«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Нота басылымдардың жіктелуі



жүктеу 2,23 Mb.
бет6/12
Дата31.05.2018
өлшемі2,23 Mb.
#18554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Нота басылымдардың жіктелуі


Нота басылымдарын жіктеуді құрастыру маңызды теоретикалық әне практикалық міндет болып саналады. Олардың спецификасы жіктеудің көп аспектілік жүйелік құруды талап етеді.

Нота басылымдары музыкалық шығармаларды орындау мен үйренуге бағытталған.

Функционалдық қызметі бойынша барлық нота басылымдары үш түрге бөлінеді: ғылыми, оқу, концерттік.

Ғылыми нота басылымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған, әдетте мамандар, жоғары оқу орны студенттері оны кеңінен қолданады. Оларды басар алдында үлкен мәтіндік жұмыс жүргізіледі: осы жинаққа кіретін шығармалар автографтармен, алдыңғы шыққан басылымдармен салыстырылады, композитордың шығармашылық ойын беретін дәлдік тексеріледі. Ғылыми басылымдарда автордың шығармамен жұмыс жасау процесін айқындаушы фрагменттер нұсқалары келтіріледі. Басылым ғылыми аппаратпен жабдықталған: комментарийлер мен тізімдермен, көрсеткіштермен.

Оқу нота басылымдары тобына мектептердегі әр түрлі музыка аспаптарындағы ойын басылымдары кіреді, оларға хрестоматиялар, диктанттар, жаттығулар, этюдтер, ғаммалар, арпеджио т.б. кіреді.

Музыкалық шығармалардың барлық аудитория алдында орындауға бағытталған түрлері концерттік болып саналады. Оларда комментарий, ғылыми аппарат болмайды. Олардың түсіндірулер көбінесе орындау техникасына байланысты. Композитор жазған бөлек вокализдер мен этюдтер жаттығу секілді көркем мәнге ие болады және жаттығу секілді емес, бөлек музыкалық шығарма ретінде, мысалы Листтің этюдтері, Поганини, Рахманинов, Шопен шығармалары секілді бағаланады. Концерттік басылымдарды орындаушылар, педагогтар техникалық тәсілдерді жаттықтыру үшін пайдаланады.

Барлық нота басылымдары келесі топтарға бөлінеді: музыкалық оқу орнының оқушыларына (мектеп, училище, консерватория); мамандар үшін (педагогтарға, музыкатанушыларға, композиторларға, дирижерларға, орындаушы-мамандарға), кәсіпқойларға.

Музыкалық шығармалардың орындалу сипатына қарай барлық нота басылымдары сахналық, аспаптық, вокалдық-хор шығармаларына бөлінеді.

Сахналық шығармалар тобы театрда ғана орындалатын музыкалық шығармаларды құрайды. Олар драма, музыка, биді біріктіретін өнердің синтетикалық жанры болып есептеледі.

Бұл жанрға опера және музыкалық драма, яғни оперетта, музыкалық комедиялар, мюзиклдар, сонымен қатар балет кіреді.

Аспапты музыка шығармалары 3 үлкен нота басылымдардың топтарын құрайды:

а) оркестрге (симфониялық, камерлік, эстрадалық, халық аспаптары): жанрлық қатынаста бұл басылымдар симфония, концерт, увертюра, поэма, симфониялық картина, пьеса -–миниатюра негізінде берілген;

б) камерлік шығармалар басылымдары. Оған сонаталар, ансамбльдерге арналған шығармалар жатады.

в) бөлек аспаптарға арналған шығармалар басылымдары: фортепиано, халық асапаптары және симфониялық оркестр аспаптары; олар қиял, вариация, полифониялық пьесалар жанрында жазылуы мүмкін.

Вокалдық-хор шығармалары басылымдары топтарына келесі түрлер жатады: вокалды-симфониялық шығармалар басылымдары – контат, ораторийлер, вокалды-симфониялық циклдер; хор мен дауысқа арналған шығармалар басылымдары, олар халықтық (әндер, частушкалар), кәсіби, авторлық, камерлік, вокалды шығармалар, эстрадалық және көпшілік әндер.

Аралас басылымдар әр түрлі жанрлар бойынша музыкалық шығармаларды құрайды. Бұл тақырыптық емес және тақырыптық автор жинақтары.

Сипаты бойынша музыкалық шығармалардың басылымдары партитура және дирекциондар, оркестрлік дауыс, дауыс жазу т.б. болып бөлінеді.

Партитура – оркестр, хор, камерлік ансамбльдерге арналған ноталық жазба. Партия – бөлек дауыспен орындалатын оркестрлік, хор және опера шығармасының бір бөлігі.

Партитурада ноталық белгілер әр жолға орналастырылған, әр жолда бір аспап партиясы көрнекті етіп жазылған. Партитурадағы барлыө партиялар бірінен соң бірі белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан. Партитуралар оркес-трлік, оперлік, балеттік, камерлік, вокалды-хорға арналған түрлері болады.

Заманауи партитураның орналасуының басты принципі: диапазоны жоғары дауыс бойынша жоғары орналасады, ал төмен дауыстар – төменге орналасады. Хор партитурасының тәртібі жоғарыдан төменге қарай: страна, альты, менор, бас; ішектік квартет партитурасының тәртібі: бірінші, екінші скрипка, альт, виолончель және т.б.

Партитураны көбінесе дирижерлер пайдаланады, сонымен қатар музыкатанушылар және музыкалық шығармаларды үйренуші оқушылар жа пайдаланады. Ол бізден пайда болған жоқ. Соңғы орта ғасыр дәуірі мен қайта өрлеу дәуірінде партитура деген болған жоқ. Хор хор кітабы бойынша ән айтты. Бірте-бірте 1500 жылдарда көп дауысты музыка жазу тәсілі пайда болды, яғни композитор тақтайшасы.Есек терісімен қапталған бұл бақтайшаға композитор шығармадан үзінділер жазды. Үзінді дайын болған кезде ол оны дауысқа енгізіп, содан соң кетіріп тастап отырады. әрине, мұндай тәсіл жазудың әмбебап құралына айналуы мүмкін емес. Сондықтан да басқа тәсіл ойлап шығару қажеттілігі туындады. Бұл Венецияда 1577 жылы алғаш басылған партитура болды. Кейіннен партитуралық жазба әлем әндері музыканың өнер төрінен орын алды.

Дирекцион – партитурасының қысқаша түрі, мұнда барлық дауыс шынайы түрінде 3-4 нота бойынша жазылған. Бұл, дұрысында қосымша нота болып есептеледі. Ол партияны жаттап алуға, дирижерсіз шығарманы орындауға мүмкіндік береді. Дирекцион түрінде шағын пьесалар шығарылады.

Клавир – партитурасы фортепианоның сүйемелдеуімен немесе тек қана фортепианамен ән айтуға арналған вокалдық-симфониялық шығарма немесе сахналық шығарманың орнын ауыстыру болып саналады.

Клавирлік жазба әрқашан кестелік сипатқа ие.

Дауысқа немесе аспапқа шығарма жазуда соло бөлек басылған партия формасын иемденеді. Өз құрылымы бойынша нота басылымдары монобасылымдар мен жинақтарға бөлінеді. Бір автордың неғұрлым белгілі шығармалар бөлігі таңдамалы шығармалар болып бөлінеді.

Материалдық конструкциясы бойынша барлық ноталық басылымдар кітап түрінде және кешенді болып бөлінеді (жәй және күрделі). Көптеген ноталар кітап басылымы түрінде шығарылады. Нота басылымдары бір томдық, коп томдық және сериялық басылымдар, сонымен қатар кітапта, журналда жарияланып бөлек музыкалық шығарма болып беріледі. Кітап басылымдары безендіруі бойынша кейбір өзгешеліктері болады. Көптомдық басылымдар, шығармалар жинағы, моно басылымдар мен жинақтар сыртқы қабымен басылып шығады. Нота басылымдарының басым бөлігі сыртқы қабатымен шығады.

