180
Қақтығыс шеңберін анықтау
Қақтығыс аймағындағы оқиғаны сипаттаған уақытта «қақты-
ғыстың шеңберін қалай анықтау керек?» деген негізгі сұрақтан
бастау керек. Журналистика саласында анықтамалықтардың
жетіспеушілігі жиі кездеседі. Дегенмен, этникалық және діни
анықтамаларға атүсті қарау арандатушылықтың алғышарты
болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, «біз» және «олар» деп
бөлуге болмайды. әскери оқиғаларды баяндауда мұндай
қысқарған терминологияны ойланбастан қолдануға мүлдем
болмайды, ол бөлінуге ықпал етіп, қақтығыстан қашып
құтылатын жол жоқ деген ойға жетелеуі мүмкін.
1990-жылдардың ортасында Балқан түбегінен жететін жаңа-
лықтардың көпшілігі «сербтер», «хорваттар» мен «мұсыл-
мандар» арасындағы қақтығысқа қатысты болды. Солдат-
тардың басым бөлігі этникалық құрамы бойынша сербтер
немесе хорваттар, ал діни жағынан мұсылмандар болды.
Сондай сәттерде ойды жеткізудің осындай қысқаша форма-
сы өте үлкен қауіп-қатер төндіргенін жасыруға болмайды.
әсіресе, әңгіме тарихи бітіспес жаулар арасындағы «ежелгі
этникалық дұшпандық сезімге» сүйенгендер үшін қауіпті
көрініс тудырды.
Шындығында, көптеген сербтік және хорваттық азамат-
тар соғысқа қарсы шықты. Үкімет мұндайлардың ізіне түсті.
«Мұсылман жағы» этникалық жағынан Босния астанасы
Сараево қаласында халықаралық мойындалған үкіметте
қызметте тұрған хорваттармен және сербтермен аз да бол-
Этникалық және
діни анықтамаларға
атүсті қарау
арандатушылықтың
алғышарты болуы мүмкін
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
181
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
са аралас-құралас болды. Бұрынғы Югославияның көптеген
тұрғындары этникалық идентификациядан бас тартты,
олардың көпшілігінің тегі аралас болатын. Жағдайда одан
бетер күрделендіре түскен мұсылмандар «босниялық» деген
жаңа терминге тоқтады, сол арқылы олар өздерінің ұлттық
ерекшеліктерін күшейтіп, дау-дамайға себепкер болған
діни мотивацияны бұзуға әрекет етті. Ал діннен туындаған
кикілжіңнің ақыры ел аумағын қорғау үшін соғысуға дейін
алып келді.
Осылайша, жер үшін болған соғыс қалай аталуы керек де-
ген мәселе қызу дау-дамай тудырды. Анықтаманың мәнін
түсіну өзгергендіктен, шешімін табу мүмкіндігі де өзгеріске
ұшырады.
Дұрыс әрі дәл репортажда журналист ешқашан басқаға
зиян келтіре отырып, бір жақтың пікіріне мойынсұнбайды.
Журналистердің басым көпшілігі геноцидке қатысты репор-
таж жасау кезінде де мұндай талапты орындаудың қиын
нәрсе екенін алға тартып, талай рет дауласты да. Енді
біреулер журналистер тасада қалған бейтарап жаққа, яғни
соғысушы тараптарға қатысы жоқ қарапайым адамдарға
жақтасуы керек деп шешті. Бұл материалды бастық, сарап-
шы немесе дипломаттың дәйектемесі негізінде емес, нақты
адамдар контексінде құру керек дегенді білдіреді. Мұндай
тәсіл күш көрсету салдарынан тараптардың әрқайсысына
келтірілген зиянды анықтауға көмектесе алады.
182
Қалай болғанда да, ең маңыздысы шектеулі кеңістік пен
белгілі бір журналистік стенография шеңберінде оты-
рып та жағдайдың күрделілігін көрсетуге ұмтылу. Сіздің
материалыңызды тараптардың ешбірі насихат құралы ретін-
де пайдалана алмауы керек. әлбетте, материал аталған
аймақтағы шынайы жағдайды дәл көрсетуі тиіс.
Тілдің эмоционалдық стилі
Соғыс жоғары эмоционалды сипатқа ие, сондықтан да жур-
налистер басқа да адамдар сияқты сезімнің күшті әсеріне
ұшырауға бейім келеді. Дегенмен, журналистиканың негізгі
қағидалары журналистердің төменде келтірілген жайттардан
аулақ болуын талап етеді:
қоқан-лоққы мен жәбір көрсету
тілдің дөрекі (қатігез) стилі
зорлық-зомбылыққа арандатушылық
Журналист өз қауымдастығына қауіп төнгенін сезген жағдайда,
бүкіл әлемге мәлім деңгейге дейін түсуі мүмкін. Бірақ, жаудың
көзін жоюға шақыру, қарсыластармен адамшылыққа жатпай-
тын түрде қарым-қатынас жасау, халықты тікелей зорлық-
зомбылық жасауға үгіттеу жауапкершілікті журналистиканың
шеңберіне кірмейтін әдістер. әскери қылмыстар жөніндегі
халықаралық соттар да зорлық-зомбылықты қолдануға ықпал
еткен бұқаралық ақпарат құралдары әскери қылмыстар ту-
ралы заң бойынша жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы
мәселе көтерген.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
183
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Әсіреэмоционалды
образдарды асқан
сақтықпен қолдану
қажет
Кейде қарапайым ғана қолданыстағы сөздің өзі де аран-
датушылық деп қабылдануы ықтимал. «Лаңкес» немесе «бос-
тандық үшін күрескр» деген қарапайым терминдердің жасы-
рын мағынасы да бар. «Қарулы күресуші», «көтерілісші»,
«көтеріліске қатысушылар» немесе «партизандар» деген
сөздердің эмоциялық реңкі төмен және олар анық сипаттауға
мүмкіндік береді. Қандай да бір тарапқа жақтасудан аулақ
болу үшін мүмкіндігінше бейтарап, кемсітпейтін сөздерді
пайдаланыңыз.
әсіреэмоционалдық образдарды асқан сақтықпен қолдану
қажет. Телевизиялық немесе жарнамалық материалдар-
да қанды көріністерді көрсетудің маңызы жоқ. Журналистер
екі жақтың құрбандарына да құрметпен қарап, жаңағыдай
образдардың эмоционалдық әсері болатынын, яғни зорлық-
зомбылық әрекетімен жауап беру қаупі бар екенін түсінуі тиіс.
Баспасөз кейде телевизиялық жарнамаларға еріп кетіп жата-
ды. Алайда, басылымның «терең қазу» және кең мағынада
көрсету мүмкіндігіне ие екенін естен шығармаған жөн. Яғни,
сенсуализмге бой алдырып, еліктеуге тұрмайтын нәрсеге
ерудің қажеті жоқ.
Мұндағы басты ережелердің бірі – тараптардың бірінің
айуандығын әшкерелейтін суреттер мен мақалаларды жария-
лауда ерекше сақтық таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |