Дәріс №14. Халықаралық маркетинг
Халықаралық маркетингтің мәні
Халықаралық маркетинг ортасы
Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері
Маркетинг -микс
1сұрақ: Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын 2 фактор бар:
1. Ішкі нарықтың даму деңгейі тауарлармен толтырылған жағдайда бәсекелестердің көбеюі. Осыдан шетел нарықтарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады.
2. Фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктерінің шілігінің өсуі. Осы жағдайларда фирмалар халықаралық маркетингпен кеңірек айналысады және олар трансұлттық корпорациялар есебіне кіруі мүмкін . Өйткені олардың капиталы халықаралық сипат алады.
2. Шетелдердің басқа елдерден тауарлар мен қызметтерді қабылдауға дайындығын және олардың шетелдік фирмалар үшін тартымдылығы экономикалық, саяси құқықтық және т.б. орталарға тәуелді болады.
2 сұрақ. Халықаралық маркетингтің келесідей орталары бар:1.Экономикалық орта- өмір суру деңгейіне, ЖҰӨ көлеміне экономикалық даму деңгейіне және валюта тұрақтылығына байланысты
2.Саяси құқықтық орта.- Басқа елдермен іскерлік қатынастарды орнату үшін мына факторларды ескеру қажет : шетелде тауар сатып алу жағдайы, ондағы саяси тұрақтылық , валюталық шектеулер, мемлекеттік аппарат жағдайы .
Саяси тұрақтылық- Үкімет ауысқан сайын саяси өзгерістер болуы мүмкін. Мұның бәрі шетелдік кәсіпкерлік әрекетіне әсер етеді. Кейбір жағдайларда үкімет ұлттық валютаны шетел валютасына айырбастауға шек қойып, сауданы тек ұлттық валютада жүргізуді талап етеді.
3. Мәдени орта . Әр елдің өзінің дәстүрі, тілі, ережесі қойылған шектеулері болуы мүмкін. Маркетинг бағдарламасын шетелде құру құру алдында, ол елдегі тұтынушылардың салт-дәстүрін тауарға деген халықтың көзқарасын, тұтыну мүмкіндігін зерттеп білу керек.
Егер елдегі салт-дәстүрді қарастыратын болсақ : Мысалы, индияға сиыр етін сатуға болмайды, себебі ол қасиетті.
3 сұрақ: Шетелде тауарын өткізумен айналысу үшін сол рынокқа шығуды тиімді тәсілін таңдау қажет. Сыртқы рынокқа шығудың төмендегідей стратегиялары бар;
1.Экспорт – тауарды шетелге шығарудың ең оңай түрі болып табылады.
Жүйесіз экспорт дегеніміз-фирма кей кезде ғана өзінің артық тауарларын экспортқа шығарады және шетелдік фирмалалардың көтерме саудагерлеріне сатады.
Белсенді экспорт дегеніміз - Фирма белгілі рынокқа өзінің экспорттық опекрацияларын ұлғайту мақсатын қойған жағдайда қалыптасады.
Фирма экспорттың жүргізу тәсілдері мынандай :
1) Жанама экспорт. Тәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдарыарқылы жүргізеді. Бұл экспорт тәсілі экспорт әрекетімен айналысуды жаңадан бастаған фирмалар арасында кең тараған.
2) Тікелей экспорт тәсілдерде экспорттық операцияларды фирма өз
бетінше жүргізеді.
2. Бірлескен кәсіпкерлік. Отандық кәсіпорындар және шетелдік фирма
өндіріс және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіреді нәтижесінде бірлескен өндіріс күштері құрылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің 4 түрі орын алған.
1.Лицензия алу дегеніміз - лицензияны сатушы өндіріс үдересін, тауар белгісін, патентті, сауда құпиясын қолдану құқын қаламақыға немесе лицензиялық төлемге айырбастайды. Бұл тәсіл арқылы лицензия сатушы.
2. Медігерлік өндіріс стратегиясында шетел кәсіпкері жергілікті өндірушілермен бірлесе тауарды келісімін жасайды.
3. Келісм бойынша басқару стратегиясында отандық фирма шетелдік серіктеске басқару саласындағы өзінің «ноу хоуын» ұсынады. Мысалы: осы тәсіл арқылы әлемнің әр түрлі жерлерінде «Хилтон» фирмасы отель жұмыстарын ұйымдастырған.
әректтерге қатысудың толық түрдегі формасы ретінде шетелде қарастырған кәсіпорындар немесе өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру болады. Тікелей инвестициялардың артықшылықтары мыналар:
1.Арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қолдану, көлік шығындарын азайту арқылы фирма қаражатын үнемдеу мүмкіндігіне қол жткізеді.
2. Жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, серіктес елде өзіне жағымды бейне қалыптастырады.
4сұрақ: Бір немесе бірнеше шет ел нарықтарында жұмыс істейтін фирма мынадай иаркетинг кешені элементтері негізінде қызмет атқарады.
1) Тауар. Тауарды шетел нарығына 3 түрлі жолмен бейнелеуге болады.
1. тауарды өзгертпей шетел нарығына ұсыну
2. тауарды шетел нарығының талаптарына сай бейімдеу
Мысалы: «Дженерал футс» фирмасы әрбір елге түрлі (ағылшындарға сүт қосқан , француздарға сүтсіз) кофе ұсынады.
3. Жаңа өнім түрін ұсыну
2) Баға. Фирма баға белгілеу мәселесін сырқы нарықта қатаң жүргізеді. Мына баға стратегияларын қолданды:
1. Барлық елде бағаның бірдей деңгейін қолдану
2. Әр елдің нарық бағасын әр қалай белгілеу
3. Әр елдегі шығындар негізінде баға белгіліеу
3) Тауарды жылжыту (коммуникация). Фирма сыртқы нарықтағы бұрын қалыптасқан жылжыту әдістерін қолдануы немесе оларды нарық ерекшеліктеріне сай бейімдеуі мүмкін.
Мысалы: японияда ақ түспен қаза мұңы белгіленеді., ал Латын Америкасында оны қызыл түс сипаттайды. Кейбір жағдайда тауардың атын өзгертуде тура келеді.
Мысалы: Эллен Кертис фиромасы Швецияда «кешкі» атты сусабынын сатқанда оны «күндіс» деп атаған себебі, Шведер шаштарын тек таңертең жуады.
Мысалы: Норвегиямен Швецияда теле жарнама қолданбайды, Францияда ішімдіктер мен шылым жарнамасы жүргізілмейді.
4) Өткізу арналары. Халықаралық маркетингте сатушы мен сатып алушы арасында 3 саты қалыптасқан.
1) Өндірушінің халықаралық маркетинг бөлімшесі тауарды өткізу арналарымен маркетинг стратегияларының басқада құрылымдары жайлы шешім қабылдайды.
2) Мемлекеттер аралығындағы арналар шетел шекарасына дейін тауарды жеткізуді ұйымдастырады.
3) Шетел мемлекетіндегі ішкі арналар тауарды шекарадан түпкі тұтынушыға жеткізумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |