|
Үлгілік ереже Жалпы ережелер
|
Дата | 05.03.2018 | өлшемі | 44,96 Kb. | | #11448 |
|
Исатай аудандық Маслихатының
2016 жылғы 22 ақпандағы
№311-Ү шешімімен бекітілген.
Исатай ауданындағы қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
Осы Исатай ауданындағы Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже (бұдан әрі-үлгілік ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015ж 2қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультивтік – кеңесші байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
Исатай ауданындағы Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзгеде нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
2. Аудан деңгейіндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
Аудан деңгейіндегі қоғамдық кеңес Заңда көзделген тәртіппен қалыптастырылады, автономды және дербес болып табылады. Республикалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңеспен арадағы өзара іс-қимыл Заңда көрсетілген тәртіппен іске асырылады.
Исатай ауданындағы қоғамдық кеңес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңес болып табылады. Ауданның ауылдық округтары деңгейіндегі қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
3.- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі,
оны өткізу мерзімі
Аудандағы Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органның өкілдерінен және кокурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде азаматтардың өзін өзі ұсынуы мүмкін.
Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын өкілді органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйеніп дербес айқындайды.
Жұмыс тобының құрамына азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Жұмыс тобы мүшелерінің сандық құрамын жергілікті өкілді органның басшысы айқындайды.
Жергілікті өкілді орган жұмыс тоының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырады.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жариялағаннан кейін 10 күн мерзімде жергілікті өкілді органға жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді. Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына ұсынылған кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Жергілікті өкілді орган конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзім ішінде жұмыс тобына кандидаттарды коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып, отырыс ұйымдастырады.
Жергілік өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
Отырыста осы Үлгілік ереженің 11 және 12 – тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша ашық дауыс беру ұйымдастырылады. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобының басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
Жұмыс тобының құрамы өкілді орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
Жұмыс тобының құрамы жергілікті өкілді органның ресми интернет ресурсында жарияланады.
4. Жұмыс тобының өкілеттіктері
Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Тұрғындарды, Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
Қоғамдық кеңес мүшелерінің сайлау рәсімін өткізеді;
Республика үкіметінің 19 қаңтар 2016ж Қоғамдық Кеңес туралы Үлгілік ерже негізінде аудандағы қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді.
Жұмыс тобының отырыстарын
дайындау және өткізу
Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде Заңды болып табылады.
Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді;
Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет – ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін әлектрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|