4
хақында әдебиеттану ғылымында бірқатар уақыттан бері әңгіме болып келеді. Бұл салада
жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе, Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов,
С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, В.Жирмунский, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев,
Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісалин, М.Мағауин, Р.Бердібаев т.б. ғалымдардың
әдеби қауымға кеңінен таныс еңбектері жыраулар мен ақындар өнерінің әлеуметтік мәні мен
бірқатар көркемдік сыр-сипаттарын тануға мол мүмкіндік жасады. Жыраулық поэзияның
жанрлық сырлары, өлең құрылысы, көркемдік қисындары хақында З.Қабдолов, М.Базарбаев,
З.Ахметов еңбектерінде де құнарлы жолдар, құнды пікірлер кездеседі. Соның нәтижесінде,
әсіресе жырау мен ақын анықтамасы, оларға тән ерекшеліктер, өлеңдік түрлер, дәстүрлі
әдеби орта сырлары, т.б.ғылыми мәнді мәселелер айқындала түсті. Қазір жыраулар мен
ақындар, олардың атқарған қызметтері туралы пікірлер қалыптасты.
Замана шындығын, дәуір сырын бейнелеген жолдар ақын-жыраулар мұрасында да аз
емес. Мұндай реалистік элементтер «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам
білмейсің» сияқты Асан толғауларында, «Би Темірге айтқаны», «Алай Яным» сияқты Шәлгез
толғауларында, Ақтамберді, Бұқар, Көтеш т.б. ақын-жыраулар мұраларында да мол. «Төрден
орын тимейді, патша болсын малы азға» (Асан қайғы) – бұл айна қатесіз замана шындығы
еді. «Сүйгенінен ер жігітім айырылса, жүрегінің басы-дағы қан болар» (Шәлгез) - әлеуметтік
теңсіздік көрінісі. «Аспан ұшып, Арқа кезіп көп көріп, әділдікті еш көрмедім көзіммен», «Ақ
сүйектер ары-бері тартысса, әзіз орда абдырарға ұқсайды, әзіз орда алпыс болып таралса,
ауыр ноғай аз болғанға ұқсайды» - бұл сол дәуірдің Шәлгез байқаған шын сыры, бақ, дәреже,
даңқ жолындағы текетірес салдарынан бірлік, береке ыдыраған ноғай ордасының ауыр халі.
Сондай-ақ Ақтамберді жырларындағы жетім көрген зорлық-зомбылық, Шәлгез, Бұқар
толғауларында жалғыздың жапа шегуі біршама шынайы суреттелген. Бұл әуен Бұқарда,
кейінгі дәуір ақыны Шортанбайда да бар. Ақтамберді де, Бұқар да, Шортанбай да, тіпті Абай
да шаруа мен жалшы халін көре білді, көрсете білді. Бұл сол дәуірлердегі ой-сана
эволюциясына, халық өмірінің даму процесіндегі тарихи жағдайларға байланысты жай
болатын. Ал, сол нашарларға қабырғасы қайыса білудің өзі аталмыш дәуір поэзиясы үшін
ілгерілеу еді.
Аздың ісі бітер ме?!, Көптің ісі жетер ме?!Көп ішінде бір жалғыз,Сөйлеп те сөзі өтер
ме?! НемесеРулының оғы қалса табылар [2,114 б].
Бұл тап қайшылығы мол, әлеуметтік теңсіздік үстемдік еткен дәуірлердің қай-
қайсысына да тән бір кезде Шәлгез көре білген дәуір шындығы еді. Бұқар өмірдің осы тектес
ащы шындығын айта білумен қатар «Жарлы байға теңеліп, жарыса қонбас демеңіз» деп
басталатын шумақта бір орында мәңгі тұрар, өзгермейтін нәрсе жоқ – жарлы байға, жалғыз
көпке теңелер, қу тақырға қурай бітер дегендей дүниені даму, өзгеру рухында көре біледі. Ал
Көтеш ақынның «Қаратаудың басынан көш келеді» шумақтарында халық басынан өткен
қайғылы кезеңнің нақты шынайы суреті бар.
Әдетте, автор тарихи жағдайға, өмір шындығына өң беріп, ой қосады, демек көркем
шығарма дәл тарих емес, суреткер қиялына бөленген өмірдің көркем шежіресі. ХҮ-ХҮІІІ
ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы да осыны айтамыз. Әйтсе де, бұл дәуір мұраларында
ақын-жырау қиялынан туған образ кездеспейді. Көбінесе жыраулар мен ақындар
поэзиясындағы мекен, кісі аттары тарихи деректерге сәйкес келеді.
Ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік кестесінде терең мағыналы сөздер ұшан-теңіз.
Алдымен көркем теңеулердің нендей себептерге байланысты туындайтындығына үңілейік.
Сыртқы дүниеге әсерлері мен түйсік-түсініктерді синтездейтін және өнерпаздықпен жүйеге
түсіретін, болмыстың бейнелері мен моделін, әлемді көркемдік, рухани, практикалық
тұрғыдан игерудің принциптерімен үйлестіре суреттейтін сана қабілеті көркемдік қиял деп
аталады.
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мен ақындарда жан-жақты сомдалған адам образы
болмағанмен шебер бейнеленген портреттер мен мінездеулер, батырдың жан күйін суреттеу
эпизодтары, батырлар мінген сайгүлік сипаттары біршама кездеседі. Ал, мінез-құлық
нормаларын жақсы-жаман әдеттерді қарама-қарсы қойып шендестіре суреттеу адам образын
5
бейнелеуге барар жолдағы нышандар еді.
Ақын-жыраулар өз дәуірінің белгілі батырлары мен хан, билерінің сыртқы, ішкі
сипаттарын бейнелеген. Халық әуелі жұртқа танымал тарихи адамдарды ғана құмарта
тыңдаса керек.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қабағын қара сусар бөрік басқан
ауырынын күшіген жүнді оқ жанышқан,
Қалжуардай шаншылған,
Күшігендей шоңқайған,
Он екі құрсау жез айыр,
Қара мылтық жұмсаған...
Міне, бұл «Ер Шобандағы» Жақан батырдың портреті.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Мұсылман мен кәуірдің,
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан,
Сүйінішұлы Қазтуған! [2] (Қазтуған)
Сан алуан эпитеттер мен ұлғайған метафораны қатар қолдана бейнелеген бұл үзіндіде
Қазтуған батырдың ішкі һәм сыртқы сипаттары да бар.
Сондай-ақ Асан толғауларындағы «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің» тирадасында
өркөкірек, менмен, тәкаппар ханның сыртқы бейнесі көз алдыңа келеді. Ал, Бұқар Бөгембай
батырдың ерлігін баса айтып былай мінездейді:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған.
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған [2].
Ақын-жыраулар батырлар мінген сайгүліктер мен тұлпарларды да тамылжыта шебер
суреттеген:
Келбетіне қараса,
Омырауы даладай,
Әлпетіне қараса,
Сырлап соққан моладай.
Немесе
От басар орны отаудай,
Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,
Ор қояндай қабақты,
Сары мысықтай азулы,
Саптыаяқтай ерінді.....,
Табаны жалпақ тарланды
Таңбалап мінер ме екенбіз?! (Ақтамберді)
Жауынгер жырау Ақтамберді армандаған мықты да берік, сұлу да сымбатты, жүйрік те
төзімді арғымақтар мен тұлпарлардың сыртқы бейнесі осындай. Мұндай шынайы да шебер
суреттеу арғымақ баптап, мал шаруашылығымен айналыспаған елдің ақындарының қолынан
келе бермеуі мүмкін. Ат бейнесін суреттеудегі осындай сыншылдық Ақтамберді дәуірінен
бері талай ақынға өнеге болды. Бәр-бәрін санамағанның өзінде Бұқар, Абай, Ілияс
шығармаларындағы ат бейнелері (аттың сындары) – қазақ поэзиясындағы үздік өрнектер.
Бұқар жырау «Ай, айтамын, айтамын» толғауындағы «құлында емген, тайда емген»
тирадасында «кекілін қаздай тараған, тостаған көзді торыны» бағзы ауыз әдебиеті дәстүрінде
Достарыңызбен бөлісу: |