Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет13/18
Дата30.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#18490
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 

 

29 



 

2 қадам. Оқытушы «балық сүйегі» әдісінің жүргізілу шарттарымен таныстырады: 

- студенттерге ұсынылған карточкалардың кӛмегімен жан жағы аурудың этиологиясы, емдеу 

әдістері туралы сұрақтарға жауаптардан тұратын  «балық қаңқасын» құрастыру ұсынылады, 

Балықтың  негізі  (қаңқасы,  каркасы)  осы  ауру  кезіндегі  клиникалық  синдромдар 

(симптомдар)  сұрақтарына  жауаптардан  тұрады.  Балықтың  құйрығы  аурудың  алдын-алу 

сұрақтарының жауаптарынан тұрады. Сонымен қатар, сұрақтарға жауаптар нақты, анық және 

біреу керек.  

Дұрыс жауап үшін әр студентке 0 баллдан 100 баллға дейін беріледі. 



3  қадам.  Қатысатын  студенттердің  ішінен  экспертті  таңдау  қажет,  ол  жұмыс  тобындағы 

студенттердің жауаптарын бағалайды және түзетеді.  



4  қадам.  Үстелге  студенттердің  алдына  таза  карточкалар  қойылады,  олардың  саны 

ұсынылатын жауаптардың санына сәйкес келеді.  



5 қадам. Тақтаға балық сүйегінің суреті барплакат ілінеді.  

6  қадам.  «Ауру  этиологиясы»  деген  сұраққа  әр  студент  ӛзіне  таза  бір  карточка  алып,  оған 

оның ойынша дұрыс деп санайтын жауапты жазады. 



7  қадам.  Студенттер  жауабы  бар  карточканы  этиологиясы  (ауруды  тудырушы  себептер) 

бойынша сұрақтары бар жағына бекітеді. Сонымен қатар, студент неге осы жауапты дұрыс 

деп санайтындығын түсіндіреді. 

8 қадам. Балық қаңқасының бір жағын құрастырып болғаннан кейін, студентерге балықтың 

негізін  қалау  ұсынылады,  ол  «патогенезінің  негізгі  механизмдері»,  «негізгі  клиникалық 

синдромдары» сұрақтарынан тұрады.  

9  қадам.  Этиологиясына  сәйкес  студент  таза  карточкаға  жауабын  жазады.  Студенттерге 

ұсынылған  жауапты  талдау  барысында,  оқытушы  студенттердің  жауабын  түсіндіреді  және 

түзетулер енгізеді. 

10 қадам. Кейіннен студенттерге балықтың екінші  жағын  құрастыру  ұсынылады, ол  негізгі 

емдеу әдістерінен тұрады.  



11 қадам. Жауабы бар карточканы студенттер емдеу әдістері туралы сұрақтары бар жағына 

бекітеді  (препараттар  тобы  мен  дозаларын  кӛрсете  отырып).  Сонымен  қатар,  студент 

неліктен  осы  жауапты  дұрыс  деп  санайтындығын  түсіндіреді.  Оқытушы  қажетінше 

жауаптарға түзетулер енгізеді.  



12 қадам. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін оқытушы қаланған балық қаңқасына 

барлық студенттердің назар аударуын ұсынады және студенттердің біреуіне жалпыландыру 

ұсынылады. Оқытушы жалпыландыру барысында студентті түзетіп отырады.  

13  қадам.  Эксперт–студентке  студенттердің  сұрақтары  бойынша  олардың  дұрыстығына 

қарай жалпыландыру жасау ұсынылады.  



14  қадам.  Оқытушы  одан  кейін  қорытынды  жасайды  –  сұрақтар  қаншалықты  ашылды, 

жауаптардың нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда дұрыс сӛйлеуі,  жұмыс 

кезінде коммуникативті дағдыларын кӛрсетуі, студенттердің қайсысы үздік, қайсысы жақсы 

дайындалған, кімнің білімін толықтыруы қажет екендігі анықталады.  



15  қадам.  Оқытушы  студенттерге  карточкалар  кӛмегімен  сұрау  түрі  туралы  ойларын 

жеткізуін сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер 

уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.  

 



 

 

30 



 

Ескерту: 

Токио 


университетінің 

профессоры  КаоруИшикава  (KaoruIshikawa) 

(1915-1989),сапа  басқару  саласының  ірі 

маманы.  «KonSi–Fishbone-IshikawaDiagram» 

бағдарламасы  әртүрлі  қызмет  саласында 

қолданыс  тапқан.  Қызмет  кӛрсету  немесе 

ӛнім сапасын тӛмендетуге алып келетін сапа 

басқару жүйесінде себептерін анықтау үшін 

Исикаваның  «Балық  сүйегі»  диаграммасы 

ерекше 


қолданылады. 

Исикаваның 

диаграмма 

құрастыру 

әдісішынайы 

тәжірибелік  жағдайларға  жеңіл  қолданылуында,  әсіресе,  аналитикке  кездесетінкомпания 

жұмысының 

барысында 

туындайтын 

мәселелі 

жағдайларды 

меңгеруде 

(WWW.MARKETING-SOFT.RU).

  

 



* «Конференция» әдісі. Ұзақтығы – 50 мин. 

Белсенді оқытудың берілген әдісі сабақтың тақырыбы 

күрделі  болған  кезде,  сирек  кездесетін  ауруларды 

меңгеруде  (тұқымқуалайтын,  туа  біткен  және  басқа 

аурулар),  клиникада  тақырыптық  науқастар  болмаған 

кезде,  клиникалық  талдауларды  жасау  мүмкіндігі 

болмаған кезде қолайлы.  

«Конференция»әдісінің артықшылықтары

1.  Берілген ауру ерекшеліктерін суреттеу дағдысы 

қалыптасады 

2.  Жылдам қимылдау дағдысы қалыптасады 

3.  Негізгілерін анықтау дағдысы қалыптасады 

4.  Кӛпшілік алдында баяндамамен сӛйлеу дағдысы қалыптасады 

5.  Коммуникативті дағдылары қалыптасады – жауап берушіге деген сыйластық қатынасы 

6.  Берілген мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады 

7.  Әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді 

8.  Сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бойынша білімдерінің 

сызықтық жүйесі түзіледі 

Әр баяндамашы конференцияға дайындалу барысында тақырыпты терең меңгереді. 

Баяндамалар кӛрнекі материалдарын (схемалар, А3 форматындағы кестелер, фотосуреттер

суреттер) кӛрсету арқылы ауызша түрде болуы да мүмкін, сонымен қатар, электронды 

презентация түрінде болуы мүмкін.   

Презентация  8-10  слайд  кӛлемінде  болуы  керек,  бірінші  слайдта  тақырыбы, 

баяндамашының  аты-жӛні,  факультеті,  курсы,  топ  нӛмірі,  дайындаған  күні  кӛрсетіледі. 

Кейіннен  тақырыптың  ӛзектілігі,  статистикалық  мәліметтер  беріледі,  тақырып  ашылады, 

қорытынды жасалады. Слайдтарда мәтіндік бӛлімі 10 қатардан аспауы керек, бағана шрифті 

30 болуы керек. Презентацияда негізінен ақпараттық кӛрнекіліктер болуы керек. Слайдтарды 

рәсімдеу  қарапайым  болуы  керек,  ӛте  қанық  шрифттер,  анимациялық  суреттер, 

карикатуралар  және  т.б.  қолданылмайды,  анимация  қолданылу  ұсынылмайды.  Түстерге 

қойылатын  талаптар  –  1  слайдта  3  түстен  артық  болмауы  керек.  Студент  баяндама 

материалын  терең  меңгеруі  қажет,  баяндама  мәтіні  немесе  слайдтан  оқып  беру 

ұсынылмайды. 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау