258
1:5000-1:200000 масштабтылар нағыз топографиялық,
1:500 000-1:1 000 000 масштабтылар топографиялық шолу кар-
талары деп аталады. Соңғыларының дəлдігі мен нақтылығы
нағыз топографиялық карталарға қарағанда төмен болғанымен
жеке беттері кең көлемді аумақты қамтиды. Аталған карта-
лар жергілікті жермен жалпы танысып бағдарлау мақсатында
қолданылады [7.1-кесте].
7.1 кесте.
Топографиялық карталардың масштабтары
Сандық
масштабы
Картаның аты
Картадағы 1
сантиметрге
сəйкес келетін
жергілікті жердегі
арақашықтық
Картаның 1см
2
сəкес
келетін жергілікті
жердің ауданы
1:5000
бес мыңдық
50 метр
0,25га
1:10000
он мыңдық
100 метр
1га
1:25000
жиырма бес
мыңдық
250 метр
6,25га
1:50000
елу мыңдық
500 метр
25га
1:100000
жүз мыңдық
1 шақырым
1шақырым
2
1:200000
екі жүз мыңдық
2 шақырым
4шақырым
2
1:500000
бес жүз мыңдық 5 шақырым
25шақырым
2
1:1000000 миллиондық
10 шақырым
100шақырым
2
7.2. Топографиялық карталардың ішкі картографиялық
мазмұнының сипаты
Топографиялық картаны оқудың мəні. Карта кеңістіктік
ақпараттар сақталған танымның маңызды құралы болып табы-
лады.
Картографиялық кескіндерді көру арқылы есте сақтап, ой
елегінен өткізіп талдау негізінде жергілікті жердің ерекшеліктері
туралы бір тұтас түсінікті қалыптастыру үрдісін топографиялық
картаны оқу дейміз.
Бастапқыда оқырман жалпы шолу арқылы картографиялық
кескіндерді біртұтас құрылым ретінде қарбылдап, картамен
259
жұмыс істеу барысында ой елегінен өткізіп талдаудан біртіндеп
кеңістіктің шынайы ақпараттық бейнесін анықтауға көшеді.
Құбылыстарды картада бейнелеу үшін ерекше картографиялық
кескіндеу нышаны болып табылатын шартты белгілер жүйесі
қолданылады.
Өзара үйлесіп, бір-бірімен байланыста болатын алуантүрлі
шартты белгілер картаға түсірілетін жергілікті жердің барлық
тетіктерін емес, ең басты ерекшеліктерін ашып көрсететін ақ па-
рат тар беретін кеңістіктік үлгісін түзеді. Осындай карта жергілікті
жердің белгілі бір масштабта кішірейтілген, жинақ талған, шарт-
ты белгімен кескінделген шынайы бейнесін көрсе те ді.
Картадағы ақпараттардың тереңдігі, сыйымдылығы мен
дəлдігі оқырманның жалпы жəне картографиялық дайындығының
деңгейіне, жеке ерекшеліктеріне, жинақтаған картамен жұмыс
істеу тəжірибесіне, ақпараттық деректерді алу жəне пайдала-
ну дағдыларына, сонымен қатар, картаның əртүрлі сапалық
ерекшеліктеріне тығыз байланысты болады.
Мəнерлі болуымен ерекшеленетін, эстетикалық тұрғыдан
көркем бейнеленген, бояулары үйлескен, құрылымы мен пішіндері
дұрыс таңдалған шартты белгілердің көмегімен кескінделген
картографиялық тілінің қарапайымдылығын, тез меңгерілуін,
жеңілдігімен қатар қолжетімділігін картаның оқылуы дейміз.
Бірақ басымдық шартты белгілердің пішініне, өлшемі мен
бояуының түсіне беріледі. Атап айтсақ, шартты белгілер мен
жергілікті жердегі нысандардың бір-бірімен ұқсастығы олардың
жылдам танылып есте сақталуын жеңілдетеді.
Көңілге қонымды таңдалған шартты белгілердің өлшемі
картаның дəлдігіне, картографиялық жинақтау дəрежесі мен
көрнекілігіне, тұтастай алғанда, картаны оқуға тікелей əсер етеді.
Бізді қоршаған əлемнің шынайы бейнесін танып білуге
мүмкіндік беретін негізгі құрал қызыметін атқаратын картаның
көрнекілігінің мəні мен қолжетімділігін жергілікті жердегі ны-
сандар кескінделген шартты белгілердің түсі анықтайды.
Қорыта айтқанда, оқырманның картаны оқуға қызығушылығын
тудыру көңілге қонымды таңдалған картографиялық тіл арқылы
жүзеге асырылады. Топографиялық картаны оқу белгілі бір
мағынаға, заңдылыққа, жалпы ереже мен бір ізділікке бағынады.
260
Іріктеліп жинақталған мағыналы мазмұны болатындықтан,
картаны оқу ең негізгілерін қосалқыдан ажыратып алу, жалпы-
дан біртіндеп жекеге көшу қағидаларына сүйеніп жүргізіледі.
Картаны оқу барысында бұрыштамадан тыс безендірілуі мен
ішкі картографиялық мазмұнын оқуды көздейтін екі тарауға бөлу
қажет.
Карта бұрыштамасының сыртындағы безендіруін оқу.
Карта бұрыштамасының сыртындағы безендіруге бұрыштаманың
сыртында орналасқандар, ал ішкі картографиялық мазмұнына
ішкі бұрыштамамен шектелген картаның шартты белгімен
кескінделген нысандары жатады.
Сыртқы бұрыштамадан тыс безендірілуін төмендегі ретпен
оқу қажет:
– карта бетінің солтүстік жəне оңтүстік бұрыштамаларының
безендірілуі;
– батыс жəне шығыс бұрыштамаларының безендірілуі;
– сыртқы, минуттық жəне ішкі бұрыштаманың,шақырымдық
торларының сипаты мен олардың безендірілуі.
Ішкі картографиялық мазмұнды оқуды құрылу ретіне сай кар-
та мазмұнының ең басты құрамдас бөліктерінен бастайды.
Картаны оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мысал ретінде
1:50 000 масштабты топографиялық картаның L-44-97-В (Талды -
қор ған) бетін оқуды ұсынамыз.
Солтүстік бұрыштамасы. Сыртқы бұрыштаманың үстінің
орталық бөлігінде карта бетінің жер элипсоидындағы орнын
көрсететін номенклатурасы жазылған. Номенклатураның
оң жағында жақшаның ішінде бас əріппен картаның қосыны
Талдықорған жазылған. Ережеге сəйкес жетекші қосыны
ретінде карта мазмұнының басты нысаны болып табылатын есте
жеңіл сақталатын елдімекен, биіктік белгілері, көл, қоныс тағы
басқа нысандар таңдап алынады. Егер картада атау берілетін
құндылығы бірдей екі нысан болған жағдайда, олардың орта-
сында, жол торабында орналасқан жоғары класқа жататыны
алынады. Номенклатураның оң жағында шығыс бұрыштамада
картаның құпиялық дəрежесін көрсететін грифі орналасады. Ал
номенклатураның сол жағында «1942 координат жүйесі» сөзі жа-
зылады. Ол картаның бұл беті Ф. Н. Красовскийдің элипсоидын-