ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. АМАНЖОЛОВА
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР
ИННОВАЦИЯСЫ»
студенттер мен жас ғалымдардың
ҒЫЛЫМИ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ
ЖИНАҒЫ
СБОРНИК
НАУЧНЫХ МАТЕРИАЛОВ
студентов и молодых ученых
«ИННОВАЦИИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ
ТРЕТЬЕЙ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА»
Өскемен – Усть-Каменогорск
2017
2
ӘОЖ 378:001
КБЖ 74.58
Қ 18
Бас редактор:
Ә.Ө. Қуандықов, С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ ректоры, экон.ғ.д.
Бас редактордың орынбасары:
А.Б. Мырзағалиева, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,
б.ғ.д., профессор
Редакция алқасы:
М.Е. Утегенова, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы
директорының міндетін атқарушы, техн.ғ.магистрі;
А.Қ. Қайратова, Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің маман-төрайымы;
Ш.Х. Найзабаева, Студенттер мен жас ғалымдардың
ғылыми зерттеулерін дамыту
орталығының маманы;
Б.З. Медеубаева, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
С.З. Шагалақова, ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің ғылым бойынша үйлестірушісі;
Н.Б. Алимбекова, Сапа
менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің бастығы;
Д.Р. Сапарова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы,
педагогика және психология магистрі;
А.К. Игібаева, п.ғ.д., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры;
Р.С. Бейсембаева, г.ғ.к., экология және география кафедрасының профессоры;
А.Т. Казбекова, 6D020300-«Тарих» мамандығының 3-оқу жылының докторанты.
Қ
35
«Қазақстанның үшінші жаңғыруын» жүзеге асырудағы жас ғалымдар
инновациясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми материалдарының жинағы =
«Инновации молодых ученых для реализации Третьей модернизации Казахстана»:
сборник научных материалов студентов и молодых ученых. – Өскемен: С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ баспасы, 2017. – 384 б.
ISBN 978-9965-871-51-1 (2-том)
Жинаққа қазақстандық қоғамның жаңа тарихи кезеңге аяқ басу тұсындағы ғылым мен білім
кеңістігінің кеңеюі мен осы мәселенің құқықтық және экономикалық сипаттарын қарастыруға, жас
ғалымдардың жаңа легін даярлау міндетіндегі нақты ғылымдардың орнын айшықтауға,
гуманитарлық ғылымдардың мәселелері бойынша жас ғалымдар мен студенттердің көзқарастарын
белгілеуге бағытталған мақалалар енгізілген.
В сборнике представлены статьи молодых ученых и студентов, направленные на рассмотрение
расширения научно-образовательного пространства, правовых и экономических аспектов данного
вопроса, обозначение важности точных наук в выполнении задачи подготовки новой волны ученых,
определение актуальных проблем гуманитарных наук через призму взглядов молодых ученых в свете
модернизации казахстанского общества и вступления его на новый исторический период своего
развития.
ӘОЖ 378:001
КБЖ 74.58
ISBN 978-9965-871-51-1 (2-том) © С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2017
3
3-СЕКЦИЯ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖАСТАР ШЕШІМІ
СЕКЦИЯ 3
ПРОБЛЕМЫ ГУМАНИТАРНЫХ НАУК: РЕШЕНИЯ МОЛОДЫХ
ӘОЖ 811.512.122
АДЕХАНОВА А.М., БАРБОСЫНОВА Қ.Т.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ТАБИҒАТЫ
Халық – жасампаз. Әр халықтың да өз тарихы мен мәдениеті, өз тарихының шежіресі,
өз мәдениетінің асылы тәрізді көркем әдебиеті бар. Халық арасынан талай саңлақ жыраулар
мен жыршылар, бармағынан өнер төгілген күйшілер шыққан. Талант – гүл, халық соның нәр
алар топырағы.
Қазақ халқының біршама мол сақталған әдеби мұрасы – жыраулар мен ақындар
поэзиясы. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде жатталып, жыраудан жыршыға
ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз зергерлері – ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген
Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара,
Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш сияқты ақын-жыраулар. Олардың жыр-толғаулары Қазан
төңкерісіне дейін де, кеңестік дәуірде де жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде сан рет
жарық көрді. Алайда бұрынғы шыққан басылымдар қалың оқырман қолына тие бермеді.
Себебі олар сирек кездесетін кітаптар еді. Соңғы жиырма-жиырма бес жылдан бергі кезде
жарияланған жинақтар ғана ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүоген ақын-жыраулар мұрасын
оқушы жұртшылққа кеңірек таныстыруда ерекше роль атқарады.
ХV-ХVІІІ ғасыр ақын-жырауларының өмірі мен шығармашылығы хақында да бірқатар
зерттеулер жарияланды. Демек, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы сөз зергерлері оқушы қауымға біршама
жақсы таныс. Әйтсе де, бұл дәуірдегі ақын-жыраулар мұрасының әлі ашылмаған қыры мен
сыры аз емес. Солардың бірі – ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. Өйткені
көркемдік өрнек-ерекшеліктер ақын-жыраулардың жан сезімі мен ой қиялын, арман-мұратын, өз
дәуіріне, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен белгілі адамдарға деген көзқарасын, сайып келгенде,
суреткер мұрасын шынайы танып-білуімізге мүмкіндік береді.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу
құралдарының, сөз қолдану шеберлігінің, сөз саптау ерекшелігінің, сұлулық әлемінің
жұмбақ-құпиялары ала-бөтен, жаратылысы қызық. Поэзияның ішкі астар-қабаттарындағы,
тереңдері мен қойнауларындағы қайнар көздерін ашу, қисапсыз көркемдік құбылыстарды
айқындау, кестелеу тәсілдерінң табиғатын тану, сөздің көркемдік, эстетикалық қасиеттерін
тану, бейнелі түрде қолданылуын контекспен тұтастықта алып тексеру поэзия тілінің тарихы
мен теориясын зерттеу екені белгілі.
Сонау Аристотельден бастап әдебиеттің болмыс-бітімі сөз болып келеді. Белгілі ғалым
А.А.Потебняның ғылыми-теориялық ойлары поэзияның көркемдік табиғаты, ақындық ойлау
және шығармашылық психологиясы дегенге саяды [1].
Поэзияның гармониясы, тілі, образдық-музыкалық кестесі туралы Аристотельден басқа
Лукреций, Гораций, Батыс Европа классиктері Н.Буало, Скалигер, Антонио Минтурио,
Лодовико Кастельветро, Торквато Тассо, Филип Сидин, Франсуа Малерб, Мартин Опиц, т.б.
да оқымыстылардың ой-толғамдары айрықша маңызды.
Атадан балаға, жыраудан жыршыға ұласып, ертелі-кешті қағаз бетіне түсіп, негізгілері
ғана сақталған ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы – оны туғызған жыраулар мен
ақындардың талант-дарынын әйгілеп, олар өмір сүрген алыс замандар жайлы сыр шертеді.
Жыраулар мен ақындардың қоғамдағы ролі, олардың шығармашылық ерекшеліктері