Жәй кешенді басылымдар формасында оркестрлік дауыстар шығарылады. Күрделі комплект жалпы футляр мен супер қаптамаға негізделген партитура мен дауыстардан тұрады. Күрделі комплект формасында фортепианоның қатысуымен камерлік ансамбльдерге арналған шығармалар басылады. Бұл топқа фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын әр түрлі аспаптар шығармалары жатады.

Факсимилдық басылымдар ерекше құндылыққа ие.

Нота басылымдарының ішкі элементтеріне нот мәтіні, нота мәтіні алдындағы мәлімет, ғылыми-көмекші аппарат, алғысөз, нота басылымына қосымша, баспа аннотациясы жатады.

Нота басылымының сыртқы элементіне кітап блогы, титул, біріккен титул, сыртқы беті, контртитул, авантитул, шмуцтитул, суперқаптама, шыққан баспасы туралы мәлімет, данасы, базасы.

Нота басылымының негізгі реквизиттеріне, яғни құжат туралы мәліметтерге: автор туралы немесе басылымды құруға қатысқан басқа да тұлғалар туралы мәлімет.

Авторлар туралы мәлімет композитордың аты кітаптың сыртқы қабатында беріледі және шыққан жері туралы мәлімет беретін тұста толығымен қайта қайталанады. әдеби мәтін авторы есімі кітаптың сыртқы бетінде және шыққан жері туралы мәлімет беретін тұста қайталанады.

Құрастырушылар туралы мәлімет құрастырушының аты кітаптың сыртқы бетінде немесе кітаптың шыққан жері туралы мәлімет беретін тұста қайталанады.

Әдеби шығарманың аты, егер ол басылымға енген музыкалық атынан ерекшеленсе кітаптың сыртқы бетінде жазылады немесе толық түрде шыққаны туралы мәлімет беретін тұста қайталанады.

Нота басылымына аннотациясы мәтін тілінде сыртқы беті мен кітап қабының екінші бетінде береді.

Ноталық белгілер

Нота басылымдары ақпартты ноталап көмегі арқылы береді.

Ноталар – музыка дыбыстарын жазуға арналған шартты графикалық белгілер. Олар музыканы графикалық қоғамдық бекітуге арналған.

Ноталар нота жазуының элементтері болып есептеледі, яғни музыканы жазуда қолданылатын графикалық белгілер жүйесі, сонымен қатар музыканың өзін жазуда қолданылады. Нота көмегі арқылы музыка жазу нотация деп те аталады. Музыкада қолданылатын дыбыстар музыкалық емес дыбыстардан өзінің жоғарылығы, созылмалығымен ерекшеленеді. Нотаның аты мен формасы нотация жүйесіне байланысты өзгеріп отырады. Ноталар 5 тегіс жолда орналасады.

Сызықшалар мен сызықшалар арасында, сонымен қатар қосымша сызықшаларда және олардың аралығында ноталар жазылады. Дыбыстың ұзақтығы ақ немесе қара түспен, нота соңындағы жүктемен белгіленеді.

Нотаның дәл биіктігін кілт анықтайды. Кілт соль немесе скрипкалы кілт неғұрлым көп тараған. Скрипкалы деп аталатын себебі ол скрипкамен ойнаған кезде қолданылады, ал соль кілті деп атайтын себебі – нота сызықшаларында соль нотасының орнын анықтайды. Сонымен қатар да кілті мен бас кілті де болады. Музыкада бес котегориялы нота көп таралған.

Осылайша, ноталар – бұл шартты графикалық белгілер болып саналады, сонымен қатар қосымша белгілермен бірге нота жүйесі сызығында музыка жазуға қызмет етеді.

Нота жазбасы тарихынан

Нота жазуларының бастамасы ежелден бері пайда болғаны белгілі. Барлық ежелгі белгілі тәсілдер ішінен пиктографиялық жазулар арқылы дыбыс бойынша мелодияны тану тәсілі белгілі. Мұндай жазбалардың үлгілері ежелгі египет ескерткіштерін зерттеу кезінде табылған. Оларға музыка дыбыстарын клинопись көмегі арқылы идеографиялық жазу тәсілдері жатады. Бұл тәсіл Ежелгі Вавилонда қолданылған.

Финиишілік дыбысты жазу б.ә.д. 1100 жылы пайда болған.

Ежелгі Грецияда пайда болған бұл жүйе кең таралған. VI-X ғғ. грек алфавиті әріптері латын әріптерімен алмастырылады. Қазір де “до” дыбысын латын әріпі “с”, “ре” дыбысын – “d” және т.б. кездестіруге болады. Орта ғасырларда невмендік нотация пайда болды, ол кільт музыкасына тән.

Шартты белгілер – невмы, - сызықша, үтір ретіндегі графикалық белгілерден құралған. Олардың барлығы бөлек дыбыстарды, бір дауыстың қайта-қайта қайталануы мен оның орындалу сипатын білдіреді. Невмендік нота жазулары католиктік құдайға сыйыну әндерін орындауға арналған.

Соңынан батыс еуропа музыкасында невмылар бір немесе екі сызықта жазылады. Осылайша сызықтық нотация пайда болған.

Х1 ғасырда нотацияны италья музыканты Гвидо д,Ареццо жетілдірді. Ол нота жолында төрт тегіс сызықтан тұратын нота жазу тәсілін ойлап тапты. әріптік белгілер әр нотаның биіктігін білдіреді және невмылар жолдарда емес, олардың аралығында да жазылады. Төрт жолдың барлығы да бір жүйеге біріктірілген.

Гвидо д,Ареццо “до”, “ре, “ми”, “фа”, “соль”, “ля” аттарының да аттары. Бұл атаулар осы күнге дейін сақталып, дыбыс биіктігін білдіреді.

Кейін нота белгілерін графикалық жазуда айтарлықтай өзгерістер болды: төрт бұрыштың бастары дөңгеленіп, нота штильдері пайда болды. Нота жазбаларының папирустан невмыге өтуіне байланысты нота белгілерін “ақ” және “қара” белгілеріне бөлуге болады.

Аспаптық музыкада заманауи бес жолдық нотация дамудың ұзақ жолдарын бастан кешірді. XVII ғ. аспаптық шығармаларды жазу үшін жазудың ерекше жүйесі – табулатура пайда болды. Олар әріптер мен сандардан құралған кесте түрінде жасалған. Сыртқы келбеті бойынша бұл кестелер әр түрлі болып келеді. Бұдан нота жазуының қай елде жасалғанын, қай аспапқа арналғанын көруге болады. Табулатуралар шартты белгілерімен белгіленген: әріптермен, сандармен, ырғақтық белгілермен. Алуан түрлі табулатура нұсқаларының ішінде сызықтық емес, сызықтың та түрлері кездеседі. XVII ғ. басында табулатуралар ноталар көмегі арқылы нота жазудың қарапайым және ыңғайлы тәсілі пайда болды.

Заманауи нота жазуы музыканың “тірі” дыбысты келтіре алады. Мұнда тек шартты белгілердің дамыған жүйесі ғана емес, сонымен қатар қосымша сөздік түсіндірмелер бар.

Нота жазулары уақытына қарай өзгеріп отырады. Музыкалық өнердің дамуына байланысты оның тақырыбы да жаңарып отырады. Мұның барлығы нота жазбаларының тұрақты жетілдірілуін талап етеді. Шартты белгілер жүйесі толықтырылып, нақтыланады, жазбаның жаңа тәсілдері пайда болады.


Дәріс 20

Тақырып: Картографиялық басылым

Дәрістің мақсаты: Картографиялық басылым анықтамасы

Дәрістің мазмұны: Картографиялық басылымның жалпы мінездемесі.

Картографиялық белгілер.

Картографиялық басылымның негізгі түрлері: карта, атлас ,глобус.

Картография(карта және графия) географиялық карталарды, оларды жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым.

Картографияның кең тараған бұл анықтамасы оның техника жағын басымырақ көрсетеді. Географиялық карталарды кеңістіктің көрнекті образды белгілік моделі деп қарайтын қазіргі ғылыми көзқарас картографияның пәні мен әдісіне бұдан да дәлірек анықтама туғызды. Картография – табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін т.б. картографиялық кескіндеудің көмегімен бейнелейтін және зерттейтін ғылым. Бұл анықтама Картография шұғылданатын ұғымдарға аспан денелері мен жұлдыздық аспанның карталарын, сондай ақ глобустар мен рельефтік карталарды және картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдерін де жатқызады. Картография пәні және тақырыптық карталардың дамуы картографияны жаратылыс ғылымдарының қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. «Картография» термині ғылыми және өндірістік картографиялық іске де, әрі оның нәтижелеріне де қолданылады, мысалы, мемлекеттік картография. Бұл мағынада «Картография» терминінің мәні СССР-дің картография-геодезия қызыметінің атына кіреді.

Қазіргі картографияны зерттейтін басты проблемалар:



  1. ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім; соңғысына картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің теориялары жатады.

  2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы.

  3. Картографиялық деректер тану.

  4. Карталарды жобалау және оны пайдалану теориясы мен технологиясы.

  5. Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісі.

Картографияның бұл проблемалары әр тарихи кезеңде қалыптасқандықтан дамудың әр сатысында тұр. Осының нәтижесінде карта төмендегідей салаларға бөлінеді:картатану, математикалық картография, карта жасау процесі , карталарды өңдеу, картометр. Картатану ғылымының теориялық негіздерін, тарихы мен деректерін, карталарды пайдалану әдістерін біріктіреді. Картография салаларының ішінде бәрінен бұрын ерекше пән ретінде математикалық картография не картографиялық проекция теориясы қалыптасты. Картаметрияның (карта бойынша координаталарды, қашықтықты, ұзындықты, биіктікті, ауданды т.б. өлшеу мен санау туралы ілім) ұзақ тарихы бар.

Ол карталарды пайдалану әдістерінің бірі болып саналғанымен практикалық маңызына, зерттеулерінің ертеден қалыптасуына және жан-жақтылығына байланысты көбінесе жеке қолданылады. «Карталарды жасау және редакциялау» деген атпен СССР-де карталарды жобалау теориясы мен технологиясы және олардың түп нұсқаларын дайындау қалыптасуда. Карталарды өндеудің негізгі міндеті – картографияның кескіндеужолдарын зерттеу мен шешу. Мұнда семиотиканың, бояу танудың, инженерлік психологияның деректері қолданылады, сондай-ақ графика өнерінің әдістері пайдаланылады,полиграфиялық талаптар еске алынады. Картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді. Бұл жапсарлас пәндер орындалу әдісі жағынан геологияға, экономикаға жатады.

Қазіргі сақталған көне картографиялық кескіндер Вавилония мен Египетте б.з.д.ІІІ-І ғасырда жасалды. Картографияның тұңғыш ғылыми негізі Ежелгі Грециядан тараған. Орта ғасырда картографияға Г. Меркатардың еңбектері үлкен үлес қосты.

Картографияның идеялары мен ғылыми негіздерін дамытуға тұңғыш советтік географиялық атластар т.б. дайындау туралы 1920-21жылы В.И. Лениннің жазған хаттарының және картография туралы оның басқа документтерінің маңызы өте зор болды. Бұлар құбылыстарды, олардың әр жақтылығын, өзара байланыстылығын, тарихи дамуын, қайшылығын еске ала отырып, көрнекті, толық және дәл бейнелеудің маңызы үлкен екендігін көрсетті.

Картография геодезия, география ғылымдарымен тығыз байланысты. Геодезия картография жердің формасы мен мөлшері туралы өте дәл деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталарды дайындап береді. Географиялық ғылымдар картографтарды картографияланатын құбылыстардың сандық, сапалық сипаттарын түсіне отырып талдауға және олардың аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс бейнелеуге қажетті біліммен қаруландырады. Өз тарапынан география картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбылыстардың, кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Картографияның практикалық маңызы-географиялық карталардың құндылығында.

Карталар далалық түсірулердің және олардың материалдарын өндеудің негізінде немесе түрлі картографиялық, географиялық, экономика-статистикалық деректерді қорытындылау арқылы жасалады. Топографиялық карталарды жасауға қажетті далалық түсірулермен, оларды өндеу әдістерімен топография және аэрофототопография шұғылданады. Тақырыптық түсірулер-геология, топырақ картографияларының т.б. міндеті. Карталарды жобалау әрі камералдық дайындаумен картографияның өзі шұғылданады. Камералдық жұмыс кезінде, жобаланған картаның мақсатына қарай, алдын ала оның программасы белгіленеді. Бұдан кейін картографиялық тор жасау, оған қажетті деректердің мазмұнын көшіру, генерализациялау мен программада белгіленген картографиялық белгілер арқылы картаның түп нұсқасы графика жолымен сызылады. Тақырыптық карталарды жасағанда деректердің мазмұны күні бұрын дайындалған географиялық негізге көшіріледі.

Қазіргі картография өндірісінде карталарды жасауға әр түрлі квалификациясы бар мамандар коллективі қатысады. Сондықтан карта дайындаудың барлық кезеңдерінде біріңғай гылыми-технологиялық басшылық керек және ол картаны редакциялау деп аталады. Картография саласындағы халықаралық ғылыми байланыс алғашқы кезде халықаралық географиялық конгреестерде пайда болып дамыды. Олардың бастамасы бойынша бір бастапқы меридианды таңдап алу туралы Вашингтон конференциясы шақырылды, халықаралық миллиондық карта, мұхиттардың халықаралық батиметрлік картасы т.б. туралы бас қосулар өткізілді. 1992жылы географиялық конгрестермен қатар, ғылымның маңызды проблемаларын шешетін халықаралық комиссияларды ұйымдастырып отыратын. Халықаралық география одағының құрылуы картографиялық зерттеулерді де дамытты. 1961жылы халықаралық картография ассоциациясының ұйымдастырылуы әрбір екі жылда ғылыми-технологиялық конференциялардың шақырылуы, арнаулы комиссиялардың үзбей жұмыс істеуі т.б. картография проблемаларын үздіксіз зерттеуге мүмкіндік берді. Дамып келе жатқан елдерде картографияның қалыптасуы үшін БҰҰ-ның картографиялық конференцияның маңызы зор. Олар Азия мен Қиыр Шығыс және Африка елдері үшін 3жылда бір рет шақырылып тұрады. Халықаралық бастамалардың ішінде континенттер мен Дүние жүзілік мұхиттың салыстырмалы кескінің беретін рельевтің испсометрмен бейнеленген 1;2 500 000 масштабты халықаралық дүние жүзі картасының маңызы бар. Картографиялық деректер-географиялық карта құрастыруға қолданылатын графиктік, фотография сандық және жазба деректер. Картографиялық деректерге астрономия – геодезиялфқ деректер, қағаз бетіне түсірілген және картографиялық деректер, жазба және таблициялық деректер жатады. Құрастыратын картаның сипатына қарай картографиялық деректер – негізгі, қосымша және көмекші болып бөлінеді. Картографиялық құжаттардың ішінде басылым басты орын алады. Картографиялық басылымның ішінде үлкен орын алатын картографиялық шығармалар. Картографиялық шығармалардың басты бөлігінің түсінігі бейнесі, картографиялық проекцияда құралған, -кішірейтілген, жер бетінін бейнесі, басқа аспан денесінің беті және жер шары аралығының бірлік жүйеде шартты белгісі болып табылады. Спецификаны картографиялық басылымның келесі басқа жақтары анықтайды: математикалық анықтау қатары; жүйенің басты белгілерін қолдану – картографиялық белгінің символы; іріктеу және бейненің пайда болу қатынасы. Картографиялық басылымда объектінің бейнесі және геометриялық нақтылықты қабылдаудың пайда болуы, яғни сол жерде кішірейтілген түрде көрсетілген, пропорционалдың өлшемінің сақталуы және басқа объектлармен қарым-қатынас тұрақтылығы болып табылады. Ол үшін сол немесе басқа математикалық амалдар қолданды, картографиялық проекция деп, функционалдық қатан түрде географиялық координаттық нүктемен картографиямен ара қатынасының пайда болуы және тік бұрышты координаттың сол нүктемен жазықтықта орналасуын айтамыз.

Жүйелік бейнелеу шындығында картографиялық басылымға енгізілген негізгі жүйеге келуі, картографиялық құбылыс геожүйе ретінде қарастырылады, яғни территориялық табиғат және әлеуметтік-экономикалық жинақтың түрлі рангі және кеңістіктің өлшемі немесе олардың элементтері.

Картографиялық басылымды үйрену мен өңдеумен, олардың әртүрлілігімен, жүйесі, формасы бөлек элементтер, символдар, оларды көркемдеудің маңызы және дамуы, құрылысымен және қолданылуымен картография айналысады – білім орталығы, техникалар және құрылыс, үйренумен, дамумен және картографиялық шығармаларды қолданумен айналысады.

Картографиялық басылым идеографиялық құжаттың түріне жатады, бұнда шартты түсінік картографиялық белгілер шындыққа ұқсамайтын объектілер және шығармалар қолданылады.

Алғашқы картографиялық басылым үшін жергілікті жердің суретінің көрінісі, таудың, өсімдіктің, аймақтық пунктілер және басқа объектілердің суретінің көмегімен мінезделеді. Картиналық сурет қосымша түсініктемесіз айқындалып тұрады. Кейінірек арнайы картографиялық белгінің көмегімен жоспарланған бағдарламаның нақты түрлеріне сұраныс туындады, кез-келген категорияның дамуымен және объектілерін анықтау үшін пайдаланылады; сурет, түсі, өлшем.

Картографиялық белгі барлық түріне қарай геометриялық, әріптік және көрнекті болуы мүмкін.

Геометриялық белгілер – бұл қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, төртбұрыш және т.б.)

Әріптік белгілер – бұл бір немесе екі басты әріптердің аталуымен өрнектелген шығармалар.

Көрнекті белгілер – бейнеленген нәрсенің пішінің көрсетеді. Құрамына және материалдық құрылысына қарай картографиялық басылым үш түрге бөлінеді: карта, атлас, глобус.

Карта (грек-бет) –картографиялық басылым, картографиялық жобада құралған, жер бетінің кішірейтілген көрінісі, ол жердегі объектілерді анықтайтын жүйеде картографиялардың шарттарының белгілерінің орналасуын көрсетеді. Карталар мынадай басты белгілерге бөлінеді: мазмұны және материалды қамту кеңдігі, территорияны қамту, материалдардың функционалдық бағыты.

Мазмұны және материалды қамту кеңдігене қарай карта жалпыгеографиялық және тақырыптық болып бөлінеді.

Жалпыгеографиялық карта жергіліктіжердің басты элементтерінің жиынтығын қорыту. Тақырыптық карта – нақты тақырыпқа арналған. Өзінің қатарына қарай олар екі түрге бөлінеді – салалық және жеке.

Жеке карта салалық картадан бөлек элементтерге арналған. Мысалы, халық –салалық карта, халықтың орналасу картасы және оның құрамы – жеке.

Салалық картаның басты мазмұны бұл объектінің көрінісі, кез-келген ғылым салаларын немесе халық шаруашылығын түгелдей қолдану.

Тақырыптық карта объектілік зерттеу бойынша мынадайға бөлінеді: географиялық, асторномиялық, тарихылық т.б.

Атлас-картографиялық басылым, көптеген карталардан құралған, жалпы бағдарламалармен біріккен. Ол өзін альбои түрінде немесе жеке шығарманың жиынтығы түрінде, әртүрлі объектілердің бейнесінің мазмұны түрінде көрсетеді (карталар, сызбалар, суреттер). Атластың негіз салушысы ерте гректің ғалымы Клавдий Потломей болып табылады, алғаш географиялық картақорын жинаған. Бұл басылым атлас мификалық король Ливидің атымен аталған, ертеде бірінші рет жер бетінің глобусын дайындаған. Атлас заологиялық, ботаникалық, анатомиялық және т.б. болып ажыратылады. Атлас – бұл кодексті құжат, ереже бойынша кітаптық басылымға қатысты.

Атластар суретпен, фотографиямен, космос суреттерімен және т.б. суреттеліп көрсетіледі. Олар ереже бойынша көп түсті және картографиялық басылымға қатысты болып келеді. Басылымнан басқа, картографиялық құжатқа глобус жатады (лат. Globus- шар) – шар түріндегі көлемді құжат-жер бетінің көрінісінің картографиялық үлгісі. Онда салыстырмалы нақты, бірақ кішірейтілген түрде жердің және оның бетінің көрінісі бейнеленген. Глобустарда жалпыгеографиялық және тақырыптық болып картаға ұқсас келеді: континентік ландшафт, әлемді саяси бөлу. Олардың масштабы айтарлықтай ұсақ: 1-30 000 000-1: 80 000 000, бірақ бөлек жағдайда лоар 1:10 000 000 және одан да көп болып өседі.

Картографиялық басылымдардың жалпы мінездемесі.

Картографиялық қжаттар арасында басылымдар жетекші орынға ие. Қартографиялық басылымның басым бөлігіні картографиялық шығармалар алады. Картографиялық деп аталатын себебі, өйткені онда басты бөлігі картографиялық проекция түріндегі көрініс.

Картографиялық басылымның ерекшелігі: математикалық нақтыланған құрылым; картографиялық белгі-рәміздеріді пайдалану; көрінетін құбылыстарды іріктеу және жалпылау; мәтінді толықтыру және сандық ақпарат, мақсатты бағытталған модельдеу.

Картографиялық басылымдардағы нысандар мен құбылыстар геометриялық дәлдігімен ерекшеленеді, онда барлығы кішірейтілген пропорцияны сақтайды. Бұл үшін олар картографиялық проекциялар деп аталатын математикалық тәсілдер қолданылады. Картографиялық проекция картографиялық басылымның матемтаикалық негізін құрайды.

Карта алаңында барлық нысандарды кқрсету мүмкін емес болғандықтан оларды іріктеу, яғни ең бастыларын таңдау жұмыстары жүргізіледі.

Картографиялық басылымдарды құрастырумен, олардың ерекшеліктерін безендіру мен құрумен картография айналысады. Картография – картографиялық шығармаларды зерттеу, құру және қолданумен айналысатын ғылым саласы. Карта жүргізу – бұл карта мен картографиялық шығармаларды қарастыратын ғылыми пән.

Картографиялық басылымдар құрылымы мен материалдық конструкциясы бойынша 3-ке бөлінеді: карталар, атластар, глобустар жатады. Глобустар басылымдарға шартты түрде жатады, бұл баспа емес, көлемді құжат.

Картографиялық белгілер

Картографиялық басылымдар құжаттың идеографикалық түріне жатады, өйткені ақпаратты белгілеу үшін шартты белгілер – картографиялық белгілер қолданылады, бұлар шынайы нысандар мен құбылыстарға мүлдем ұқсамайды. Алдымен картографиялық басылымдарға жергілікті жердің картиналық көрінісі тән болады. Мұндай картиналық көрініс еш қосымша түсіндірулердің түсінікті болады. Соңынан арнайы картографиялық белгілер көмегі арқылы жоспарлы сызулар пайда болды, мұнда құбылыстар мен нысандар нақты суретке, өлшемге, түске ие.

Картографиялық белгілердің формасы геометриялық, әріптік және көрнекті болып келеді.

Карта

Карта – картографиялық проекцияда құралған, кішірейтілген, жалпыланған картографиялық басылым болып саналады.

Картаны басты белгілері бойынша бледі: материалды қамту мазмұны мен кеңдігі, территорияны, масштаб, зерттеу нысанын қамту. Карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.

Тематикалық карталар зерттеу нысаны бойынша географиялық, астрономиялық, тарихи болып бөлінеді.



жүктеу 2,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау