Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата30.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#18490
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 

 

31 



 

Берілген  оқу  құралында  мысал  ретінде  ұсынылатын  конференция  тақырыбы 

«Балалардағы тыныс мүшелерінің тұқымқуалайтын аурулары». Оқытушымен алдан ала  (3-4 

күн бұрын) 6-7 баяндама (тақырыптары тӛменде келтірілген) бӛлінеді. 



1  қадам.  Конференцияның  ӛзектілігін,  мақсаты  мен  міндеттерін  анықтағаннан  кейін 

оқытушыберілген  тақырып  сұрақтарын  негізінен  «конференция»  түрінде  меңгерген  дұрыс 

екендігін  түсіндіреді.  Студенттерде  баяндамаларды  жақсылап  тыңдалғаннан  кейін  сәйкес 

тақырып  бойынша  теориялық  білімі  қалыптасады.  Конференцияның  әр  қатысушысына 

белсенді  қатысу,  баяндама  тыңдау  аяқталғаннан  кейін  сұрақтар  қою  ұсынылады. 

Конференция соңында кері байланыс жүргізілу және талдау жоспарланады.  

Ескерту: сабақтың осы түрінің маңыздылығын арттыру үшін алдын-ала конференция 

бағдарламасын 

дайындаған 

дұрыс, 


мамандықтар 

бойынша 


ғылыми-тәжірибелік 

конференциялардың бағдарламаларына ұқсас (егер мүмкіндік болса, типографиялық әдіспен 

басып шығару немесе сәйкесінше рәсімдеп ПК шығару). Мұны жауапты студентке тапсыру 

(қалауы бойынша, белсенді студентке немесе топ старостасына). 

Бағдарламада  конференция  аты,  күні  мен  ӛткізілетін  орны,  тӛрағасы,  хатшы, 

баяндамалар  аты  мен  баяндамашылардың  аты-жӛні,  әр  баяндамашыға  берілетін  уақыт  (5-7 

мин) беріледі. Тӛраға студенттердің дауыс беруі нәтижесінде таңдалады, хатшыны оқытушы 

тағайындай алады. Егер берілген ұсыныстар қандай да бір себептермен орындалмаған болса, 

оқытушы келесі 2-қадамға кӛшеді. 

Баяндамашылар үшін «мінбе», «кафедраны» дайындау.   

Конференция барысында  видеотүсірілім жүргізуге болады. 

2 қадам.Оқытушы «Конференцияны» жүргізу шарттарымен таныстырады: 

  студенттермен тӛраға таңдалады; 

  баяндамалар  нақты  және  анық,  кӛрнекілермен  рәсімделген  (электронды  презентация 

түрінде) болуы керек,  регламент 5-7 минут; 

  баяндама аяқталуына қарай конференция қатысушыларына сұрақтар қойылуы мүмкін; 

  баяндамашыны баяндама жасау кезінде үзуге болмайды; 

  студенттер баяндаманы аяқталғаннан кейін толықтыра алады; 

  талдау кезінде барлық конференцияға қатысқан студенттер қатыса алады



3  қадам.Конференция тӛрағасы конференцияның ашылуы туралы хабарлайды және барлық 

қатысушыларға  жақсы  жұмыс  тілейді.  Баяндама  тақырыбын  хабарлайды  және  мінбеге 

баяндамашыны  шақырады  (кейін  баяндама  тақырыптары  келтіріледі).  Кейін  тӛраға 

баяндамаларды және баяндамашылардың аты-жӛнін атайды, аудиториядан сұрақтары бар ма 

немесе жоқ па сұрайды, конференция барысында баяндамаға, сонымен қатар, сұрақтар мен 

жауаптарға да түзетулер енгізе алады.  



4  қадам.  «Идиопатиялық  фиброздаушы  альвеолит  (Хаммен-Рич  синдромы)».  Баяндамашы 

мінбеге шығып, ауызша түрде баяндама жасайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.  



5  қадам.Екінші  студент  «Біріншілік  ӛкпелік  гипертензия  (Айерз  синдромы)»  тақырыбына 

баяндама  жасайды,    этиологиясын,  патогенезін,  клиникалық  ерекшеліктерін,  диагностика 

және  ауруды  емдеу  әдістері  мен  салыстырмалы  тұрғыда  дифференциялық  диагностикасын 

баяндайды. Оқытушы баяндамашымен ұсынылған ақпаратты нақтылап, толықтыра алады. 



6  қадам.Үшінші  баяндамашы  «Біріншілік  цилиарлы  дискинезия  (Картагенер  синдромы)» 

тақырыбына  баяндама  жасайды,  этиологиясын,  патогенезін,  клиникалық  кӛріністерін, 

диагностика  әдістерін,  аурудың  емдеу  әдістерін  баяндайды  және  салыстырмалы  тұрғыда 



 

 

32 



 

дифференциялық  диагностика  жүргізеді.  Оқытушы  қажет  болған  жағдайда  баяндамаға 

түзетулер енгізе алады. 

7 қадам. Тӛртінші студент «Жанұялық ӛкпелік эмфизема (α1-антитрипсин жетіспеушілігі)» 

тақырыбына  баяндама  жасайды,  этиологиясын,  патогенезін,  клиникалық  ерекшеліктерін, 

диагностика  және  ауруды  емдеу  әдістері  мен  салыстырмалы  тұрғыда  дифференциялық 

диагностикасын  баяндайды.  Қойылған  сұрақтарға  жауап  береді.  Оқытушы  баяндамашымен 

ұсынылған ақпаратты нақтылап, толықтыра алады.  

8  қадам.  Бесінші  қатысушы  «Идиопатиялық  гемосидероз»  тақырыбын  баяндайды, 

этиология,  патогенезі,  клиникалық  ерекшеліктерін,  диагностика  әдістерін,  ауру  емі  туралы 

айтады  және  салыстырмалы  тұрғыда  дифференциялық  диагностика  жүргізеді.  Қойылған 

сұрақтарға жауап береді. Оқытушы қажет болған жағдайда баяндамаға түзетулер енгізеді. 



9  қадам.  Алтыншы  баяндамашы  «Гудпасчер  синдромы,  Альвеолярлы  микролитиаз» 

тақырыбына  баяндама  жасайды,  этиология,  патогенезі,  клиникалық  ерекшеліктері, 

диагностика әдістері, ауру емі туралы айтады және салыстырмалы тұрғыда дифференциялық 

диагностика жүргізеді. Оқытушы қажет болған жағдайда баяндамаға түзетулер енгізеді.  



10  қадам.  Оқытушылар  баяндамалармен  таныстыру  аяқталғандығын  хабарлайды,  барлық 

баяндамашылар  туралы  айтады,  қорытынды  шығарады.  Қатысушыларды  конференция 

тақырыптарының  мақсаттарына  жеткені  және  қойылған  міндеттердің  шешілгендігі  туралы 

ақпараттандырады.   



11 қадам.  Оқытушы ӛзі қорытынды жасайды: 

 

қаншалықты сұрақтар ашылды



 

жауаптардың нақтылығы мен толықтығы

 

терминологиялық тұрғыда дұрыс сӛйлеуі; 



 

сұрақтар қою және жауап беру кезінде коммуникативті дағдыларын кӛрсетуі; 

 

студенттердің  ішінде  кім  үздік,  кім  жақсы  дайындалған,  кімнің  білімінде  кемшіліктер 



бар; 

 

тӛрағалық және конференция қатысушыларының белсенділігін талдайды.  



12  қадам.  Оқытушы  конференция  түрінде  сабақты  жүргізу  түрі  туралы  студенттердің 

ойымен  бӛлісуін  сұрайды  –  не қызық  болды, немесе  керісінше,  не  күрделі  болды  және  т.б. 

Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.  

Ескерту:  егер  конференция  кезінде  видеотүсірілім  жүргізілген  болса,  онда  конференцияны 

талдай отырып, түсірілімді кӛруді ұйымдастыруға болады.  

 

* Видеотүсірілім ұйымдастырылуымен жүргізілетін мини-конференция  

Бұл әдісте видеотүсірілім кӛрсетіле отырып, топтың басқа мүшелері 

ойларымен  бӛліседі,  резидент-педиатрларды  оқытуда  №1  бала 

аурулары кафедрасында кеңінен қолданылады. Ұзақтығы – 100  мин. 

Оқытушы миниконференция әдісі кӛмегімен талдауға келетін 

сабақтың 

тақырыбын 

таңдайды, 

мысалы 

«Балалардағы 



тұқымқуалайтын алмасулық аурулар». Алдын-ала қатысушыларға 3-

5  мин  созылатын  хабарлама  дайындау  ұсынылады.  Сабақ 

тақырыбының  нақты  тапсырмасын  ашу  үшін.  Ауызша  баяндама  оқытушымен  ұсынылатын   

электронды презентациямен кӛркемделуі және талаптарға сәйкес рәсімделуі керек (6-7 слайд, 

тақырыбы, мақсаты, нәтижесі, қорытындысы, кӛрнекіліктер).   



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау