ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет65/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79

135
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
үйді солай бөлген, үйдің келесі бөлігінде екінші 
әйелімен тұрып жатыр)Покровкада уақытша 
тұрып жатқанын айтты. Роман әжесі мен атасында 
уақытша тұрып жатқанын, анасы үйдің өзіне тиесілі 
бөлігін сатқаннан кейін оған, яғни Покровкаға 
көшіп келетініне сенімді. «Қазір анам жиі келеді, 
қажетті нәрселердің бәрін алып келеді; маған атам 
мен әжеммен бірге тұру қолайлы әрі қызық: мен 
үй шаруасына көмектесемін және мектептегі до-
старыммен жақсы қарым-қатынастамын (Стас, Ва-
дим, Коля, Дима). Бір-екі айдан кейін бірге бола-
мыз» (сөзбе-сөз жазылған). 
Зерттеу кезінде бала әкесіне анасымен тұрғысы 
келетінін айтты, бірақ әкесі соттың шешім 
шығаруын және баланы тыңдауын талап етті. 
Зерттеу нәтижелерін бала құқықтарын ескере 
отырып, өмір сүруге баланың қалыпты өмір сүру 
жағдайларын, толыққанды психологиялық және 
физикалық денсаулығын сақтап қалу мақсатында 
мыналар ұсынылды:
1) Баланың тұрғылықты мекен-жайын К-ның 
биологиялық анасы   О. Маринадан анықтау.
2) М-ның биологиялық әкесі Руслан У-мен кез-
десу ретін төмендегідей тәртіпте: мектептегі 
демалыстар кезінде, жазғы уақытта:еңбек 
демалысыкезінде, ата-ананың әрқайсысымен 1,5 
айдан, баланың қалауы бойынша мереке күндері 
белгілеу.
Бірінші жағдайда балалар – ер бала да, қыз 
бала да ата-аналардың ажарасуынан болған 
психологиялық жаралану сезімін басынан оңай 
өткізеді, өйткені ата-аналар балалармен олардың 
келешекте бірге тұруы мен екінші биологиялық 
ата-анасымен кездесетін уақыттары туралы са-
бырлы түрде талқылай алды. Екінші жағдайда ба-
лалар екіұдай сезімді басынан кешеді: олар бірде 
қуанады, бірде мұңаяды; бірде ашушаң, бірде өзінің 
жағына алып кеткісі келетін ата-ананың оларды еш 
нәрседен шектемейтініне қуанып, желігеді. Бо-
лып жатқан жағдайды түсінбегендіктен, әдетте 
кішкентай балалар тұйықталып қалады, олармен 
қарым-қатынас жасау қиындайды. Жасөспірімдер 
көбінесе мынадай акцентуациялар арқылы 
наразылық, гипертимділік, астениялық-невроздық, 
жүйке жүйесінің лабилділігі секілді мінездерді 
ашық көрсетеді. Ата-анасының бірінің көмегімен 
балалар ата-анасына екіншісіне қатысты ұмытылып 
кеткен ескі ұсақ реніштерін есіне түсіреді және 
баланың санасында анасының немесе әкесінің 
бейнесі шамадан тыс әсіреленіп дамиды. Ата-ана-
лар соттасып болғанша, балаларының жүрегіне 
өмірлеріне жететін психологиялық жара түсуі 
мүмкін, болашақта қарама-қарсы жыныспен 
қарым-қатынас жасай алмауға әкелетін өмірдегі ең 
қиын дағдарысты басынан өткізеді. 
1.4. азаматтық істерді 
қарастырған кезде ұл 
баламен және қыз баламен 
қарым-қатынас жасау 
ерекшеліктері
Мейірімді үн баланы сөйлесуге ынталанды-
рады, баланың мүдделерін сақтауға барынша 
қызығушылық таныту балалармен қарым-қатынас 
жасау үдерісінде сенімді қарым-қатынас орнатады. 
Ұл балалар мен қыз балалардың психологиялық 
реакциялары зерттеу кезінде де, сот үдерісінде де 
ерекшеленеді. 
3-9 жастағы ұл балалар ата-аналары ажырасқаннан 
кейін өзмен-өзі тұйықталады, жанжалшыл болады, 
психологтардың тапсырмаларын ынтасыз орын-
дайды, ата-анасының біреуін ренжітіп алмас үшін 
екеуінің арасында амалдауға тырысады. 
1 – мысал
Данияр – 6 жаста.
Бірінші кездесу:Данияр жыбырлақ, тез тіл табыса-
ды, тік мінез және ашық. Баланың жеке қасиеттері 
дамыған, мектепте жақсы оқиды, сөздік қоры мол, 
өзінің ойын сауатты жеткізеді. 
Тестілеу («Отбасылық топтама») баланың анасы-
нан гөрі әжесіне үйір екенін көрсетті, бірақ бала 
анасын жақсы көреді және анасын ең мейрімді әрі 
сүйікті деп есептейді. Данияр әжесі мен анасының 
кешкісін де, түнде де, таңертең де, ұрысқанын 
және анасының жылағанын айтты. «Әжем мен 
анам пәтерге байланысты ұрысқан кезде олар 
айқайлады, әжем сағатты сындырды; мен қорқып, 
керуеттің астында отырдым; мұндай жағдай көп 
рет болды»(сөзбе-сөз жазба). 
Екінші кездесу: Бала баяу, алаңғасар, әкесінің 
сөздеріне қарағанда, жанжалшыл, эмоциясын 
ұстай алмайды, мінезі құбылмалы. «Жоқ жануар» 
тесті алаңдаушылықты, ашушаңдықты, қорғалу 
сезімінің жоқтығын растайды. Тұлғаны терең зерт-
теу нәтижесін беретін Рене Жил тесті баланың 
ата-анасының екеуін де жақсы көретінін растай-
ды: анасына 13 балл; әкесіне 12 балл; 10 балдан 7 
балл алса, бала әкесі мен анасын өзінің ата-анасы 
ретінде қабылдайды. Тесті орындаған кезде кеш 
болғанына, мектептен кейін қатты шаршағанына 
қарамастан, бала тест ерекшеліктерін ескерген-
де ойша есептеу қиын болса да, ата-анасының 
әрқайсысы үшін басты позицияларды ойша есеп-
теп отырды Бұл баланың ата-анасының екеуіне 
бірдей махаббатын, баланың екеуін де ренжіткісі 
келмейтінін және ренжітіп алуға қорқатынын рас-
тайды. 


136
Үшінші кездесу: Данияр кездесуге кездесу ұзақ бол-
майды деген шартпен келді, себебі ол ата-анасының 
қарым-қатынасынан шаршады, бірақ жүріп жатқан 
жағдайдың жауапкершілігін сезінеді. Психологпен 
сөйлескен кезде ол өзіне әжесімен бірге тұрудың 
өте жақсы екенін айтады. Бала санасында өзін аю, 
әкесін піл, әжесін өзіне жақын көбелек, анасын 
жоғарыдағы бұлттар арасында ұшып жүрген құс 
ретінде бейнелейтінін атап өткен жөн.
9 жастан асқан ұл балалар анасының қайта от-
басын құруына және шешелері бір інілері мен 
сіңлілерінің пайда болуына байланысты анасына 
деген реніш білдіретінін атап өткен жөн. 
3-10 жастағы қыз балалар көбінесе өздерін анала-
рына сәйкес келтіреді, суреттерде ата-аналарын 
бөлмей бірге салу арқылы ата-аналарының бірге 
тұруын қалайды. Қыз балалар «бейімделу» пози-
циясына тез енеді және ата-аналарына атқандарын 
жасата бастайды, бұл келешекте олардың 
әлеуметтенуіне және бірлескен қарым-қатынас 
орнатуға кедергі келтіреді; өзімшіл, өркеуде 
мінездер дамиды. 
2-мысал
Ольга – 7 жаста. 
Бала өзін-өзі ұстауға және көңіл-күйдің кездейсоқ 
ауытқуына берілмеуге тырысады, бірақ тез 
ашуланады. Мақсатына қол жеткізген кезде 
табандылық, қажырлылық танытады, біреулер 
оның кемшіліктерін көрсетсе, ренжиді.  
Тест тапсырушы өзіне сенеді, әдетте көңілді және 
мейірімді, ол өмірдегі сәтсіздіктерді ұмытпай, ұзақ 
уақыт қайғырады. 
Тест тапсырушы іштей жанжал сүйгіштігімен (бо-
лып жатқан өзекті оқиғаларға қатысты), өз-өзін 
бақылай алмауымен, тәртіпсіздігімен, ережелерді 
орындамауымен, тәртібінің аяқ асты өзгеруімен, 
өзінің құмарлықтарына тәуелділігімен (өте 
беймазалық, соның салдарынан – саусақтарын 
соруы) сипатталады. Ол өзінің күш-қуатын сын-
дарлы бағытқа бағыттай алмайды және оны тек-
ке шашады, жігерсіз, өз уақытын және істерді 
орындау ретін ұйымдастыра алмайды. Әдетте, 
бұл ерешеліктер көбінесе баланың өз тәртібін 
әлеуметтік нормативтерге сәйкес бақылай алмай-
тынын көрсетеді. 
Қыз баладан нақты жауап алынбағандықтан, мінез 
акцентуациясының түрін анықтау мақсатында 
қосымша диагностика жүргізілді және нәтижелер 
алынды: бала аралас лабильді-демонстративті ак-
центуация түрімен сипатталады. Бұл акцентуация 
кезінде балаға мыналар: өзімшіл-өркеуде мінез, 
өзінің жеке басына назар аударуды, масаттанған 
таңдануды, құрметтеуді, аяушылық білдіруді, 
жан ашуды қажет етудің тойымсыз ықыласқа 
шөліркеу тән. Айналадағылардың өзіне деген 
ызасы мен жек көрушілігіне де басымдық береді, 
тек немқұрайдылық немесе енжарлық, көзге 
ілінбей қалу болмаса болғаны. Бала осындай 
мінез-құлықтармен сипатталады. Баланың сөзіне 
қарағанда, оның анасы Наталья Е. егер ол әкесімен 
тұрғысы келетінін айтатын болса, оны ұмытып, 
мүлдем кездеспейтіндігімен қорқытқан. Оля бы-
лай дейді: «Мен әкеммен тұрғым келеді, бірақ мен 
анам менен бас тартып, мені көргісі келмейді деп 
қорқамын. Мен демалыс кездерінде әкеммен бірге 
тұрған кезде солай болды.» (сөзбе-сөз жазылған).
Жастары біршама үлкен қыз балалар (10-16 
жастағылар) тараптарға деген көзқарастарын, 
реніштері мен ықыластарын нақты айта алады. 
Дұрыс шешімдер жасай алады. 
3-мысал
Ләйлә – 13 жаста. 
«Жасөспірімдер ата-аналары туралы» тесті. 
Анасына көзқарасы: жасөспірім қыз эмоционал-
ды қолдауды, назарды сезінбейді, анасымен өзара 
жақын қарым-қатынас жоқ. Анасының оған деген 
қарым-қатынасын эмоционалдық тұрғыдан шек-
теу деп санайды. 
Анасының мінез-құлқы жақын қарым-қатынастың 
қажеттілігін шектеу, терістеу және оны ұстамдылық 
деп бүркемелеу немесе қызығушылықтың болмауы 
арқылы – анасы өзінің істерін шешуден босамай-
тыны соншалық, баласының мәселелерін шешу-
ге күші де уақыты да қалмайтынымен анықталуы 
мүмкін. 
Қызы мен анасының арасындағы қарым-қатынас 
жек көру сезімімен сипатталады. 
Анасының беретін тәрбиесін қызы жүйесіз деп 
қабылдайды. Стильдің күрт өзгеруі, өте қатал мінез-
құлықтан көңіл жықпас жұмсақ мінез-құлыққа 
көшу немесе керісінше, қызын психологиялық 
қабылдаудан эмоциясын шектемей, кері итеру 
байқалады. 
Баламен қарым-қатынас жасаған кезде ата-ана 
көбінесе өзінің билігін және беделін қолдануға 
бейім. Солай бола тұрса да, бұл баланы өзіне 
бағындыратын соқыр билік емес, жасөспірімнің 
белгілі бір еркіндігі сақталатын, терең қамқорлық 
болып табылады. 
Жобалық тестілер жасөспірім қыз баланың 
тұйықтығын, алаңдаушылығын, ашушаңдығын, 
анасына деген ренішін, оны қазіргі уақытта жек 
көретінін растайды. Бала санасымен әкесінің 
оқшауланғанын сезеді, бірақ әжесі мен ағасына 
жақсы көзқараста. 
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау