Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
6-қосымша
Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке
толмағандарды ұстау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қағида кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін, олардың білім беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасы саласындағы құзыретін айқындайды.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауды және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарына енгізілетін мемлекеттік ұйым болып табылады.
2. Орталық мемелекеттік органдарымен, сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдармен, өзара іс қимылда болады.
3. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, осы Қағидаға және орталықтың Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сонымен қатар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды қабылдауды, олардың ата-аналарын анықтағанға дейін уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және бұдан әрі орналастыруды, қамтамасыз ету, болып табылады.
5. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) өмiрде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
2) кәсіптік-еңбек, оқу-танымдық және шынықтыру-сауықтыру бағыттарындағы компонеттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларын әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру;
4) Орталықтағы кәмелетке толмағандарға медициналық қызмет көрсетуді және білім беруді ұйымдастыру;
5) Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдармен (бұдан әрі - Орган) өзара байланысы;
6) Орталықтағы кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға көмек көрсету;
7) кәмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздықты және панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу;
8) Орталықтағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
6. Орталық келесі блоктардан құрылады:
1) баспана-тұрмыстық блог (жатын бөлмелер, оқу сыныптары, ойын бөлмелері, кинозал, кітапхана, гигиена бөлмелері);
2) медициналық блог (медициналық пункт, изолятор);
3) әкімшілік-шаруашылық блог (асхана, қызметтік кабинеттер және шаруашылық орындары).
7. Орталықтың техникалық жабдықталуы кәмелетке толмағандарға еркін кіруге және орталықтан тысқары шығуға мүмкіндік беруді, тәулік бойы бақылау жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.
2. Кәмелетке толмағандарды қабылдау, ұстау және шығару тәртібі
8. Орталыққа:
1) ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасынан (оларды бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар;
3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар қабылданады.
9. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін:
1) осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;
2) осы Қағиданың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысына міндетті түрде:
1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
2) кәмелетке толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің мінездемесі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
3) туу туралы куәлігі (бар болған жағдайда);
4) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) медициналық құжаттар (егу құжаты және амбулаторлық картасы бар болған жағдайда) тіркеледі.
10. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағиданың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар осы Қағиданың 1) қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орталыққа қабылдаудың актісі негізінде қабылданып, ол туралы Орталықтың әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жазбаша түрде прокуратура органдарын хабардар етуге міндетті.
11. Осы Қағиданың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш тәулік ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органына панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.
12. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы шығарады.
13. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау және Орталықтан шығару Орталықтың басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
14. Орталыққа қабылданатын кәмелетке толмағандар осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделген жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналында тіркеледі.
Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректері анықталғаннан кейін оған осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық таратушыларында есепке алу - статистикалық карточка толтырылады.
15. Осы Қағиданың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және бұдан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін қажетті уақытқа, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге орналастырылады.
16. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзіміне денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жариялаған карантин кезеңі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты, денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты және де стационарлық көмек беруі енбейді.
Орталық әкімшілігі бала мәртебесін растайтын оны әрі қарай орналастыру үшін баланың мәртебесін анықтайтын құжаттардың жинау жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды:
1) жергілкті атқарушы органдардың балалар үйіне жіберу туралы шешімі (әкімдік қаулысы);
2) туу туралы куәлігі (жеке бас куәлігі);
3) денсаулығының жай-күйі және егілуі туралы медициналық құжаттар;
4) балалардың білімі туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) № 1 қосымшаға сәйкес тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі;
6) ата-анасы туралы мәліметтер (ата-анасының өлімі туралы куәліктер көшірмелері, ата-аналарын ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу туралы, ата-аналарды хабарсыз жоғалып кетті немесе қабілетсіз (қабілеттілігі шектеулі) деп тану туралы, оларды өлді деп тану туралы сот шешімдері, ауруы туралы анықтама, ата-аналарын іздестіру туралы анықтама, адасқан (тастанды) баланы жеткізу туралы акті, ата-аналық құқығынан бас тарту және баланы асырап алуға келісімін беру туралы өтініш, баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдыру туралы акті, Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеу және құжаттандыру туралы мәліметтерді ұсыну туралы өтінім, патронаж туралы акті және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуі мүмкін еместігін растайтын өзге де құжаттар);
7) аға, апаларының және өзге де жақын туыстарының барлығы және тұратын мекенжайлары, телефондары, жұмыс орындары көрсетілген тұрғылықты жері туралы анықтама;
8) ата-аналар өлімінен кейінгі мүлік тізілімі, оның сақталуына жауап беретін тұлғалар туралы мәліметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үйді бекіту туралы құжаттар, кезек нөмірі көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алу үшін есепке тұрғызу туралы мәліметтер;
10) ата-аналардағы қозғалмайтын мүліктің барлығы туралы мәліметтер;
11) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына жеке есеп шотын ашу туралы келісім-шарттың көшірмесі (бар болған кезде), алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (балаға ата-анамен және оны алмастырушы тұлғамен алынған кезде);
12) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы;
13) балаға арналған сауалнама.
17. Осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта сот қаулысының негізінде болады, бірақ арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімнен аспауы тиіс.
18. Орталыққа алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу күйіндегі, сондай-ақ айқын психикалық аурудың белгілері бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға тыйым салынады.
19. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар жасына және жынысына қарай топтарға орналастырылады. Топтардағы балалар саны он бес адамнан аспауы тиіс.
20. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
21. Ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандармен психолог жеке-тәрбие жұмысын жүргізеді, ол туралы кәмелетке толмағандарға толтырылатын жеке істе тиісті жазба жазылады.
22. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау кезінде бастапқы медициналық тексеру жүргізіледі, орталыққа түскен сәтте кәмелетке толмағанның бар нәрселері мен құнды заттары тәркіленеді, ол туралы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау актісінде тиісті жазба жасалады және Орталықтан шыққан кезде қайтарылады. Орталыққа жұпыны киіммен түскен кәмелетке толмағанның сыртқы және ішкі киімдері ауыстырылады.
23. Білім беру процесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Орталықта болу мерзімін, оқу дайындығының деңгейін ескере отырып ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанның білім алуының нысаны туралы шешім психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен келісу бойынша қабылданады.
24. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарға осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке істер басталады, түпнұсқалары олар одан әрі орналасатын жерге жіберіледі.
25. Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмысын ұйымдастыру Орталыққа орналастыру негіздерін, педагогикалық бақылаусыздық деңгейін, жасын, отбасылық-тұрмыстық жағдайларын ескере отырып, жүзеге асырылады.
26. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандармен құқықтық оқыту және арнаулы білім беру ұйымында болудың алдағы жағдайларына әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
27. Орталықтан шыққан кезде кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерлеріне қатаң түрде ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің алып жүруімен немесе кәмелетке толмағанды Орталықтан шығару туралы бұйрықтың негізінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды қабылдау-беру туралы актісі бойынша оларды бұдан әрі орналастыру жерлеріне Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен жеткізіледі.
28. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен жеткізіледі.
Жасөспірім қыздарды алып жүру тек әйел жынысындағы Орталықтың әлеуметтік педагогтары жүзеге асырады.
29. Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен Орталықтан шығатын кәмелетке толмағандар орналасатын жерге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы белгілеген нормалар бойынша тегін жолақымен және азық-түлікпен немесе жол жүру уақытына ақшамен қамтамасыз етіледі.
30. Кәмелетке толмағанды Орталықтан шығарған кезде оның ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне Орталықта болғандығы туралы, денсаулығының қалпы туралы анықтамалар, үлгерімі жөніндегі табелі және педагогикалық-психологиялық мінездеме беріледі.
Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтарында кәмелетке
толмағандарды ұстау қағидасына
1-қосымша
нысан
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына кәмелетке
толмағандарды қабылдау актісі
20__ жылғы «___» _________ «___» сағат «___» минут
Мен,_________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
(орталықтың атауы)
азаматпен, ішкі істер органының қызметкерімен________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны,
_____________________________________________________________________
лауазымы, мекен жайы, телефоны)
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанды анықтаған орын, уақыт және жағдайлар)
__________________________анықталған, кәмелетке толмағанды жеткізгені туралы акт жасалады.
Кәмелетке толмағанның белгілері______________________________________
(бойы, салмағы, жасы, сөйлей білуі ерекше
_____________________________________________________________________
белгілері (мендер, тыртықтар т.б.) денесіндегі жаңа жарақаттар,
_____________________________________________________________________
зорлық әрекеттерінің белгілері)
Кәмелетке толмағаннан алынды_________________________________________
(шыққан кезде қайтарылуға жататын заттар, құндылықтар және құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанның тегін, аты-жөнін, жасын, ата-аналарын немесе
басқа заңды тұлғаларын, тұрғылықты жерін, жұмыс
_____________________________________________________________________
орнын, ата-анасының лауазымын, маңызы бар басқа деректерді)
________________________________________________ анықтау мүмкін болды
(сыртынан қарағанда кәмелетке толмағанның дені сау, ауру, дене жарақаты бар т.б.)
Қолы _____________________________________________________________________
(қаулыны толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)
Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтарында кәмелетке
толмағандарды ұстау қағидасына
2-қосымша
нысан
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген
кәмелетке толмағандарды есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының атауы)
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «___» _______ басталды.
20__ жылғы «___» _______ аяқталды.
Журналдың бағандары:
Реттік нөмірі.
Орталыққа жеткізілген күні мен уақыты.
Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты.
Туған жылы, айы, күні.
Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері туралы мәліметтер.
Тұрғылықты жері, телефоны (қажет болған жағдайда кәмелетке
толмағанды тәрбиеленген балалар мекемесінің атауы көрсетіледі).
Кім жеткізді (толық деректер).
Орталыққа орналастырудың негізі.
Орталықтан кеткен күні.
Кәмелетке толмаған кімге және қайда жіберілді.
Берудің негіздері.
Кәмелетке толмағанды берген лауазымды адамның тегі (Орталықтың қызметкері).
Кәмелетке толмағанды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қолы.
Журнал нөмірленеді, тігіледі және Орталықтың директорының қолымен және мөрімен бекітіледі.
Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтарында кәмелетке
толмағандарды ұстау қағидасына
3-қосымша
нысан
№ ___ Есепке алу - статистикалық карточкасы
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты ______________________________________________________________
3. Әкесінің аты _____________________________________________________
4. Туған күні, айы, жылы және туған жері ____________________________
5. Тұратын жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
(оқу орны, сынып, топ)
7. Ата-анасы туралы мәліметтер ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
туған күні, айы, жылы, тұратын жері, жұмысы)
8. Орналастыру негізі (керегін сызу керек): арнаулы білім беру
ұйымдарына жіберілген, қадағалаусыз және панасыз қалған, ата-анасының
немесе басқа заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған.
9. Ішкі істер органдарында есепте тұрды ма: иә, жоқ _________________
10. Қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма: иә, жоқ __________________
11. Ерекше белгілері ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Есепке алу-статистикалық карточкасының келесі жағы
Келген күні
|
Кеткен күні
|
Кімге және қашан берді
|
Есепке алу ісінің нөмірі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтарында кәмелетке
толмағандарды ұстау қағидасына
4-қосымша
нысан
№ ___ Жеке ісі
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты ______________________________________________________________
3. Әкесінің аты _____________________________________________________
Анықталған мәліметтер
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты ______________________________________________________________
3. Әкесінің аты _____________________________________________________
(Туған күні, айы, жылы)
20__ жылғы «___» _______ түсті.
20__ жылғы «___» ______ кетті.
_______ бетте.
Жеке іске төмендегі құжаттар қоса беріледі:
1. Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы.
2. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдаудың актісі.
3. Кәмелетке толмағанның жасын растайтын құжаттар.
4. Ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің болуы, олардың тұратын жері туралы мәліметтер.
5. Профилактикалық жұмыс жүргізу материалдары.
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7. Өзге де құжаттар.
Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтарында кәмелетке
толмағандарды ұстау қағидасына
5-қосымша
нысан
Кәмелетке толмағанды қабылдау - беру туралы
Акт
Мен,_________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
20___ жылғы «___» __________ сағат ______ минутта кәмелетке толмаған
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (кәмелетке толмағанды Орталыққа берген
_____________________________________________________________________
кездегі жолдаманың атауы мен нөмірі, лауазымды адамдардың тегі;
_____________________________________________________________________
ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне берген кезде кәмелетке
_____________________________________________________________________
толмағанды қабылдап алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туыстық
_____________________________________________________________________
дәрежесі, паспортының сериясы мен нөмірі, қашан және
_____________________________________________________________________
кімнің бергені, мекенжайы көрсетіледі) бердім.
Кәмелетке толмағанмен бірге мынадай заттар, ақша, бағалы заттар,
құжаттар берілді ____________________________________________________
(атап көрсетіледі)
Ескертпе ____________________________________________________________
Тапсырдым
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Қабылдап алдым ______________________________________________________
(баланы қабылдап алған адамның тегі, қолы)
20___ жылғы «___» ___________
Достарыңызбен бөлісу: |