ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет59/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79

121
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
біреуінен) немесе балалар қамқорлығында 
жүрген өзге тұлғалардан олардың өміріне неме-
се денсаулығына тікелей зиян келгенінен тар-
тып алған кезде;
3)  арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін кез-
де.
Кәмелетке толмаған балаларды Кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстау 
мәселелерін Кәмелетке толмаған балалар-
ды бейімделу орталықтарында ұстау ережелері 
реттейді, олар Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы 
№1 бұйрығымен бекітілген. Бұл ереже сот істі 
мәні бойынша қарағанға дейін балаларды тиісті 
жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді. Демек, қажет 
болған жағдайда және кәмелетке толмағандар 
істері жөніндегі комиссияның ұсыныстары болған 
жағдайда істің сотта шешілуіне дейін сот арыз 
берушінің өтініші бойынша кәмелетке толмаған ба-
ланы қысқа мерзімді ұстау үшін аталған Орталыққа 
жіберу туралы үкім шығаруға құқығы бар. 
Соттың кәмелетке толмаған баланы арнайы 
білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау режимі 
бар білім беру ұйымына жіберу туралы арызды 
қанағаттандыратын шешімі кәмелетке толмаған 
балаға тәрбие беру, оқыту және әлеуметтік 
бейімделу жағдайын қамтамасыз ету мақсатында 
баланы аталған ұйымдарға орналастыру үшін 
заңды факт болып табылады. 
шешім шығару болып табылады, оның қарарлық 
бөлігінде сот арыздың қабыл алмауға немесе 
қанағаттандыруға жататынын анықтайды. 
Аталған арыздарды қарастыру нәтижелері бойын-
ша шығарылған шешімдерді рәсімдеу тәртібі ҚР 
АІК-де белгіленген жалпы ережелерге, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 
жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімдері туралы» 
Нормативтік қаулысында белгіленген ережелерге 
бағынады. 
Кәмелетке толмаған бала арнайы білім беру 
ұйымына бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге 
жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған баланың 
арнайы білім беру ұйымында болуы тұлғаның 
кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер 
мекеме әкімшілігіне немесе кәмелетке толмаған 
тұлғалар істері және олардың құқығын қорғау 
жөніндегі аумақтық комиссияға ұсыну негізінде 
арнайы білім беру ұйымының орналасқан жеріндегі 
сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін 
осы шараларды қолдануды қажет етпейді деген 
пікірге келсе, мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін 
Кәмелетке толмаған баланың сот белгілеген арнайы 
білім беру ұйымдарында болу мерзімін арнайы білім 
беру ұйымы орналасқан сот Кәмелетке толмаған 
балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын 
алу заңының 13-бабының 2 және 3-тармақтарында 
белгіленген тәртіпте тек мына жағдайларда 
ұзартылуы мүмкін: 1) кәмелетке толмаған баланың 
жалпы білім беру немесе кәсіби даярлығын аяқтау 
қажеттілігі болған жағдайда, бірақ ол кәмелет жасқа 
толғанға дейінгі мерзімнен артық емес; 2) әкімшілік 
ықпал ету шараларын талап ететін жүйелі түрде 
құқық бұзушылықтар жасауы, бастауыш, негізгі 
орта және жалпы орта білім алудан қасақана бас 
тарту, отбасынан және балалар оқыту-тәрбиелеу 
ұйымдарынан өз бетінше жүйелі түрде кету, өзге де 
қоғамдық әрекеттерге қарсы әрекеттер жасау.
Кәмелетке толмаған баланы арнайы білім 
беру ұйымына жібергенге дейін сот кәмелет 
жасқа толмағанды тиісті Кәмелетке толмаған 
балалардың бейімделу орталығына жіберу ту-
ралы қаулы шығарады. Мұндай Орталықтар 
кәмелетке толмаған балаларды қабылдауды және 
уақытша ұстауды қамтамасыз ететін білім беру 
органдарының жүргізуінде болатын ұйымдарды 
білдіреді:
1) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі қараусыз 
қалған және панасыз балалардың ата-аналарын 
немесе өзге де заңды өкілдерін айқындау үшін;
2) ата-аналарынсыз немесе оларды алмастыру-
шы тұлғалардың қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды уақытында орналастыру мүмкіндігі 
болмаған жағдайда, сондай-ақ қамқоршы және 
қорғаншы органдар ата-аналарынан (олардың 


122
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар: 
6-тарау.  
Қылмыстық іс жүргізудегі 
әлеуметтік-педагогикалық 
қолдау


123
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
1.1. кәмелетке толмаған 
құқық бұзушының 
әлеуметтік-психологиялық 
мінездемесі 
Қазақстанда әлеуметтік жұмыс ҚР 2008 жылғы 
«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңымен 
енгізілген және даму кезеңінде. Сот төрелігі 
жүйесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 
әлеуметтік жұмысты енгізу мәселесі заңнама ре-
формасы шеңберінде талқылау пәні болып та-
былады. Сонымен қатар Қазақстанда әлеуметтік 
педагогтер институты бар. Осыған байланы-
сты осы тарауда Астана қаласындағы әлеуметтік 
педагогтердің заңмен байланысты балалармен 
жұмыс істеудің эксперименттік тәжірибесі сипат-
талады. 
Балалардың қылмыстық процеске қатысу мәселесі 
ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. 
Құқық бұзушылықты бодырмау және кәмелетке 
толмағандар арасындағы қылмыс құрбандарын 
қалпына келтіру құқық қорғау органдары және 
әлеуметтік қызметтер жұмысының аса маңызды 
аспектілерінің бірі болуы тиіс. 
Баланың басынан кешіретін дағдарыстық кезеңнің 
баланың өзі үшін де, олардың тәрбиесімен айна-
лысатын тұлғалардың да (ата-аналары, мұғалімдері 
және т.б.) мейлінше қиын кезеңі жасөспірімдік 
уақыттың дағдарысы болып табылады. 
Жасөспірімдік шақты мамандар өтпелі, күрделі, 
қиын, күйзелісті кезең деп сипаттайды. Аса 
қызбалығымен, эмоцияларының және тәртібінің 
тұрақсыздығымен жасөспірімдер өздерін-өздері 
нашар ұстайды, тез әсерленгіш және тұрақсыз, ол 
агрессивтілікті және шиеленісті арттыруға алып 
келеді. 
Кәмелетке толмаған баланың құқық бұзушылығына 
алып келетін әлеуметтік-психологиялық фак-
торлары мыналар болуы мүмкін: жасөспірімнің 
өз өмірі және өз әрекеттері үшін жауапкершілік 
ала білмеуі; жасөспірімнің белгілі бір нормалар-
ды және қағидаларды қабылдамауы («өзімдікі» 
және «өзгенікі» арасындағы шек, өзге адамның 
жеке шегінің құндылығы); сәтті түрде әлеуметтік 
бейімделуге қажетті білімнің жоқтығы (агрессияға 
позитивті реакция жасау тәсілдері, мәселелерді 
шиеленіссіз шешу әдістері және т.б.); сондай-
ақ отбасылық жүйенің ерекшелігі, балалар мен 
ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың 
ерекшеліктері; әлеуметтік байланысты үзу; өз бос 
уақытын ұйымдастыра білмеу; өз қажеттіліктеріне 
өз бетінше ақша таба білмеуі; мектептегі пробле-
малар немесе қызық әрі жақсы оқу орнын таба 
алмауы; тәжірибелі, сыйлы, үлкен адамның бол-
мауы; психикаға әсер ететін заттарды пайдалану; 
әртүрлі психологиялық ерекшеліктер (агрессия-
ны жүгендей білмеуі, конформдылығы және т.б.); 
құқықтық сауатсыздығы және т.б..
Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға тән 
әлеуметтік қатынастар ерекшеліктеріне оқу немесе 
еңбек ету ұжымымен тұрақты байланыс жасауды 
жоғалту, олардың құқықтық және адамгершілік 
құндылықтарын елемеушілігі жиі қосылады. 
Қылмыс жасаған жасөспірімдердің эмоционалдық-
жігерлік саласында көбінесе ұялу сезімінің әлсіреуі, 
өзгелердің күйзелісіне селсоқ қарым-қатынасы, 
өзін-өзі ұстай алмауы, тұрпайылық, өзін-өзі 
сынаудың жоқтығы көрінеді. 
Құқық бұзушы үшін жағдайдың салдарлары 
ата-аналар және маңызы бар үлкендердің, кей-
де достарының да тарапынан сенімді жоғалтуы 
болуы мүмкін; болған оқиға туралы бізге мәлім 
болғаннан кейін баланың мектептегі немесе өзге де 
оқу орнындағы жағдайының нашарлауы; «таңба» 
тағылуы, нәтижесінде жасөспірімге қылмыскер 
бейнесі бекітіледі; тергеу және сот процесі 
кезінде туындаған қатты сезімдер, әділетсіздікті, 
сенімсіздікті сезіну; әлеуметтен қол үзгендігін 
сезіну болуы мүмкін. 
Жсаөспірімнің әлеуметтік ортасы үшін зардаптар 
мыналар болып табылады: балаға деген сенімді 
жоғалту, ұялу сезімі, жағдайды шешу үшін пайда 
болған жауапкершілік (бұл кезде шешілмейтіндей 
болып көрінеді); қауіпсіздік сезімін жоғалту.
1-бөлім.
 
Қылмыстық сот ісі аясына 
жататын кәмелетке толмаған 
баланың әлеуметтік-
психологиялық сипаттамасы


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау