Бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру мақсатында критериалды бағалау әдістерін пайдалану
Спанова Гульжамила Қаныбекқызы
Ы.Алтынсарин атындағы
№65 мектеп-мектеп гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Сол себептен елімізде білімге деген жаңаша көзқарастар қалыптасқан. Елбасымыз айтқандай қазіргі заманғы білімді азаматтарды тәрбиелеп оқытуда елімізде оған көптеген жағдайлар жасалып отыр. Білім саласында күнделікті жаңалықтар ендірілуде. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүргізе асыра аламыз. Бұл бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни тұрғысынан ойлана алатын, өз ойын толық жеткізе алатын шығармашыл тұлға қажет.
Бастауыш сыныптарда оқытуда мына төмендегі айтылып отырған оқыту қағидаларын қажет етеді
1. Оқушылардың оқудағы белсенділігін , десбестігін, инициативасын арттыру
2. Оқу іскерлігі мен дағдыларын, зерттеушілік, рефлексивті, өзін-өзі бағалауын дамыту
3.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
4. Өмірмен байланысты оқыту қағидасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қажет етеді.
Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру , оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығшылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерилердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дискрипторларды құрамыз.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критерийалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критераийлды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С,Д критерийі арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дискриптерлер құрылады. Әрбір дискриптерлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Бастауыш сыныптарды бұлардың ішінде айтылған АВС критерийімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді.
Критерий
|
Түсінігі
|
Мазмұны
|
Қолданатын әдіс тәсілдер
|
«А»
|
Түсіну
|
Тақырыпты түсінуге арналған критерий
|
Сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану,
|
«В»
|
Қолдану
|
Түсінгенін сабақта қолдану критерйі
|
Білу, талдау, тапсырмалар орындау
|
«С»
|
Іздену
|
Өз бетінше жұмыс жүргізуге арналған критерий
|
Өзіндік жұмыстар, шығармашылық ізденіс жұмыстары
|
Бастауыш сынып оқушылары өз беттерінше АВС критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба алады, дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан өткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларын критерийалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз баларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критерийалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әр бір жаңа сабақты оқытуда тек бір «A» критерийін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критерийін алуға болады. Тарауды қорытындылағанда «C» критерийімен бағалау тиімді.
Қорыта келгенде қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі - бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер
Мектеп №05. 2008, 05. 27 бет
Бастауыш мектеп 2009. 01. №1 4 бет
Педагогикалық шеберлік орталығы NIS
http://www.google.kz жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп – гимназия
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру мақсатында критериалды бағалау әдістерін пайдалану
Бастауыш сынып мұғалімі:
Спанова Г.К.
Шымкент 2017 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |