Жаһандану
ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ЖАҺАНДАНУ
1
1-бөлім: Жаһандану
• Жаһандану дегеніміз не?
Жаһандануды идеялар,
тауарлар,
қызметтер мен әсер ету күштерінің әлем
бойынша қозғалып, адамдар арасында
ауысуы деп түсіндіруге болады. Бұған
мәдениеттердің,
сенімдердің және
саясаттардың алмасуын жатқызуға
болады. Жаһанданудың, сондай-ақ,
әлемдік күші бар ірі компаниялар мен
трансұлттық корпорациялардың (ТҰК)
өсуімен де байланысы бар.
Байланыс
түрлерінің өсуі мен транспорттық
шығындардың біртіндеп азаюы есебінен
жаһандану (кейбір адамдарға) әлемді
кішкентай етіп көрсетуде, ал ол физикалық
тұрғыдан, әрине, өз қалпында тұр.
Жаһандану
бірнеше он жылдықтардан
бері көрініс табуда, ол ірі компаниялардың
түрлі мемлекеттерде дамып, жаһандану
әсерін
алғаш сезінген сәтінен бастал,ан
болар. Кейбір тарихшылар бұл процесс
1492 жылы, Христофор Колумб
Американы “ашып”, Еуропаның Атлант
мұхитына дейін билігі жүрген
кезінен
басталды деп пайымдайды.
Қосымша сұрақтар
Британ империясы империяның көп бөлігінде жұмыс істеген
британдық Ост-Үнді компаниясы сияқты маңызды компанияларды
біріктірген жаһандық
желі болатын, бұл компания алғашқы ТҰК болуы да мүмкін. Алғашқы жаһандық
компаниялардың елдерді біріктірген, ұзақ мерзімді саяхаттарды қамтамасыз ететін транспорттық
желілері болған. Сонымен қатар, әлемге кеңінен таралған өнім шығаратын компаниялар да болған. Бұл
компаниялардың көбісі – Еуропалық немесе Америкалық компаниялар.
С1. Алғашқы жаһандық компаниялар?
24 сағат бойы жаңа жаңалықтар болатын қазіргі әлемде жаңалықтар бірнеше күнде бірақ жетуі мүмкін
дегенге сену қиын шығар. Қазіргі күнге дейін сақталып қалған алғашқы жаһандық корпорациялар –
әлемнің
шалғай жерлеріне ақпараттар мен тауарлар тасуға маманданған корпорациялар. Бірінші болып дамыған
компанияларға өздері негізін қалаған желілер (үнемі байланыста ұстаған), жақсы жер (кейбір тамақ өнеркәсібі
компаниялары) және шикізат қоры (кейбір ірі мұнай компаниялары) сияқты заттардың пайдасы тиді.
Бұл компаниялардың үлкендігі де әлемдік экономиканың мүмкін өзгерістерінен қорғады. Олар өздеріне
қолайлы салық
мөлшері туралы да келісе алады, егер салық мөлшері қолайсыз болса, елден шығып кету
туралы қорқытулар да жасайды, олардың елден шығып кетуі сол елге жойқын қатерлер алып келуі мүмкін еді.
С2. Алғашқы жаһандық компаниялар қалайша өз статусын жоғалтпады?