ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет60/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79

124
6-тарау.
Қылмыстық іс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық қолдау
1.2. Қылмыстық 
әрекеттерден жәбір көрген 
баланың әлеуметтік 
мінездемесі 
Жәбірленген балаға тиетін зардаптар мыналар 
болып табылады: дене жарақаты, әлемге деген 
қауіпсіздік және сенім сезімдерін жоғалтумен 
байланысты туындаған психологиялық жарақат; 
материалдық шектелу. Сонымен қатар жәбірленуші 
құқық бұзушы секілді тергеу кезінде күшті эмо-
ция, соның ішінде әділетсіздік сезімін сезеді, кейде 
өзіне-өзі көңілі толмайды, өзін «жолы болмаушы» 
ретінде қабылдауы мүмкін, кейде әлеуметтік орта-
да «таңбалануға» тап болады. 
Әдетте жәбір көрушіні мына мәселелер 
толғандырады: бұл неге менің басыма түсті; маған 
қатысты қылмыс кездейсоқ болды ма, әлде қасақана 
жасалды ма; өзімді болашақта қалай қауіпсіздікте 
ұстауға болады; зорлық көрсетуші жасалған 
қылмыс туралы шынайы мәліметтер бергенім үшін 
кегін алмайды ма?
Ыза немесе ашу, сондай-ақ әділетсіздік сезімдері 
оған қарсы жасалған заңсыз жасалған әрекеттер 
жағдайында қалыпты реакция болып табылады. 
Адам, әсіресе, бала қылмыстың құрбаны болғанда, 
ашуға түсуі және сол қалыпта қалып қоюы мүмкін. 
Егер ол өз проблемаларын ешкіммен бөлісе алмаса, 
ашу мен ыза оны тұншықтыруы мүмкін. Мұндай 
жағдай баланың жақын маңында кек алуға итерме-
лей отырып, ашу мен ызаны қолдайтын тұлғалар 
пайда болған кезде қауіпті. Шын мәнінде, олар 
мүмкін шынайы көмектесуге тырысып жатқан 
шығар, бірақ онысымен зардап шегушіге үлкен 
зиян келтіреді. 
Тиісті көмек болмаған жағдайда баланың 
шиеленісті күшпен шешу әдістеріне тұрақты 
бағдары, өзгелерді аяушылық сезімінің жоқтығы 
және тәртібіндегі агрессивтілік пайда болады. 
Зорлық көрсетушіге, оның ата-аналарына және 
жақындарына деген қосымша агрессия пайда бо-
лады.  


125
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
2.1. әлеуметтік педагогика, 
оның қызметтері мен 
міндеттері
Қылмыстық-құқықтық жағдайға қатысушыларға 
әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету құқық 
бұзушылыққа алып келген факторларды анықтауда 
және жоюда жатыр, себебі олар өзгертілмесе, одан 
кейінгі құқық бұзушылыққа және жасөспірімнің 
қылмыстық әрекет ету стилін қабылдауға алып 
келуі мүмкін. Жасөспірімнің қылмысын ең ал-
дымен заңды дерек ретінде, оған белгілі бір әдіс 
арқылы әрекет ету қажет ретінде қарастырып 
жатқан сот төрелігінің назарынан бұл фактор-
лар (олардың әлеуметтік және психологиялық 
мазмұнындағы) шығып қалады. 
Әлеуметтік педагогтің сот ісін жүргізу саласындағы 
негізгі мақсаты кәмелет жасқа толмаған балалардың 
әлеуметтік оңтайлығын сақтап қалуға бағытталған 
кәсіби қызметін жүзеге асыруда жатыр. Мұндай 
маман әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы 
әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізеді; 
әр баланың жеке және жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, қалпына келтіру-оңалту бағдарламаларын 
жоспарлауға және әзірлеуге қатысады; 
кәмелет жасқа толмаған балаларға моральдық-
психологиялық қолдау көрсетеді; ата-аналардың 
әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін 
арттыруға көмектеседі. 
Білікті әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету 
мақсатында әлеуметтік педагог мұғалімдермен, 
ата-аналармен және баланың өзге де заңды 
өкілдерімен өзара әрекет жасай отырып, мынадай 
қызметтерді орындайды:

баланың психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін және оның шағын ор-
таларын, өмір сүру жағдайын зерттейді, 
қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, пробле-
маларын, шиеленісу жағдайларын анықтайды; 
мұндай ақпарат негізінде соттың қарастыруына 
баланың әлеуметтік портретін дайындайды; 

әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың 
міндеттерін, формаларын, әдістерін, баланың 
жеке және әлеуметтік проблемаларын шешудің 
әдістерін анықтайды, баланың құқықтары 
мен бостандығын жүзеге асыруда әлеуметтік 
қорғауды және әлеуметтік көмек беру жөнінде 
шаралар қолданады;

бала мен отбасы, әлеуметтік орта, әртүрлі 
әлеуметтік қызметтердің, ведомстволардың 
және әкімшілік органдардың мамандары ара-
сында дәнекер болады;

баланы тәрбиелеу, білім беру, дамыту және 
әлеуметтік қорғау жөнінде кешенді шараларды 
жүзеге асырады;

баланың сабақтан тыс уақытта ой және дене 
қабілеттерін, дарынын дамыту үшін жағдайлар 
жасауға көмектеседі;

әлеуметтік ортада адамгершілік, имандылық 
тұрғысынан қалыпты қарым-қатынас орнатуға 
жағдай жасайды. 
Әлеуметтік педагог мыналарды білуі тиіс: 
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», 
«Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндігі шектеулі 
балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау тура-
лы», «Қазақстан Республикасындағы балалар 
құқығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы 
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ар-
найы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелет 
жасқа толмаған тұлғалар арасындағы құқық 
бұзушылық профилактикасы балалардың қараусыз 
және панасыз қалуын болдырмау туралы», «Сы-
байлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын 
және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де 
нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік са-
ясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педа-
гогика негіздерін; педагогикалық, әлеуметтік, 
жас ерекшелік және балалар психологиясын; 
құқықтану негіздерін, валеология және әлеуметтік 
гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық 
және диагностикалық әдістерді; тәрбиелеу 
жұмыстарының әдістемесін, педагогикалық 
ғылым дамуының негізгі бағыттарын; әлеуметтік-
педагогикалық жұмысты талдау және бағдарлау; 
еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау, 
қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс 
ережелерін және нормаларын; санитарлық ереже-
лер мен нормаларын білуі тиіс.  
2-бөлім.  
әлеуметтік-педагогикалық 
қызметтердің қылмыстық іс 
жүргізуге қатысуы


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау