ҚР-да Жаратылыстану пәнін оқытудың мазмұны «Жаратылыстану»



жүктеу 20,67 Kb.
Дата09.03.2023
өлшемі20,67 Kb.
#41670
Жаратылыстану 3 Дүйсенғали Ф


ҚР-да Жаратылыстану пәнін оқытудың мазмұны

«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология», «Физика» және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі деңгейлерінде оқытудағы кіріспе курс болып табылады, сондай-ақ білімнің кез келген саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін қалайды.


Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге негізделген.
Пән мазмұны бойынша «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Сондай-ақ әр тарау бойынша тапсырмалар жабық тест арқылы нақтыланып, тексеріледі.
«Мен- зерттеушімін» тақырыбын өткен кезде оқушылар әртүрлі бөлме өсімдіктерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ал өсімдік бөліктерімен танысқанда тұқым қалай өнетініне шағын тәжірибе жасау арқылы көз жеткізді. Ол үшін пластикалық стакан, мақта, бірнеше тұқым керек. Стаканның түбіне мақта салып, ол ылғалданатындай аздап су құйылды. Сосын мақтаның үстіне тұқымдарды қойып, бетін ауа өтетіндей тесіктері бар қақпақпен жауып, жылы жерге қойдық. Бірнеше күн бойы ол тұқымның өнуін бақылап, қорытынды жасады. Өсімдіктерге күтім жасауды сыныптағы бөлме өсімдіктеріне жасау арқылы дағдыға айналдырды.
«Өсімдіктер, Жануарлар, Адам» бөлімі әртүрлі бақылаулар мен эксперименттер жүргізуді, сыртқы әлеммен танысуды, келесі жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды зерделеуді көздейді:
• өсімдіктің бөліктері (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, өсімдік тұқымы, аналық, аталық, жапырақшалар және т.б.);
• жануарлар (жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер, ұлулар, құрттар және т.б.);
• адам және оның дене құрылысы (бас, дене, мойын, қол, аяқ, жүрек, бүйрек, ішек, асқазан, қуық және т.б.).
«Ғарыш» тақырыбында ғарыш кемесінің орнына шарларды ұшыру арқылы тәжірибе жасады. «Күш пен қозғалыс» бөлімінде қозғалыс траекториясы деген не? Деген сұрақққа жауап беру үшін тағы да тәжірибе жасау арқылы қол жеткіздік. Тәжірибе жасау үшін құм салынған табақша, ойыншық машиналар және металл шарлар қажет. Табақты сәл қисайта орналастырып, «төбешіктен» машинаны итеріп жібереді. Машинаның ізінен қалған сызықты салады. Одан кейін металл шарды «төбешіктен» төмен қарай жібереміз. Оның да ізінен қалған сызықты саламыз. Тәжірибені бірнеше рет қайталап жасағаннан кейін сызықтарды салыстырды. Траектория дененің қозғалыста болған кезінде жүріп өткен жолы. Машинаның түзу траекториямен, ал шар әртүрлі траекториямен қозғалатынын айтып қорытынды жасады. Сабақтарда әртүрлі рольдік-сюжетті ойындарды ойнау арқылы да тәжірибе жасауға болады.
Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту кезінде бастауыш мектеп білім алушылары биология, экология, география бойынша қарапайым ұғымдармен танысады.
«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
жүктеу 20,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау