Үй тапсырмасы Төмендегі тақырыптарыдың ішінен таңдап, мазмұнын ашыңыз



жүктеу 24,6 Kb.
Дата13.05.2020
өлшемі24,6 Kb.
#30391
халық педагогикасында отбасы тәрбиесі 12.05



Үй тапсырмасы

Төмендегі тақырыптарыдың ішінен таңдап, мазмұнын ашыңыз.

2.Халықтық педагогикада ұл мен қызды болашақ өмірге баулу жолдарын анықтаңыз.

Ұлағатты ақыл кеңестер мен қатар қл қызына жар таңдауда болашақ өмірлерінде адаспау үшін, ертегілерге арқау болған таза махаббатты баяндаған. Ертегілерді тілге тиек ете отыра әңгіме айту әрбір отбасыныңміндеті екнін ата –анасы естен шығармаған. Ондай ертегілерде жар тағңдаудакөркем қыздардың образдарын жігіт таңдау, жар таңдау үстінде айқындалады. Ол қыздар жігіттің жігітін таңдайды, бірнеше шарттар қояды. Ол шарттардың белгісі мынадай болып келеді: бір түнде алтын сарай салу, оған бәйтерек орнату, бәйтерек түбінен бұлақ ағызу, немесе ат бәйгесінен озып келу, қиын жұмбақтарды шешу, жұрттан өнерін асыру. Міне осындай күресте кім жеңсе соған тұрмысқа шықпақ. Халық ерлікті, ептілікті, еңбек сүйгіштікті осындай әдіс тәсілдер арқылы жеткізген.

Қазақ халқы қызын да ұлын да тәрбиеден тыс қалдырмаған. Ана құрсағында басталған тәрбие мектебі дүниеге келген күннен жалғасын тауып, есейіп еңкейген шақта да өзінің ролін жоймағандығын ғылыми педагогиканы зерттеушілер әрбір халықтың өзіндік ерекшелігін ескере отыра тәрбиенің ғылыми болжамын жалғастырса керек.

3.Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері неде?

Он бестегі ұлына ел басқартқан халық

Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған.

Баласын төзімділікке баулыған халық

«Тәрбие» сөзі араб тілінен аударғанда, «көктету, өсіру, жетілдіру» деген ұғымды береді. Яғни, сәбидің болашағы осы алған тәрбиесіне тікелей қатысты болары хақ. Дана қазақ ұрпаққа тәрбие беру жолында еш аянып қалған емес.

Бала тәрбиелеуде қай жастан бастап мән берген?

ХІХ ғ. қазақ тұрмысын зерттеушілер қазақтардың әрі қамқор, әрі мейірімді ата-аналар, ал қазақ балаларының мықты, төзімді және алғыр екенін атап өткен. Баланы лайықты тәрбиелеуге қазақтар тек олар 5-6 жасқа толғанда ғана шындап кіріскен. Осы кезде оларды жынысына қарай айыру негізінен стихиялық сипат алған.

Әкеге қарап ұл өсер...

Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

Қызын қырық үйден тыйған халық

"Не ексең, соны орасың..."

Ер баланың тәрбиесін әкесі не үлкен ағалары жауапкершілікке алса, қыз баланың әдепті, иманды, ибалы болып өсуін анасы мен әжесі немесе әпкелері қадағалаған. Оның іс тігіп, тағам дайындай білуін, ұқыпты болуын әрдайым санасына құйып, үйретіп отырған.

Қазақ балаларының дәстүрлі ойыншықтары

Көптеген басқа халықтардағы сияқты, қазақ балалары мен жастарының ойындары да қоғамның жас пен жыныс бойынша бөлінісін көрсеткен. Қазақ балаларының дәстүрлі ойыншықтарынның ішінде ұл балалар құмартып ойнайтын ойыншықтар және көбіне қыз балалар ойнайтын ойыншықтар бар. 3-10 жастағы қыз балалардың жақсы көретін ермегі қуыршақпен ойнау болатын, қуыршақты әдетте ши шыбығына шүберек орап өздері жасайтын.


5.Отбасы тәрбиесінде ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз.

Жеті ата
Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.
Тыйым
«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.

Тізе бүгу
Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.
жүктеу 24,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау