Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет36/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61

  
151
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Жұрттың бәрі жазып 
жатыр екен деп, 
жауапкершіліктен 
құтыла алмайсыз. 
Егер көзіңіз жетпесе, 
мақаланың астына 
аты-жөніңізді жазарда 
тағы бір рет ойланыңыз 
 

«Бұл туралы басқа газет хабарлады...»
Бұрын жарияланған хабарды қайталау. Бұрын жарияланған 
жала  жабылған ақпаратты қайталап басу жауапкершіліктен 
босатпайды.  Парламенттің  бұрынғы  мүшесі  Джефри  Арчер 
1980 жылдардың соңында басқа газеттен көшіріліп басылған 
кішігірім мақалаға орай Daily Star (Дэйли Стар) басылымын 
сотқа беріп, жезөкшелерге ақша төледі деген жала үшін сотта 
жеңіп шығып, өтемақы алды. Алғашқы басылым жезөкшемен 
байланысқа шыққан, Старда ондай әрекет байқалмады және 
оның қорғануына ешбір негіз болған жоқ. Жұрттың бәрі жа-
зып  жатыр  екен  деп,  жауапкершіліктен  құтыла  алмайсыз. 
Егер көзіңіз жетпесе, мақаланың астына аты-жөніңізді жазар-
да тағы бір рет ойланыңыз. 
 

«Бірақ ол шын мәнінде айтты ғой...»
Ғайбаттауға  жататын  комментарийлерді  хабарлау:  кең 
таралған қате таныстыру дәл осылай жасалады. А есімді тұлға 
В есімді тұлға туралы бір әңгіме айтады. Газет А тұлғасының 
айтқаны  негізінде  комментарий  береді.  Бірақ,  бұл  қорғану 
бола алмайды. Сотты бұл комментарийдің дәл баяндалғаны 
емес, оның субъектіні ғайбаттағаны қызықтырады. 


  
152
  
Егер сот қандай да 
бір мәлімдеме жеке 
тұлғаның беделіне нұқсан 
келтірді деген шешім 
шығарса, ол мәлімдемеге 
терістеме беру арқылы 
жауапкершіліктен 
құтыла алмайсыз 
 

«Бірақ, ол мұны ашықтан-ашық теріске шығарды ғой...»
Теріске шығару: егер сот жұрт алдындағы абыройына нұқсан 
келді  деген  қаулы  қабылдайтын  болса,  біреудің  теріске 
шығаруын  жариялау  жауапкершіліктен  босататын  жағдай 
болып табылмайды. «Сарайда тұратын адамдар Чарльздің 
мысығына  өз  итін  азық  еткені  жөніндегі  фактіні  теріске 
шығарды» деген мәлімдеме өте өрескел болып табылады. 
 

«Бірақ мен ол туралы емес, оның компаниясы туралы жаз-
дым...»
Алдын ала ойластырылмаған байланыс: сіздің субъектіңізді 
белгілі  бір  тұлғамен  байланыстыратын  нәрсе  де  абыройға 
нұқсан  келтірген  деп  есептелуі  ықтимал.  Британдық  соттар 
жұмыс  жасайтын  мектебіне  қатысты  сынға  орай  мектептің 
тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарының  сотқа  шағымдануына 
мұрсат  береді.  Бұл  компания  жетекшілері  мен  полиция 
бастығына  да  қатысты.  Компаниялар,  корпорациялар  мен 
ұйымдардың  да  репутациясы  бар,  яғни  олар  да  шағым 
жасауға құқылы. 
 

«Мен оның есімін пайдаланған жоқпын ғой...»
Есімдерін айтпасаңыз да, өте сақ болыңыз. Егер сіз футбол 
командасының қандай да бір мүшесінің (есімін атамасаңыз 
да) кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болғаны 
туралы материал жарияласаңыз, сізге қарсы жала жапты деп 
бір емес, он бір шағым жасалады.
 
10-тарау: Жала жабу жөнінде


  
153
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Заң талаптарына 
мән бермеу 
жауапкершіліктен 
құтқара алмайтыны 
есіңізде болсын 
 

«Бірақ, мен моральдық кодексті сақтадым ғой...»
Ережеге  бағыну:  көптеген  журналистік  қауымдастықтардың 
әрбір  мақала  нақты,  объективті  және  байыпты  болуы  тиіс 
деп  келетін  ар-намыс  кодекстері  бар.  Олар  екі  жақтың  да 
көзқарасын  қамтиды  және  журналист  өз  комментарийін 
бермеуі керек. Бұл жетекші қағидалар өте жақсы, бірақ олар 
сізді жала жапты деген айыптан қорғай алмайды.  
 

«Бірақ бұл адал ниетті адасу болды...»
Білместік:  заңды  білмеу  жауапкершіліктен  босатпайды. 
Сондай-ақ  жарияланымдағы  тараптардың  бірі  болып  та-
былатын  субъектімен  байланысу  үшін  «қолдан  келгеннің 
барлығын  жасадық»  деп  айтуыңыз  жеткіліксіз.  Мақала 
объективті болып табылатынына сенімді болуыңызды нақты 
негіздемелермен дәлелдеуіңізге тура келеді. 
Егер сот қандай да бір мәлімдеме жеке тұлғаның беделіне 
нұқсан  келтірді  деген  шешім  шығарса,  ол  мәлімдемеге 
терістеме беру арқылы жауапкершіліктен құтыла алмайсыз. 
Заң талаптарына мән бермеу жауапкершіліктен құтқара ал-
майтыны есіңізде болсын. 


  
154
  
 

«Алайда мен «күмәнді» деген сөзді пайдаландым ғой...»
Мағынасы анық емес сөздер. «Күмәнді» және «сол айтқан-
дай» деген сияқты сөздерді пайдалану қорғаныс болып та-
былмайды. 
Қоғамдық мүдделерді қорғау
Кейбір елдерде қоғамдық мүдде жауапкершіліктен қорғайтын 
жайт  болуы  мүмкін.  Бұл  «қоғамды  қызықтыратын  нәрсе» 
емес,  бірақ  қоғамның  игілігі  мен  пайдасы  үшін  жасалып 
жатқан  әрекет  екенін  дәлелдейтін  ең  мықты  дәйек.  Бұл  – 
кейбір соттардың қасақана жеке өміріне қол сұғу, құпиялылық 
пен  қауіпсіздік  құқықтарын  бұзу  кезінде  жүгінетін  нормасы. 
Барлығы  оқиғаның  нақты  қай  елде  болып  жатқанына  және 
пікірталасқа көпшілік назарының қай деңгейде екеніне бай-
ланысты. Дегенмен, бұл жалпыға ортақ заң емес. әділдік пен 
объективтілік бұл арада да керек. Өз еліңізде бұл жайттың 
жауапкершіліктен босататынын немесе босатпайтынын анық 
білуіңіз  керек.  Англияда,  мысалы,  қоғамдық  мүдде  және 
қоғам қайраткері сияқты ақтаушы жайттар жоқ. 
Кейбір  елдер  деректің  бұрмаланбағанын  нақтылай  түсетін 
көзқарастар  мен  комментарийлерге  қатысты  кең  құқықтар 
береді.  Шолушы  жаңа  пьесаны  тамашалау  үшін  текке 
уақыт кетіріп, ақша шығындағанын айта алады. Бірақ нақты 
кейіпкерлердің  ешқайсысы  сынға  алынбауы  мүмкін.  әр 
адамның өз пікірі бар дегенмен де, оның өзі де бұлтартпас 
дерек бола алмайды. 
10-тарау: Жала жабу жөнінде


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау