164
Осы материалды алудың қандай да бір стратегиялық
маңызы бар ма немесе сіз одан тез арада бас тартасыз
ба?
Материалды сіздің бәсекелестеріңіз жариялайтыны ту-
ралы дерек сізге және сіздің басылымыңызға қалай әсер
етеді?
3. Қалада бірнеше жаңа мейрамхана пайда болды. Сіз
олардың ең танымалы туралы шолу жазу үшін журна-
листке тапсырма бересіз. Сізге оның шолуынан бірнеше
сөйлемдер ұсынамыз:
Мұндай кебабты мысығыма да бермес едім.
Менің ойымша, бұл кебаб жылы жерде ұзақ уақыт тұрып
қалған.
Кебабқа қарағанда, тазалық департаментінің есебі
қалыңдау.
Тазалық департаментінің инспекторлары осы кебабтар-
дан егеуқұйрықтардың несебін тапқандығы туралы хабар-
лады.
Менің тазалық департаментінен алған деректерім шы-
найы жағдайда мүлдем сәйкес келмейді.
Бұл дүниежүзіндегі ең нашар мейрамхана.
Сіз келтірілген мысалдардың біреуін немесе бірнешеуін
қолданасыз ба? әлде өзгертесіз бе? Неліктен?
10-тарау: Жала
жабу жөнінде
166
11-тарау
О
қиғаны
жауапКершіліКпен
баяндау
Қақтығыстар кезінде
бұқаралық ақпарат
құралдары қоғамның
ашу-ызасын тудырып,
халықты қолға қару алуға
мәжбүрлеуі мүмкін, тіпті
адам өлтіруге нұсқау
арқылы да бұқаралық
ақпарат құралын пай-
даланушылар табылуы
ғажап емес
б
ұқаралық
ақпарат
құралдары
соғыспен
күрделі
байланыста
.
Алғашқы оқтың дауысынан кейін көбіне-көп шындық зар-
дап шегеді. Қарама-қарсы екі жақ халықты жұмылдыру үшін
және өлім мен қатыгездіктің қорқынышты көрінісін жасырып,
бар кінәні қарсыластарына арту үшін бұқаралық ақпарат
құралдарын пайдалануға тырысады.
Осындай кикілжіңде бұқаралық ақпарат құралдары пайдала-
нылатын бірнеше тәсілді қарастырыңыз:
Партизан жасақтары ауыл тұрғындарына қарсы аранда-
тушы әрекеттер ұйымдастырады. Жасақтардың мәліметі
бойынша, ауыл тұрғындары үкіметке қарсы қатаң шабу-
ыл тудырып, кейіннен өз проблемаларына назар аудар-
ту үшін халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарына
жүгінбек.
НАТО-дан келген баспасөз мәслихатында қарапайым
азаматтардың қазасын жасыра отырып,
реактивті снаряд-
тардың жоғары дәлдікке ие екенін айтты.
Діни экстремистік топ Батыс елдеріндегі ірі астаналардың
бірінде пойызда жарылыс жасап, лаңкестік арқылы елді
қорқытып-үркіту үшін оқиға орнынан жедел түсірілім жа-
сап, суреттерін дүниежүзі елдеріне таратып жіберді.
Ұрыс аяқталғаннан кейін партизандар радио немесе теле-
арналарда және газет беттерінде өз әрекеттерін ақтай оты-
рып, басымдық таныту үшін жарысады. Өз пайдалары үшін
қандай жолмен болса да бейбітшілік пен келісімге ұмтылады.