысты төмендегідей бөлінеді. Көркемдік тарихи деректі, ғылыми-танымдық, ғылыми фотоқұжаттар, сонымен қатар фотосурет пен кинотүсірілім арқылы жабылған жай құжаттардың көшірмесі. Тура немесе кері үндестігіне байланыстыфотоқұжаттар негатифтер мен позитивтерге (диапозитивтер) бөлінеді. Түсіру объектісінің үндестілігі кері хабар беретін немесе шындығында ашық түстер қара болып, ақ-қара түстер ашық болып көрінетін фотосурет негатив түсірімдері деп аталады. Түсірілім объектісінің түсі мен ашықтылығын тура хабар беретін түсірілімдерін позитивті деп атаймыз. Ақпарат тасу мәліметіне қарай әйнектегі немесе үлдірдегі фотоқұжаттар, ал позитивтер – қағаздағы, үлдірдегі және әйнектегі болып бөлінеді. Фотопластинкалардың фотоүлдірлердің және фотоқағаздардың мөлшері мен басқада көрсеткіштері стандартталған. Фотоүлдірлердің сыртқы әсерлерге орнықтылығы эмульсиялық қабатының құрамымен анықталады. Ең мықты болып табылатын құрамында күмісі бар эмульсиялар. Олар өте жақсы жағдайда 1000 жылға дейін сақталады, ал ақ-қара фотоүлдір 10 мен 140жыл сақталады, түрлі түстер 5-тен 30жылға дейін сақталады. Гальгенкүмісті жарық әсерлі (светоизвествительные) ақпарат тасушылар кеңінен таралған, олардың маңызды қасиеттері, шоғырланған қасиеті, спектральды әмбебап (универсальность) жоғары ақпарат сыйымдылығы, геометриалдық дәлдікпен бейнесуретінің деректілігі қарапайым және сенімді аппаратура болуы, фоноқұжат (грекше звук-документ, дыбыс пен құжат) музыкалық дыбыстық, аудиалдық құжат, лоарға аңдардың құстардың, адамдардың,музыкалық аспаптардың, медицинадағы аудиалды диагностика дыбыстарын, тағы басқа тек сол арқылы пайдалана алатын жағдайда жазылған кез келген жүйе бекітілген ақпаратқа кіреді. Кейде звукозапись (дыбыстаспа) деп жазылған дыбыстық ақпаратты немесе фоноқұжатты айтамыз. Фоноқұжаттар ленталық және дискалық деп бөлінеді. Фоноқұжаттар жиынтығы анықтама ақпараттарымен дыбыс өндірудің техникалық көздері, дискілер мен кассеталарды сақтайтын арнайы құрал-жабдықтар дискотека мен магниотека, сонымен қатар кітаптарға дыбыстық қосымша кіретін фонотеканы құрайды. Граммпасталар (грампластинка) фонограммалар, компакт-дисктер фоноқұжаттардың негізгі түрлері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |