Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет78/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   141

251

ырмасы өте жоғары болғанда негіздің  биіктік белгісі метрдің 

дөңгелектенген сандармен алынады. 

Тік масштабтың негізі ретінде көршілес жатқан горизонталь-

дардың қима биіктігі h, көлденең масштабқа горизонталь 

аралық ұзындық d алынады. Көлденең қима-сызба тұрғызу 

үшін өзара перпендикуляр координаттық білік тұрғызады да тік 

білі гіне арақашықтығы 1 см шкала тұрғызылып, оған тік мас-

штабқа сəйкес келетін горизонтальдардың арақашықтықтары 

бірдей қима биіктіктері жазылады. Көлденең  білігіне  қима-

сызба жүргізілетін сызықтар қилысатын горизонталь аралық 

қашықтықтар d түсіріледі. 

Көлденең қима-сызбаның көлденең масштабы. Ірі мас-

штабты карталардағы горизонталь аралық ұзындыққа сəйкес 

келетін көлденең масштаб картаның масштабына сəйкес келеді 

немесе одан бірнеше есе ірі болып келуімен ерекшеленеді. 

Жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін айқындайтын   го-

ризонтальдармен кескінделетін шыңдар, суайрықтар, жыра-

лар мен кемерлер, сыяқты қима-сызба негізнің бойындағы 

сызыпен түйілісетін барлық нүктелер белгіленіп, олардың 

ара қашықтықтары өлшеніеді де, көлденең масштабқа сəйкес 

олар бір-бірімен қосылады. Көлденең қима-сызба тұрғызылып 

болғанда, оның пішіні 10.1 – суретте көрсетілгендей  горизон-

тальдардың биіктігіне сай бір-бірімен біртіндеп төмендеп не-

месе көтерілетін толқын тəрізді болуымен ерекшеленеді. Оны 

тұрғызу көлденең қима-сызбаның АВС сызығы қилысатын 

 

картадағы горизонтальдар, жыралар мен жарлар белгіленіп А 



нүктесінен В нүктесіне дейін, содан соң, В бұрылу нүктесінен 

С нүктесіне дейін жүргізіледі. Келесі кезекте қағаз бетіне 

көлденең қима-сызбаның  негізі қызметін атқаратын түзу сызық 

жүргізіледі [7.1-сурет]. 7.1-суретте көлденең қима-сызбаның 

 

биіктік белгісінің негізі ретінде 202 метр алынған. 




252

7.1-суретІрі масштабты карталарда белгіленген бағыттың көлденең 

қима-сызбасы

Көлденең қима-сызбаға АВ жəне ВС сызықтарының əрбір 

бұрылыс нүктелеріне олардың азимуттарын анықтап  бағдар 

сызықпен көрсетіп жазады. Əр нүктенің абсолют биіктігі 

 

анықталып, олар көлденең қима-сызба негізінің тік масштабы-



на сəйкес белгіленеді. Əрбір биіктік белгісінен топографиялық 

беттің сызықтарының кескінделу ерекшеліктерін айқындайтын 

нүктелерді қосатын сызық жүргізіледі.  Барлық нүктелер бір-

бірімен қосылып болғанда,көлденең қима-сызбаны рəсімдеуге 

көшуге болады.  

Көлденең қима-сызбалардың көмегімен бақылайтын 

қосыннан көрінбейтін жергілікті жердің бөліктерін көруге бо-

лады. Əрбір қима-сызбадан бақылау нүктесінен бақылайтын 

нүктеге дейін түзу сызық жүргізіледі.

Топографиялық картадан көзге көрінбейтін алаңды 

анықтау. Қандайда бір бақылау нүктесінде тұрған бақылаушының 

көзіне көрінбейтін жер бетінің телімін көрінбейтін алаң дейміз. 

Бақылау нүктелеріне таралатын көздің бақылау сəулелерінің 

астында орналасатын бағыттың көрінбейтін аймағы үстірттің, 

орман алқаптарының көтеріңкі беткейлердің немесе салынған 

биік ғимараттардың ар жағында орналасады.




253

Көзге көрінбейтін алаңды анықтау əскери құрамалардың 

қорғаныс əрекетінің барысында əскери техникалар мен 

сарбаздардың жергілікті жерде  көрінбей шоғырлану міндетін 

шешуде маңызы зор [7.2-сурет].

7.2 сурет. Көзге көрінбейтін алаңдардың бағыты түсірілген картаның 

телімдері (а) мен олардың көлденең қима-сызбалары кескіні (ə)

Картадан көзге көрінбейтін алаңды анықтау бақылау нүкте-

сінен таралатын жергілікті жердің жекелеген бағыттарында 

көрінбейтін  аймақтарын  анықтап, олардың шекарасын сызудан 

басталады [7.2 а, ə-суреттер]. 

Көрінбейтін аймақтар бақылау нүктесінен таралатын 

көру сəулесінің қандайда бір бөлігіндегі бағытының бойынан 

анықталады. Бағыттың арасындағы бұрыштар көп жағдайда 

тең болады. Бағыттар картада сызылып реттік саны белгіленеді.  




254

Одан кейін көлденең масштабы əр қашан картаның масштабы-

мен сəйкес келетін, ал, тік масштабы шартты түрде алынатын 

əр бағыттың көлденең қима-сызбасы тұрғызылады [7.2 ə-сурет].  

Көлденең қима-сызба аралық құжат болғандықтан ол əр қашан 

миллиметрлі қағазға тұрғызылады. Онда көрінбейтін аймақтар 

анықталып тұрғызылған көлденең қима-сызбаның негізінде жо-

балау көзделеді.  

Көрінбейтін аймақтың бағытын анықтап болған соң көзге 

көрінбейтін алаңның шекарасын картада белгілейді. Содан кейін 

көрінбейтін аймақтардың барлық бағытын шектейтін нүктелер 

арқылы жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып,  көрінбейтін 

алаңдардың шекарасын түгел түсіреді.

Ірі масштабы карталарда қолданылатын масштабтың түрлері. 

Картаның бетіндегі сызықтардың ұзындығының жергілікті 

жердің көлденең проекциясындағы ұзындығына сəйкес келуі 

топографиялық картаның масштабы деп аталады.

Топографиялық карталарда масштабтың бес түрі қолданы лады. 

Олар:  сандық, атау, сызықтық, сыналы жəне көлбеу мас штаб-

тар. Жер бетінің жазықтықта неше есе кішірейтілгенін сан ти метр 

есебімен  көрсетілген  сандық  шаманы  сандық  масштаб  дей  міз. 

Масштабтың  кішірейту  дəрежесі  



m

M

1

=



  көрсетіледі.  Мұндағы 

М– сандық масштаб; алымындағы 1 жазықтықтағы 1 сантиметр; 

m– жазықтықтағы 1 сантиметрде жер бетінің неше есе кішірей-

тілгенін сантиметр есебімен көрсететін сандық шама. Мысалы, 

картадағы 1:100 000 жер бетіндегі ұзындықтар көлденең проек-

циясымен салыстырғанда 100 000 есе кішірейтілгенін көрсетеді.

Картадағы сантиметр есебімен алынған сандық масштабты 

метрге немесе шақырымге айналдырып жау атау масштаб деп 

аталады. Сандық масштаб 

100000


:

1

=



M

болғанда  оның атау мас-

штабы 1см = 1шақырым тең болады.

Картадағы атау масштабты сызық түрінде кескіндеуді 



сызықтық масштаб дейміз. Сызықтық масштаб картадағы 

сызықтардың ұзындығын нақты өлшеу үшін қажет. Сызықтық 

масштабтың нольдік көрсеткішінің оң жағындағы ара 

қашықтықтары бірдей тең бөліктерге бөлінген  негізін сызықтық 

масштабтың толық негізі деп аталады. əрбір толық негізге сəйкес 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау