25
Науқасты клиникалық талдау кезінде оқытушы дискуссия тудырады. Науқастың кеуде
қуысы мүшелерінің рентгенографиясын талдау. Талдау соңына қарай болжам диагноз
туралы шешім қабылданады, тексеру схемасы құрастырылады. Барлық қорытындылары
тақтаға жазылады. Оқытушы сұраудың қандай психологиялық атмосферада ӛтіп
жатқандығын ескеріп отырады. Қандай коммуникация әдістері – вербальды (сӛздік),
вербальды емес (мимика, қимылдары, дауыс интонациясы) қатысушымен қолданды.
Үзіліс 30 минут.
Науқас курациясы. Ұзақтығы – 35 мин.
Ауру тарихын меңгеру. Тыныс мүшелерінің перкуссия және аускультациясын жүргізу
дағдысын дамыту.
Реферативті хабарлама немесе электронды баяндамалардың презентациясы.
Ұзақтығы – 30 мин. Дайындалған реферат немесе презентация таныстырылады.
Оқытушы студенттерді ӛз ойларымен алмасуға, сұрақтар қоюға, талдауға жігерлендіреді.
Дидактикалық материалдарды меңгеру.Ұзақтығы – 30 мин.
Студенттерге ӛзбетінше меңгеруге арналған дидактикалық материалдар кешені ұсынылады.
«515» әдісімен қорытынды білім деңгейін бағалау.Ұзақтығы – 30 мин.
Оқытушы қорытынды білімін бақылау «515» әдісімен жүргізілетіндігі туралы
ақпараттандырады. Әдістің шарттары: 5 минут ішінде әр студент осы сабақ үрдісінде
меңгерген 15 жаңа медициналық термин (глоссарий) құрастыруы қажет. Студенттерге
орындалған тапсырма нәтижелерін ӛзара тексеру ұсынылады. Оқытушы жауаптарына түзету
енгізеді.
Сабақтың қорытындысын шығару. Ұзақтығы – 20 мин.
Берілген сабақ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру анықталады. Студенттерде қандай
компетенциялар қалыптастырылғандығы нақтыланады (білім, дағды, коммуникативті дағды,
құқықтық аспектілері, ӛзбетінше жетілу). Қорытынды бағалары хабарланады. Студенттердің
ойы тыңдалады.
Үйге тапсырма беріледі.
Интерактивті оқыту әдістерін жүргізу нұсқалары
* «Кіші топтарда жұмыс» әдісі.
Ұзақтығы – 45 мин.
1 қадам. Сабақ ӛзектілігін, мақсаттарын, міндеттерін
анықтағаннан кейін оқытушы студенттерге осы әдістің
кӛмегімен студенттерді ауызша сұрау жүргізілетіндігін,
сабаққа дайындалудың теориялық деңгейі анықталатындығын
түсіндіреді.
2 қадам.Оқытушы шарттарды атайды:
кіші топтар құрылады (жұптар), оларға нақты тапсырмалар
беріледі;
егер студенттер тобы 8 адамнан тұратын болса, онда 4 кіші топ құрастырылады, егер 6
студент болса, 3 топ.
жауап, шешім дайындауда кіші топ мүшелерінің барлығы белсенді қатысуы керек;
студенттер ұжымжа жұмыс істеу дағдысын, клиникалық ойлау қабілетін кӛрсетеді,
мәселені түсіну мен шешу жолдарының жалпы жолдарын іздейді;
26
сұрақтарға жауаптар нақты, схемалары анық және түсінікті болуы керек;
кіші топтарда жұмыс істеу уақыты – 15 мин.;
топтағы жұмыстар нәтижелері 5баллдық бағана бойынша бағаланады;
әр топқа 3 карточкадан беріледі, олар – жасыл (дұрыс жауап), қызыл (дұрыс емес жауап),
сары (толық емес жауап, толықтыруды қалаймын). Бұл карточкалар студенттермен кіші
топтар алдына қойылған тапсырмалар шешімінің нәтижелерін бағалау үшін қолданылады.
әр кіші топқа жауап беруге 5 мин. Уақыт белгіленеді (құмсағаты). Егер қатысушы
берілген уақытта үлгірмесе, оқытушы кіші топты жазалайды (1 балл алынады), нақты емес
және толық емес жауап үшін де 1ден 3ке дейін балл алынады.
3 қадам. Оқытушы кіші топтарға тапсырма береді.
диагностика алгоритмінің схемалық түрін құрастыру;
дифференциялық диагностика кестесін құрастыру;
күтілетін нәтижелермен зерттеу жоспарын жасау;
емдеу жоспарын жасау (принциптері, препараттардың аты, дозасы, емдеу курсы).
4 қадам.Кіші топтардан спикер таңдалады. Әр кіші топ кезекпен жұмыс нәтижелерін
кӛрсетеді.
Оқытушы тапсырманың дұрыс шешілгендігі туралы басқа кіші топтың қатысушыларымен ой
бӛліседі және сәйкес түрлі түсті карточканы кӛтеруін сұрайды. Егер толығырақ және нақты
жауап берілсе немесе маңызды мәліметтермен толықтырылса, осы студент таныссушысы
болып табылатын кіші топқа 1 балл қосылады. Оқытушы студенттерідң жауаптарын түзетіп
отырады.
5 қадам. Кіші топтарда жұмыс істеу қорытындысы шығарылады. Әр кіші топтың
қорытынды баллы хабарланады. Оқытушы осы сұрау түрі туралы студенттердің ойын
сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер уақыт
жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.
Оқытушы «кіші топтарда жұмыс» әдісі бойынша сұраудың аяқталуына қарай студенттерге
сабақтың келесі сатысы «Тақырыптық науқасты клиникалық талдауға» ӛтетіндігін
хабарлайды.
* «Рӛлдік ойын» әдісі. Ұзақтығы – 45 мин.
Белсенді оқытудың имитациялық ойындық әдісі, келесі
белгілермен сипатталады:
тапсырманың болуы (мәселе) және шешім шығаратын
қатысушылар арасында рӛлді бӛлу;
ойын қатысушыларының ӛзара қатынасы. Әрқайсысы
ӛз рӛліне сәйкес басқа қатысушылардың ойымен келісуге
немесе келіспеуге құқылы, ӛз ойын білдіре алады немесе т.б.;
сабақ үрдісіне оқытушы түзету шараларын енгізеді. Оқытушы талдауды үзіп, осы
тапсырманы шешу кезінде ескерілуі қажет кейбір жаңа мәліметтерді хабарлай алады, талдау
арнасын басқа жаққа бұра алады және т.б.;
оқытушы және студенттер ойынының қорытындысын шығару және нәтижелерін бағалау.
Назар аударыңыз! Рӛлдік ойын ӛз функцияларын атқаруы және педагогикалық мақсатты
шешуі үшін, топтық ӛзара қатынас мақсатын, қатысушыларды таңдау принциптерін ескере
отырып, ойынға қатысатын топтарды құрастыру және ұйымдастыру аспектілерін толық