Есеп өндірістік (педагогикалық)



жүктеу 48,63 Kb.
бет1/5
Дата23.04.2022
өлшемі48,63 Kb.
#38307
  1   2   3   4   5
Практика Өндірістік 1 (копия) (копия)


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКА МЕКТЕБІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

ЕСЕП

Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша

(іс-тәжірибе түрі)



Күндізгі оқу түрі 4 курс білім алушысы

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бойынша

Советханова Ақбота Жайдарбекқызы

(білім алушының А.Ә.Т.)

Іс-тәжірибе өткен орны:

ШҚО білім беру басқармасы Өскемен қаласындағы "Нұрорда мектеп-лицейі" мекемесі

(Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)

Іс-тәжірибе мерзімі:



2022 ж.ж «24» қаңтар - «1» сәуір

Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) іс-тәжірибе жетекшісі:

Сынып жетекшісі: Калыкова А.Ж

Мектеп директоры: Мехмет Желал Жан

(Қолы)

М.О.


С.Аманжолов атындағы ШҚУ іс-тәжірибе жетекшісі:

Зинченко И.В _________________________

(Қолы)

Қорытынды баға: _____________



Өскемен қ. 2022ж.

Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша есеп



Есеп мәтіні

Мен Советханова Ақбота Жайдарбекқызы өндірістік іс-тәжірибемді Нұрорда мектеп-лицейінде өттім. Тәжірибенің өту аралығы 24.01.2022-01.04.2022 жж. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, жұмысқа қатысты заңдарымен, білім беру жүйелерімен, бағдарламаларымен танысу. Сонымен қатар қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасап көру. Балалармен тығыз жұмыс жасау, оларды түсіну, сабақ беру сонымен қатар:

-мектеп бағдарламасы бойынша пәндерден сабақ жүргізуді меңгеру;

- пән бойынша жылдық жоспарды жасауды үйрену;

- тақырыптық жоспарды жасай алу;

- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;

- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;

- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;

- ашық сабақ өткізу;

- сынып оқушыларына психологиялық мінездеме түзуді меңгеру;

- сыныптағы психологиялық климатты анықтау,

– оқушылардың білімін бағалаудағы педагогикалық қағидаларды меңгеру;

– жалпы мектеп мұғаліміне қажетті педагогикалық ұстанымдарды меңгеруге дағдылану.Бағдарламаның талаптарына сабақтың материалының сәйкестілігі, ғылымилығы, материалдың жүйелігі, ұғымдылығы. Мұғалімнің теориялық материалын білуі мен сыныппен жұмыс жасауы.

1. Оқытудың әдістері.

Қолданылған әдістердің мазмұны мен түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Оқытудың принциптерін іс жүзінде енгізу. Оқушылардың өз беттерінше жасаған жұмыстарының түрлері, олардың әдістемелік құндылығы. Оқушылардың білімдерінің сапалығы мен бағалаудың тәсілдері. Үй тапсырмаларын тексеру, оларды орындаудың тәсілдері.

2. Оқушылардың тәртібі

Оқушылардың қызығушылығы, ұқыптылығы, назары, тәртібі. Сабақтағы оқушылармен үй тапсырмасын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі. Оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасы.

3. Мұғалімнің қызметі

Сыныптың жұмысын ұйымдастырудағы белсенділігін, қызығушылығын, назарын аударуды ұйымдастыра білуі. Әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, олармен қарым-қатынас жасауы.

Жұмыс барысындағы дауыс мәнерлігі мен стилі, педагогикалық тапқырлық; мұғалімнің сыртқы түрі; сөйлеудегі дауысы мен мәдениеті.

4. Сабақтың нәтижесі

Жоспарын орындау, мақсатқа жету. Оқушылардың алған білімдерінің көлемі мен сапасы (саналылығы, тереңділігі, беріктігі). Сабақтың тәрбиелік, білім берушілік, дамытушылық міндеттері.

5. Қорытынды жасау және шешімі.

«Сабақ беріп көру» практикасына байланысты мен дайындық жұмыстарын жүргіздім. Бір апта бұрын бөлінген сыныптар бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жоспарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік папка жасап бастадым. Мен оқу жоспарларын қарастыру барысында ортақ тақырыптардың және тілдік мақсаттардың маңызы талқылап қарадым. Сонымен қатар,

- белсенді оқытудың артықшылықтары мен қиындықтары қандай?;

- оқудағы кедергілерді қалай жоюға болады?;

- оқудың қандай белгісіне қарап оны белсенді оқу деп айта аламыз?;

- белсенді оқушылармен жұмыс жасау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады? т.б. сұрақтар аясында сұрақтарға жауап таба білдім.

Практика бірінші аптада сабақ бақылау жұмыстары, яғни мен оқушыларды меңгеріп, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысып отырдым. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағанымды арнайы күнделікке жазып, толтырып отырдым. Сынып құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне көрсетіп қойылды. Мен өткізетін сабақтардың тақырыптарын анықтап, жоспар құрып жаздым.

Екінші аптадан бастап оқушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысына оралып, пәндер бойынша сабаққа белсене кірісті және сынып жетекшісі де менің міндет мақсаттарымды түсіндіріп берді. Оған әрбір студент:

- математика, қазақ тілі, ана тілі пәндерінен 3 сабақтан;

- дүниеттану, бейнелеу, еңбек, дене тәрбиесі, (ағылшын, информатика) пәндерінен 1 сабақтан;

- бірден кем емес сыныптан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткізу;

сабақтардан белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың төмендегідей әдіс – тәсілдерін қолданғандықтары байқалды.

- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;

- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру:

- жеке және топтық жұмыс;

- бірін-бірі оқыту;

- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану;

- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;

- тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

- математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

- тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша);

- оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Практика кезінде оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтар көп болды: өзіме сенімді болып, еркін ұстауды, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алу) өткізу, көрнекіліктердің эстетикалық талапқа сай болу, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді.

Мен бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу мақсатында «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» құралындағы бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бөліп, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырдым және БЖБ, ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үдерісіне қатысып, балл қойып, ата-аналарға арналған ақпараттан тұратын рубрика дайындау жұмыстарына қатыстым.

Сынып жетекшісімен бірге төмендегідей жұмыстарды атқардым:

Сынып ұжымымен өткізетін тәрбие жұмысының жоспарын толтырдым, сынып жетекшісінің дәптері, оқушылардың күнделіктері, оқушылардың жеке құжаттарымен жұмыс жасадым, оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар, тәрбиелік шаралар жинақталған папкалармен таныстым. Тәжірибе уақытында бекітілген сынып оқушыларын бақылап, жинақталған ақпараттардың бағыттарын анықтап мінездеменің жобасын құрастырдым. (сынып журналы мен құжаттарды оқып танысу; оқушылармен, оқытушылармен, психолог пен әлеуметтік педагогпен әңгіме жүргізу); сонымен қатар тәрбие сағатын өткіздім. Жетекшіміздің бағыт-бағдарына сәйкес өзімізге пән бойынша түрлі мағлұматтарды жинақтап, оның білім, біліктілік және дағды секілді құрылымдарымен таныстық. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармады. Сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдануды үйрендім.





жүктеу 48,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау