35
Хабарлама дайындау негізі периодты медициналық (рецензияланатын, атақты)
журнал болып табылады. Оқытушы ұсыныс береді, мысалы, «Педиатрия», «ҚР Педиатрия
және балалар хирургиясы» «Пульмонология», «Терапевтитік Мұрағат» журналдарының
мазмұнын қарау, сонымен қатар, 2005-2011ж.ж. аралығында шығарылған шетелдік баспалар.
Баяндама 8-10 слайдтан тұратын электронды презентация түрінде дайындалуы керек,
ұзақтығы 5 минуттан кӛп емес. Слайдтаға ақпаратты әдебиет кӛздеріне сілтеме жасалуы
керек (тӛменгі оң жақ бұрышында мақала авторының аты-жӛні жазылады, мақала тақырыбы,
шығарылған жылы, нӛмірі, беті келтіріледі). Қатысушылар материал жинауын жүргізу
дағдыларын, кәсіби әдебиетттерді талдау, тұжырым құрастыру, баяндама және
презентациялар дайындау, оны баяндау шеберлігін кӛрсетеді.
Кері байланыс. Оқытушының хабарламасынан кейін, қатысушылардың ішінен
тағайындалады – аналитик, критик, қорғаушы, эксперт. Рӛліне байланысты әр қатысушы
ӛзінің әріптесінің дайындығын бағалайды. Аналитик баяндаманың ғылыми сипатын,
мақсатарының жүзеге асырылуын және қойылған тапсырманың орындалуын, қолданылған
әдебиеттердің жаңалығын бағалайды. Критик әлсіз жақтарын анықтайды, қорғаушы –
баяндаманың жағымды жақтарын анықтайды. Эксперт жалпы қатысушылардың
баяндамасын сипаттап,қорытынды шығарады. Келесі баяндамаларды бағалау үшін рӛлдер
қайтадан бӛлінеді. Осыған байланысты, әр қатысушы журналдық клуб қатысушысы,
аналитик, критик, қорғаушы, эксперт ретінде ӛзін сынап кӛре алады.
Оқытушы қорытынды шығарады.
* «Басқарушы қол» әдісі
Бес саусақтан тұратын жұдырық – еңбек жеңісінің қуатты
энергиясына ие:
Саусақтарды ретімен атайық:
• Бірінші – Мәселе (міндеті, мақсаты).Мәселені түсіну, және
одан ең маңызды ақпаратты немесе мәліметті бӛлу.
• Екінші – Адамды шешім шығаруға жігерлендіру. Егер мәселеге
эмоционалды қызығушылығы болмаса, оны анықтауда белсенділік
болмайды. Тапсырма мақсатын оны жеке құндылықтармен немесе адам қажеттіліктерімен
байланыстыра отырып, нақты анықтап алу.
• Үшінші – Қиындықтар. Бұл болуы мүмкін барлық кедергілер мен қиындықтар, олар
арқылы шешім шығаруға және ӛз тактикасы мен күтетін нәтижесін ӛзгертуге мәжбүр
болады.
• Тӛртінші– Чек-парақтар. Чекпарақтар – бұл істер, стандарттар, дағдылар, аспаптар,
ресурстар мен негізгі компетенциялар жинағы, олар мәселені шешу үрдісінде қажет болады.
• Бесінші- Үрдіс.Жеңіске жетуді бақылау. Үрдісті түзету және қолдауды бағалау жүйесі.
* «Дефектілі тапсырмалар» әдісі.
Қазіргі кезде дефектілі немесе графиктік тапсырмалар, сонымен қатар, «мылқау
фотосуреттер» талдау әдістемесі сияқты студенттерді белсенді оқыту түрлері ойлап табылды
және кең қолданыс тапты.Алдын-ала жоспарланған қателіктері бар дефектілі тапсырмалар
студенттердің назарын белсендіреді, олардың ойлау қабілеттерін дамытады, эксперт,
рецензент ретінде сӛйлеу дағдысын қалыптастырады. Дефектілі тапсырмалар мазмұндық,
әдістемелік, басқа да сипаттағы нақты қателіктері болады. Нақты қателіктер таңдалады, олар
бірінші орынға шықпайды, керісінше кӛлеңкеленіп тұрады. Студенттердің міндеті
36
тапсырманы шешу барысында қателіктерді бату болып табылады. Дефектілі, графиктік
тапсырманы шешу осы материалдарды меңгерудегі қиыншылықтарды анықтай отырып,
жігерлендіруші, бақылаушы және диагностикалық қызметтерді атқаруға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік сабақтарды жүргізуде қайталаудың рӛлі ескеріледі. Бірақ ол әртүрлі болуы
керек. Тәжірибелік сабақ барысында алған білімін бекіту үшін ӛткен сабақтарды қайталау
бала аурулары кафедрасында жаңа кӛзқарастарға сәйкес әртүрлі нұсқада жүргізіледі. Power
Point форматындағы презентация кӛмегімен қайталау меңгерілетін материалдың
кӛрнекілілігі мен студенттерге жетуін арттырады. Мәтіндік, белгілік, графиктік және т.б.
ақпараттармен сипатталатын презентация кезіндеоқу үрдісі айтарлықтай артады,
меңгерілетін тақырып айтарлықтай терең қабылданады.
1. Мысал Ер бала, 12 жаста. Бір апта бұрын баспамен ауырғаннан кейін «ет жуындысы»
тәрізді зәрі пайда болды. Емханада тексерілу барысында артериялық гипертензия анықталды.
Жалпы зәр анализіндесалыстырмалы тығыздығы 1018, белок 6,2 г/л, эритроциттер 5-7 кӛру
аймағында. Нечипоренко бойынша зәр сынамасы – лейкоциттер 2500, эритроциттер 1500 бір
мл-де. Тапсырма: жіберілген қателіктерді табыңыз.
Жауап: Бала диагнозы «Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром». Жалпы зәр
анализінің нәтижелері қате – айқын гематурияның болмауы, себебі бала зәрінің түсі «ет
жуындысы» түстіжәне Нечипоренко сынамасы. Ал осы науқаста макропротеинурия 6,2 г/л
дейінгі бұл ауруға тән емес болуы мүмкін.
2. Мысал Бала 6 жаста МӚНС стероидорезистентті түрі диагнозымен, селективті емес
цитостатикциклоспорин А 2 мг/кг дене салмағына тәулігіне тағайындау ұсынылды, күнара
берілетін преднизолонмен 0,5 мг/кг бірге. Тапсырма: жіберілген қателіктерді табыңыз.
Жауап: Циклоспорин А селективті иммунодепрессант, ИЛ-2. ИЛ-3, ИЛ-4 ӛндірілуін тежейді,
цитотоксикалық Т-лимфоциттер пролиферациясын тежейді. Терапиялық дозасы 5-6 мг\кг
тәулігіне.
Жоғарғы курс студенттерін оқытудағы
педагогикалық стратегия және тактика
Педиатрия факультеті жоғарғы курс студенттерін мамандыққа оқытудың негізгі
міндеттері қатысушының танымдық қызығушылығын белсендіру, клиникалық ойлау
қабілетін дамыту, творчествалық мүмкіндіктерін қалыптастыру, құштарлығын сүйемелдеу
және болашақ мамандығын таңдауда кӛмектесу болып табылады. Осы мақсатта Қазақ
Ұлттық медициналық университетінің бітіруші түлектерді шығарушы кафедрасында
оқытудың мемлекеттік білім беру стандарттарымен (типті және жұмыс бағдарламалары,
семинар мен тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарларымен) оқу – әдістемелік
жұмыстарында жас маман - педиатр мектебі қарастырылған. Педиатрия факультеті
студенттерін мамандыққа бағыттау бағдарламасын жасап шығару туралы ойдың тууына
мамандардың кәсіби сферадан коммерциялық сфераға (фармацевтикалық фирмалар немесе
медициналық емес ұйымдарға) қарай ағуы себеп болып отыр. Осыған байланысты,
мамандығына деген құштарлығын қалыптастыруда педиатрия кафедрасы педагогтарының
тәрбиелік ролінің маңыздылығы сӛзсіз. Бұл ӛз кезегінде педиатрияның ӛзекті мәселесі –
оқытушы мен қатысушы арасындағы ӛзара қатынасын кӛрсетеді.
Тәрбие беру парызы жанұя мен мектеп қабырғасында беріледі деп есептеледі.
Расында да негізгі тәлім-тәрбие балалық шақта қалыптастырылады. Мектеп қабырғасынан
қалыптасқан Тұлға шығады. Студент бұл 18 жастан жоғары, жанұя құру, дүниеге бала әкелу
мүмкіндігі бар адам. Бұрынғыдай талдайтын болсақ, оқушы – ӛзбетінше шешім қабылдай