Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата30.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#18490
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

 



 

мен шетелдерде еңбек етіп келе жатқан кәсіби шеберлер тобы пайда болды. Университеттен  

кӛптеген  педагог-новаторлардың  кетуіне  байланысты,  «тоқырау»  кезеңі  орын  алды.  «Ескі» 

оқытушылар  ӛз  тәжірибелерімен  бӛлісе  алмады,  ал  жас  оқытушылар  студенттерді  жоғарғы 

кәсіби  деңгейде  оқытуға  дайын  болмады,  себебі  олардың  кӛбісі  ӛзбетінше  жетілуді  қажет 

етті немесе ғылыми ӛсуді мақсат етіп алды.      

90-жылдардың  ортасы  мен  2000  жылдардың  басында,  мойындау  қажет,  медицина 

саласы білімі аз және жеткіліксіздігімен танылды, соның ішінде педиатрлар. Елдегі күрделі 

экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайлар,  белсенді  миграциялық  үрдіс,    Қазақстандағы 

қалалар  мен  ауылдар  популяциясының  сандық  және  сапалық  құрамының  ӛзгерісі  «оқып 

үлгірмегендер»  иықтарына  ауыр  жүк  боп  батты.  Кӛріп  отырғанымыздай,  нақты  сол 

жылдарға  сәйкес  келетін  республикамыздағы  нәрестелік  ӛлім-жетім  мен  балалар 

аурушаңдығының  айтарлықтай  артуын  осымен  байланыстыруға  болады.  Сол  ағым 

түлектерінің  кӛбісі кейінгі жылдары белсенді түрде біліміндегі олқылықтарды толтырумен 

айналысты, жетілді, тәжірибе алды. Бірақ оны қаламағандықтан, жалқаулыққа немесе басқа 

да  форс-мажорлық  ӛмір  жағдайларына  байланысты  бұрынғыдай  қала  берді  немесе  аз  ғана 

кәсіби жетістікке жетті. Осы адамдар қазіргі кезде әріптестері мен науқастарының алдында 

медицина мен педиатрияның кемшіліктерін кӛрсетіп жүр.  

Қазақстан  тұрғындарының  әлеуметтік-экономикалық  жағдайының  ӛзгеруі,  ғылым, 

білім  саласында  соңғы  7-8  жылда  байқалған  халықаралық  серіктестік,  сонымен  қатар, 

Болондық  үрдіске  қосылу  (2010  ж.)  педиатрия  факультетінде  мәселелі-бейімделген 

оқытудың жаңғыруына себеп болды.  

Қазіргі  кезде  №1  бала  аурулары  кафедрасында  студенттер  мен  резидент-педиатрларды 

оқытудың келесі әдістері мен түрлері қолданылады:   

 

іскерлік  ойындары    -  топ  студенттерінің  барлығының  рӛлдік  қатысуы  (ата-ана  немесе 



науқас, емхана дәрігері, стационар дәрігері, жеке маман, функционалист, эксперт); 

 

дискуссия (студенттер тақырыпты ӛздері таңдайды); 



 

студенттермен ӛзара сұрақ алмасу (жекпе-жек); 

 

«жеке  ӛзі»  мәселені  шешуі  (бетпе-бет),студентке  ӛзбетінше  емдеу  тактикасын 



анықтауға тура келеді; 

 

студентті қызықтыратын тақырып бойынша эссе жазу; 



 

тақырыптық презентация-жоба құрастыру, кейін оны қорғау (резидентура); 

 

журналдық клуб әдісі (периодты түрде анализ жүргізе отырып, презентация дайындау),  



резиденттерді оқытуда қолданылады

 

кафедрада оқытылатын резиденттердің портфолио құрастыруы; 



 

дәрістердің  электронды  презентациялары,  дефектілі  және  графиктік  тапсырмалар,  

«мылқау» фотосуреттер; 

 

жетекші  мамандардың  қатысуымен  «Жас  педиатрлар  мекбетін»  ұйымдастыру 



(кардиолог, нефролог, эндокринолог және т.б.); 

 

тақырыптық конференцияларды жүргізужәне басқалары. 



Қазіргі  кезде  педиатрларды  дайындау  МЖББС-2006  бойынша  жүзеге  асырылатын 

болғандықтан,  бір  жағынан  педиатрия  мамандығын  «Жалпы  медицина»  факультетінің 

студенттерінің тек кейбіреулері ғана таңдайтындығы туралы біздің ойлау стереотипіміз мұң 

мен  қобалжу  тудыратындығы  сӛзсіз.  Біздің  кӛріп  отырғанымыздай,  бұл  мамандық 

экономикалық жағынан және тәжірибеде кездесетін қиындықтарға байланысты студенттерді 



 

 



 

қызықтырмайтындығы  белгілі.  Екінші  жағынан,  педиатр  мамандығы  бұл  мамандықты 

таңдайтын  шектелген  адамдар  санымен,  сапалық  оқытумен,  оқытудың  жаңа  әдістері  мен 

түрлері  қолданылумен,  балалар  клиникасының  тӛсек  қорын  тиімді  қолдану  мүмкіндігімен 

сипатталатын  жаңа  атаққа  ие  болуы  мүмкін.  Нақты  осы  жағдайда  болашақ  мамандарды 

оқытудың  белсенді  әдістерін,  ӛзара,  сонымен  қатар,  жеке  оқыту  траекториясын  қамтитын, 

қолдану  жүргізілетін  С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ  «авторлық  топтары»  құрылуы 

мүмкін.  

№  1  Бала  аурулары  кафедрасында  құрастырылған  оқу  құралында  авторлармен 

құрастырылған оқыту әдістері мен сабақты жүргізу сценарийлері ұсынылған.  

 

Медициналық жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістері 

«Әдіс»  термині  грек  сӛзі  «methodos»  шынайыға  алып  баратын  жол,  әдіс  дегенді 

білдіреді.  

Оқыту  әдістері  –  бұл  тапсырылған  мақсаттар  мен 

міндеттерге  жетуге  бағытталған  оқытушы  мен  оқушылардың 

реттелген  әрекеті.Оқыту  түрі  –  бұл  оқу-тәрбие  үрдісінің 

ерекше  түрі,  оқудың  мазмұнының  болуы  және  оны    жеткізу 

әдісі. Медициналық жоғарғы оқу орындарында дәстүрлі түрде 

жеке-топтық  және  дәрістік-семинарлық  оқыту  түрлері 

қолданылады,  олар  сабақтың  дидактикалық  мақсаты  мен 

студенттер 

санына 


байланысты 

жіктеледі: 

дәрістер, 

семинарлық 

сабақтар, 

консультациялар,  практикумдар, 

зертханалық-тәжірибелік сабақтар,  ӛндірістік  практика,  коллоквиум, сынақ, емтихан [2, 47-

48 б.].  

Қазіргі кезде оқу үрдісінде келесі әдістер қолданылады:  

 

түсіндірме-кӛрнекі  (қатысушы  білімді  дәрістен  немесе  әдістемелік  әдебиеттен  «жалаңаш» 



түрдегі экрандық оқулықтан алады)  [3]. 

 

репродуктивті (меңгерілген үлгі немесе ереже негізінде қабылдау, қатысушылар алгоритмдік 



сипатта  жұмыс  істейді,  яғни  кӛрсетілген  ситуацияларға  ұқсас  нұсқаулар,  ережелер 

бойынша). 

 

ойын  мәселелі  түрде  жеткізу  әдісі  (педагог  мәселені  анықтайды,  танымдық  қабілетін 



қалыптастырады, әртүрлі жолдармен тапсырылған міндетті шешу әдісін кӛрсетеді). 

 

жекеленген-іздеу,  немесежетекшілікпен  жүргізілетін  эвристикалық  әдіс  (эвристикалық 



бағдарламалар  мен  кӛрсетілімдер  негізінде  танымдық  есептер  шешімін  белсенді  іздеуді 

ұйымдастыру). 

 

зерттеу    (материалды,  қойылған  мәселе  мен  есеп  құрылымын  талдағаннан  және  қысқаша 



ауызша  немесе  жазбаша  нұсқаулықтан  кейін  қатысушыәдебиеттерді,  оқулық  кӛздерін 

ӛзбетінше  меңгереді,  бақылау  мен  ӛлшеу  жүргізеді,  басқа  іздеу  жүргізу  түрлерін 

орындайды).  

Педагог нақты сабақты жүргізудің тиімді  әдісін анықтау үшін Ю.К.Бабанский [4, 33 

б.] жеті қадамнан тұратын алгоритм ұсынды: 

1.  Материалдың ӛзбетінше немесе педагог жетекшілігімен меңгерілетіндігі туралы шешім; егер 

студент ешқандай күш жұмсамай және кӛп уақытын жібермей материалды терең меңгеретін 

болса,  педагог  кӛмегінің  қажеті  болмайды.  Керісінше  жағдайда  басқа  немесе  сондай  түрде 

педагог кӛмегі қажет болады.  



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау