23
Ӛкпе перкуссиясын кӛрсету аяқталғаннан кейін, оқытушы студенттерді сабақтың келесі
сатысы «Кеуде қуысы мүшелерінің (КҚМ) рентгенограммаларын меңгеруге» ӛту туралы
ақпараттандырады.
«Кеуде қуысы мүшелерінің (КҚМ) рентгенограммаларын меңгеру» бағдарламасы.
Ұзақтығы - 25 мин.
Оқытушы кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммаларын оқу ережелерімен таныстырады:
1
Сурет сапасын (жұмсақ, тығыз, орташа тығыздықта) бағалады. Сурет сапасын
бағалау кезінде онда ӛкпе ұштарының және костодиафрагмальды синустардың
болуына назар аударды.
2
Суреттердегі кӛлеңкелерді суреттеу кезінде оның сипатына (ошақты, фокусты,
тартылған), интенсивтілігіне (жұмсақ, орташа, тығыз), шетіне (тегіс, тегіс емес),
құрылымына (біртекті, біртексіз), орналасуына аса назар аударды.
3
Ӛкпе түбірлерінің жағдайын адекватты бағалады: орналасуы (ығысуы, пішіні,
шеті, ӛлшемдері).
4
Плевра жағдайын бағалады, жабысқақтардың болуы, сұйықтық жиналу белгілері,
пневмоторакс болу немесе болмауы туралы айтты.
5
Рентгенологиялық қорытынды жасады.
Кейін әр студентке кеуде қуысы мүшелерінің патологиясы бар
(сабақ тақырыбы бойынша) науқастың 1 рентгенографиялық суреті
ұсынылады, оқушы оны ӛзбетінше талдауға талпынуы қажет. 10
минут уақыт беріледі. Кейін әр студент кезекпен қорытынды
жасайды. Оқытушы әр жауапты түзетіп отырады.
«Тақырыпқа
сәйкес
науқасты
клиникалық
талдау»
бағдарламасы.
Ұзақтығы – 45 мин.
1 Нұсқа. Диагнозы белгілі науқас.
2 Нұсқа. Ауру тарихының кӛшірмесі.
Оқытушы клиникалық ойлау қабілетін қалыптастырады және студенттерді белсенді қатысуға
жігерлендіреді. Оқытушының жетекшілігімен, студенттер реті бойынша кезегімен науқасқа
кестеге сәйкес сұрақтар қояды (науқастың ата-анасына, волонтерға, оқытушыға):
1
Ӛзара амандасқаннан және танысқаннан кейін науқастың қасына отырды, қатынас
орнатты, аты-жӛнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады.
Анасынан анамнез жинады.
2
Сұрақтар қойды: неге шағымданады? (балаға қатысты). Жауап алғаннан кейін
туындау себебі мен аталған симптомдардың күшеюі туралы нақтылады, немен
салыстырмалы перкуссиясы жүргізілді.
5
Қолтықасты сызықтар бойынша прекуссия қабырғааралықтары бойынша жасалды.
6
Артқы жағынан перкуссия жауырынүсті аймағында оң және сол жағынан, кейін
жауырынаралық кеңістікте жасалды.
7
Оң жақта бауырдың орналасуына байланысты оң жақ тӛменгі бӛлікте
физиологиялық түрде перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталатындығын
кӛрсетті.
24
басылатындығын сұрады. Дұрыс сұрастыру нәтижесінде аурудың жетекші
симптомдарын анықтады.
3
Ауру анамнезінде оның қашаннан бері ауыратындығын, басталуын, ауру пайда
болуына не әсер еткендігін нақтылады. Хронологиялық тәртіпте ауру ағымын,
ӛршуін, оның ұзақтығын, осыған дейінгі алған емін, оның тиімділігін сұрады.
Соңғы рет жағдайының нашарлауына не әсер еткендігін нақтылады.
4
Аурудың жалпы белгілерін анықтады: дене қызуы, қалтырау, ұйқы, тәбет, шӛлдеу,
әлсіздік, мазасыздық, кӛңіл күйі және т.б.Аурудың кӛріністерін анықтады. Нақты
жүйелер мен мүшелердің патологиясы туралы болжам жасады.
5
3 жасқа дейінгі балалардың анамнезінде анықтады: баланешінші жүктіліктен
және туыттан, антенатальды және перинатальды кезеңдері қалай ӛтті. Жетіліп
туылған немесе уақытынан бұрын. Босану кезінде асфиксия болу немесе болмауы,
патологиялық туыт (ұзақтығы, акушерлік шаралар, асқынулар). Қандай дене
салмағымен және дене ұзындығымен туылды.
Емшекке қашан ыалынды, нәресте емшекті қалай алды, кіндік қалдығы қалай түсті
және кіндік жарасы қалай жазылды, физиологиялық дене салмағын жоғалту болды
ма және қашан ол қалпына келді? Нәрестелік кезеңдегі аурулары. Перзентханадан
үйіне нешінші күні шығарылды.
Баланың физикалық дамуы, статика мен моторикасының дамуы, психикалық
дамуы. Ұжымда және үйіндегі баланың тәртібі. Ұйқысы және оның ұзақтығы.
Нәресте қандай тамақтану түрінде, ему белсенділігі, тамақтану уақыты, үстеме
тамақтар, оның мӛлшері, қосымша тамақ, оның мӛлшері, енгізу реттілігі, кӛтеруі.
Нәрестені емшектен шығару уақыты. Осы ауру басталғанға дейінгі баланың
тамақтануы. Тістерінің жарып шығу тәртібі мен уақыты. Бұрын ауырған аурулары,
ағымының ерекшеліктері, асқынулары. Егулерін жоспар бойынша алды ма,
егулерден кейінгі асқынулар болды ма? Туберкулиндік сынамалар, олардың
нәтижелері. Инфекциялық аурулармен қатынасы.
6
Ересек жастағы балалар анамнезі.
Нешінші бала? Ерте жастағы кезеңде қалай дамыды? Үйінде және ұжымдағы
тәртібі, мектеп жасындағы балалар үшін – мектептегі үлгірімі. Бұрын ауырған
аурулары және хирургиялық араласулар, олардың ағымы, асқынулары.
Профилактикалық егулері. Егулерге асқынулар болды ма? Туберкулиндік
сынамалар, оның нәтижелері. Инфекциялық аурулармен қатынасы.
7
Отбасылық анамнез.
Ата-анасының жасы, олардың және әкесі мен анасы жағынан жақын
туысқандарының денсаулық жағдайы. Тұқымқуалайтын аурулары. Жанұяда неше
бала және олардың денсаулық жағдайы, егер ӛлген болса, қандай себептерден
ӛлді?
8
Материалдық-тұрмыстық жағдайы.
Ата-анасының мамандығы, жұмыс жағдайы, жанұя мүшелерінің саны. Мекен
жайы. Бала балалар мекемесіне барды ма? Бала күтімімен кім айналысты? Баланың
жеке тӛсек орны болды ма? Күн тәртібі сақталады ма? Серуендеу және ұйқы
ұзақтығы. Тамақтану тәртібі, мектептегі жүктеме. Қосымша жүктемелердің болуы.
Кейін студент анамнез бойынша қорытынды жасайды:
- қай жүйенің патологиясына күманданасыз?
- ауру жедел немесе созылмалы ма?
- жанұя анамнезіне немесе жанұя-тұрмыстық анамнезден
қандай жағымсыз факторлар осы аурудың дамуына әсер етті
немесе оны тудырды?