Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет5/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   187

10 
 
факторына қатысты сапалық белгілерді, даналық мәйектеріне жіті ден қояды. 
Жазушы мұраты мен ізденістеріне сергек көңілмен қарасақ, адамның жастық кезеңіне 
зор  маңыз  беріп,  адамгершілік  иірімдеріне,  ұлттық  дәстүр  өнегелеріне,  сыйластық 
сырларына қоғамдық-әлеуметтік сипаттар дарытқанын аңғарар едік. 
Сондай-ақ,  өмір  оқиғалары  мен  шындықтарын  нақтылы  кейіпкерлер  болмысы, 
көзқарасы мен іс-әрекеттері арқылы сенімді суреттеп, қалың көптің қызығушылығын еселеп 
арттыра түсті. 
Романдағы  жастық  пен  достық,  махаббат  тақырыптары  ұлттық  ерекшеліктерімізге, 
адами-имандық  мәселелеріне  сай  сенімді  өріс  алады.  Негізгі  кейіпкерлер  (Ербол,  Меңтай 
т.б.) бойындағы ізгілікті қасиеттер, сыйластық иірімдерінен де ұлттық қасиеттеріміз, адами 
құндылықтар  молынан  ұшырасады.  Мұның  бәрінен  жазушы  еңбегі,  басты  туындының 
жазылу тарихына қатысты көзқарас, қолтаңба мәнері терең танылады. 
Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен 1956 жылы жарық 
көрген. Алпысыншы жылдардан бастап біржола көркем прозаға ауысты.  Жиырмадан астам 
кітабы шыққан : «Махаббат жыры» (повестер, 1964), «Тоғыз толғау» (1977), «Автопортрет» 
(әдеби портреттер, 1977), «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970) романы және «Ақиқат пен 
аңыз»  (1976)  роман-диалогі,  «Екі  естелік»  (1985),  «Жамбылға  хат»  атты  әскери  естеліктері 
(1996) т.б. 
Бұл  туындылардың  бірқатары  «Жазушы»  баспасынан  бірнеше  дүркін  орыс  тілінде  де 
басылып  шықты.  «Песня любви»  (1965, 1975, 1982),  «Истина и легенда» (1982), Мәскеудің 
«Советский писатель» баспасынан «Истина и легенда (1980) және «Дорогой памяти» (1985) 
кітаптары жарық көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі украин («Дніпро», 1984) және чех 
(1985)  тілдеріне  аударылып  жарияланды.  Жеке  шығармалары  қырғыз,  өзбек,  тәжік, 
молдован, татар, якут тілдеріне аударылған.  
1980  жылы  «Ақиқат  пен  аңыз»  роман-диалогі  үшін  Қазақ  КСР-інің  Абай  атындағы 
Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  атағы  берілді.  И.  Буниннің  шығармаларын, 
М. Шолоховтың  «Адам  тағдыры»,  П. Павленконың  «Жарияланбаған  хат»  әңгімелерін,  А. 
Якобсонның «Қорқау» пьесасын және басқа туындыларын қазақшалады.  
ІІ дәрежелі Даңқ,  «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы және ІІ дәрежелі Отан соғысы 
ордендерімен,  «Батырлығы  үшін»,  «1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында 
Германияны жеңгені  үшін»,  «Тың және тыңайған жерлерді  игергені үшін» медальдарымен, 
үш мәрте Қазақ КССРЖоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды (1962, 1972, 
1982). Қазақстанның Халық жазушысы [1, 455 б.].  
«Ақиқат  пен  аңыз»  роман-диалогі  үшін  жазушыға  ҚР  Абай  атындағы  Мемлекеттік 
сыйлығы  берілді.  Әзілхан  Нұршайықов  көркем  әдебиетке  құлаш  ұрған  кезде-ақ  ұлт 
адамдарының  жарқын  істері  жайлы,  олардың  ішкі  жан  дүниесінің  сұлулығы  жайлы,  туған 
Отанға  сүйіспеншілігі  жайлы  толғана  жазуды  мұрат  тұтқан  қаламгер.  Барлық  қазақ 
жазушылары  сияқты  ол  да  адамгершілікті,  жаңа  адамға  лайық  адамгершілікті  жырлау, 
дәріптеу  міндетін  мақсат  тұтты.  Уақытты,  дәуір  шындығын  көркем  сөзбен  бейнелеуге 
ұмтылды.  Қаһармандықты  жырлау  сонау  Гомер  заманынан  бастау  алады  десек,  Әзілхан 
Нұршайықов  та  өзінің  міндетін  анық,  шын  қаһарманды  дәл  танып,  қалың  көпшілікке 
таныстыру деп түсінеді. Қаһармандық – бұл бүгінгі өміріміздің де анық белгісі. Қаһарман тек 
әр  заман,  әрқилы  уақыт  өлшемінен  өлшенеді,  бейнелі,  белгілі  бір  үлгіге  айналады.  Оның 
очерктері мен көлемді мақалаларының кейіпкерлері шын мәнінде өз дәуірінің, өз уақытының 
қаһармандары  болатын.  Сол  алғашқы  очерктерінен-ақ  Әзілхан  Нұршайықов  жасанды 
сұлулыққа, әсіре қызыға ұмтылмайды. Не мәселені көтерсе де оқиғаны нақты өмірден алады, 
адамдардың  жан  құбылысын,  мінез  –  құбылысын  көркем  кестелеуге  қадам  жасайды.  Оның 
очерктерінің көркем әңгіме деңгейіне көтерілуінің басты сыры осында болса керек. Тағы бір 
тоқталып кетер мәселе, Ә. Нұршайықов жасық, осал, күйрек адамдарды өз шығармаларына 
кейіпкер етіп алмайды. «Махаббат, қызық мол жылдар» романында негізінен романтикалық 
кейіпкерлердің кең көрініс табатынының негізгі сыры да осында.  
Әзілхан  Нұршайықов  қасиетті  қаламы  арқылы  өз  дәуірін  тарихқа  айналдырады.  Ерте 


11 
 
есейген еңселі мен тамырын тарихтың терең қойнауларынан тартқан тағлымды жұрттардың 
қай-қайсысы  да  өткен  күнге  өз  көзімен  қарайды.  Кешегісін  айтқанда  келешегін  ойға  алып 
отырады.  Осы  тұрғыдан  келгенде  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романы  да  тарихқа,  ұлт 
тарихына, ұлт мәдениетінің тарихына айналып барады. Ендеше, біз романды бүгінгі күннің 
талқы  таразысынан  өткізгенде  ондағы  кейіпкерлердің  өмір  сүрген  уақытын  да  есімізден 
шығармауымыз  керек.  Әзілхан  Нұршайықов  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романын 
жазарға дейін осындай өмір жолынан өтіп келген қаламгер. Оның қаламынан шыққан көркем 
туындылар  әдебиетсүйер  қауым  тарапынан  ыстық  ықыласқа,  үлкен  қызығушылыққа  ие 
болып  жатса  оның  ең бірінші  себебі  жазушының  өмір  көргендігінде,  сол  көргенін  өнермен 
өре білетіндігінде болса керек.  
Біздіңше, Ә.Нұршайықов шығармашылығы аса бай әрі өмір-тұрмыстан туындаған оқиға, 
шындықтар  нақты  да  көркем  бейнеленеді.  Өмір  өрнектері,  еңбек  адамдары,  жастардың  тәлім-
тәрбиесі т.т. жүйелі жеткізіледі. Ой құнары, тіл бедері, стиль сипаттары бейнелі де бедерлі. 
Өмір  –  ұстаз,  өнеге,  тәжірибе  тәлімі  екенін  сәт  сайын  сезініп  келеміз.  Даналардан 
шыққан  сөзге  ден  қойсақ,  Өмір  мен  Уақыт  -  адамға  берілген  шетсіз  де  шексіз  мол 
мүмкіндіктер әрі қызық та қимас, ғажайып та ғаламат, сәулелі сәттер болыптабылады. Өмір 
мен  Уақыттың  бағасы  мен  салмағын,  сыр-сипатын  негізгі  нысана,  басты  бағдаршам 
еткендердің бірі - Әзілхан Нұршайықов болып табылады. 
Журналист-жазушы Ә.Нұршайықов туралы төмендегі сөздерді айтуға болады:  
- өмірі өнеге, сөзі мен ісінде бірлік, байланыс бары байқалады;  
-  жылы  жүзін,  шағын  бойы  мен  денесін  байыпты  байсалдылығы,  қарапайым  да 
кішіпейілділігі байытып та, толықтырып та тұрады;  
-  жинақы  да  таза,  сырбаз  болмысын  еңбекқорлығы,  сезімталдығы,  табандылығы, 
тиянақтылығы, ұқыптылығы жан жылуымен нұрландырып, биік-белестерге асқақтата түседі; 
- маңыздысы, жазушы еңбегі мен шығармашылық мұрасынан адам әлемі, еңбек сипаты
өмір  өрнектері  мен  достық  дастандары  кең  орын  алады.  Бұл  белгі-ерекшеліктері  - 
Ә.Нұршайықовтың  өмірі  мен  қоғамдық  қызметінен,  шығармашылық  мұрасынан  да  терең 
танылады.  
Ә.Нұршайықовтың  өмірі  мен  өнегесіне,  шығармашылық  мұра-мирастарына  байыппен 
назар  аударсақ,  онда:  жазушы  еңбегіне  аса  құрметпен  қарайтыны,  қалам  мен  қағаздың 
құдірет-киесін терең  сезінетіні,  халықтық  тағлиматтарға  зор  маңыз  беретіні,  ұстаздары  мен 
тұстарына,  жас  қаламгерлер  менәдебиетшілерге,  студент  жастарға  қамқор  көңілін  бүкпесіз 
білдіріп, кең құшағын айқара ашатыны айқын аңғарылады. Бұл белгі-ерекшеліктер - жазушы 
еңбегі мен шығармашылығынан, әр жанрдағы туындыларынан терең танылады. 
Журналист-жазушы Ә.Нұршайықовтың шығармашылық мұрасына жіті көзбен ден қойсақ, 
көптеген қаламгерлер секілді - өлең-өнерді өмірдің басты мұраттарының бірі ретінде ерте серік 
еткені, сол арқылы айнала әлемді, адам қайратын, еңбек сипатын, жастық-достық сырларын қал-
қадерінше көңіл көрігінде қорытып, көркемдік көкжиегіне еркін де сергек, серпінді түрде құлаш 
сермеуі  терең  танылады.  Айқын  аңғарылатыны:  көзбен  көріп,  көңілмен  сезінген  қайсібір 
құбылыс, көріністерді қаз-қалпында табиғи баяндап, жүйелі де жеңіл жеткізеді. Ой мен сөз, сыр 
мен сезім тұтастығында да бірлік-байланыс мұраттары айқын. Жан жылуы мен көңіл шуағынан 
мол мейірім, сән салтанат сипаттары сезіледі, терең талғам мен тебіреніс-тербелістердің де бары 
байқалады.  Әрине,  алғашқы  тұста  көне  кезеңнің  шежіре-жазбалары-"Мың  бір  түн",  "Рүстем-
Зораб",  "Сейфүлмәлік",  "Шәкір-Шәкірат",  "Қалқаман-  Мамыр",  "Еңлік-Кебек",  "Айман-
Шолпан",  "Қыз  Жібек",  "Тауке  батыр",  "Түсіпхан"  т.т.  аңыз-әңгіме,  батырлар  жыры,  дастан-
хиссаларды жиі оқып, жаттап өскен жас талап оны жақын-жуыққа, әр алуан басқосу кештерде 
нақышына келтіріп орындап, әрі көңіл-жүрекке берік ұялатқандықтан, өміріне арқау еткендіктен 
туған ауылында «өлеңші бала» атанады.  
Жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  мұраттарына  жіті  көз,  сергек  көңілмен  ден  қояр 
болсақ, сөз өнерінің арғы-бергі тарихынан бастап, оның танымал тұлға-мақтаныштары - Әл-
Фараби, Қорқыт, Асан  қайғы, Бұқар, Дулат,  Махамбет, Абай,  А.Байтұрсынов, Қ.Бөкейхан, 
Ж.Аймауытұлы,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсрепов,  Ғ.Мұстафин  т.б.  өмірі  мен  кезеңі 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау