155
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қандай да бір көзқарасты
ұстанып, оны жария
етпес бұрын ол
көзқарастың жай ғана
жорамал емес, сенімді
бақылаудың нәтижесінде
қалыптасқан шешім
екеніне көз жеткізу
қажет
әртістер ондай пікірді өздерінің кәсіби деңгейіне қатысты сын
ретінде қабылдап, шағымдана алады. Алайда олар бұдан
ұтылуы да ықтимал, өйткені бұл олар үшін қатерлі және оның
шешімі сыншының беделіне де байланысты болуы мүмкін.
Қандай да бір көзқарасты ұстанып, оны жария етпес бұрын
ол көзқарастың жай ғана жорамал емес, сенімді бақылаудың
нәтижесінде қалыптасқан шешім екеніне көз жеткізу қажет.
Пікірді дерек ретінде ұсынуға тырыспау керек.
«Пьеса босқа уақыт шығын етті, өйткені онда біздің өміріміз
жайлы жаңа ештеңе жоқ» деген – айқын көзқарас. Ал «жетекші
әртіс мас болды» деп айту өте қатерлі. Бұл бұлтартпас дерек
пе? Мұны дәлелдей аласыз ба? Бұл әртістің беделіне нұқсан
келтіре ме?
Дегенмен, заңда айтылғаннан бөлек те айрықша маңызды
фактор бар. Ол мәдени тұрғыдан қоғам үшін қолайлы болып
табылатын нәрсе. Жағдай дау көтеруге тұра ма, соны ескеру
қажет. Сондай-ақ, мәдениет мәселесінің соттарға ықпал ете
алатынын да есте сақтау қажет.
Егер әзіл немесе қалжыңдау ретінде қабылданса, тым гипер-
болалық тұжырымдар немесе сатира (мысқыл) қорғана ала-
ды. Алайда, мәдени заңдылықтар бұған да түзету енгізуі
мүмкін. Біреулер үшін әзіл деп саналатын нәрсені екінші
біреулер тіл тигізді деп бағалауы ықтимал. Көрнекті тұлғаға
немесе аз ұлт өкіліне қалжыңдау оны қатты ренжітетін жайт
ретінде бағалануы мүмкін. Яғни, журналист ерекше сақтық
танытуы тиіс және кез келген жағдайға дайын болуы керек.
156
Егер таразы басында
нақтылы тұлғаның беделі
тұрса, онда аса мұқият
болған жөн. Мұндай
жағдайда тақырыптан
бастап, фотосуреттерге
дейін мұқият
зерделенуі қажет
Қауіп-қатерді азайту
Төменде журналистің қауіпсіздікті барынша сақтауына қатыс-
ты ұсыныстар келтірілген:
Егер таразы басында нақтылы тұлғаның беделі тұрса,
онда аса мұқият болған жөн. 2000 сөзден тұратын ма-
териалды екі адвокаттың бірі ақтап шыға алады, бірақ
тақырыптағы абайсызда айтылған бір ауыз сөз бен орын-
сыз бір ғана сурет бәрін бүлдіруі мүмкін.
Егер әлдекім мәтіннің астарын сіз ойлағаннан бөлектеу
етіп көрсететін өзгеріс енгізсе, онда жұмысыңызды қайта-
дан мұқият қарап шығыңыз. Егер фотосуретте «есірткі са-
тушылар» бейнеленсе, суреттегі әрбір адамның есірткі са-
тумен айналысушы еместігіне сенімдісіз бе? Фотосуреттегі
кез келген адам, соның ішінде өтіп бара жатып, кездейсоқ
түсіп қалған адам да өзі есірткі сатушы болмаған жағдайда,
сотқа шағымдана алады. Олар есірткі сатушы болған
күнде де, сіз оны дәлелдей аласыз ба?
Қылмыс жасағаны үшін немесе заңсыз әрекеті үшін
айыптаудан қорғауда «Х кездейсоқ пайда болды»
және «А-ның айтуынша, Х кездейсоқ пайда болды»
дегеннің арасындағы айырмашылық шешуші болып та-
былады. Егер сіз полицияның әлдекімді қылмыс жасағаны
үшін айыптағанын хабарласаңыз және мәлімдемеңіз рес-
ми құжатқа негізделсе, онда әрі қарай айыптау жалған бо-
лып, аталған тұлға ақталса да, сіз қауіпсіздікте болуыңыз
мүмкін. Сіз кез келген айыптау үкіміне дейін тұлғаның
қылмыс жасағаны туралы деректі хабарласаңыз, сізді
ештеңе қорғай алмайды.
10-тарау: Жала жабу жөнінде
157
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Оқиға туралы зардап шегушілер мен куәлардан
алынған ақпарат бұлтартпайтындай болуы мүмкін. По-
лиция мен сот құжаттарынан айырмашылығы, оларға
айрықша құқықтылық берілмейді. Мәлімдемелер таны-
лушы тұлғаның іс-әрекетіне қатысты болған жағдайда,
әсіресе басқа дереккөзде жоқ мағлұмат айтылса, оларға
сақтықпен қараңыз.
Кенеттен көпшіліктің назары ауған адамдардың бұрынғы
өмірі туралы көршілермен, әріптестермен, достармен не-
месе басқа адамдармен әңгімелесуде аса сақ болыңыз.
Олардың аталған тұлға туралы алдын ала қалыптасып
қойған пікірі болуы мүмкін.
Қылмыс түрлері арасындағы айырмашылықты ажыра-
та алатыныңызға көз жеткізіңіз, кейбір айыптаулар тым
ауыр болуы ықтимал. Кейбір сот жүйелерінде кісі өлтіруді,
кісіні қасақана өлтірмеу немесе кез келген түрдегі жаза-
тайым оқиға адамды өмірмен қош айтыстыру ретінде
қабылдануы мүмкін. Мұндайдың ақыры жайсыздықтарға
алып келеді.
158
Егер қайсыбір оқиғалар зілсіз түсіндірілсе, онда олар
«интриганы» немесе «тіміскі іс-әрекетті» білдіреді деп
санамаңыз. Деректер артықшылықпен қорғалса да,
осы фактілер негізінде жасалған қорытындылар ондай
артықшылыққа ие болмауы мүмкін.
Кейбір елдерде заңнама мәдени құндылықтарға сүйенетін
жергілікті халықтың ар-намыс туралы ұғымынан маңызды
болмауы мүмкін. Кейбір елдерде адам өзінің абырой-
атағы үшін кісі өлтіруге дейін баратын жайттар кездеседі.
Жәбір көргендерге үнемі жауап беру немесе айыптаудан
қорғану мүмкіндігін беру қажет.
Адамдардың жеке өміріне қол сұқпау заңды-
лықтары
Журналистер үшін адамдардың жеке өміріне қол сұқпау
заңдылықтары да қауіпті жайттардың бірі. Кейбір елдерде
ондай заң жоқ болса, енді біреулерінде олар тым қатал бола-
ды. Кейбіреулері адамдарды қоғамның көзінше қорғамайтын
болса, кейбіреулері керісінше, ерекше қорғауға алады.
10-тарау: Жала жабу жөнінде
Достарыңызбен бөлісу: |