«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 2,23 Mb.
бет9/12
Дата31.05.2018
өлшемі2,23 Mb.
#18554
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Оптикалы құжаттар сапа/баға қатынасын ұстап, сонымен қатар ақпарат сақтау арзанға түседі.

Оптикалық диск

Оптикалық құжаттың ең сенімді ақпаратты алып жүруші және қолдануға тән ерекшеліктері бар. Бұл оптикалық диск (ОD). Оптикалық диск ақпарат алып жүруші, онда ақпарат жазылады және лазерлік шұғыла негізінде оқылады. Бұл жағдайда микроскопиялық тереңдік немесе яшки (пит) қалыптасады. Оның негізінде спираль немесе сақина түрінде жол қалыптасып дауыс жазылатын (оптикалық аудиодиск) және көрініс көрсетілетін видеодискілерге ақпарат тіркеледі. Жазу тығыздығы 108бит/см2 жоғары.

Оптикалық диск – бұл оптикалық (лазерный) мәліметті алып жүруші диаметрі 8-12 (4,5), қалыңдығы – 1,2 мм жететін диск.

Алғашқы оптикалық диск 1950 жылдардың І жартысында пайда болды. 1962 жылы АҚШ-та оптикалық диск саласы бойынша бірінші өңдеу жүргізілді. Ол 1970 жылдың басынан бастап өндіріске енді. Алайда, оптикалық дискінің екі түрі (КОД – компактілі оптикалық диск, ЦОД – цифрлық оптикалық диск) 1980 жылдың басынан бастап кең ене бастады. ЦОД алғашқы, өкілі 1983 жылы шықты. Бір диск 25 млн 50 мың беттік мәтін сиятын келесі түрі 1 млн беттік мәтінді сыйғыза білді. Қазіргі таңда мұндай дискілердің ондаған түрлері бар. Оптикалық диск диаметрі барлығы 305 м. Мәлімет форма бойынша жазылады. Оптикалық диск сыйымдылығы жазу технологиясына байланысты 10000, 25000 немесе 40000 беттік мәтінді сыйғызады. Мұндай жағдайда дискінің жоғарлығы мәліметтің 60-70% сақталуына байланысты. ОД мәліметті сандық (цифровой) формада сақтауына байланысты жазу технологиясының өзіндік ерекшелігі бар. Дерек сөзіне түскен сигнал аналогиялық түрде болады. Аналогиялық – сандық қайта құрылым оны (цифровой) сандық түрде айналдырады.

ОД-да энциклопедиялық, ғылыми-техникалық, салық анықтамалар, сөздіктер, нормативті-анықтамалық мәліметтер, аудиовизуалды оқу құралдары, оқытушы немесе ойын бағдарламалары бар басқа да құжаттар сақталады. Қазір ОД әртүрлі 600-ден астам мәлімет ұсынады. Олардың жартысын библиографиялық көрсеткіштер құрайды. Толық мәтіндік құжаттар яғни газет, журналдар лазерлік дискідегі басылымның 20% құрайды. Сондықтан олардың құны аналогиялық баспа басылымдарына қарағанда төмен. АҚШ конгресі 1982 жылдан бастап Кітапхана қорын ОД құйып бастады. Оларды Америка кітапханаларының 10% пайдаланады. ОД және басқа да оптикалық ақпарат жүйесі қазіргі таңдағы үлкен жетістік.

ОД жетіспеушілігін құрал жабдықтың жоғары бағада болуымен түсіндіруге болады. Мәліметтік алып жүретін сыйымдылығына байланысты ОД-ны үш түрге бөлеміз:

1.Үлкен сыйымдылықты ОД (2х109 байттан жоғары) ЭВМ арқылы өткен мәліметті сақтаушы архив ретінде қолданылады.

2.Орта сыйымдылықта ОД (7х108-2х109 байт) мәтіндік және бейнелеу мәліметтерін сақтау үшін қолданылады.

3.Компактілі диск (7х108 байт) шағын ЭВМ-ге арналған.

Жазу үшін қолдану мүмкіндігіне байланысты ОД-ны екі түрге бөлеміз:



  1. Бұл ақпаратты жаза отырып оны пайдалану және сақтауды жинақтаушы – WORM

  2. Ақпаратты тек оқуға арналған мәліметтік сақтаушы – CD-ROM

WORM өз құрылымын бойынша бір нәрсе жазатын және бірнеше мәрте жазатын компакт диск – CD-R 1999 жылдан бастап DVD дискілер өндіріліп шығарыла бастады. Оптикалық технологияны құжаттың – ақпараттың сфераға енуін құжаттық ақпараттарды пайдаланудағы, сақталуындағы, таратылуындағы жаңа эроның басталғандығы ретінде қарастыруға болады.

Аудио – компакт диск

Аудио – компакт диск (КД) – бұл оптикалық диск (диаметрі 80,120мм, қалыңдығы 1,2 мм) Аудио КД бұл тұрақты КД-ға жазылады. Жазылу ұзақтығы 1 сағаттан аспайды. КД грампластинканы кейбір сипаты бойынша басып озады. Компактілік, жазу және сақталу қолайлығы КД-нің басты жетістігі. Компакт дискілерді әзірлеу процесі бірнеше кезеңнен өтеді.

Ақпарат (компакт дискіге жазылады. Жазылу ұзақтығы) мастер дискіде жазуға дайындау, мастер дискінің өзін дайындау, матриц дайындау, компакт дискіні көбейту.

Диск – мөлдір поликорбанатты тыстан тұрады оның қасындағы 1мм, оған алюмения мен крилді лак қорғаныш қызметі үшін жағылады лазер жарығымен жазылған микроскопиялық түрге ие пит (ағым шұңқыр) цифрлық код негізінде спиральді жолмен орналасады. Винчестрден айырмашылық компакт диск бір ғана жолға ие ол бірнеше логикалық жолға бөлінеді. Цифрлық формада дыбыстық ақпарат тіркеледі. Негізгі ақпаратпен қатар қосымша ақпарат тіркеледі.



Кесте-5.

Аудио-компакт диск және грампласткаларды тұтыну сипатын салыстыру.

Техникалық ақпарат

Грампластинка

Аудио-компакт диск

Айналу саласы




жіктеусіз

Шаң, тозаң, бүлінудің әсері, статикалық заряд

Ине ұштарының тітіркенуіне әкеледі

Белгілі бір мектепке дейін ешқандай әсер болмайды.

Мөлшері, мм

300х2,3

120х1,2

Салмағы, г

150

5

жүктеу 2,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау