Мазмұны кіріспе тақырыпты тандау негізі. Тақырыптың өзектілігі. Ғылымилығы І бөлім. Тарихи бөлім



жүктеу 475,27 Kb.
бет1/3
Дата22.05.2018
өлшемі475,27 Kb.
#16041
  1   2   3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
Тақырыпты тандау негізі. Тақырыптың өзектілігі. Ғылымилығы
І Бөлім. ТАРИХИ БӨЛІМ.

1.1. Тарихи мұралар................................................................................................6

1.2. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы ..................................................................8

1.3. Ою-өрнектің атаулары, түстері мен бояулары .........................................12

1.4. Ою-өрнектің кестелік түрмен көркемделіп тігілуі. ....................................17
П Бөлім . КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ.

2.1. Коллекцияны шығару, жасау негізі............................................................22

2.2. Мата фактурасы мен түс гаммасын таңдау негізі.....................................23

2.3. Таңдаған модельдің техникалық эскизі мен сырт көрінісін суреттеу....28

2.4. Ұсынылған матаны тандау..........................................................................32

2.5. Киім жиынтығындағы ою-өрнек..................................................................35


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38

Әдебиеттер............................................................................................................40

Кіріспе

«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты тақырыбын таңдау барысында киім үлгісінің бастамасы қазақтың тарихи бастауынан тұрады. Өнерді күнделікті қарапайым тіршіліктен бастау алып кейін,кеін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуын өз адамзат ұрпағының алғашқы аталарынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.

Адамзат аталары сұлу көріну немесе сәнді жру үшін киінбегені ақиқат. Олар суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін аң терілерін, ағаш қабығы мен бұталардан т.б. табиғи материалдарды пайдаланады. Осылайша адамзатқа қызмет ететін сонымен бірге жасап келе жатқан өнерлердің қатарына тағы бір өнер «сән» өнері қосылады.

«Сән» өнер адамзат игілігіне қызымет етуде басқа өнер түрлерінен кем соққан жоқ. Қайта басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүрген және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымыз да, мойындауымызда керек.

Тәуелсіз Қазақстанның жеке мемлекет етінде, басқалармен экономикада, білім мен ғылымда, рухани өмірде бой таластыруда талпынуы бізді ойландырмай қоймайды. Біз сән әлемінде де олармен иық тірестіруіміз қажет.Біздің отандық сәніміз қазір әлемдік сақынаға көтеріп үлгерді. Мейлі жас болсын, балаң болсын, бірақ өзімен санасуды сұрайды. Біздің ойдағы міндетіміз осы әлем алдындағы шыққан қазақ үлгілерімізді тереңдете беріктендіре түсіп, оған әлемнің құрметін қалыптастыру, мұның өзі сай келгенде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің абыройы мен беделі, жақсы атағы үшін керек.Қазір жастар яғни біздер сән әлемәндегі өзгерістер бірден аңғаруымыз керек және оны қабылдауға бейім тұрамыз. Киім киюдегі талғамдар мен мәдениетін өте жақсы қабылдаймыз.

Ендігі мақсат біз өзіміздің батылдығымызды, алғырлығымызды, шапшаңдығымызды дұрыс пайдалана отырып, сол тәжірбиенің нәтежесінде үлгілеріне жаңалықтарды, өзгерістерді, ерекшелендіре де батыл түрде енгізу керек. Ол жағдайда Қазақстанның экономикалық жөніндегі мәселелерін шешуіне біздер, суретші үлгілеуші дизайнерлер де үлесімізді толық тигізуімізге толық мүмкіндігіміз бар.

Диссертациялық жұмыстың «Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты тақырыбын таңдауда ең алдымен қай бағытта жұмыс істейтінін анықтау басты мақсат болып табылады. Бұл бағытта қазақ халқының ұмытыла бастаған ұлттық өнер қайта жаңғыртып,халықтың дәстүрін, байлығын сақтап, қазіргі жастарға жаңаша үлгіде жеткізу олардың бойына ұлтсыздық мәдениетін сіңіру біздің суретші-дизайнерлердің басты міндетінің бірі. Бұл орайда халықтың тарихын, ұлттық өнерін, мәдениетін, тілін, дастанын оқып білу қажет.

«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» жасалу барысында өте көп әдебиеттер мен музей экспонаттары және олардың көшірмелері өте үлкен роль атқарады. Бұл тек ұзақ ізденістің арқасында таңдап алған тақырыпты қорғап шығыуға болатынын көрсетеді.

«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты диссертциялық жұмыста концепцуалдқ білім, киім жиынтығын жобалау, конструкциялық, техникалық және эканомикалық білімдер қамтыды. Концепцуалдық бөлімінде тарихи аспектілерге, жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері мен шығармашылық бастауы және қазіргі замандағы сән дамуына қысқаша талдау туралы қамтылған.

«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты диссертациялық жұмыстың киім жиынтығын жобалау бөлімінде жиынтықтың негізгі-ізденіс эскиздері мен фор-эскиздерімен жұмыс барысында сұлба, тепе-теңдік, ритмикалық ерекшеліктері, форма және пластикалық ұйымдастыру барысында текстура, фактура, архитектоника қамтылып, клористік шешімі мен жиынтықтағы ою-өрнек түрлері туралы сипатталған.

Құрастыру бөлімінде ең бірінші модельдің техникалық эскиз, сыртқы келбетін суреттеу, дайындау үшін тиімді конструкциялау тәсілі, әдіс таңдалынады. Осы әдіс-тәсілге қарай конструкцияның сызбасын салуға алғашқы берілгнедер көрсетіліп, техникалық конструктивтік-сәндік қосымшаға толық негіздеме берілген.

Ал техникалық бөлімде құрал жабдықтарды таңдау туралы материалдарға сипаттама беріледі.

«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты диссертациялық жұмыстың мақсаты сәнді жоғарғы технологиялық сапада тігілген киім жиынтықтарын шығару болып табылғандықтан, бұйымды өңдеу тәртібі,ондағы түйінді жерлерді өңдеу қолданылған тігін құралымен, өңдеу құралдары қамтылған.

Қазіргі жоғарғы оқу орындарында жаңа заман талабына сай жаңа материалдар даярлау көзделініп отыр. Жоғарғы мектеп реформасын іс-жүзіне асыру, оны болашақ жастарға жеткізу барлығымыздың міндетіміз. Осындай заман талабына сай мамандықтың бірі суретші-дизайнер, суретші-модельдер дайындау. Сондықтан таңдап алынған тақырып та, осындай жас мамандар даярлау, өзекті мәселелерді шешуге бірден-бір қасиеті деп білеміз



Бөлім I. Тарихи бөлім.

1.1. Тарихи мұралар.

Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұланғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысынана дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн көрген. Сыр бойындаы, Қазақстанныңь оңтүстігі мен Талас-шу атырабындағы жартылай, отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтн, өзінің қарапайымдылық, үйлесімділік және жүріп-тұруға ыңғайлықтарымен ерекше. Мұның өзі тұрмыс қажетімен басым көпшілігі көшпелі өмір сүрген көлік үстіндегі іс-қарекетінен туған жағдай. Бұл жайттардан қазақша киім табиғатындағы екі жақтылықты, тұрмыс қажетімен сымбаттылыққа, әсемділігіне құштарлығын аңғаруға болады.

Қазақ халқы, сонау көне замандардан бастап өмір сүрген ата-бабаларымыз өнердің қай түрі болмасын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Оның бәрін тоқталып айтып кетуге болар еді, бірақ ең негізгі әйелдер сырт киіміне тоқталай. Олар: бешпент, камзол, кеудеше, шалбар, белдемше т.б.

Бешпент ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдерінің ортасында орны бөлек. Ол сонау мыңжылдықтардан осы заманға дейін ұлтымыздың басты киімдерінің бірі болып келеді. Сонау тастағы суреттердегі адамдардың киімінен бешпенттің сұлбасын байқау қиын емес.

Қазақ үшін ең жылыда жайлы материал-түйенің жүні бешпент үшін де керек. Бешпентті түйенің жүнінен басып, соның жұқа матасынан тіккен. Ерге қонғанда ыңғайлы, желең, жамылғанда әсем, мұндай бешпент түрлерін қазақ сахарасының барлық бұрыштарынан кездестіреміз.

Осы заманға сәндік үшін киюге болатын бешпент. Бешпент қыз-келіншектер, әйелдердің нәзіктігін, қайталанбас талғампаздық пен қайырымдылық райын көрсетеді.

Қазақ әйелдерінің киімінде камзолдың орны бөлек. Олда әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарған. Әйелдердің сырт киімі болып табылатын бұл бешпент тек қазақ халқы емес, басқа да түркі халқы киген.

Қазақ халқының ұлттық киімімен бірге тұрмыс жиһаздары, заттары адамның жан дүниесімен, әсемдікпен, өнермен жасалған. Оған алаша, текемет,төсек бұйымдарын, кебеже, киіз, ағаш төсек т.б. жатқызуға болады. Осы заттардың бәріне ою-өрнек, асыл тастар, құнды қалха, терімен жасалған Сондықтан менің ойымша қазақ халқының ұлттық киімдері мен заттарын, бұйымдарын біздер және келешек ұрпақ қастерлеп, құрмет тұтынуымыз керек. Ол деген елдің есеигенін, оның өскелең өмір танытады.

Костюмнің формасын, пішінінің сипаты бүтіндей және бөліктерге бөліп сипаттайтын болсақ-оның эстетикалық бейнесін көрсетеді және ол композициясының маңызды қасиеті болып табылатын жайт. Форма, пішініндегі сипаттылыққа пропорция және пластикалық жүйеде, яғни, басты форманы, пішінді құрайтын сызықтарды үйлесімді қоса білгенде ғана қол жеткізіледі. Суретші-дизайнерден тек қана заңдылықтарды және гармонияның түрлі құралдарын білуді талап етпейді, сонымен қатар форма, интуицияның, сезімнің және шеберліктің нақты шын дамуын қажет етеді.


    1. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы

Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті–б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Ба­тыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII—III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары (массагет, яксарт, дай немесе даха, фарат, комар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспий және т.б.) туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қолжазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды "азиялық скифтер" деп, ал парсы тарихшылары "сақ" деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады .

Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпа-лар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік. Бұған дәлел — қазақтың алғашқы ою-өнрнек үлгілерінен андронов сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біращзы геометряиыщқ ою-өрнекпен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Қиқымнан және "лотос қауызы" тәрздес етіп жасалған өрнектер (б.з.б. III—ІІ.ғ.ғ.) Теңлік қорғанынан табылған (Алматы облысы). Әдетте, өрнек ыдыстың мойнына, иініне немесе түбіне жақып жерге салынған. Құмыраға тең бүйірлі шимақталған үшбұрыш, сынық сызықтар, меандр, ойық үшбұрыштар немесе ыдыстың мойнынан бүйіріне қарай кеннелюр түріндегі ою-өрнек салу кола дәуірінде кең тараған. Неолит және қола дәуірінен бізге белгілі "ұлу" өрнегі қоғам таптык, құрылысұа бөліне бастаған кезде пайда болган деген болжам бар. Талдықорғаннан 1960 жылдары X.Арғынбаев тапқан қазанда "ұлу" ою-өрнегі бейнеленген. Бұл өрнектің элементі көптеген тайпалардың нышан таңбасы ретінде бейнеленіп келген. Ал ол Орта ғасырларда сәулет өнерінде кең қолдана бастады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы (XVIII-XIX ғ.ғ.) құлпытастарды көп бейнеленеді. Қола дәуірінде шеберлер көбінесе тұрмыс-тіршілікте қолданатын заттарға космогониялы, геометриялық және жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың реалдық және мифтік суретін бейнеленген. Ал саз балшықтан жасаған кұмыраларды геометриялық ою-өрнектермен әрлеген.

Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халытың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдемиетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған керами­ка ыдыстары дәлел бола алады.

Ежелден қалған ою-өрнектер туралы жазба деректер жоқ, демек өнердің осы саласы туралы деректерді ғалымдар көне ескерткіштерден алып, ел ауызынан жинап, бір жүйеге келтірді, сөйтіп ғылыми айналысқа түсірді. Ою-өрнек қалай және қандай себептен пайда болды? Бұл сұрақтың дөл жауабы әлі табылған жоқ. Бір ғалымдар, атап айтқанда, Л.Я. Штернберг: "ою-өрнектің алғашқы нұсқалары діни сенімге байланысты пайда бол­ды" десе, А.В.Филипов: "ою-өрнек" ырғақ өнері мен нышандардың тұтасуынан туған дүние", — деп тұжырым жасайды. Ежелден қалған ескерткіштерде бейнеленген ою-өрнектер белгілі бір ұғымды білдіреді деген тұжырым ғылыми тұрғыдан дәлелденгенімен, олардың нышандық мәні, атаулары, нұсқалары, ортақ ою-өрнек нақыштары санаулы ғана.

Ғалымдардың пайымдауынша, ою-өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан сұлу нұсқаны тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктер сақталады, сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетінің жоғарлығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ғалымдар қайсы бір халықтың өнеріне салиқалы баға беру кезінде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алады. Қай халықтың мәдениетіне байыптап көз салсақ та, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына эстетикалық ұстанымына сәйкес белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саласы жоқ деуге болады. Ою-өрнек элементтерін үй жиһиздары мен киімдерінен, зерделік бұйымдарынан, ер тұрман әбзелдері мен қару-жарақтарынан да кездестіреміз. Ою-өрнекті даму жолын тарихын зерттей келе оның әсіресе қазан төңкерісіне дейін жақсы дамығанын атап айтқан жөн.

Кеңес дәуірі кезінде қолөнер туындыларын кілем, былғары өңдеу, ши орау, мүйіз өңдеу, ағаш, зергерлік бұйымдарын мұражайлардан ғана көруге болатын еді. Қолөнер саласының бәрінде бұйымдарды көріктендіру үшін ою-өрнекті молынан пайдаланған, әрі шебердің өз қолтаңбасы болған. Осының негізінде "Ұлы жүздің үлгісі", "Орта жүздің үлгісі", "Кіші жүздің үлгісі" деген үлгілер пайда болган немесе «найман ер» «арғын пышақ», «адай бөрік», «дулат тымақ», «қызай камзол», «Семей бешпет» атаулары өрнектің даму тарихы әр аймақта әр түрлі дамыған және әр рудың, жүздің өнер ерекшеліктері мен дәстүрі сақталған, яғни бір аймақтың бейнелеу өнерін бүкіл қазақ қолөнеріне тән деп қарауға болмайды. Әр аймақтың өз тілдік диалектілері болатыны секілді қолөнерде де өзіндік ерекшеліктері болады. Маңғыстау, Үстірт өңірінің ескерткіштерін, қолонерін зерттеген орыс, еуропа ғалымдары қазақ ою-өрнегінің сыртқы пішініне қарап топтастырып, тұжырым жасады.

Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы, сондай-ақ саяси-әлеуметтік құрылымы, ондағы тіршілік ағымы біртұтас дүние, демек оның қолонерін зеттегенде де оған осы тұтастық негізінде қарау керек. Себебі, өнер—аталған шешулі факторларды өз бойына сіңіретін және оны қайталап бейнелейтін бірегей құбылыс. Ою-өрнек өнерін зерттеген ғалымдарға еліміздің тілін, этнографиясын білу басты шарт болып табылады. Ою-өрнекті көзбен көріп ғана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын білудің, тұспалды ойын түсінудің маңызы зор. Ою атаулары — өткен заманның хабаршысы, шежіресі.

Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде.

Ендігі міндет – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.


1.3. Ою-өрнектің атаулары, түстері мен бояулары
Казақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жан-жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Кене түркілердің түсінігі бойынша, құс —көктің, балық - судың, ағаш — жердің белігсі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлықаты, нәубет атты, ғарыштаты, тікесызықты, нышанды танымдық тағы басқа сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымызды ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан 200 жуық түрлерімен жұртшылықты кеңірек таныстырып және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа бір шебердің ұсталып іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. «Сағат бау», «Түйе табан», «Жүрекше», «Қаз табан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындалуында олпы-солпы болып жүр.

Ертеден келе жатқан халықтық мұраны тазартуды ойласақ ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұнын бере дамытуымыз керек.

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт-шеберлерін екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан келген жаңа интернационалдық ою-өрнектер.

Ою-өрнек өнері қазақ халқының әдебиеті секілді мәдени мұра. Мақсат болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан. Осы өнерді таныстырып қана қоймай оны қөлөнер суре, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.

Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы өрнекті болса да күңгірт, солғын түске айналдырады.

Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Мысалы, өсімдік бейнесіндегі өрнектерге жапырақты кестелеген шебер, не көктем кезіндегі алқызыл, не жасыл түс беруді, не күзгі күрең қызыл, сарғылт тартқан солғын көк түрінде беруді қарастырады. Содан кейін осы мазмұнына қарай маталарды, кесте жіптерінің түстерін таңдап алып, оны табиғат көркіне лайықтап орналастырады. Бірақ мұны жүзеге асыру үшін шебердің ептеген суретшілік қабілеті болуы керек.

Бояу мен түстерді тандап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық мәні де болған.



"Қазақтың өрнек өнерінің тақырыптары сан алуан. Өрнектердің негізгі элементтері космогониялық, зооморфтық тақырыптардан, өсімдік және геомстринлык пішіндерден тұрады. Әсіресе көбірек кездесетіндер: өсімдік гүл, жұлдыз гүл, күншығар. Зооморфтық стильіне байланысты элементтер қошқар мүйіз. Осы тақырыпты стилизациялау нәтижесінен иірім, шиыршық үлгілері шыққан.

Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта қайсыбір түстердің символдық мәні бар: көк түс — аспанның, сиволы, қызыл түс - оттың, күн кезінің сиволы, ақ түс ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың сиволы, сары түс ақылдың, қайғы-мұңның символы, қара түс-жердің, жасыл түс жастықтық, көктемнің символы. Түстердін бірімен бояганда оған белгілі мән беріледі.

Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдін ұлттық өзіне тән талғамы мен татымы болған. Ал ондай мифтік талғамдар бара-бара өзінің бастапқы мағынасын жойған да кейінгі ұрпаққа тек ұнасым салтындай қалыптасып кеткен. Сол сияқты қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар. Мысалы, кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк плюш негізгі түс (фон) ретінде көп пайдаланылған. Сары және қызыл жіптер негізгі түстер үшін ұнамды деп есептелген. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа басқа оюлар мен күміске жүргізген кавказдауда, ағаш бетінде қарып салу сияқты және аза түту кезінде ғана ұшырайтын заттарда болады.

Ұлт өрнектерінің халықтық мәнері (кейбір кернекті оюлар болмаса) көптеген оюлар мен кестелердегі бояу түстерінің бір-бірінен өте алшақ, бадырайып тұрғанын жаратпайды. Көп түсті өрнектер мен тігілген кестелерде, қүрактарда, ши орау түрлерінде олардын кернекі жерін бір рет ашық түспен береді де, одан әрі бірте-бірте ашыла бастайтындай етіп бояу райын біркелкі ыңғайлы түстермен өрбітіп отырады. Мысалы, бір өңкей шахмат төртбұрышынан құралып, иық-иық болып өрби түсетін "омыртқа" ернегін алып қаралық. Онда көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада — қара, ақ, қызыл, жасыл, сары, көк түс келеді. Біз Алматы облысының Жамбыл ауданында түратын атақты кестеші, қарт ана Керімбаева Сұлуқыздын алты түсті мата қиықтарынан қүраған гүл астына тесейтін орамалында өрнектің түстершің тап осылай орналасқанын көрдік. Өте кернекті шыққан.

Біз бұл арада ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың тек көне мәнеріне ғана тоқтадық. Ал бүгінгі таңдағы ою-өрнектердегі түстерді орналастыру мәселесі де ез алдына сөз боларлық жай. Қазіргі шеберлеріміздің көпшілігінің орта дәрежелі руретшілік білімі бар. Демек, ою-өрнек, кесте тігу өнерімен айналысып жүргендердің көбінің жан-жақты білімі бар сауатты адамдар. Сондықтан олар қол өнерін дамытып, жетілдіру үстінде жаңа ұнасым, жақсы түрлер тауып, творчестволық жаңалықтар аша алады. Ашып та жүр.

Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар. Біріншісі — осы заманғы химиялық әдістермен өндіретін алуан түсті порошок, не сұйық бояулар. Бұларды кез келген шаруашылық дүкендерінен табуға болады. Екіншісі — табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырларынан альшады. Үшіншісі — шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдаланылады.

Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлді өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларға қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына "томар бояу" дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.

Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатымды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан ащы шөптердің тұндырмасы, құрттың сарысуын, кейде май болған. Халық арасында көк шөппен көк жапырақты сығымдап, оған көк тікеннің жемісін қосып, қара көк түсті бояу алатындар да бар. Қолөнер шеберлері бояу жасаумен қатар өсімдіктің гүліңен де әр түрлі заттар жасаған. Солардың бірі сабын. Ол былай жасалады: итси­гек, алабота, түйеқарын, ермен сияқты ащы — сортаң шөптерді өртеп, күлін қайнатып, ашуы әбден шығып болғансын түндырып қойып, түнбасын сүзіп алады. Осы тұнбаны қашан суалып койылғанша қайната береді. Әбден ойылғаннан кейін ыдысқа не шүберекке салып алады, суығаннан кейін ол аппақ болып қатып қалады. Мұны сахар деп атайды. Сабын жасау үшін сахардың үш бөлімінің бір бөліміндей май қосып, суалғанша тағы да қайнатады. Әбден суалып қойылған кезде ол қамырша иленеді. Содан кейін оны кенепке орап, домалақтап кептіреді. Бұдан біз сабын жасау да шеберлікті қажет ететін қолөнердің бір түрі екенін көреміз; Қазақ әдет-ғұрпында сабын қайнатқан әйел силас абысындарына, келіндеріне арнап кішігірім сабынды бөлек орап береді, мұны "бұзаушылық" деп атайды. Жуыла келе кішірейген сабынды таусыншық (алқынды) деп атайды. Сөз зергері ақын Абай бір өлеңінде қартайған адамның соңғы өмірін "таусыншық өмір" деп бейнелеуі осыдан туған.

Сабын жасаушы шеберлер әр түрлі хош иісті гүлдердің сығындысын қосып, сахардың езін бірнеше рет шайғылып түндыру арқылы иісті сабын жасаған. Қазақтың қолдан жасаған сабынын "қара сабын" деп, өндірістік тәсілмен жасалған сабынды "ақ сабын" деп, иісті сабыңдарды "жұпар сабын" деп атаған.




    1. жүктеу 475,27 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау