27
қарастыру қажет, сонымен қатар, ойындық кеңістік пен қажетті заттарды дайындаумен
байланысты барлық сұрақтарды ойластыру керек. Бұл ойын моделінің даму потенциалы мен
артықшылықтарын рационалды қолдануға мүмкіндік береді [4, с.81-83].
1 қадам. Ойынға кіріспе. Тақырыптың ӛзектілігін, мақсатын және міндеттерін негіздегеннен
кейін оқытушы студенттерге рӛлдік ойындар кӛмегімен сабақ тақырыбы талданатындығын
хабарлайды. Рӛлдік ойын барысында студенттер сабақ тақырыбы, құқықтық сұрақтар
бойынша білімдерін, шешім қабылдау дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, кәсіби
сӛйлеу қабілетін, сұрақтар қоя алу, диалог жүргізу дағдыларын кӛрсетеді
2 қадам. Рөлдерді бөлу. Оқытушы «Тыныс мүшелерінің аллергиялық аурулары бар науқас»
рӛлдік ойынын жүргізу тәртібі мен шарттарымен таныстырады:
студенттерге әрқайсысындаатқаратын рӛлі кӛрсетілген 7 карточка (ата-ана-науқас,
аймақтық дәрігер, стационардың қыбылдау бӛлімінің дәрігері, маман-пульмонолог-
аллерголог, функционалды диагностика бӛлмесінің дәрігері, дәрігер-лаборант, эксперт-
аналитик) ұсынылады;
әрқайсысы кезекпен карточка алады, және ӛз рӛлімен танысады, жазбаларын қолдануға
болады, қысқаша әрекет жоспарын құрастырады (5 мин);
«ата-ана-науқас» карточкасында диагнозы келтіріледі (поллиноз немесе бронх демікпесі),
сол бойынша шағымдары құрастырылуы керек. Студент бұл карточканы қатысушылардың
ешқайсысына кӛрсете алмайды. Барлық ойын жолы тәуелді осы қатысуша тәуелді, себебі ол
шағымдарын дұрыс құрастыруы және ӛзінің «симптоматикалық» сезімдерін жеткізе алуы
керек;
«эксперт-аналитик» рӛлі студентке басқа қатысушылардың әрекетін қадағалауға,
негізділігін және әр маманмен жүргізілген шаралардың дұрыстығын талдауға, дәрігер
жазбаларындағы қателіктерді анықтауға мүмкіндік бередіжәне жеке жазба қағазына белгі
қойып отырады. Соңына қарай «эксперт-аналитик» әлсіз, күшті тұстары, қателіктер және т.б.
кӛрсетілетін қорытынды жасайды. Осы ойыншы алдына қойылған талаптар рӛлдік
карточкада кӛрсетілуі керек;
шынайы клиникалық жағдайға ұқсас болуы үшін ойын қатысушыларына 112 үлгіні
қайталайтын дәптерлер, ауру тарихы, жолдамаға арналған бланкілер болады; Оның барлығы
үстелдің ортасына қойылады; әр ойынша оған берілген құжаттардың қайсысына жазба
жасайтындығын ӛзі біледі;
әр ойыншы ойынға кезекпен түседі (нӛмірі карточкада кӛрсетіледі);
оқу бӛлмесінде рӛлдік ойынға сәйкестендіріліп, столдар мен үстелдер қойылады.
3 қадам.Ойынға кірісу. «Рӛліне» сәйкес, әр студент ӛз тәртібін анықтайды, сұрақтары мен
жауаптарын құрастырады; оқытушы қажет болған жағдайда, рӛлдік ойындағы әр
қатысушының траекториясын ӛзгерте алады.
4 қадам.Жағдайды (мәселені) меңгеру және жүйелі талдау. «Ата-ана-науқас» ойыншысы
кіреді, «аймақтық дәрігерге» шағымданады, карточкада берілген диагнозға сәйкес шағымын
және анамнезінқұрастырады.
5 қадам. Ойын үрдісі. «Аймақтық дәрігер»«ата-ана-науқас» ойыншысына сұрақтар қояды,
объективті зерттеу жүргізеді (нәтижелерін ауызша айта отырып). Жетекші синдром және
болжам диагноз туралы қорытынды жасайды. Ары қарай тексеру жоспарын құрастырады.
Баланың даму тарихында сәйкес жазбаларды кӛрсетеді (дәптерде). Басқа зерттеу әдістеріне
арналған жолдаманы және стационарға жатқызу жолдамасын (егер оны қажет деп тапса)
толтырады.
28
6 қадам. «Ата-ана-науқас» ауруханаға жатқызуға жолдамамен және толтырылған 112
үлгісімен стационардағы қабылдау бӛлімінің дәрігерімен әңгімелеседі, ол да сұрақтар қойып,
науқасты дәрігерлік қарау жүргізеді, ауру тарихын толтырады. Диагноз қояды, қосымша
зерттеу әдістері мен емдеу жоспарын толтырады, қандай аурулармен дифференциялық
диагностика жүргізу қажет екендігін кӛрсетеді.
7 қадам. «Функционалды диагностика бӛлмесінің дәрігері» және «дәрігер-лаборант»
ойыншылары (қажет болған жағдайда оларды біріктіруге болады), зерттеу әдістерінің
нәтижелері бойынша қорытынды жасайды (жоспарға сәйкес).
8 қадам. «Ата-ана-науқас» маман-пульмонолог-аллергологқа барады, ол да ӛз кезегінде
шағымдарын, сұрайды, анамнезін толықтырады, зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдайды
және соңғы клиникалық диагнозды негіздейді. Емін түзетеді. Ауру тарихына жазбалар
жасалады.
9 қадам. «Эксперт-аналитик» ойыншысы карточкада қойылған сұрақтар тізімі бойынша
қорытынды жасайды. Әр ойыншыға ұсыныстар айтады. Барлық ойыншылар ойларымен
бӛліседі (бағалау және ӛзін-ӛзі бағалау).
10 қадам. Плениум. Ойыншы «ата-ана-науқас» карточкада алдын-ала кӛрсетілген ӛз
диагнозының құпиясын ашады. Қатысушылар ой бӛліседі.
11 қадам. Ойын қорытындысын шығару. Оқытушы жалпы хабарлама жасайды – сұрақтар
қаншалықты ашылды, нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда сӛйлемдерінің
дұрыстығы, коммуникативті дағдыларын кӛрсету,студенттердің ішінде кім үздік
дайындалған, кім білімін толықтыруды қажет етеді.
12 қадам.
Рефлексия. Ойыннан «арылу». Оқытушы студенттерге карточкалар кӛмегімен
сұрау түріндегі сабақтың жүргізілуі туралы ойларын сұрайды – не қызықты бодды, немесе
керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері
байланыс» жүргізуге болады.
Рӛлдік ойынның аяқталуына қарай оқытушы студенттерге шаршағандарын басу үшін және
жүктемежен арылу үшін бой жазуларын ұсынады.
Түсініктің нақты логикалық анықтамасы – шынайы білім шарты.
Сократ
* «Балық сүйегі (білім діңгегі)» әдісі.
Ұзақтығы – 40 мин.
«Балық сүйегі» әдісінің артықшылықтары:
жағдайды суреттеу, тез қимылдау, негізгісін анықтай
білу игерімі
қалыптасады;
кӛпшілік алдында баяндамамен сӛйлеу дағдысы қалыптасады;
коммуникативті дағдыары қалыптасады – жауап беріп жатқан
адамға деген сыйластық қатынасы;
алынған мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады;
әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді;
сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларының сызықты жүйесі
шығарылады.
1 қадам. Тақырыптың ӛзектілігін, мақсатын, міндеттерін негіздегеннен кейін оқытушы
студенттерге ұсынылып отырған әдіс кӛмегімен сабақтың теориялық бӛлімі
талданатындығын түсіндіреді.