В. С. Леднев жеке тұлға (1980)



жүктеу 169,5 Kb.
бет1/2
Дата14.11.2018
өлшемі169,5 Kb.
#19961
  1   2

Қазақ тілі пәнінен өздігінен жұмысты ұйымдастыру тәжірибем.

К.Каденова

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді жеке тұлға, яғни айтқанда, " Бәсекеге қабілетті жеке тұлға" қалыптастыру қажет. Жеке тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін, В.С.Леднев берген анықтамаға тоқталып көрелік:


В.С.Леднев жеке тұлға (1980)

  • Жеке тұлға - "адам" деген ұғымға қарағанда аясы тарлау ұғым;

  • Адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі филогенезде де, онтогенезде де әлеуметтік процесс;

  • Жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың субъектісі;

  • Жеке тұлға - сананың иесі ретіндегі, еңбек етуге және танымдық әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам;



В.С. Леднев жеке тұлға бітімінің үлгілерінің үш компоненті.

Жеке тұлғаның тәжірибесі

Жеке тұлғаның типологиялық тетіктері

Психика

тетіктері



        1. Бірінші компонент екі топтан тұрады:




    1. Білім, білік, дағды.

    2. Бағыттаушылық, таным, еңбек, қарым - қатынас, эстетикалық саналар, дене тәрбиесі.

  1. Психика тетіктері.

    1. Қабылдаудан, ойлаудан, сөйлеуден, зердеден, психикалық қозғалыстан, басқарудың кіші жүйесінен (мен) құралады.

  2. Үшінші компоненті.

3.1. Мінез, дағды, білік, дамудың онтогенетикалық ерекшеліктерін құрайды.
Жеке тұлға бітімінің кестесі.



Сабақтас сапалар.

Адамгершілік (мінез - құлық).

Ақыл - парасат (сана)


Сезім

Ерік

Олардың жинақталған көрінісі

Негіздік

Ұжымшыл

дық.


Зерделілік.

Өршілдік.

Ізденім

паздық.


Қоғамдық бағдарланушылық.


Бағалаушы

лық - бағдарланушылық.



Адалдық.

Әділеттілік

Инабатты

лық.


Өзіне талап қоюшы

лық.



Ерлік

Практика

лық.


Еңбекқор

лық.


Білікке құмарлық.

Алғырлық.

Белсенді

лік.


Өмірлік белсенді ұстаным.


Мінездік қисындық.

Имандылық.

Зеректілік.

Шабыт.

Шешім

паздық.


Жеке тұлғаның өзіндік қасиеті.


Өлшемдік.

Турашыл

дық.


Идеяға сенімділік.

Зұлымдыққа төзбеуші

лік.



Мақсат

керлік.


Саналылық.

Дәл кестедегі жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогтардың еңбегі зор сондықтан әрбір ұстаз өз сабақтарында тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырғаны жөн. Ол үшін оқу процесі дегеніміз не екеніне тоқталып өтейік.



Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір – біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да «оқу процесі» түсінігіне толық және жан – жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі – бұл барысында білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет».

Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу – үйрету іс - әрекеттері және оқып үйрену – білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс - әрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік – бірлікті іс - әрекеттеді жанамаластыратын оқу мазмұны.



Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып, әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер, ептіліктер және дағдылар жатады. Бұл процесс кезінде түрлі қызықты ойындар, ойын жаттығулар, логикалық жаттығулар, өзіндік жұмыстар , т.б. жүргізудің пайдасы зор. Ол үшін төмендегі схемаға қарайық:











Басекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудың моделі






Бұл схемада жеке тұлғаны қалыптастыру үшін дамыта оқытудың қажеттілігі айтылған. Яғни, айтқанда, мұғалім жаңа технологияны оқып, үйрене отырып, өз жұмысына ендіре білуі керек. Ал ендіру дегеніміз не, қарап көрелік.

Ендіру – ғылыми біліммен қаруланудың мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі өзіне тән ерекше түрі. “Ендіру мүмкіндігінің “ сипаттамасында екі категорияны бөле көрсетуге болады.


  • Субъектінің ендіру процесіне қатынасы;

  • Ендіру әрекетіне даярлығы;

Өз кезінде бұл категориялардың әрқайсысы бірнеше көрсеткіштер негізінде ашылады. Мысалы: қатынас – қажеттілік арқылы, қызығушылық – (қай деңгейде?), мотив (не үшін?) және қондыру (не мақсатпен?). Дайындық – ендірілетін білім мен білік кешендері арқылы.

Мұғалімнің ендірушілік білімі мен біліктерінің минимумы:

  • Ендіру жайы білім педагогикалық қызметтің өзіндік бір түрі. (жұмыс істеу шеңбері, функциональды тағайындалуы, мінездемесі, «инновация» ұғымымен арақатынасы.

  • Ізденіс тобына жататындардың білігі:

а) ғылыми проблемалар түріндегі практикада шешілуі қиын сұрақтарды қисынға келтіру (тұжырымдары).

б) өз тәжірибесі мен ендірілетін үлгінің (идея, бағдарлама, методика, технология) өзара арақатынасы мен шешілу мүмкіндігін білуі.

в) педагогикалық әрекет жүйесін ендірілетін әрекет – үлгі қондырғысына сәйкестендіре құру.

г) мақсатты бақылаулар жүргізу, - педагогикалық эксперименттегі нәтижелерді қадағалау және жекелеген факторларды қорытып шығару үшін.

д) негізгі және көмекші ақиқаттарды табу және пайдалану.

Ендіру тек технологияны үйрену кезінде емес, жоғарыдағы схемадағы жеке тұлғаны қалыптастырудың өн бойында жүреді.

Енді оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы қарастырайық.

Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.



Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытуды ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке – дара, топтық және класс - сабақтық жүйе.





Оқытудың кең тараған класс – сабақ жүйесінің негізін Ян Амос Коменский қалаған. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелеп ұйымдастыруды ұсынды:



  1. Оқушыларды класқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.

  2. Кластағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.

  3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.

  4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдаралмалары және оқулықтарға негіздеу.

  5. Оқытуды жылдық тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.

  6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізу.

Қазіргі заманда еліміз мектептері тәжірибесінде оқушыларға келелі тәлім – тәрбие берудің бірден – бір формасы да, құралы да – сабақ өз маңызын жойған емес.

Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобыменшәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал – жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс - әрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелік, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.

Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әр бірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс - әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.

Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым – қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым әрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.



жүктеу 169,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау