Мотвациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.
-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болады?
-Ол неге ұқсайды?
-Ендеше,біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық.Қане, бәріміз бірдей үрлейік.
-Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.
-Қайырлы таң, көздерім, сендер
ояныңдар!
-Қайырлы таң,құлақтарым, сендер
ояныңдар!
-Қайырлы таң, саусақтарым,
сендер ояныңдар!
-Қайырлы күн, сен де ояндың ба?
Тағы бір күн артта қалып, тағы
арайланып таң атты.
|
Балалар шаттық шеңберін құрады.
-Үлкен.
-Шеңберге.
Балалар үрлейді.
Бір-бірін емдеген болады.
Көздерін уқалайды.
Құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
Жымиып күледі.
|
Ұйымдастыру- іздестіру
|
-Балалар, терезеге қараңдаршы, ауа райы қандай?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Иә дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.
Сөздік жұмыс: жапырақтар.
-Ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болды?
-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, жапырақтардың түстері қандай екен?
-Балалар, жапырақтар күздігүні қалай түседі?
-Иә, дұрыс айтасыңдар, күздігүні жапырақтар сарғайып жер бетіне жоғарыдан төмен қарай , яғни жерге түседі.
-Балалар, кәне бәріміз жапырақтардың күзде қалай түсетінін көрсетейікші.Осы көрініс балаларға да түсінікті болу үшін қағаз бетінде жапырақтардың қалай жерге түсетінін жапсырып көрсетейік.
Билингвальді компонент: күз-осень, жапырақ-листья.
Алдымыздағы қағаздарға түрлі түсті жапырақтарды орналастырамыз.
Сергіту сәті.
Желмен бірге шайқалып,
Тербеліп тұр ағаштар.
Кілем болып жайылып,
Жерге түсті жапырақтар.
А.Дамас
Жұмысты орындауда қиналған балалармен және жапырақтарды кеңістікте орналастыра алмай отырған балалармен жеке жұмыс жүргізіу.
Балалардың жапсырған жұмыстарын бірігіп талдау.
|
Жауап береді.
-Күз мезгілі.
Қайталайды: жапырақтар.
-Сары, қызыл, қоңыр.
-Сары, қызыл.
-Жапырақтар сарғайып, қурап жерге түседі.
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.Балалар әуен ырғағымен күзде жапырақтардың түсуін қимылмен көрсетеді.
Қайталайды: күз-осень, жапырақ-листья.
Балалар тәрбишінің айтқанын орындайды.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады және қимылмен көрсетеді
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен түрлі түсті жапырақтарды қағаз бетіне орналастырады.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Рефлексия:
-Бүгін оқу іс-әрекетінде жылдың қай мезгілінде болатын құбылыспен таныстық?
-Жапырақтар күздігүні қалай жауады екен?
-Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Әдемі гүлдер» ойыны.
Балалар, сендердің қолдарыңда қызыл, сары және жасыл көбелектер бар.Қазір мен түрлі түсті гүлдерді шашамын, ал сендер қолдарыңдағы көбелектің түсіне сай оны гүлге орналастырңдар.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
|
Жылдың күз мезгілінде болатын құбылыспен таныстық.
Жапырақтар сарғайып, жоғарыдан төмен қарай түседі екен.
Балалар әуен ырғағымен тәрбиешінің нұсқауын орындайды.
|