1
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Сарсенбаева С.С., Рамазанова Ш.Х., Баймаханова Н.Т.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕРІ
Оқу құралы
Алматы 2011 ж.
2
УДК 378:61
ББК 74.58:51
С 22
Рецензенттер:
Батырханов Ш.К., педиатрия Департаментінің директоры, медицина ғылымдарының
докторы, профессор
Ибрашева А.Х., Тараз Мемлекеттік педагогика институтының ғылым, инновациялық даму
және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы, филология ғылымдарының
кандидаты.
С 22 С.С. Сарсенбаева Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы белсенді оқыту
әдістері: оқу құралы /С.Сарсенбаева, Ш.Рамазанова, Н.Баймаханова – Алматы, 2011. – 44 б.
ISBN 978-601-246-278-4
Қазіргі уақыт ағымында жүру үшін педагогқа оқу үрдісіне қолайлы психологиялық ортаны,
шығармашылық еркінділікті қамтамасыз ететін, ал қатысушыға білім технологияларын
таңдауға мүмкіндік беретін белсенді оқыту әдістерін енгізу қажет. Медициналық жоғарғы
оқу орнында оқу үрдісіне дәстүрлі емес оқыту әрдістерін енгізу тек педагог пен оқушының
қалауына ғана емес, сонымен қатар, педагогтың ӛзінің кәсіби шеберлігіне, шығармашылық
потенциалына, талпынысына, оның белсенді оқыту әдістерін игеру қабілеті мен оның негізді
түрде дайындығына байланысты. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану қатысушыда келесі
маңызды компетенцияларды қалыптастырады – білім, дағды, игерім, ӛзбетінше жетілуге
ұмтылыс, осымен қатар педагог та студенттермен бірмезгілде дамиды және кәсіби ортада
жетіледі. Оқу құралы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ № 1 бала аурулары
кафедрасында студенттер, интерндер, резиденттерді дайындауда қолданылатын белсенді
оқытудың авторлық технологияларынан тұрады.
УДК 378:61
ББК 74.58:51
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әдістемелік кеңесінде талқыланды және мақұлданды
(№ 4 хаттама, 26.04. 2011 ж.)
ISBN 978-601-246-278-4
с Сарсенбаева С.С., 2011
Мазмұны
3
Бӛлім
Беті
Кіріспе
4
Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқыту әдістері
6
Белсенді оқыту әдістері
7
Мәселелі оқыту әдістері
9
Инновация дегеніміз не?
9
Инновация және дәстүрлі әдістердің ерекшелігі?
10
Қатысушының инновациясы мен компетенциялары
12
«Педагог-қорғаушыдан» «педагог-менеджерге»
13
Адамдарды ӛз еркімен ӛзіне үлкен жауапкершілікті алуға қалай баулуға
болады?
15
Ұсынылатын оқыту әдістері
17
Ӛз білімін қалай «қалауға»болады?
Тәжірибелік сабақ сценарийінің мысалдары
18
19
Интерактивті оқыту әдістерін жүргізу нұсқалары
25
Жоғарғы курс студенттерін оқытудағы педагогикалық стратегияжәне
тактика
36
Бой жазу
40
Қорытынды
41
Студенттермен әңгімелесу (анкета жүргізу) бағдарламасының мысалы
Әдебиеттер тізімі
43
44
Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясындағы
4
өз уақытын басып озған біздің педиатрия
факультетінің барлық ерекше және
креативті оқытушыларына арналады …
Кіріспе
Қазақстандағы денсаулықсақтау дамуының қазіргі сатысында, алдыңғы қатарлы
республиканың жоғарғы оқу орындарының қосылуына байланысты, соның ішінде Болондық
үрдіске енген ҚазҰМУ-ға жоғары медицина мектебінің мамандарын дайындауда қатаң
талаптар қойылады. Бұл Қазақстандағы медициналық білім беруді жетілдіру мен оны
оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізу қажеттілігін кӛрсетеді [1].
Білім беру бағдарламаларының қайта қалыптасуы, ресурстық мүмкіндіктерінің
кеңеюі, соңғы техникамен қамтамасыз етілген жаңа ғылыми медицина орталықтарының
салынуы, жаңа ойлы қазақ жастарының қалыптасуы, сонымен қатар, жоғары медицина
мектептерінің түлектеріне қойылатын жаңа талаптарға сәйкес педиатриялық білім беру
маңызды ӛзгерістерге ұшырады.
Әлемдік жаңару жағдайында тек медицина саласында ғана емес, экономиканың
кӛптеген салаларында, республика ӛнеркәсібіндегі болып жатқан ӛзгерістерге қарамастан,
студенттерді оқытудың «классикалық», бұрыннан белгілі оқыту әдістерін қолдану ыңғайлы
деп санайтын, ауысуды қаламайтын бұрынғы және ортаңғы буын оқытушы-педиатрларының
ойлау стереотипі педагогикалық үрдіске инновациялық әдістерді енгізуде қиындықтар
тудырды. Ресей ЖООдарындағы оқытушыларды анкеталауда инновацияға 18% педагогтар
фрустрациялық-теріс, 26% пассивті-теріс және 10% белсенді-теріс кӛзқарасын кӛрсетті [2].
Қазақстанда 2006 жылдан бері халықаралық стандарттар бойынша медицина кадрларын
дайындау жүзеге асырылып келеді. Қазіргі кезде тәжірибелік, семинарлық сабақтарды,
дәрістерді ұйымдастыруда «қарапайым», ыңғайсыз әдістерді қолданумен шектелу мүмкін
емес.
Педиатрия факультетінде мәселелі-бейімдеуші оқыту әдістерін қолдануға алғаш 20-25
жыл бұрын қадам жасалған болатын. Осы үрдістің басында жүрген профессорлар мен
доценттер, кәсіби маман-педагогтар Т.Н.Никонова, Н.П.Ярочкина, Огай Е.А., Исмагилова
А.Ш., Сарсенбаева З.Б., ШабдароваС.К. болған. Мысалы, науқас баланың жалпы қан
анализінің нәтижесін талдай отырып, студент-түлек 6-жыл бойы алған білім
компетенцияларын, нақты айтсақ – бұл қандай анализ, оны жүргізу кӛрсетілімі, қалыпты
жағдайдағы негізгі кӛрсетілімдер, интерпретациялау және ӛзгерістердің пайда болу
себептерін, болуы мүмкін нәтижелерін, сонымен бірге, медициналық этика және
деонтология туралы білімін кӛрсетті. Осыған байланысты, сол кездің ӛзінде болашақ
педиатрды дайындауда компетентті жолы қолданылды. Осы кезден бастап педиатрия
кафедрасының доценті З.Б.Сарсенбаеваның жетекшілігімен «авторлық топтар» құрылды.
Сабақ бере отырып, ол 5 және 6 курс студенттерінің балалар аурулары бойынша кәсіби
білімін жетілдіріп қоймай, педиатрлар ішінде медициналық-психологиялық оқулар жүргізді.
Іскерлік ойындары, милық шабуыл, дискуссиялар, эссе дайындау, тапсырманың
эвристикалық шешімі, алгоритмдер құрастырылды, студенттер ӛзбетінше клиникалық
конференциялар дайындады. Сол уақыттағы оқытудың артықшылығы «Балалар аурулары»
пәнінің ұзақтығы 3 есе ұзақ болуында. Педиатрия факультетінде 70-ші жылдардың соңы мен
90-шы жылдардың басында инновацияларды қолдану нәтижесінде еліміздің кез-келген жері