203
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
3. Қақтығыстың алғышарты мен себептерін хабарлау міндеті:
Біз барлық жақтардың наразылығы үшін заңды және
субъективті негіздемелерді дәл ұсынуымыз қажет.
Субъективті наразылықтың өзі қақтығысты мәңгі шешу
үшін маңызды екенін оқырмандардың есіне салып,
ескертуіміз тиіс.
4. Қандай да бір тарапты ұсыну міндеті:
Адамдардың тарихы мен жапа шеккендердің алған жара-
қаттарын суреттей отырып, біз мұны сабырлы, кәсіби мә-
нерде жасауға міндеттіміз.
Бұл міндетіміз біздің хабарлайтын адамдарымызға ғана
емес, сондай-ақ біздің оқырмандарға да қатысы бар.
5. Бейбіт акциялар туралы хабарлау міндеті:
Біз қақтығыстарды ушықтырушылар туралы жазған
сияқты, бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу үшін аянбай
жұмыс істейтін адамдардың қызметі туралы да сондай
көлемде хабарлауымыз керек.
Біз, әсіресе, оқиғаларды қарапайым, жіксіз түсіндіруден
қалған негізгі соғысушы жақтардан тыс өз ақпарат көз-
дерімізді белсенді түрде іздестіруіміз қажет. Бұл қақтығыс
туралы біздің және біздің оқырманымыздың түсінігін
кеңейтеді.
204
Бұл қандай да бір жақтың ұстанымын қабылдауды неме-
се «бейбітшілікті насихаттауды» білдірмейді; бұл әскери
акциялар сияқты бейбіт акциялар туралы да хабарлау
керектігімізді білдіреді.
6. Біздің ықпалымызды түсіну міндеті:
Біз әрдайым репортажымыздың қақтығысқа және оған
тартылған адамдардың өміріне өз ықпалын тигізетінін
түсінуіміз қажет.
Қандай да бір жақтың әскери іс-әрекеттерінде пайдалы-
нылмау, ақпарат құралдарының айла-шарғысын әшке-
релеу мақсатында аса сақ болуымыз керек.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
205
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ЖАТТЫҒУЛАР
Бүл жаттығу ойдан шығарылған елге қатысты. әрбір
сценарийдегі алғышарттар мен ерекше оқиғаларды қараңыз.
Содан соң сіздің көзқарастарыңыз бен осы туралы баспадағы
мәлімдемелерді қалай елестететініңізді талқылаңыз.
Алдын ала мәлімет: абедариандықтар мен седарундықтардың
барлығы бірге кішкентай таулы елде тұрады. Соңғы уақытта
егіндік жер мен ауыз су қорларының ұдайы қысқаруы сал-
дарынан, қауымдар арасында жағдай қиындач кетті. Екі
қауымның жастары арасындағы жұмыссыздық деңгейі өте
жоғары, екі топтың жекелеген өкілдері арасында астана
көшелерінде қақтығыстар пайда болды.
Бірінші сценарий: Астанада ірі қоғамдық митинг кезінде
седарундықтардың көшбасшысы барша абедариандықтардың
«оңбаған» екенін айтады.
Сіз ұлттық радиобекетте жұмыс істейтін журналистсіз.
Осы жайлы сөз қозғадыңыз ба? Егер қозғасаңыз, қандай
негізде? Ызаланған кезде және азғыру жағдайында
айтылған сөздің арасында айырмашылық бар ма?
Екінші сценарий: Үкімет отырысында абедариандықтардың
үкімет министрі елді он төрт ғасыр бойы басқарған седа-
рундықтардың ұрпағы, Королева Седарды седарундықтар-
дың «барлық седарундықтардың анасы», «жезөкше» деп
атайтынын айтады.
Cіз осы нақты ескерту жайында мәлімдейсіз бе? Ол
ескертудің нені білдіретініне байланысты ма (жәбір, әзіл
және т.б.)? Бұл осы үкіметтік мәжілісті жариялауыңыздың
қалған бөлігіне қалай сәйкес еді немесе сіздің мәлім-
демеңіздің ең маңызды бөлігі бола ала ма?
206
Үшінші сценарий: Абедариандық көшбасшы барша абеда-
риандықтарды «седарундық мәселені мәңгіге жоюға» шақыра
отырып, жиналған көп адамның алдында сөз сөйлеп жатыр.
Сіздің радиобекетіңіз осы сөзді қалай қабылдайды?
Т
өртінші сценарий: Седарундық көшбасшыдан алып жатқан
жеке интервью кезінде ол этникалық абедариандықтар
мекендейтін он ауылдан тұратын тізімді тапсырады және
ол осы ауылдардың жуық арада «седариандық» болуы тиіс
екендігін айтады. Сондай-ақ ол осы ауылдарда әрдайым
седарундықтардың мекендегенін айтады.
Журналист ретінде сіз осы интервьюге барасыз ба? Сіз
осы тізім жайлы хабарлап, осы тізімдегі ауылдарды атап
өтесіз бе?
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
207
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛ-
ДАР ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың
веб-сайтында бейбітшілік туралы ақпарлар ұсынуға қатысты
жарияланымдарға көптеген сілтемелер бар.
www.iwpr.net
сайтынан қараңыз; баннер бойынша оқу туралы парақтарға
ауысуға болады.
БАҚ, саясат және азаматтық қоғам институты (IMPACS)
– қақтығыс жағдайлары мен БАҚ арасындағы өзара бай-
ланыс туралы құнды мәліметтер ұсынатын канадалық
ұйым, олардың кейбіреулері мына тарауға енгізілген:
www.
impacs.org Дағдарыс пен өтпелі кезең аймақтарында БАҚ
сұраныстарын бағалаумен айналысатын Халықаралық
ақпарат құралдарына қолдау көрсету Ұйымы қақтығыс
оқиғалары туралы жаңа есеп жариялады,
www.i-m-s.dk
веб-сайтын қараңыз.
АҚШ-тың Бейбітшілік институты БАҚ-тың рөлін қосқанда,
қақтығыс оқиғаларына қатысты жарияланымдар туралы жиі
есептер шығарады. www.usip.org веб-сайтын қараңыз. БАҚ
дамуы жөніндегі Интерньюс ұйымымен бірлескен соңғы
есебінде бұқаралық ақпарат құралдарының араласқан іс-
әрекеттеріне шолу жасайды.
www.internews.org сайтын
қараңыз.
19-бап – еркін БАҚ үшін заңнамалық негізде маманданды-
рылған Лондондағы штаб-пәтері бар ұйым.
www.article19.org
веб-сайтын қараңыз. Атап айтсақ, олардың БАҚ және Руанда
мен Балкандағы қақтығыс оқиғалары туралы маңызды басы-
лымдарын қараңыз.
Журналистерді қорғау жөніндегі комитет – баспасөз бостан-
дығы бойынша көшбасшы ұйым:
www.cpj.org
Достарыңызбен бөлісу: |