33
Миниконференцияға қатысуға интерндер, басқа кафедра резиденттері, бӛлімше
дәрігерлері, кафедра оқытушылары щақырылады. Оқытушылар немесе резиденттермен
конференция бағдарламасы дайындалады. Сабақтың басында педагог сабақтың ӛзектілігін
негіздейді, мақсаты мен міндеттерін қалыптастырады. Конференция тӛрағасы мен хатшысы
таңдалады. Кейін кезекпен резиденттер (4-5) баяндама жасайды, бірмезгілде видеожазбаға
түсіріледі. Бұл сатының ұзақтығы –20 мин кӛп емес. Әр баяндамадан кейін 3-4 сұрақ
қойылуы мүмкін. Резиденттер (қатысушылардың) жауаптары нақты және қысқа болуы керек.
Барлық баяндамалар аяқталғаннан кейін кері байланыс жүргізіледі, ол да
видеокамераға түсіріледі.
Оппонент баяндамашыны келесі критерийлер бойынша бағалауы керек:
баяндама мазмұны қаншалықты тақырыпқа сәйкес келеді?
алға қойған мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуы (толық, аздап,
орындалмаған)?
баяндамалардың құрылымы;
баяндау жүйелілігі (анық, анық емес, ретсіз);
баяндаманың негізгі сәттерін анықтау (интонациясы, үзіліс жасау,слайдқа назар
аударужәне басқалары);
баяндаманы дайындауда қолданылған материалдардың жаңалық деңгейі;
кӛрнекілік материалдарын қолдану (иллюстрацияжәне басқалары);
регламент сақтауы;
материалды меңгеруі (мәтінді слайдтан, конспекттен оқыды,материалды толық
меңгерген және басқалары);
ораторлық шеберлігі (оқу мәнері тартымды, эмоционалдылық, сӛйлеу мәдениеті);
аудиторияның реакциясы (тыңдарман қызығушылығы);
аудиториямен қатынасы (толық, толық емес, қатынас жоқ);
ӛзін-ӛзі ұстау мәнері (сенімді, қимылдары, шыдамсыз, мимикасы, монотондылық);
психикалық жағдайының сыртқы кӛрінісі (ұстамды, сенімді, тынымсыз);
сыртқы келбеті.
Осы сұрақтар тізімі барлық миниконференция қатысушыларына қойылады. Оқытушы,
бірінші кезекте резиденттерден олардың әріптестерінің қалай баяндама жасағандығы туралы
ойын сұрайды. Ойларын жеткізу нақты, анық, 3 мин артық болмауы керек. Оқытушы
регламент сақтамаған қатысушыны тоқтатып, баяндаманы үзуге құқығы бар. Әр баяндамашы
ӛз баяндама жасауына қатысты ойлары жазылған толтырылған парақтарды алады, оларды
меңгереді. Бұл сатының ұзақтығы – 20 мин.
Кері байланыс жүргізілгеннен кейін 40 мин аралығында видеожазба қаралады.
Миниконференцияның барлық қатысушылары баяндамашы ретінде де,оппонент ретінде де
ӛзінің баяндамасына баға бере алады.
Сонымен қатар, кері байланыс жүріп жатқан кезде, осы кері байланыс объектісінің ӛз
баяндамасы туралы теріс бағаларды түсіндіруге, әріптестерінің әділетсіздігі туралы айтуға
мүмкіндігі бар. Видеожазба кӛмегімен әр қатысушы ӛзін сырттай кӛре алады (қалай
баяндады, адамдармен қатынасқа қалай түседі, ӛз кӛзқарасын дәлелдеуі, сұрақтарға жауап
беруі және т.б.) және кейін ӛзін-ӛзі ұстау стилін, баяндама жасау мәнерін жасауға болады.
Қатысушы ӛзін жұмысының объективті суреті негізінде бағалай алады. Ереже бойынша,
34
берілген технология, күшті эмоция шақырады, оқуға, ӛбетінше дамуға, ӛзбетінше жетілуге
шақырады.
Видеоматериалдар тек теориялық білімін емес (баяндама мәтіні), сонымен қатар,
тәжірибелік дағдыларын (ораторлық шеберлік, сӛйлеуі, баяндау тәртібі, оппоненттерге
жауап беру дағдысы) бекітеді.
Видеожазбаны қатысушылардың келесі жолға баяндамаларын бағалауда қайта кӛруге
болады.
* Эссе құрастыру. Ұзақтығы – 30 мин.
Оқытушы әр студентке тақырып (мәселе) береді, ол оны эссе түрінде жазбаша тапсыруы
керек. Эссе құрастыру уақытында студентті қажет әдебиеттермен қамтамасыз етуі керек.
Эссе жеке парақтарда оқытушыға тапсырылады. Жоғарғы оң жақ бұрышында студенттің
аты-жӛні, топ нӛмірі мен сабақ ӛткен күні қойылады.
Эссе құрастыру шарты: кӛлемі үлкен емес (бір А4 парағынан кӛп емес), нақты тақырып
бойынша, тақырыпты ашуда жеке кӛзқарасы, ӛз ойы келтіріледі.
Эссе жоспары:
1) Тақырыбы (мәселе тақырыбы, мысалы, «Жоғарғы мектеп педагогикасының жаңалығы»,
«Емдеудің инновациялық әдістері…», «Мәселеге қазіргі кӛзқарас…»);
2) Кіріспе, эссе жазудың мақсаты;
3) Негізгі бӛлімі (мазмұны, мәселе мәнін ашу, тақырыпты ашуға кӛмектесетін аргументтер,
талдаулар, цитаталар, сандар, кестетер, диаграммалар, фактілер);
4) Мәселеге деген менің кӛзқарасым (студент тек ӛз кӛзқарасын білдіреді, моральды,
эмоционалды, мәселеге этикалық қатынасы);
5) Мәселені шешу жолдары (мәселені шешуде қазіргі бар жолдар мен әдістемелерді
негіздеу, сонымен қатар ӛз әдістері мен жолдарын жасау және ұсыну);
6) Ӛзін-ӛзі бағалау (ӛз жұмысын бағалау, автордың ойымен жұмыстың ашылған және
ашылмаған тұстары);
7) Библиография (қолданылған әдебиеттер тізімі).
Жалпы білім беру оқу білетін, бірақ нені оқу керек екендігін түсінбейтін кӛпшілікті таң
қалдырды
Дж. Тревельян
* Журналдық клуб.Ұзақтығы – 60 мин.
Әдіс алғаш рет С.Ж.Асфендияров
атындағы ҚазҰМУ
№1 бала аурулары кафедрасында резидент-педиатрларды
оқытуда қолданылды.
Әдістің мәні: журналдық клуб отырысының
тақырыбы анықталады, мысалы «Балалардағы тыныс
мүшелерінің аурулары. Ауруханаішілік және ауруханадан
тыс пневмония. Этиологиялық факторларына байланысты
пневмонияның емі» немесе кез-келген басқа.
Журналдық клуб жүргізерден бұрын 2 апта ішінде әр қатысушының (оқушының) ол
анықтауы керекміндеті анықталады, мысалы: балаларда пневмония диагностикасының жаңа
технологиясы; атипті пневмония емінің қазіргі аспектілері; пневмониясы бар балаларда
жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайы және т.б.