Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   187


 
дағдылы баяндау ретінде бастап, соңынан өзі қорытып отырады. 
Сары аязда қата ма, 
Қайнардың аққан тұнығы?! 
Қап түбінде жата ма, 
Болаттың асыл сынығы. 
Халқы тозып кем болмас, 
Әділ болса ұлығы.  (Ақтамберді) 
Негізгі  ой  соңғы  екі  жолда.  Сондай-ақ  Бұқардың  «Асқар  таудың  өлгені»,  «Жал, 
құйрығы  қаба  деп»  толғаулары  да  осы  іспеттес.  Алғашқысында  жырау  өмір  сырын  әрқилы 
мысалдармен  нақыл  күйде  суреттеу  келіп,  соңынан  қорытынды  жасайды  («Жақсының  аты 
өлмейді, Әлімнің хаты өлмейді»). Екінші толғау ақыл күйінде басталып, нақыл ретінде бітеді 
(Жақсыдан жаман туса, тартпай қоймас негізге»). 
Бірқатар  толғауларда  ақын-жыраулар  өзі  туралы  мәлімет  береді,  не  өзінің  шабыт-
дарынын, ата-тегін, т.б. деректерімен таныстырады. Бұлар – ақпа-төкпе ақын, жыраулардың 
шабыты  қозып,  рухы  көтеріліп,  қанаттана  түскен  сәттерінде  туатын  жыр  жолдары,  әрі 
тыңдаушымен  арадағы  қатынасты  нығайтып,  ерекше  әсерге  бөлеп,  баурай  түсудің  көне 
дәуірден  келе  жатқан  тиімді  тәсілі.  Мысалы,  Бұқар  «шашырап  қандар  көп,  шашау  жатқан 
малдар  көп,  қайсы  бірін  айтайын,  Айта  берсем  сөздер  көп»  деп  бастап  барып,  әрі  қарай 
өрбіте түседі. Ал, Шал ақын «Домбыра қолда қарағай, қолға да оны алған соң, жүйрік туған 
ағаңыз, 
Арыдан 
бері 
тербетер» 
дейді. 
Мұндай 
мысалдар 
ақын-жыраулар 
шығармашылығында  көптеп  кездеседі.  Толғау  арасында  кездесетін  ақын-жыраудың  өзі 
туралы тебіренісі кейде толғаудың басында, кейде орта жерінде, не аяғында келеді. 
ХҮ-ХҮІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  жыраулар  мен  ақындардың  көпшілігінің  эпостық 
жырларды  тудыруға  қатысы  болған  не  кәрі  әжесіндей  сол  жырлардан  өнеге  алған. 
Сондықтан  да  ақын,  жыраулар  толғауларының  композициялық  құрылысында  эпос  әсері 
айқын  аңғарылады.  Ол  заңды  да  (Бұқар:  «Абылай  ханның  қасында  Бұқарекең  жырлайды. 
Жырлағанда не дейді, соғыспа деп жырлайды...») 
Жыраулар  поэзиясындағы  бір  ерекшелік  –  жыр  жолдарындағы  сөздердің,  не  басқы 
буындардың қайталанып келуі (Асан қайғы: «Ұсар ма, билер, ұсар ма?», Қазтуған: «Алаң да, 
алаң,  алаң  жұрт»,  Шәлгез:  «Алп,  алп  басқан,  алп  басқан»,  «Ор,  ор  қоян,  ор  қоян»,  «Ау, 
бөрілер,  бөрілер»,  «Алып,  алып  ал  сақын»,  «Асқар,  асқар,  асқар  тау»,  Доспамбет:  «Сіреу, 
сіреу, сіреу қар»,  «Тоғай, тоғай, тоғай су», Ер Шобан:  «Ол тұрысқан, тұрысқан», Жиембет: 
«Ей, қыңыр ер, қыңыр ер», Ақтамберді: «Көк көгершін, көгершін», «Бұлан да, бұлан, бұлан 
сан», «Жел, жел есер, жел есер», Бұқар: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек», «Ай, заман-ай, заман-
ай»,  «Ай,  айтамын,  айтамын»).  Мұндай  қайталаулар  көбінесе  толғаудың,  яки  шумақтың 
басқы  тармағында  кездеседі.  Қайталаулардың  бірқатарында  жырау  бір  нәрсеге  яки 
құбылысқа тыңдаушы назарын ерекше аударып, сосын барып, ол туралы өз толғамын айтады 
(«Тоғай,  тоғай,  тоғай  су»,  т.б.).  Кейбіреуінде  жырау  адамға,  яки  заманға  қарата  сөйлеп, 
тікелей тіл қатады. («Ау, бөрілер, бөрілер», «Ай, заман-ай, заман-ай», т.б.). 
Жыр  жолдарындағы  сөздер  мен  буындардың  қайталанып  келуі  жыраулар  мұрасынан 
өнеге  алған  ХІХ,  ХХ  ғасыр  басындағы,  тіпті  қазіргі  халық  ақындары  шығармаларында  да 
кездеседі.  Жыр  айту  процесінде  Шашубайдың  «Сөйле,  Шашеке»,  Өскінбайдың  «Ой, 
шіркіннің ағылуын-ай» деп өздеріне дем беріп, қанаттандырып айқайлап отыратыны сияқты 
біз  айтып  өткен  қайталаулар  жыраулардың  тебіреніс-толғанысына,  шалқып-шамырқануына 
кең тыныс, мол мүмкіндік беретін тәсілі болғанға ұқсайды. 
Ақын-жыраулардың  өз  атынан  монолог  ретінде,  не  кезектесіп  диалог  ретінде  келетін 
толғау,  өлеңдері  көп  емес.  Бірінші  жақта  монолог  ретінде  өз  атынан  айтылатын  өлеңдер 
өзгелерден  гөрі  Шал  ақында  бар  («Әр  жерде  қадір,  құрмет  көрген  жанмын»,  «Түседі  өлең 
десе  қайғы  шерім»).  Ал,  Ер  Шобан  толғауындағы  Биғазы  мен  Шобан  сөздері,  сондай-ақ 
«Шал ақын мен Дегдар қыз» сияқты Шалдың бірқатар өлеңдерін ғана диалог үлгісі ретінде 
қарауға болады.Кейбір толғауларды қисса, эпос дәстүрімен жыр мен қара сөз аралас келеді 
(Ер Шобанда, Жиембеттің Есім ханға айтқан толғауларында). 



 
Ақын-жыраулар  шығармашылығының  пікір,  ой  өрбіту,  жырлау  жүйесіндегі  осы 
мысалдардың  өзі  толғаулардың  композициялық  құрылысындағы  олар  қолданған  көркемдік 
әдіс, тәсілдердің сан алуан болғандығын байқатады. 
Жыраулар  мен  ақындар  халық  тілі  қазынасынан  мол  сусындап,  оның  бейнелі  де 
өрнекті,  отты  да  өткір,  мағыналы  да  қанатты  түрлерін  өз  шығармаларында  мол  пайдалана 
білегн, өздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Аристотель. Поэтика. -Алматы, 1959. 
2.  Ахметов З. Өлеңсөздіңтеориясы. -Алматы, 1973. 
3.  Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). -Алматы, 1989. 
4.  Негимов С. Өлең өрімі. -Алматы., 1980;  Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.  -Алматы, 1991. 
5.  Өмірәлиев Қ.  15-19 ғғ.қазақпоэзиясыныңтілі. -Алматы, 1976. 
6.  Сыдықов Қ.  Көркемдік өрнектер.  Алматы, 1992 
 
 
ӘОЖ 811.512.122 
ӘДІЛБЕКОВА Қ.Ә., БАРБОСЫНОВА Қ.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
Ә. НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ  
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК СИПАТТАРЫ 
 
Ә.  Нұршайықов  өзіндік  көзқарас-қолтаңбасы  бар  қаламгер.  Ел-жерді  көп  аралаған,  әр 
алуан  адамдармен  кездескен,  өмір  оқиғаларын,  кейіпкерлерді  де  ойдан  емес,  керісінше, 
қалың көптің ішінен іздеп, табады. Әр алуан көрініс-жайттардан өзінше байлам-қорытынды 
шығарып,  зерттеп  зерделейді.  Жазушы  шағын  жанрдан  көлемді  туындыға  дейін  болашақ 
шығармасының дерек – материалын молынан жинап, естелік – сұхбат, хат жазбаларға да зор 
маңыз беріп, көңіл күнделігіне түсіре береді. Мұның соңы белгілі: ауызша әңгімеден - роман 
-  диалогқа  дейін  қалың  көпке  көркем  қалыпта,  жүйелі,  жинақы,  тартымды  сипат  -  үлгіде 
жетеді. 
Ә.  Нұршайықовтың  «Әсем»,  «Ботагөз»,  «Ғажайып  адам»,    «Ескі  дәптер»,  «Махаббат 
жыры»  сынды  лирикалық  повестерінен,  «Талқы»,  «Астық»,  «Баяндама»,  «Телеграмма» 
секілді әңгіме – эсселерінің өзіндік өзгешеліктері бар. Біздіңше, бұл туындылардың табиғаты 
жазылу  әдістері  тұрғысынан  әр  алуан  болып  келеді  (мысалы,  ауызша  баяндау  үлгісі  - 
«Әсем», «Ғажайып адам», «Махаббат жыры», қолжазба хат түрі - «Ботагөз», күнделік сипаты 
-    «Ескі  дәптер»).  Бірақ,  соған  қарамастан  осы  туындыларға  тән  ортақ  белгі-  ерекшеліктер: 
жастардың  асыл  арманы  мен  асқақ  рухы,  биік  мақсат-мұраттары  мен  асыл  адамгершілігі, 
қарапайым  да  кішіпейілдігі,  адалдығы  мен  ар-ожданы,  ұяты  мен  намысы,  сезім  сырлары 
нәзік, шынайы үлгіде баяндалады.  
Ә.  Нұршайықов  шығармашылығында  адалдық  пен  адамгершілік,  сыр-сезім  табиғаты, 
яки моральдық-этикалық мәселелер шынайылық сипаттар арқылы кең өріс алады дей тұрсақ 
та,  бұл  жайттар  өмір-  тұрмыс  суреттерімен  табиғи  астасып,  содан  үндестік,  үйлесім  тауып 
жатады.  Айталық,  «Ботагөзде»  -  келісті,  көркем  жігітке  қызығып,  соңынан  сол  сезім-
көзқарасына  алданған,  жаны  жараланған  бойжеткен  Ботагөздің  өмір  сабағы  қалың  көптің 
назарына  ұсынылады.  Ақыл  мен  ажардың  тең  келмей,  жеңілтектіктің  ащы  сабағы  Ботагөз 
өміріне  арқау  етіледі.  Керісінше,  Асылгүл  («Махаббат  жыры»),  Ғайни  («Ғажап  адам») 
бейнелері  адамдық  болмысымен,  жан  сұлулығы,  сезім  сырларымен  табиғи  өрбітіп,  сол 
арқылы  тақырып  табиғатын,  кейіпкерлер  жүйесін,  олардың  өзара  үйлесім-сипаттарын 
көркем,  бейнелі  түрде  баяндайды.  Романның  жазылу  тарихы,  жарық  көру  жайы  жөнінде 
жазушы еңбектерінде әр кез сөз етілген-ді. Осы жайттарды негізгі назарда ұстасақ, жазушы 
басты туындысын жазуға үлкен дайындықпен келгені байқалады. 
Алдымен халық әдебиеті материалдарын, ондағы ұлттық-рухани құндылықтарды, адам 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау