С.К. БЕЙСЕКЕЕВА
С.К. БЕЙСЕКЕЕВА
ЕРЕУІЛ - ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК ЖАНЖАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
This article examines the concept of strikes as a means of resolving collective labor disputes and the
current problems associated with them.
The purpose of this article is to identify and comprehensive research in theoretical and practical
aspects of the main problems related to the strikes. Accordingly, the consideration from the standpoint of
law сonflict of some theoretical and practical issues of ensuring the effective implementation of the
constitutional right to collective labor disputes, as well as suggesting ways to improve legislation in the
field of collective labor disputes and strikes as a way to resolve the same dispute.
Ереуілдер біздің заманымыздың ажырамас шындығына айналды. Бірнеше онжылдық бұрын
ереуілдер шектен тыс оқиға болса, соңғы жылдары осындай акциялар туралы хабарламалар күн
сайын келіп тұрады десе де болады. Сонымен қатар, қатысушылар саны да күннен күнге өсіп
келеді.
Жанжалдың туу мүмкіндігі қоғам өмірінің барлық салысында да бар. Белгілі философ және
социолог М.Вебер: «Әлеуметтік жанжал – кезбе, және әрбір қоғам әрбір көзқарасында
келіспеушілік пен жанжалға толы», - деп айтқан.
Ереуіл – кәсіпорында немесе халық шаруашылығының бүкіл саласындағы жанжал нысанының
бірі. Синоним ретінде жұмысшылардың шығуы мен жұмыстың қолданылуын білдіретін «стачка»
ұғымы пайдаланылады, ағылшын тілінде «strike» сөзінің эквиваленті болып табылады. Орыс
тілінде «забастовка» сөзі жалпы еңбек жанжалдарын білдіру үшін қолданылады, себебі мұнда
еңбек билік және кәсіпкерлерге қысым құралы ретінде пайдаланылады.
Ереуілдің неғұрлым қысқа болса да, соғұрлым жалпы анықтамасын американдық социолог М.
Уотерс берді. Ол ереуілді тұлғаға, топқа немесе басқа ұйымға қысым көрсету талабымен бір топ
жұмысшылардың ұжымының жұмыстан толық бас тартуы ретінде анықтама берген.
Ал К.Керр мен А. Зигель ереуілді «әлеуметтік – оңашаланған топтар» өмірінің ажырамас қалпы
деп санайды [1,124].
Қазақстан Республикасының ғалымы Н.М.Айымханова ереуілге мынадай анықтама береді:
«Ереуіл - еңбек ұжымының әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік өз талаптарының еңбек
ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық еңбек дауында қанағаттандырылуы үшін еңбек
ұжымы мүшелерінің жұмысты белгілі бip мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс
беруші қанағаттандырғанға дейінгі мерзімге толық немесе ішінара тоқтатуы (жұмысқа шықпау,
еңбек міндеттерін орындамау) түріндегі күрес шарасы» [2,135].
Қандай да бір мәселені шешу үшін алдын-ала келісім жүргізіледі. Олар бітістіру рәсімдері арқылы
жүзеге асады. Ал егер бітістіру рәсімдері ұжымдық еңбек дауларын шешу барысында жұмыс
беруші мен жұмыскерлер арасында келіспеушіліктерді шешуге көмектеспесе немесе жұмыс
беруші жұмскерлердің талаптарын қабылдаудан, бітістіру рәсімдеріне қатысудан бас тартса,
бітістіру рәсімінде жеткен келісімді орындамаса, онда ереуілдер дауды шешу құралы ретінде
қолданылуы мүмкін.
Ереуілдер өндірістің капиталистік тәсілін бекіткен жағдайда, техникалық өндіріске көше
бастағанда, мыңдаған жұмысшылары бар ірі кәсіпорындарда жалдамалы еңбек жұмысшыларын
шоғырландырған кезде қалыптаса бастады. Оның басты мақсаты - өзінің жұмыс күшін сатумен
айналысатындардың мүдделерін қорғау.
Сол кездегі ереуілдер жұмысшылардың ескі нанымдарға сенуі мен сана-сезімінің дамымауымен
ерекшеленді. Кейінірек, талаптары бар, белгілі бір ұйыммен басқарылатын ереуілдерге айнала
бастады. Бұндай ереуілдерді кәсіподақтардың ұйымдастырылуымен байланыстырады.
Қазіргі ереуілдер қатысушылар санасының өсуімен, ұйымдасудың жоғары дәрежесімен, еңбек
заңнамасының барлық процедураларының сақталуымен, ереуілдердің жаңа түрлерінің
туындауымен (пикет) ерекшеленеді. Қазіргі таңдағы ереуілдер туралы В.Ш.Шеленко былай дейді:
«қазіргі ереуілдер – бұл алдын-ала дайындалған, халықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының,
жергілікті басқару органдарының қолдауымен болатын ұжыммен жобаланған акция» [3,251].
Ереуілді өткізу кезінде ұжымдық еңбек дауын реттеу бойынша бітістіру процедуралары
тоқтатылмайды. Қайта тараптар бітістіру рәсімдерін жүргізу жолымен даудың шешілуін
жалғастыруға міндетті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабы бойынша: «ұжымдық еңбек дауларын шешу
мақсаты бар бітістіру рәсімдері жүргізіліп жатқан уақытта, жұмыскерлер бейбiт әрi қарусыз
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға
тұруға құқылы», - деп белгіленген [4,9].
Алайда мемлекеттiң қауiпсiздiгімен, қоғамдық тәртiппен, денсаулық сақтаумен, басқа адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты мүдделер үшiн Қазақстан Республикасы
азаматтарының бұл құқығы заңмен шектелуі мүмкiн.
Жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер және тосқауылдар – азаматтардың көңілін,
талаптарын, мүдделерін, тілектерін білдіру түрі. Азаматтар Конституцияға сәйкес бейбіт әрі
қарусыз жоғарыда аталған тәсілдердің кез келгені бойынша бұқаралық жария шаралар өткізуге
құқылы. Жиналыстар мәні бойынша жұмыскерлер талаптарын ұсынудың бірінші қадамы болып
табылады. Ереуіл өткізу туралы шешім еңбек ұжымының жиналысында (конференциясында)
қабылданады және, егер сол еңбек ұжымы мүшелерінің (конференция делегаттарының) кемінде
үштен екі бөлігі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Ереуілді еңбек ұжымы
уәкілдік берген орган (ереуіл комитеті) басқарады. Бірнеше еңбек ұжымы бірдей талаптармен
ереуіл жариялаған жағдайда оны сол ұжымдар өкілдерінің бірдей санынан құрылатын біріккен
орган басқара алады. Ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға ешкімді мәжбүр етуге
болмайды. Ереуілдің басталатыны және оның ықтимал ұзақтығы туралы уәкілетті орган жұмыс
берушінің оның жариялануына дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге
тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 299-бабы бойынша, ереуіл жариялау туралы
шешімде мыналар көрсетіледі: тараптардың ереуіл жариялауға және өткізуге негіз болған
келіспеушіліктерінің тізбесі; ереуілдің басталатын күні мен уақыты, орны, оның ұзақтығы және
қатысушылардың болжамды саны; ереуілді басқарушы органның атауы, бiтicтipy рәсімдеріне
қатысуға уәкілдік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы; ереуіл өткізу кезеңінде атқарылатын
жұмыстар (қызметтер) минимумы бойынша ұсыныстар. Жұмыс беруші өнім жеткізушілерді,
тұтынушыларды, көлік ұйымдарын, жұмысқа тапсырыс берушілерді, сондай-ақ басқа да мүдделі
тұлғаларды ереуіл жариялануы ықтимал екені жайында дереу ескертуге міндетті. Ереуілді
басқарушы орган өзіне заңмен берілген құқықтар шегінде және өзіне еңбек ұжымы беретін
өкілеттік негізінде ic-қимыл жасайды [5,124].
Ереуілді басқарушы органның: ереуіл жасаушы ұжым алға қойған талаптарды шешу мәселелері
бойынша жұмыс берушімен, мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен
арадағы өзара қарым-қатынастарда еңбек ұжымының мүдделерін білдіруге; еңбек ұжымының
мүдделерін көздейтін мәселелер бойынша жұмыс берушімен, мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де
заңды және лауазымды тұлғалармен арадағы өзара қарым-қатынастарда еңбек ұжымының
мүдделерін білдіруге; еңбек ұжымының мүдделерін көздейтін мәселелер бойынша жұмыс
берушіден ақпарат алуға; еңбек ұжымы талаптарының қаралу барысын бұқаралық ақпарат
құралдарына көрсетуге; ереуіл жасаушы ұжымның ұжымдық еңбек дауын шешу мәселелері
бойынша жұмыс берушімен келіссөз жүргізуге; даулы мәселелер бойынша қорытындылар беру
үшін мамандарды тартуға; еңбек ұжымының келісімімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы бар.
Ереуілді қайта бастау үшін дауды бiтicтipy комиссиясының, делдалдың немесе еңбек
төрелігінің қайта қарауы талап етілмейді. Жұмыс беруші мен еңбек дауларын реттеу жөніндегі
орган ереуілдің қайта басталғандығы жөнінде кем дегенде үш жұмыс күнінен кешіктірмей
ескертілуі тиіс.
Ереуіл жанжалға кәсіпорынның көптеген ұжымы немесе жұмысшылардың негізгі массасы
кірістірілген болса, жергілікті немесе жалпы жанжал жағдайында өткізіледі. Мұндай жанжалдарда
өте жиі тараптардың өндірістік немесе еңбек қатынастарымен байланысты сәйкес келмеген
мүдделері қақтығысады.
Бірақ саяси себептер бойынша, соның ішінде конституциялық құрылысты өзгертуді,
мемлекеттік органдарды шақыруды, таратуды немесе олардың қызмет тәртібін өзгертуді, олардың
басшыларының орнынан түсуін талап ететін, сондай-ақ ұлттық және нәсілдік теңдіктің
бұзылуына, елдің аумақтық тұтастығының өзгеруіне әкелетін талаптар койылуымен өткізілетін
ереуілдер, сондай-ақ заңда көрсетілген ережелер сақталмай жарияланған ереуілдер заңсыз деп
танылады.
Сонымен қатар, заң бойынша мына ереуілдерге жол берілмейді: олар адамдардың өмipi мен
денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда; жұмысының тоқтап қалуы ауыр да қayіптi
зардаптарға әкеп соғатын темір жол көлігі, азаматтық авиация, байланыс ұйымдарында, үздіксіз
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
жұмыс істейтін өндірістерде; республиканың қорғаныс қабілетін, құқық тәртібі мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтын ұйымдарда; заң актілерінде көзделген өзге
жағдайларда(ҚР ЕК 303-бабы) [5,126].
Ереуіл өткізу кезінде, жұмысы адамдардың қауіпсіздігімен, олардың денсаулығы мен қоғамның
маңызды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты ұйымдарда, бөлімшелерде, өкілеттіктерде
кем деген қажетті жұмыстар мен қызмет көрсетулер қамтамасыз етілуі тиіс. Ереуілді басқарушы
органның өкілеттігі ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар оны реттеу туралы келісімге қол
қойған жағдайларда, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайда тоқтатылады. Ереуілді
басқарушы органның өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде жұмыс берушінің, мемлекеттік органдар
мен қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ. Ереуілді
заңсыз деп тану туралы шешімді заң актілеріне сәйкес сот қабылдайды. Сот ереуілді заңсыз деп
тану туралы істі жүргізуге жұмыс берушінің, жергілікті атқарушы органдарының немесе тиісті
прокурордың талабы бойынша қабылдайды. Сот істі талап арыз берілген күннен бастап
күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде карауға тиіс. Соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы
шешімі еңбек ұжымын оны өткізбеуге немесе тоқтатуға, ереуілді басқарушы органға сот
шешімінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін бip тәуліктен кешіктірмей жұмысқа қайта
міндеттейді. Ереуілді басқарушы орган заңдарда белгіленген тәртіппен соттың шешіміне шағым
жасауға құқылы. Сөзсіз, ереуілдер әлеуметтік келіспеушіліктің шекті нысаны. Қазіргі уақытта,
әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу құралы ретіндегі ереуілдер тақырыбының өзектілігі жоғары
шекке жетіп келеді.
Квебек университетінің әлеуметтану ғылымының докторы, орыс және совет
жұмысшылар қозғалысының маманы Мендел Дэвид (Монреаль, Канада): ереуілге шығу құқығы
заңи бекітілмес бұрын өзіне жол аша бастады, - деп айтқан. Яғни, ереуілдер әлеуметтік құбылыс,
тек объективті реттеуді қажет ететіндіктен ғана құқықтық материалда тіркелген. Басқа сөзбен
айтқанда, егер ереуілдерді тудырған жағдайлар ғана жойылмаса, ешқандай заңи тыйым салу оның
алдын-ала алмайды.
Ал тарихта қалған ереуілдерді қарастыратын болсақ, олардың нысаны әр түрлілігімен
ерекшеленген. Мысалы, XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың аяғында Ұлыбритания
кәсіпорындарындағы бірінші шиеленістің қатысушылары – луддиттер станоктар мен фабрикалық
жабдықтарды сындырған. 1831 мен 1834 жылдардағы Францияда болған лион тоқымашыларының
наразылығы жұмысшылардың оқталған қаруды қолдануға дейін жеткен. 1886 жылдың мамыр
айларында
полицияның
зомбылығымен
өткен
АҚШ–ғы
Чикаго
пролетариелерінің
демонстрациялары әлемге кең жайылған.
1885 жылдың қаңтарында Мәскеу жанында болған белгілі Морозовская ереуілі Ресейдің тарихына
өшпес оқиға болып кірді. Сол кезде тоқымашылар мен иірушілер жұмыстарын тоқтатып, жазбаша
талаптарын тек кәсіпорын иелеріне ғана емес, үкіметке де жіберген. Олар айыппұлдарды жою
немесе мүмкіндігінше қысқартуды, жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару талаптары туралы
арнайы заң шағаруды сұраған. Бірақ, ақырында ереуіл сәтсіздікпен аяқталды. Соның өзіндеде бұл
ереуілдің Ресейдегі ереуіл институтын дамытуға үлкен қадам болды.
Содан кейін де ереуілдер ресей жұмыс қозғалысында үлкен маңызға ие болды. Олар 1905 – 1907
ж.ж. революциялық оқиғалардың барысына, сонымен қатар өзінің Ақпан және Қазанымен белгілі
1917 жылға үлкен әсер етті. Ереуілдер кеңес билігін орнатқаннан кейін де болып отырды. Бірінші
орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың
езілген халықтары да көтерілді. Ереуілге шығу себептері: жалақының аздығы; ағылшын
капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері; жұмыс істеу жағдайының ауырлығы. Тек 1920
жылдардың соңында ғана ереуіл туралы айтуды доғарды, себебі социализм құрып жатқан елде
олар мүлдем болмауы тиіс деп саналды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бастап 1970 жылдардың ортасына дейін АҚШ– та,
Бастыс Еуропа елдерінің көбінде, Жапонияда және басқа мемлекеттерде ереуілдер кең өріс алған.
Сол уақытта жұмысшылардың қойған талаптарының сипаты мен шеңбері өзгерді. Көтерілісшілер
тек жұмыс күшін сату–сатып алу талаптарының жақсаруын, яғни еңбек ақының жоғарылауы,
жұмыс күнінің қысқаруы, еңбектің сенімді қорғалуын ғана қалаған жоқ, сонымен қатар толық
жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану, мамандандырылған–
техникалық дайындықты ұйымдастыру, жұмыс істеуге жағдай жасау және т.б. Сол кезде қазіргі
уақытқа дейін қызмет ететін әлеуметтік серіктестіктің ұйымдастырушылық нысандары
қалыптасты.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
1970 жылдардың соңынан ереуілдер толқыны төмендей бастады, кәсіподақтар әсері әлсіреді, жаңа
әлеуметтік ымыра қалыптаса бастады. Алайда, соның өзінде де көптеген елдерде кей кезде
әлеуметтік – еңбек жанжалдары жанданады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ереуілдерді болжау және оларды реттеу тәжірибесі
жинақталған. Осы елдердің кәсіпорындарында пайда болған жанжалды шешуде тек
көтерілгендердің және жұмыс беруші кәсіпкерлердің өкілдері ғана емес, сонымен қатар жергілікті
және мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.
Көптеген нарықтық экономикасы дамыған елдердің заңдары Біріккен Ұлттар Ұйымы,
Халықаралық Еңбек Ұйымы және т.б. сияқты халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескереді.
Олар азаматтардың ереуілге шығуға құқығын таниды, алайда белгілі шектер де белгілейді. Ең
алдымен ереуілге шығуға тыйым салынатын салалар тізімі құрылады. Әдетте, бұл қарулы күштер,
полиция, от сөндіру қызметі, жедел жәрдем қызметі, газ және электр жабдықтау және басқа да
өмірге қажетті жүйелерге қатысты болады.
Заңды бұзушыларға түрлі санкциялар, қажет болғанда құқық қорғау күштері қолданылады.
Мемлекет болса, дауласушы жақтар арасында келісім процедураларын жүзеге асыру мен келіссөз
жүргізудің, өзара тиімді шешім іздеудің заңды шектерін орнатады. Мемлекет әлеуметтік
қақтығысты болдырмау үшін делдал болуға талпынады.
Бұрынғы Кеңес Одағында 1980 жылдардың аяғында мемлекетті жаулап алған әлеуметтік–
экономикалық дағдарыс, сол кездегі әлеуметтік таңдау шегіндегі иелену талаптарын реформалау
бойынша «қайта құрылыс архитекторларының» әрекеттері ереуілдер жарылысына әкелді. 1989
жылдың жаз айларында Кузбасста жаппай наразылық болды, осы аймақтың шахтерларымен басқа
да көмір бассейндерінің кеншілері қосылды.
Сол жылдың күзінде Воркутаның шахтерлері ереуілге шықты. Кейінгі уақыттарда ереуілдер
немесе оларға келеміз деген қауіптер көптеген аймақтарда жиі кездесетін болды. Кеншілерден
кейін басқа да мамандардың жұмысшылары мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен ғылыми–
зерттеу мекемелерінің қызметкерлері де қоса ереуіл жариялады.
Халықаралық тәжірибе бойынша қысқа мерзімді бес күндік ереуілдер жиірек кездеседі. Алайда,
жанжалдың бұл түрі одан көбірек уақыт алған мемлекеттер де болды: Канада (15 күнге дней),
Ирландия (12 күннен аса), АҚШ (21 күннен аса) [6,23].
Өз елімізде де нормаға айнала бастаған әлеуметтік–еңбек жанжалдары құқықтық құжаттар
қабылдауды талап етті. Олар әлеуметтік шиеленісті тудыратын даулы мәселелерді қарастыру мен
шешуге қызмет ету үшін бағытталды. Бұны Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қолға алды.
Алғашқысы болып, еңбек етушілердің мүдделерін сақтау құқығы 1995 жылғы 30 тамызда өткен
референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілді. Еліміздің
негізгі заңының 24-бабында былай делінген: Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен
белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы
мойындалады [4,5]. Келесі акт, «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуiлдер туралы» Қазақстан
Республикасының 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 20 Заңы болды. Қазіргі таңда қызметкерлердің
ұжымдық еңбек дауын шешудің тәсілі ретінде ереуілге шығу құқығын жүзеге асыру негізі
Қазақстан Респубикасының Еңбек кодексінде көрсетіл.
Сонымен, ереуіл, біздіңше, ұжымдық еңбек дауын шешу мақсатымен жұмысшылардың еңбекті
толық не ішінара міндеттерін орындаудан уақытша ерікті бас тартуы. Яғни, ереуіл жанжалдың өзі,
реттелмеген келіспеушілік болып табылмайды, ал осы келіспеушіліктің көрінісі, жанжалды
тәртіптің нысаны болып табылады.
Ереуілдерге қатысу қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы ретінде қаралмайды және бұған
қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға болмайды.
Ереуіл өткізілген уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтік сақтандыру
жөніндегі жәрдемақы алу құқығы, еңбек өтілі сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан
туындайтын басқа да құқықтарына кепілдік беріледі. Ереуіл өткізілген уақытта оған қатысқан
қызметкерлердің жалақысы сақталмайды. Еңбек ұжымы немесе кәсіподақ ерікті жарналар мен
кайырымдылықтар есебінен ереуіл қорын немесе арнайы сақтық қорын жасауға құқылы. Epeуілгe
қатыспаған, бірақ ереуілге байланысты өз жұмысын орындауға мүмкіндік болмаған
қызметкерлердің орташа жалақысы қызметкердің кінәсіне қатысты емес бос қарап тұру ретінде,
заңдарда белгіленгеннен төмен емес мөлшерде сақталады. Сот заңсыз деп таныған ереуілді
ұйымдастыру немесе оған қатысу еңбек тәртібін бұзушылық деп саналады және заңдарда
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
көзделген тәртіптік жазалау шараларының қолданылуына әкеп соғады (ҚР ЕК 304-бабы). Күштеу
немесе күш қолданамыз деп қоқаң-лоққы жасау арқылы ереуілге қатысуға мәжбүр ететін
адамдарға заңдарға сәйкес қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Жұмыс берушіге, басқа
ұйымдарға немесе азаматтарға келтірілген зиянды, сондай-ақ ұйымның өзі шеккен залалды өтеу
сот тәртібімен жүргізіледі. Заңсыз ереуіл кәсіподақтың бастамасы бойынша өткізілген жағдайда
зиян сот белгілейтін мөлшерде оның қаржысы есебінен өтеледі.
Сөйтіп, ереуілдердің басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты өзгешелігі бар деп түйіндеуге
болады.Ол өзіндік ерекшеліктер мен айырмашылықтарға ие.
Бірінші кезекте, ереуіл өзінің ұжымдық сипатымен, жалдамалы жұмыс тұлғаларының –
жұмысшылар, қызметкерлер және мамандардың жалпылай қатысуымен ерекшеленеді. Олар
экономикалық, саяси және жиі кездесетін әлеуметтік талаптарды ұсына отырып, жұмысты
тоқтатады немесе өнімнің шығарылуы мен қызмет көрсетуді қысқартады. Өзінің мазмұны
бойынша бұл талаптар кәсіпорын иелеріне де, мемлекеттік және жергілікті билік органдарына да
жолданады.
Ереуір кімге бағытталса, сол жаққа аса қауіпті шығындар төндіреді. Себебі, бұл кезде еңбек
өнімділігі, тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы төмендейді, алдын ала белгіленген мерзім
ішінде тауар жөнелтілмесе экономикалық байланыс бойынша әріптестерге кәсіпкерлер айыппұл
төлейді және т.б. Мұндай кәсіпорын немесе шаруашылық саласы үшін қажетсіз, шығын келтіретін
қауіпті салдар ереуілге шығушылармен өздерінің талаптарын бекіту, жұмыс берушілерге,
мемлекеттік және жергілікті органдарға әсер ету құрал ретінде пайдаланылады.
Қазіргі
жағдайдағы ереуілдің тағы бір ерекшелігі ол жиі ұйымдасқан сипатқа ие және елдегі еңбек
заңнамасының шегінде болады. Бұл, әдетте, өзінің лидері бар, ереуілге қатысушылардың, қандай
да бір қоғамдық қозғалыстардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының
қолдауына тірелетін ереуіл немесе профсоюз комитетімен басқарылатын алдын ала келісілген
және жақсы дайындалған акция.
Қазіргі ереуілдердің маңызды ерекшелігі – жеке шаруы саласына немесе аймаққа бейім әлеуметтік
шиеленістің аса қатты көрініс табуы, қарсылықтың көп түрлілігі,оның ішінде жаппай наразылық,
бәсең қарсылық білдіру немесе белсенді реттелген әрекеттер. Әсіресе, наразылық одан сайын жаңа
және қатыгез талаптар тудырып, бірте-бірте өсе бастайды.
Басында ереуілге қасуға үндеу болады, жиналыстарда ұжымдық талаптар талқыланады, комитет
құрылып немесе өкілеттіктер профсоюз комитетінің мойнына жүктеледі. Содан, жұмысшылар
ұсынған талаптарының қаншалықты салмақты екендігін растау үшін жұмысқа шықпау немесе
оған ұқсас ақциялармен жалғасады. Кейіннен пикеттер, аштық жариялау, көлік жолдарына
тосқауыл қою сияқты әсер ету әрекеттер ұйымдастырылады. Және, өкінішке орай әлекуметтік-
экономикалық жағдайлардан туындаған жаппай наразылықты саяси мақсатта пайдалану
оқиғалары да жиі кездесіп отырады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдер көбінесе ереуілдерді өзара келісімге келу жолымен
шешеді. Алайда, біздің елімізде және көптеген көрші елдерде келісімге келу жолымен шешу әлі де
болса саяси мәдениеттің төмендігінен, демократиялық әдеттердің жоқтығынан аса оңай емес.
Ереуіл әлеуметтік–еңбек жанжалдың объективті және заңды нысаны бола тұра, әлеуметтік әрекет
етудің екі жақты өткір құралы болып табылады. Жергілікті даулар мен келіспеушіліктерді заңсыз
тұрғыдан қарастырған кезде, осындай коллизияларды шешуге заңмен белгіленген жағдайлардан
бас тартқан кезде ереуіл әлеуметтік жарылыс пен жаппай сілкіністің қауіпті аймағына айналуы
мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Зайцев А.К. Социальный конфликт на предприятии. – М.: Калуга, 1993. – 365 с.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 240 бет.
3. Дружинин В.В., Конторов Д.С., Конторов М.Д. Введение в теорию конфликта.- М.: Радио и Связь, 1989. –
458 с.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2007.-36 б.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. – Алматы: Юрист, 2007.-112 б.
6. Jackson M.P. Strikes//New York: St. Martin’s Press, 1987.
Редакцияға 06.10.2010 қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |