Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет77/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   141

248

Топографиялық карта мазмұнының негізгі құрамдас 

бөліктеріне жер бедері, өсімдіктер жамылғысы, су торлары 

сияқты табиғи нысандар; өндіріс орындары, елдімекендер, 

қатынас жолдары, электр жəне байланыс желілері тəрізді 

əлеуметтік-экономи калық нысандар жатады. Олар  картаның 

масштабына сай ірікте 

ліп алынып, кеңістік-бейнелі шартты 

белгілермен кескін деледі.

1:10 000 нан 1:100 000-ға дейінгі ірі масштабты карта-

ларда қамтылған барлық  нысандар алты түсті бояумен, ал 

1:200 000 мыңдық масштабты карта  сегіз түсті бояумен 

кескінделеді. Олардың алтауы алдыңғы, ал екеуі артқы бетінде 

беріледі. Картографиялық кескіндеу геометриялық дəлдік пен 

географиялық сəйкестік сияқты екі қасиетті сақтауы тиіс.

Топографиялық картаның көрнекілігін, сандық жəне сапа-

лық сипаттарын айқындайтын мазмұнының əрбір құрамдас 

бө 


лік 

тері  аудандық жəне сызықтық масштабты, масштаб-

тан тыс, түсін 

дірмелі  шартты белгілермен кескінделіп, 

атаулардың меншікті неме се түсіндірмелі жазулары əр түрлі 

бояулармен беріледі. Топо 

гра 

фиялық карталардың əр беті 



шартты белгілермен берілетін картографиялық кескіндеуді, 

математикалық негізде құруды, сонымен қатар, қосымша 

жабдықтауды қамтиды.  

Картаның құрамдас бөліктерінің кешені əртүрлі мас-

штабты  карталарға арналған  нұсқаулар мен ережелер-

ге, сонымен қатар, шартты белгілер кестесіне негізделеді. 

Картаның математикалық негіздері геометриялық қасиеттерін, 

картографиядық кескіндерді өлшеу  мүмкіндігін қамтамасыз 

етеді. 

Картаның жабдықтаушы құрамдас бөліктеріне шартты 



белгілердің кестесі, координаттар торы, сызықтық масштаб, 

горизонталь аралық ұзындықтың кестетік кескіні, магниттік 

ауытқу бұрышының сызбанұсқасы тағы басқалар жатады. 

Топографиялық карталар ғылыми-зерттеу, əскери, өндірістік 

жəне оқу мақсатында қолданылатын жергілікті жердің 

ерекшелік тері жөніндегі маңызды ақпараттар сақталатын де-

рек көзі болып табылады. Олар жергілікті жерде бағдарлауға 



249

мүмкіндік беретін сенімді жолбасшы қызыметін атқарумен 

қатар, қатынас жолдары мен ірі өндіріс орындарының 

құрылыстарын жобалағанда, ауылшаруашылық жерлері мен 

орман алқаптарын пайдалану жəне тағы басқа мақсаттарда 

қолданылады.



Ірі масштабты сұлбалар (пландар). 1:25000 жəне одан-

да ірі масштабты топографиялық карталар аэрофототүсіру 

материалдарының негізінде құрылады. Біршама ұсақ мас-

штабты карталар ірі масштабты карталарды камералық 

өңдеу  арқылы жасалады. Далалық кескіндеу жұмыстарының 

нəтижелеріне сүйеніп құрылған топографиялық карталарды 



алғашқы, ал оларды камералық өңдеу арқылы құрылған карта-

ларды өңделген карталар деп атайды.

Элипсоид жазықтық ретінде қабылданатын көлденең (орто-

гональды) проекциямен құрылған жер бетінің шектеулі шағын 

бөлігінің кескіні сұлба  деп аталады.

Масштабты өзгермелі болып келетін біршама ірі аумақты 

қамтылған карталардан айырмашылығы барлық нүктелерінде 

масштаб бірдей болатындықтан сұлбада (планда) жергілікті 

жердің ерекшеліктері жан-жақты əрі нақты бейнеленеді.

Элипсоидтың бетін жазықтыққа ауыстыру барысында кар-

тада кескінделетін аумақтың мөлшері мен пішініне байланы-

сты жергілікті жердегі сызықтардың ұзындығы мен биіктігінде 

қателіктер кетеді.

Арақашықтық 10 шақырым болғанда ұзындықтан 

кететін қателік небəрі 0,01 метрді құраса, 50 шақырымда ол 

көрсеткіш 1,02 метрге дейін артады. Ірі масштабты карта-

лар мен сұлбаларды құру мақсатында жүргізілетін өлшеу 

жұмыстарының дəлдігі жазықтық ретінде қабылданған жердің 

бөлігінің мөлшеріне тікелей байланысты. Мысалы, егер 50 

шақырым арақашықтықта ұзындықтан кететін қателік 1 

метрді құраса, ол 1:50000 масштабты картаның талаптарын 

қанағаттандырғаны мен жергілікті жердегі 50 шақырымға 

дейінгі арақашықтықта тек диаметрінде ғана кескіндеу мүмкін 

болады.


Ұзындықтан кететін қателіктер аз болғанымен нүктенің 

биіктігінен кететін қателіктер өте үлкен болғандықтан 

 



250

өлшенген  биіктіктерге  түзету  енгізіледі немесе жергілікті 

жердің кескіндік сұлбасын ғана тұрғызады.

Топографиялық сұлбалар (пландар) 1:2000 жəне одан-

да ірі масштабта құрылады. Олар техникалық жобалар мен 

инженерлік қала шаруашылығында қолданылады. 1:10000 нан 

1:200000-ға дейінгі карталар тығыз карталар деп аталады.

Топографиялық пландарда жергілікті жердегі пландар мен 

жер бедерінің элементтері кескінделеді. Ұсақ масштабты кар-

талардан айырмашылығы жергілікті жердегі нысандардың 

кескіні айқын болуы.

Көлденең қима-сызбалар. Жергілікті жердің белгілі 

бір  масштабпен кішірейтіліп алған тік бағыттағы қимасын 



көлденең қима-сызба деп аталады. Ол жергілікті жерде 

жүргізілетін биіктіктік кескіндеу нəтижелерінде жинақталған 

деректерді камералық өңдеуден өткізу арқылы құрылады. Ар-

найы шартты белгілермен кескінделген аумақтың геологиялық 

құрылысын, өсімдіктер мен топырақ жамылғысын, сонымен 

қатар табиғаттың құрамдас бөліктерінің  арасындағы өзара 

байланыстарды ашып көрсетуге болады. Көлденең қима-сызба 

жер бетінің белгілі бір бөлігінің жер бедерінің ерекшеліктерін 

көрнекі түрде жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік 

беретіндіктен көптеген ғылыми-тəжірибелік міндеттерді ше-

шуде кеңінен қолданылады. 

Оны құру үшін картаның бетіндегі екі нүктенің арасы-

на түзу сызық жүргізіп, көршілес жатқан екі горизонтальдың 

арақа шықтықтағы (d) мен олардың абсолют биіктіктеріне (h) 

негізделіп құрылады. Көлденең қима-сызбалар тұрғызу үшін 

кар таның масштабына сəйкес келетін немесе одан біршама ірі 



көл денең  масштаб пен одан 5, 10, 15 есе ірі болатын тік масш-

т а б алы нады.

Көлденең қима-сызбаның тік масштабы. Көлденең 

қима-сызба тұрғызылатын карта бетіндегі сызық көлденең 



қима-сызбаның сызығы деп аталады.  Ол түзу немесе бірнеше 

бұрылыстан тұратын нүктелері бар сынық сызықты болуы 

мүмкін. Көп жағдайда көлденең қима-сызба негізінің бастапқы 

биіктік белгісі нөлге тең деп алынады. Биіктік белгісінің ай-




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау