176
Келесі үзінді Канадалық IMPACS тобы ұсынған есептен
алынған және ол қақтығыстан кейінгі болуы ықтимал салдар-
ларды суреттеу үшін қолданылатын дәстүрлі мысал болып
табылады.
Апельсин ағашы бір бақта өседі, алайда апельсиндер көр-
шілес баққа иіліп тұрған бұтақта ілініп тұрады. Көршілердің
әрқайсысы осы апельсиндерді өздерінікі деп санайды. Зерт-
теушілер оқиға өрбуінің төрт нұсқасы болуы мүмкін екенін
көрсетеді:
нӘТиЖЕ
МЫСАЛДАР
Бір жақ жеңіске жетуде
а) кім күшті болса,
сонікі дұрыс
ә) сот шешімі
б) кездейсоқтық
в) өтемақы төлеу
а) көршілер апельсин үшін
төбелесті
ә) меншік туралы заң апельсинді кім
алатынын анықтайды
б) көршілер апельсин үшін тиын
лақтырады
в) біреу апельсин алады да, екіншісіне
ақша төлейді
Келіспеушілікті тоқтату
а) кетеді
ә)
жойылады
б) кейінге қалады
а) екі жақ та апельсиннен бас тартады
ә) олар апельсинді құртады немесе
тарту етеді
б) олар апельсинді мұздатқышқа салады
Мәміле
Қорларды бөлу
Тараптар апельсиндерді бірге жинауға
келіседі, олардан шырын жасап, теңдей етіп
бөледі
Үздік нәтиже
Инновациялық шешім
Апельсиндердің ұрығын алу, оларды егіп,
өсіре бастау – жаңа бизнес, жаңа табыс
және
қордың көбеюі
11-тарау: Оқиғаны
жауапкершілікпен баяндау
177
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Солтүстік Ирландияда қақтығыстың бейбіт жолмен ше-
шілуінің жақсы көрінісі байқалады. Ұзақ мерзім бойы «ка-
толиктер протестанттарға қарсы» деген мақсат-мүдде қай-
шылығы шешілмейтін тайталас ретінде көрінді. Католик-
тер үшін өзін-өзі басқаруға қатысты кез келген қозғалыс (Ир-
ландия Республикасымен түбегейлі қосылу) протестант-
тар үшін басқаруды жоғалтумен бірдей (Британ Одағын да)
бағаланды. Сондай-ақ олар
мұны мәдениеттеріне және жал-
пы өмір сүруіне қауіп төндіру ретінде қарастырды. Зорлық-
зомбылық көрсету жалғаса берді.
1998 жылы пайда болған Жалынды Жұма келісімі респуб-
ликалық қозғалыс пен британдық үкіметтен, сондай-ақ Юни-
онистер өзегінен алшақтатқан ирландтық үкіметтің өнімі
болып табылды. Бұл кезде екі тараптағы орташа топтар
бейбітшілікке табысты ілгерілеу жолында шабыттана оты-
рып, қолдауға ие болды және заңдастырылды да. әрі қарай
тараптарға алдарынан шыққан мәселелерді шешуге тура
келді. Қалай болғанда да, ешқашан түйіні табылмайтындай
көрінген дағдарыс еңсерілді.
Қақтығысқа екі жақ қана қатысқан жағдайда, ол тез ара-
да шешілмеуі мүмкін, өйткені олардың әрқайсысы жеңуге
ұмтылады. Біреуі жеңсе, бұл екінші жақтың жеңілісін
білдіреді. Бір жақтың кез келген табысына тікелей екіншісінің
жеңілісі арқылы қол жеткізіледі. Ойыншылар немесе мүдделі
тараптар көп болған жағдайда, қақтығысты бейбіт жолмен
шешу мүмкіндігі көбееді.