Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет74/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   141

238

Жердің ғарыштық бейнесін  орбитадан көре алу мүмкіндігі  

пайда болды қазіргі теориялық жəне тəжірибелік картография 

карта жасау мен бастырып шығарудың   автоматтандырылған 

карта жасу жүйесі мен  картаны құрудың аэроғарыштық əдісін 

енгізу мəселелерімен айналысуда. 

ХХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығында Қазақ КСР ғылым 

академиясының география институтының ғалымдары Қазақстан-

ның алғашқы физикалық географиялық жəне экономикалық гео-

гра фиялық атластарын құрылды.  

Қазіргі кезеңдегі картографияның дамуына танымал ғалым-

картограф А. М. Берлянд зор үлес қосты. Ол жаңа картографиялық 

пəн геоикониканың теориясын жасап жатыр. 

Бүгінгі таңда картография басқа салалармен құрамдасуда. 

 

Атап айтсақ, картаға түсіру мен аэроғарыштық зондлау геогра-



фиялық ақпараттық жүйелерге негізделеді. Бұл өзекті міндетті 

зерттеу, табиғат байлықтарын оңтайлы пайдалану жəне халық 

шаруашылығына пайда тигізу мақсатында қолданылады. Карто-

графиялық бейнелер (компьютерлік карталар, үш өлшемді үлгілер 

тағы басқалар) – пайдаланушыларға ұсынылатын ақпаратты 

қолайлы жəне тиімді нышаны, ал картаны автоматты дайындау 

ГАЖ қызметінің бір түрі болып табылады.  

Қорыта айтқанда, ұйымдасқан жəне кеңістікте таралған 

ақпараттарды сақтаушы ретінде жаңа құндылыққа ие болуда 

қазіргі кезеңдегі картографияның  басты екі міндеттері бар:

1. Жетілдірілген жаңа картографиялық шығармалар жасау;

2. Оларды білім көзі ретінде  толыққанды пайдалану жəне 

оған қатысты картографиялық зерттеу əдісін дамыту.  

Бүгінгі таңда картографияны дамытудың маңызды  фактор-

лары ның біріне картаны құрудың, басып шығару мен пайдалану-

дың ж  етілдірілген əдістері мен құралдарын жасау жатады. Гео-

графия лық шындықты біршама толық қабылдауға мүмкіндік бе-

ре тін болашағы зор бағыттардың бірі  картографияға электронды 

есептеу техникалары мен автоматиканы енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасында картографияның дамуы. 

Елімізде картографияның дамуы КСРО кезеңінен бастау алады. 

1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма 

құру туралы Декретімен  Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің 




239

ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі 

ұйымдастырылуы Қазақстан аумағын картаға түсіру, ірі, орта жəне 

ұсақ масштабты карталарды құру ісін жандандырды. Қазақстан 

аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-

геодезиялық жəне картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэро-

ге одезиялық топографиялық кəсіпорыны мен Орта-Азия Аэро-

геодезиялық кəсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобы-

ның күшімен орындалды.

1945 жылы Алматыда Қазақ Аэрогеодезиялық кəсіпорны 

ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ КСР-

ының бүкіл аумағында 1:1 000 000 масштабтағы мемлекеттік кар-

тографиялау мақсатындағы түсіру жұмыстары жүргізілді. 

1991 жылы Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік алуына 

байланысты Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен 

Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия жəне карто-

графия Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына 

бұрынғы ГКБ (Геодезия жəне картография басқармасы) басқар ма-

сы  ның барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан 

ау мағындағы, ұйымдар мен кəсіпорындар, сондай-ақ мемлекет тік 

геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кір 

ді. 


1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезия лық қордың 

орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жы л ғы Жарлығымен 

Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қа ты настары жəне жерге 

орналастыру Мемлекеттік коми те тіне (Мем жерком), содан кейін 1999 

жылы Қазақстан Респуб ли касы Жер  қорларын басқару жөніндегі 

агенттігіне беріл ді. Қазіргі Агент тік қарамағында “Астанатопогра-

фия”, “Шығыс геодезия”, “Батысгеодезия”, “Қазгеокарт”, “Ұлттық 

картография - қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, 

“Оңтүстік гео де зи я”  бар.

Қазіргі кезеңде жоғарыда аталған мекемелерде  электрондық 

тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік 

жүйесі геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен 

енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демарка-

циялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық 

карталарды жасау сияқты күрделі мəселелерін шешуге жол 



240

ашады. Қазақстан Республикасының саяси-əкімшілік картала-

ры, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының 

физикалық оқулық карталары əзірленуде. 

Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің өткен  10  жылында  

көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға  аэрогеоде-

зия лық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, инсти-

тут мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған 

қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның 

ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен 

масштабтағы түсірімдердің сызбаларын (карта) жасау іске асы-

рылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді. 

ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап Қазақстан аумағының   

1:2 500 000 1:1 000 000; 1:500 000; 1: 100 000;  1: 50 000 мас-

штабты жалпы географиялық, геоморфологиялық, геологиялық, 

тектонкалық, ландшафттық, топырақ карталары құрыла бастады.  

Оның  не гізінде  қазба-байлық,  тектоникалық,  гидрогео логиялық,  

инженерлік-геологиялық карта ларды шығаруға болады. н, Геоло-

гия комитетінің алдағы жылғы жоспары на гео логиялық картаны 

енгізу керек. Шартты бел гілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге 

келтіру қажет. Яғни, халықтық дəрежеде геология лық картаның 

дамығанын көрсеткен жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға гео-

логия, топырақтану, содан кейін классикалық картография жата-

ды. Классикалық іргелі геологияны дамыту үшін төмендегідей 

бағыттардағы пəндер керек: палеонтология, палеология, палео-

ботаника, палеозоология, стратиграфия, литология, петрология, 

геологиялық картография, геотектоника, сейсмотектоника, геоди-

намика, космогеология, т.б.



6.4 Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы

Географиядағы ақпараттық жүйелер тарихы электронды 

есептеуіш машиналарында өңделетін басқа ғылым салаларымен 

көбінде ұқсас болып келеді. Ақпараттануда барлық жинақталу 

үлгілері мен ақпараттарды өңдеуді ақпараттық жүйелері мен 

автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп айту келісілген.

ГАЖ- ды құрудың бірінші жұмыстары 60-жылдардың орта-

сында Канадада жəне Швецияда басталды. Канадалық ГАЖ-дар 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау