168
Соғыспен тығыз
байланыстағы бұқаралық
ақпарат құралдары
бейбітшілік ісіне
де соншалық үлес
қоса ала ма?
Егер бұқаралық ақпарат құралдары соғыспен тығыз байла-
ныста болса, онда олар бейбітшілік ісіне де осылай үлес қоса
ала ма?
Осы күрделі сауал зерттелу үстінде және журналистер ара-
сында үлкен дау-дамай тудыруда. Дәстүрлі кәсіби күмәншілдік
бұқаралық ақпарат құралдарының көптеген қызметкерлерін
бұқаралық ақпарат құралдары қандай да бір рөл ойнайды
дегенге қатысты кез келген тұжырымдамаға қарсы шығуға
мәжбүрлейді. «Бейбітшілік туралы репортаждар» жөніндегі
пікірталастарды редакторлар мен репортерлардың көпшілігі
журналистиканы бейтарап қадағалаушы рөліне ығыстыру,
әрекетсіз етіп көрсету ретінде бағалайды. Бұл ізгі ниет-
пен жасалса да, бұқаралық ақпарат құралдарын осылай
«құралдандыру» негізгі кәсіби қағидаларды бұзуға жатады.
Бейбітшілікке насихаттау насихат болып қалады.
Алайда журналистика жауапты әрі селқостықты көтер-мейтін
кәсіп болуы тиіс, көптеген журналистер мен редакторлар,
бұқаралық ақпарат құралдарының дамуымен байланысты
жұмыс істейтін IWPR сияқты бірқатар ұйымдар осы мәселе
туралы ойланып, бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби
стандарттарды ұстану принциптерін белгілеп, қақтығыстарды
шешу ісіне белсенді үлес қосуына тура келеді.
Түрлі зерттеу нәтижелері жауаптарды бірнеше топқа бөлді.
Үкімет қаржыландырушы Құрама Штаттардың Бейбітшілік
институты ғылыми орталығын шолу бұқаралық ақпарат
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
169
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
құралдарының арнайы мазмұны мен агрессиялық арала-
суды қамтамасыз ететін құрылымдық араласуға қатысты.
Канадалық Медиа-саясат және азаматтық қоғам (IMPACS)
тобының есебі оң идеялардың ілгерілеуіне ықпал ететін
«көп сериялы опералар» мен басқа да мәдени өнім арқылы
БАҚ-тардың негізгі білім алудан бастап бейбітшілік орнатуға
дейінгі араласуының бес түрін суреттейді. Негізгі бұқаралық
ақпарат құралдары жергілікті журналистердің репортаждары
мен қоғамдық журналистиканың мазмұнына қосатын үлесті
көбейту үшін жаңа стратегияларға сай тәжірибелер өткізді.
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт дағда-
рыс мәселелеріне қатысты жергілікті және халықаралық
пікірсайыстардан тыс қалған дағдарыс аймақтарындағы жа-
уапты жергілікті журналистерге тұғырнама жасау үшін құрыл-
ды.
IWPR бейбітшілікті жариялауға қатысты өз тәсілдерін үш
категория бойынша топтастырады. Олар: жеке шеберлікті
арттыру, төртінші билік ретінде БАҚ-тың ықпалын нығайту,
қоғамның талқылауына шығарылатын оқиғаларды анықтау.
Үшінші категория аталған тараудың жалпы мазмұнын қалып-
тастырады.
Жеке шеберлікті арттыру
Нақтылы деректерге негізделген, жеткізу мәнері салмақты
және тақырыптар мен дереккөздерді таңдауда тепе-теңдікті
қамтамасыз ететін байсалды журналистика қақтығыс тура-
лы жаңалықтың жаршысы болып табылады.
IWPR осындай
талқылаулардан тыс
қалып жататын,
жауапкершілік жүгін
сезіне алатын жергілікті
журналистерге қолдау
көрсету мақсатында
құрылған
170
IWPR осындай талқылаулардан тыс қалып жататын, жауап-
кершілік жүгін сезіне алатын жергілікті журналистерге қолдау
көрсету мақсатында құрылған.
Осы тұрғыдан алғанда бұл нұсқаулық қақтығысты аймақтарда
барынша дәл және құрылымды жұмыс істеу үшін негізгі
кәсіби дағдыны дамытуға арналған.
Қақтығыс ауданында бола отырып, екі маңызды принципке
бағыныңыз. Біріншіден, материал жазудан және камера ал-
дына тұрудан бұрын кәдімгідей өмір сүріңіз, оқыңыз, ресми
және ресми емес дереккөздермен танысыңыз, жергілікті аза-
маттармен әңгімелесіңіз, аймақ және оның адамдары туралы
(егер мүмкін болса, олардың тілдері туралы) мүмкіндігіңізше
көп білуге тырысыңыз.
Екіншіден, өз көзіңізбен көрмегеннің ешқайсысына сенбеңіз,
әсіресе ресми мәлімдемелерге күдікпен қараңыз. Күнделікті
баспасөз мәслихаттарында әскери жетекшілер шайқас
даласындағы өздерінің ерліктері мен қарсыластарының
айуандық әрекеттерін жария етуі мүмкін. Көзкөргендердің
куәлігінсіз мұндайға ешқашан сенуге болмайды. Ең үздік
және батыл тілшілер деп баспасөз мәслихаттарына жиі ба-
ратындарды емес, керісінше, өз өмірін оққа тігіп, шайқас да-
ласында репортаждар жүргізетіндерді айта аламыз.
Төртінші билік ретінде бұқаралық ақпарат құ-
ралының ықпалын нығайту
Жауапты және конструктивті талқылау тудыра алатын
кәсіби және креативті журналистика оған қолдау көрсететін
күшті институттардың көмегінсіз өркендей алмайды. Бұл
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
171
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
институттар: 1) саяси бақылаудан азат, бұқаралық ақпарат
құралдарының іскер ұйымдары; 2) бұқаралық ақпарат
құралдарының бостандығын қолдайтын жауапты ресми және
ресми емес органдар; 3) күшті азаматтық қоғам секторы.
Соңғысы идеялар мен ақпараттар негізінде қоғамдағы қалың
топ өкілдерімен пікірталасқа түсуді көздейді.
Осындай мүмкіндікті қалыптастыруға бұқаралық ақпарат
құралдары туралы заңнаманы реформалау, медиа-ұйым-
дардың эмоциясын тудыру үшін кәсіби деңгейді арттыру,
медиа-оқыту және мониторинг жүргізуге арналған ұйымдар,
сөз бостандығы топтары мен журналистік қауымдастықтар
сияқты оқытушы әрі ақпарат құралдарының мүддесін көз-
деуші органдарды құру жатады.
Бірқатар халықаралық ұйымдар медиа-компоненттердің мүм-
кіндіктерін кеңейту бойынша түрлі қызмет салаларын-
да мамандандырылады; келісілген көзқарастарды білдіру
бостандығының халықаралық қағидалары бар (Осы тарауға
арналған анықтамалық жазбаны қараңыз). Бір ұйымдар ра-
дио немесе телевизиялық хабар тарататын ұйымдарға назар
аударса, басқалары тәуелсіз немесе қоғамдық радиобекет-
терге, үшіншілері журналистік одақтарды ұйымдастыруға не-
месе құқықтық көзқарастар жүйесін шығаруға көбірек назар
аударады.
Журналистке шабуыл жасалған жағдайда тез арада дабыл
көтеретін ауқымды желі қалыптастырып, қаржылық және
құқықтық қолдау көрсету және саяси қысымды күшейту үшін
сөз бостандығының маңызы зор. Медиа-мониторинг кей-
де цензура мен бақылауды енгізуге тырысқаны үшін сынға
Достарыңызбен бөлісу: |