Дәріс 26
Тақырыбы: Құжаттар жаңа ақпарат тасушыларда.
Дәрістің мақсаты: Құжаттар жаңа ақпарат тасушылар ретінде қарастыру
Дәрістің мазмұны:
Перфорарияланған құжатта ақпарат перфорариялық жолмен, яғни желу арқылы жазылады.
Ақпаратты перфорарияланған құжатқа енгізу үшін тесіктер саны нақтыланады. Әрбір перфорария ақпараттық бірлікті құрайды, ал тесіктер сомасы – мыңдаған және одан да көп бірліктерді құрайтын толық ақпараттан тұрады.
Перфорарияланған құжаттар тесіктер арқылы өз ойына ие болды. Ақпаратты алу үшін перфоратор көмегіне жүгінеді. Ленталы және карточкалы перфораторлар үшін ақпаратты таратушы ретінде перфораторлық лента мен перфораторлық карта қолданылады, олар қағаздан, пластмассадан және басқа да материалдардан жасалады.
Құжаттарды перфотаратушы арқылы алу үш түрге бөлінеді:
Автоматикалық басқару үшін
Өңдеу, басқару үшін;
Өңдеу процесінде қлолдану үшін
Перфорарияланған құжаттарда ақпаратты жазу лента мен карточкаларды орындалады. Сондықтан да перфорарияланған құжаттарды карточкалық және ленталық деп бөледі.
Перфокарталар мен перфоленталарды келесі белгілер бойынша тыстауға болады:
қабылдау арнасы бойынша;
материалдық негізі бойынша;
қабылдауға бағытталуы бойынша;
матрицалық орналасуы бойынша;
кодтау тәсілі бойынша;
өңдеу тәсілі бойынша;
мақсаттылығы бойынша;
Конструкциясы бойынша перфорариялық бөлінеді: Перфорариялық құжаттар шеткі перфоратормен; ішкі перфоратормен; ұстар аралас перфорариялық құжаттар
Перфокарталар тәртіп бойынша орналастыруды талап етпейді, қажеттісін қандай картотекадан болса да оңай тауып алуға болады; жаңа перфорарияланған құжаттарды картотеканың басына, аяғына немесе ортасына орналастыруға болады. Карточканы перфорарияланбаған екі жағында қолмен түрлі мәтін жазылады, мысалы, библиографиялық карточкада – мақала кадрлар есебі карточкасында – қызметкер туралы мәлімет жазылады. Картотеканың ортаңғы бөлігінде микрофильм де орналастыруға болады. Оны жапсырылған қалтаға салады.
Халықаралық практикада үш форматтағы карточкалар белгілі: К4 = 297 х 207 мм; К5= 207 х 147мм; К6= 147х105 мм. К5 форматы кеңінен қолданылады.
Қолмен сортталған перфокарталар
Қолмен сортталған перфокарталарды көбінесе «қол» перфокарталар деп атайды. Олар ішкі және сыртқы перфорария карталары деп аталады.
Ішкі перфорариякарталарында бір, екі, үш және одан да көп тесіктері бар перфокарталар болады. Олардың ішінде неғұрлым көп таратылымдары бір немесе екі қатарлы перфокарталар.
Қол перфорарияланған құжаттары қиын он есе жылдам орындауға мүмкіндік береді. Яғни, сорттау, топтастыру және ақпарат талдау. Олар шаруашылықтың әр түрлі салаларында қолданылады, түрлі картотекаларда қолданылады.
Ішкі перфорариялы перфокарталар көзбен шолу және суперпозициялы перфокарталар деген атауға ие.
Суперпозициялы перфокарталарға жазу перфокарталарды нүктеге тесу арқылы жүргізіледі. Мұндай карталарды 1915 жылы Америка орнитологы Г.Тейлер ойлап шығарған. Содан соң әртүрлі атаумен анықтамалық, диагностикалық, ойын жүйелерінде қолданыла бастады.
Бұл перфокарталар шеткі перфорария карточкаларымен бірдей болып келеді. Бірақ мұнда бос жер болмайды. Карточкалық ортасында сан торы орналасқан, мұнда әр санға нақты квадрат сәйкес келеді, содан соң тесу арқылы құжатты анықтайды, яғни осы белгі туралы ақпарат орналасқан тұс анықталады. Перфокартада құжат номері жазылады. Нөмірді жазу перфокартаны тесу арқылы орындалады. Бүгінгі тағңда суперпозициялық перфокарталар 187 х 82,5мм - ден 445 х 445 мм – ге дейін өлшемде шығарылыды, оған 400 – ден 40 мм – ге дейін құжаттар сияды, тесудің минималдық диаметрі - 0,6мм, оптималдық диаметрі - 3мм.
«ZATO» түріндегі карточкалар алдын ала шеткі перфорарияны қажет етпейді. Оның орнына мұндай карточканың жоғарғы бөлігі арнайы өлшеммен жабдықталған. Сипаттама карточкада ашық тесік тесу арқылы жазылады.
«ZATO» түріндегі карточканың екі нұсқасы шығарылады:
А) Жоғары шетіне қарай белгісі бар; (40 ұяшық)
Б) Жоғары және төменгі шеттеріне қарай жүргізілген белгісі бар (72ұяшық)
Аралас перфокарталар шеткі және ішкі перфорарилы карточкаларды біріктіреді. Саңылау перфокарталары шеттері қиылған, яғни тесіктер саны көп карточкалардан айырмашылығы бар. Сондықтан да түрлі белгілерді енгізу мүмкіндігі де ұлғаяды.
Кодтық қуысы екі жалғас саңылау арасында орналасқан учаске. Мұндай қуыста сипаттама жазу осы учаскенің перфокартасын қиып алу арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде ноның орнында тесік пайда болады. Саңылау басшы артықшылығына келер болсақ, олар бір уақытта бірнеше сипаттама іздеуге арналған шеткі перфорария қарағанда жақсырақ. Бірақ, берілген сипаттама бойынша саңылау іріктеу тек қана арнайы селектордың көмегі арқылы жүзеге асады, мұндай перфикарталық жетіспеушілігі де осында.
Карталар – торлар. Бұл карталар мұндай атауға кодтаудың негативтік принципі бойынша
Құрама ортографиялық карталар. Бұл карталар бір аспектілік жүйелік ізденіс модернизация жолдары болып есептеледі. Бұл тәсіл бойынша, барлық карталар бір басты белгі бойынша сол форматтағы бір ортографиялық картаға көшіріледі. Осындай бір картаға 200 – 400 картаға дейін сыяды, ал ултрамикрорепродукциялауда – 10 мың картаға дейін кетеді.
Клессерлік карталар. Мұндай карталар бір немесе бірнеше қалталармен жабдықталған. Бұл қалталарға шағын көлемдегі құжаттарлдың фитокадрлары салынады: хаттар патенттік сипаттпамалар, фирмалық проспекттер,рентген кадрлаы және т.б.
Бір жағдайда клессерлік карта – тек қана сақталушы емес, ұстар көпаспектілі ізденісті қамтамасыз ететін модернизацияланған формасы.
Апертурлық карталарға микрофильм кадрлы, перфорарияланбаған кесінді кіргізілген. Мұндай карталарда «джекет»перфорарияланған карталаы деп те атайды. Бұл алдыңғы карталарға қарағанда тұрақты ақпаратты қамтитын үлкен көлемдегі құжаттарға бейіәмделген картадан терезе ойылып жасалады – «апертура» деп аталады. Содан оған екі мәтін жазылған микрокөшірме
Апертуралық перфокарталар АҚШ –та екінші дүниежүзілік соғыс кезінің өзінде қолданыла бастады. Бүгінгі таңда апертуралық перфокарталардың түрлерін көптеп шығартуда. Шетелдерде оны Filmosoft перфокарталары деп атайды. Мұндай атауды оларға FilmNfile фирмасы берген, өйткені бұл фирма мұндай перфокарталардың сериялық өндірісін бірінші болып бастаған Апертуралық перфокартаның екі түрі болады:
микрофилмді желімдеп салу үшін апертуралық жиегі жабысқақ болып келеді.
Микрофильмдерді конвертке салуға арналған мөлдір, түссіз, кленкалы қалтасы бар түрі.Апертуралық перфокарталардың қол немесе машиналық сорттау түрлері бар.
Апертурлық перфокарталардың басты типі деп 35 мм микрофильмнің перфорарияланбаған бір кадры жапсырылатын 80 бағанды апертурлы айтады.
К – 5 апертурлық перфокарта (207 х 147мм) және К – 6 (147х105мм) апертурлық перфокартасы техникалық құжаттар қорларын құру негізінде қолданылады. Перфокартада апертура 54 бағаннан 76 бағанға дейін жерді алып жатады.
Апертурлық перфокартаның басты жетістігі – мұндай перфокарталар 80 паызға және одан да жоғары бөлме орын қысқартуға мүмкіндік береді, яғни, құжатты табиғи түрде сақтауға, сонымен қатар бұл құжаттарды тез табуға, оның көшірмесін тез арада жасауға мүмкіндік береді. Апертурлық перфокарталардың ең құнды қасиеті оларды өңдеу жұмыстарын стандартты сорттау машиналарында жүргізуге болады.
Машинанық сорттау перфокарталары.
Есеп – перфорариялық машиналарын қолдану машинамен өңдеу перфокарталарын құруға әкеп тіреді.
Перфокарталардың басқа түрлерімен салыстырғанда олар 187,4 х 82,5 мм халықаралық форматқа ие. Жоғарғы сол жағы қиылған. Жоғарғы бөлігінен басқа жерлері разрядтық бағандармен толтырылған. Екі қосымша позициялары (11 және 12) жоғарғы шетінің жолағына келеді, оларды қолдану негізінде мәтіндік ақпаратқа түк те орын қалмайды. Матрицалық ақпараттық көлемі баған енімен анықталады. Перфокарталардың неғұрлым көп тараған 80 бағанды 45 бағанды, 65, 90 және 100 бағағанды түрлері кездеседі. ЕҚМ – де көбінесе ПК – 80 қолданылады, өйткені мұндай картада жазба жоғары шығындықта болады. Әр перфокартада 12 разряд болады.
Перфолента
Перфорарияланған лента, перфолента түрінде ақпарат таратушы болып табылады.
Бұрын айтылғандай перфолентаға ақпаратты жазу 19 ғасырда басталған. Кейіннен перфолентаны телеграфияда пайдалана бастаған. Перфолента перфокартадан бұрын пайда болған. Перфоленталар қатты қағаздан жасалған. Ені 17,5; 20,5; 22,5 және 25,4 мм қалыңдығы 0,1 мм.
Перфоленталар 5 - тен 8 –ге дейін ақпараттық жолдан тұрады. Жолдар саны кот элементтері санына сәйкес келеді.
Перфолента ақпарат механикалық және электромеханикалық жолмен шапшандықты секундына 300 жолға дейін түседі. Перфолента телеграф жедлхаттарын жіберіп қабылдап алу үшін қолданылады.
Лентада перфорарияланған мәлімет оларды кәдімгі мәтінге ауыстыруға лентаны қайтадан репродукциялауға, алғашқы бірнеше ленталардан жаңа лента құруға телеграф бойынша ақпарат беруге, басқа машиналарды басқаруға қызмет етеді. Перфоленталардың өз жетістіктері де баршылық: ақпаратты өңдеу жеңілдгі перфолентада ақпаратты автоматты түрде енгізу. Ақпаратты бірнеше рет пайдалану, құралдың орташа құндылығы және т.б.
Дәріс 27
Тақырыбы: Жаңаша ақпарат тасушылардағы құжаттар.
Дәрістің мақсаты: Жаңаша ақпарат тасушылардағы құжаттарды анықтау
Дәрістің мазмұны: Магнитті құжат: жалпы мінездеме, негізгі түрлері. ( магнитті карта, магнитті дисктер )
Дәріс 28
Тақырыбы: Голографиялық құжат.
Дәрістің мақсаты: Голографиялық құжатқа мінездеме
Дәрістің мазмұны: Голограмма (грек. Holo – бүкіл, толық, Graph – жазба және gamma – жазба, сызық) – көлемді бейнелеудің жаңа тасымалдаушы.
Голограмма – бұл бейнелеу, жазба және көшірмелі линзаны қолданбай, лазерлік сәуленің көмегімен оптикалық әдіспен жасалатын құжат.
Голограмма голографияның жазба көмегімен жасалатын қайта жаңғырту және қайта жасау толқыны, ол көлденең толқындары бақылаумен, я болмаса, толқындардың құжатта бір нүктеде күшеюінен және төмендеуінен әр түрлі толқынды интерференциялайтын фазаларға тәуелді. Құбылыс толқын интерференциясына негізделген.
Фотопластинкаға «дыбыс» толқынымен бір уақытта шашыраңқы объектімен сол жарық көзінен «тірек» толқынын бағыттайды. Интерференция кезінде пайда болатын толқындардың бұл көрінісі объект түрінде ақпаратпен қамтамасыз ететін жарық сезілетін бетінде белгіленеді.
Голограммаға және оның маңына сәуле түсіру кезінде тірек толқын арқылы объектінің көлемді бейнесін көруге болады.
Голограмманың ерекшелігі түпнұсқаның барлық белгілеріне ие заттың бейнесін көрінетін түрде алуы болып табылады. Заттың қатысымен оның толық емесіне қол жеткізеді.
Голограммаларда жазба және бейненің көрінісі лазер көмегімен жасалады. Голограмманы қолдану бейненің сапасы кезінде лазерде сәуленің монохромикалық таралуына және фотоматериалдардың қабілеттілігін көрсетуіне тәуелді. Лазердің сәуле тарату спектрі кең болса, онда нәтиже беретін интерференциялық көрініс анық емес шығады. Сондықтан голограмманы дайындау кезінде спектральді сәуле тарату сызығы өте тар лазерлерді қолданады.
Голограммалық бейненің сапасына фотоматерияның қабілетін көрсететін түсірілімнің жағдайы әсер етеді. Голограмманың сырты суретке түсіретін заттың ешқандай белгісі жоқ жарқыраған. Фотографиялық негативті еске түсіреді. Дегенмен, көлемді бейне пайда болған бойда голограмманы лазерлік сәулемен жарықтандыру жеткілікті. Заттар фотопластинканың тереңінде айнадағы кескін сенімді орналасады.
Голографияның көмегімен бақылаудағы заттардың шынайы толық елесін жасайтын – көлемін, түсін алуға болады. Голограммада заттың бейнесі соншалықты анық және шынайы сияқты, бақылаушы оны заттың өзін көріп отырғандай қабылдайды.
Голограмма жазық немесе көлемді болуы мүмкін. Голограмма көлемді болса, онда оның қасиеті де соншалықты жақсы көрінеді. Голограмманың кәдімгі фотосуреттен айырмашылығы мүсіннің суреттен айырмашылығы сияқты. Әдеттегі фотосуреттегі бейненің нүктесі фотопластинкада объектінің кейбір нүктесіне сәйкес келеді.
Голографияда объектінің әрбір нүктесі голограмманың үстінен түгел түсетін шашыраңқы толқын жібереді.
Егер фотопластинканы сындырса, голограмма тіркеген оның кез келген бөлігі үш өлшемді шашырайтын объектінің бейнесін қайта қалпына келтіруге жеткілікті. Нәтижесінде объектінің кез келген нүктесі голограмманың толық үстіне сәйкес келеді. Объектив сынғанда, осы жағдайды еске түсіреді. Оның кез келген сынығының көмегімен заттың бейнесін алуға болады. Голограмма арқылы оқығанда лазер сәулесі екі сәулеге бөлініп, біреуі объектінің түсірілім процесіне қатысады және осы кескінделген объектіден жарық сезгіш материалға түседі, ал екінші сәуле тікелей жарық сезгіш материалға түседі. Осы екі сәуленің көмегімен интерференциялық көрініс жазылады.
Егер голограмманы микроскоппен қарасақ, ашық және күңгірт жолақтардың алмасу жүйесі көрінеді. Шынайы объектінің интерференциялық өрнегі өте күрделі. Голограмманы көлемді бейнені әдеттегі жарықта да көруге болатындай әдіспен дайындауға болады.
Голограмма бейнені жарық сәулесін фазалық құрастырушыға дейін жазуға мүмкіндік беретіндіктен, түсірілім объектісі туралы үш өлшемді ақпаратты сақтауға болады. Қазіргі таңда бұл технология штрих кодты оқуды, оптикалық дискілерге түсірушілерге және т.б. пайдаланады. Сонымен қоса оны оптикалық компьютерлерде ақпаратты өзгертуде сәтті қолдануға болады.
Өңдеу және голографиялық тіркеуге енгізу әдісінің көпшілігі және ақпараттың, өңдеулердің көпшілігі көбіне жазба құжаттар түрінде болады.
Голограмма өзін оптикалық элемент ретінде ұсынады, оның ең баты ерекшелігі бейнелеу сыртқы оптиканың көмегінсіз қалыптасады. Бір голограммаға 150 бейнелеу (сурет) түсіруге болады. Әрі олар көшірілген кезде бір-біріне әсер етпейді. Тек қана әрбір бейненің мұқият жазылуын қадағалау керек.
Голограмма помехоустойчива (тұрақтыбөгет) бүлінген кейбір бөліктері барлық суреттің жойылуына жол бермейді. Сондықтан голограмманың әрбір нүктесі толықтай жазылады: сызат, шаң-тозаң, эмулцияға қосылулар суреттің жарығының төмендеуі мен кемуін ғана шақырады.
Пленканың жоғарғы шаршы бөлігінің 10 млн бит ақпарат сыйғызуға болады.
2,5х2,5х0,2 см калий бром пластинкасына шамамен бүкіл үлкен кітапхананың архивінің 300 мың құжаттық ақпаратын сыйғызуға болады. Сол себепті архив ісінде голограмманы қолдану сыйымдылығы 108-109 көлемді құжаттарды іздейді жеделдетеді. Қазіргі кезде мультипликациялық техника, кредиттік карточкалар жасауда голограммалар қолдануда.
1989 жылы ең алғаш ағылшындар мен жапондықтардың бірігуімен «Голографиялық картина» атты кітап жарыққа шықты. Голографиялық миниатюризацияға қайтадан өңдеу жүргізу арқылы экспериментальдық қорытындыда құжатты 200х-қа дейін келтіруге болады. Сонда голограмма - болашақ кітапхананың ақпарат орталығы болып табылады.
Голограмманың даму тарихы
«Голограмма» сөзі ең алғаш 1948 жылы пайда болды. Бұл голография әдісінің шығуына өзінің электронды микроскоп еңбегімен белгілі ғалым Денис Гобор себеп болған. Ол осы еңбегі үшін Нобел сыйлығына ие болды. Гобор голограммада толқынды сызықты толық жазба арқылы барлық заттан мағлұмат алуға болатынын түсінді.
1960 жылы кеңестік ғалым Ю.Н. Денисюк үшбөлінді ортада голограмманы қашық қабатты эмулцияға жазып, тіркеп алуға болады деп ұсыныс жасап, соны жүзеге асырды. 1964 жылы американ зерттеушісі Джордж Строук бұл терминді «голография» деп атады.
Украинада 1965 жылы А.Я. Кинованың қолдауымен голографиялық аймақтарға зерттеу жүргізуді алғаш рет радиофизика және электроника АНУССР институтынан бастады. Осы зерттеу нәтижесінде Украина ғалымдары көптеген жаңа әдістерді ойлап тапты. Олар кристалдардағы, термопластикалардағы голограммалық жазбалар, голографиялық ең жоғарғы желілік әдістер еді.
1966 жылы А.А. Микаэлян мен В.И. Бобринев бір беті фотоматериалды үлкен сыйымдылықты жаднамалы голографиялық құрылғыны ұсынды.
Бұл ойлап шығарылған голограмма үлкен маңызға ие. Дамып жатқан есептік техника жады үлкен әрі ұзақ мерзімге жететін құрылғы қажет етуде. Бұл тұрғыда электронды жад жақсы орындауда. Бірақ бұл көбіне голографиялық жадтың сыйымдылығы 106-108 битті құрайды. Микросекунд ішінде ол нүктелік мәліметті таңдап ала алады.
Қазіргі кезде барлық үлкен масштабты бейнелеуіш голограммаларда пайдалану стационарлық суырмалы көрмелер жасауға ие болуды. Голографиялық формаға өту үшін мыңдаған кітап, ғылыми кітапханалардың жинақтары, арасында бірегей тарихи, көркем, мәдени құндылықтарға ие үлкен көлемдегі кітаптарды қажет етеді.
Голографияны қолдану халықтың мәдени құндылығын насихаттау сияқты, құжаттарды насихаттауда үлкен мүмкіндікке ие.
Дәріс 29
Тақырыбы: Жаңа ақпарат тасушылардағы құжаттар.
Дәрістің мақсаты: Қазіргі кездегі құжаттанудың дамуын анықтау
Дәрістің мазмұны: Оптикалық құжат. Оптикалық құжат мәліметті жазба түрінде алып жүруші жаңаша ақпарат түріне жатады. Барлық жалпы құжаттар ішінен ол жинақтаушы негізінде көзге түседі. Оптикалық құжат әртүрлі әдіс-тәсілдермен, ақпарат материалдарының жазылуын негізінде ұстайды. Оның мәліметті алып жүрудегі ең басты жетістігі біріншіден оның жан-жақтылығы, яғни дыбыстық, мәтіндік, графикалық, видео түрінде жазылып, ортақ формада сақталуы, екіншіден оптикалық құжат ұжымда ақпараттың бір ортақ формада көрінеді. Үшіншіден бұл құжат ақпарат жүйелерінің тоғысқан жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.
Оптикалы құжат – бұл құжаттардың интегралды түрі, кітап, микро диафильмдерді, аудио жазбаларды, бір мезгілде сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл құжат үлкен мөлшердегі мәліметтердің ұзақ сақталуы үшін қажет. Оптикалық құжатқа оптикалық дискілер және видеодискілер, компакт-диск, CD-ROM, DVD дискілер және т.б. жатады. Оптикалық құжаттың техникалық жүйе негізінде артықшылықтары 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте.
Оптикалық құжаттар: салыстырмалы кесте
Құрылым түрі
|
Сыйымдылығы
|
Іздеу уақыты
|
Құны, Мбайт, центпен
|
Гибкие диски
|
1,2-1,44
|
Миллисек (МС)
|
42
|
Винчестер
|
120-2000
|
10-20мс
|
165
|
Стримеры
|
|
Бірнеше сек
|
19
|
CD-ROM
|
650
|
200-400 мс
|
0,0025
|
DVD
|
128-2500
|
35мс-тан
|
0,032
|
Достарыңызбен бөлісу: |