Кіші саласы: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Тақырыбы: Зат және оның бөлігі. Бүтін және бөлік. Мақсаты: а «бүтін және бөліктер»



жүктеу 40,77 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі40,77 Kb.
#4196

Білімділік саласы: «Таным»

Кіші саласы: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Зат және оның бөлігі. Бүтін және бөлік.

Мақсаты:

а) «бүтін және бөліктер» терминін енгізу, бөліктерден бүтінді құрастыруға, бүтінді бөліктерге бөлуді үйрену; бүтіннің тең бөліктерінің атауымен (жарты, ширек) таныстыру; сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;

ә) сөйлеу тілдерін және ойлауларын дамыту;

Сөздік жұмыс: бүтін, бөлік, жарты, ширек.

Билингвальды компонент: зат-вещь.


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық



- Сендер аппликация жасауды жақсы көресіңдер ме? Біз сендермен көптеген аппликациялар орындадық. Бүгін мен сендерге біздің аппликациялық жұмыс үшін бөлшектер дайындауды ұсынамын.

Іс-әрекетке деген қызығушылықтары пайда болды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік



Педагог балаларға түрлі-түсті қағаздан дайындалған шаршы, дөнгелек, сопақша, тіктөртбұрыштар таратады. Содан соң тақтаға геометриялық фигуралардан құрастырылған аппликацияны іледі.

- Аппликациядан не көріп тұрсыңдар? Қалпағы бар саңырауқұлақ құрастырылған фигураларды қалай атауға болады? Дөңгелекті бөліктерге бөлдік. Бұл бөлік жартысы деп аталады. Фигураны екіге бөлуді үйренеміз. Ол үшін дөңгелекті шеттері бір-біріне келетіндей етіп ұқыптап бүктейміз. Олар сызық бойымен бүктеп қию үшін, қайшы беруге болады.

- Бізде неше жарты пайда болды?

- Егер біз әрбір жарты дөңгелекті тағы да екіге бүктейтін болсақ, онда ширек бөліктер пайда болады.

Дөңгелектерді ширек бөліктерге бөлуге уақыт беріп, көмектеседі. Содан соң бөліктерін көрсетіп, неше ширек бөлік шыққанын санайды. «Дөңгелек құрастыр» ойынын

ойнауды ұсынуға болады


- Шаршыны жарты бөлікке (ширек бөлікке) бөліп көріңдер. Қалай

дайындауға болатынын айтыңдар.


Содан соң мысалы, мынадай түрлі өрнекті партаға қоюды ұсынады:

- Шаршыны екіге бөлгенде, қандай фигуралар шықты? (Екі кішкентай тіктөртбұрыш). Ал шаршының ширек бөліктері ше? (Олар да – шаршылар, бірақ кішкентай).

- Қане, жарты бөліктерінің тең екендігін тексеріп көрейік. Оларды бір-бірінің үстіне қойыңдар. Дұрыс, олар –фигураның тең бөліктері.

- Жарты және ширек бөліктерден бүтін фигураны құрастырындар.

- Фигураны тең емес бөліктерге де бөлуге болады.

Қарапайым геометриялық конструктор таратылып (суретті 5-6 бөлікке бөлуге болады), фигураны (суретті) құрастыруды сұрайды. Тіктөртбұрышты тағы басқа бөліктерге бөлуге болады.

Педагог сергіту сәтінен кейін,

№1 тапсырманың суреті бойынша әңгіме жүргізіледі. Балалар дөңгелек, шаршының бөліктерінің атауын дауыстап айтады.

Ары қарай №2 тапсырмадағы осы суреттің бөліктерін бояуды тапсырады.

№3 тапсырма зейіндерін дамытуға арналған. Дөңгелектің бөлігін таңдап алу керек, бірақ алдымен ондағы өрнекке талдау жасап алған жөн.



Аппликациялық талдау жүргізеді. Дөңгелектің,

шаршының атауыларын қайталайды. Практикалық жұмыс жүргізіп, фигураларды тең екіге бүктейді. Содан соң 4-ке бүктейді, қияды. Өрнек құрастырады. Олардың бөліктерінен бүтін фигура құрастырады. Фигураны бөліктерге бөлуге, бөлектерден бүтін фигура құрастыруға болатындығы туралы қорытынды жасайды. Тең бөліктер бір-бірінің үстіне қойғанда, сәйкес келеді және өз атаулары бар (жарты, ширек ).

Геометриялық конструктормен немесе бөліктерге бөлінген суретпен жұмыс істейді.

1-тапсырманы ауызша орындайды.

2-тапсырмадағы бөліктерді бояйды.

3-тапсырмада жапсырманы таңдап алады, алдымен оны көрсетіп, содан соң жапсырады.



Рефлексиялық-

түзетушілік



Педагог аппликацияға қайтадан оралады.

- Енді біз осындай аппликация жасай аламыз ба? Бөлшектер дайын ба? Олар қалай аталады?

Оларды біз қандай фигурадан алдық?

- Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық?

- Бүтін фигураны қандай бөліктерге бөлуге болады? (Тең және тең емес бөліктер).

- Фигураны оның бөліктерінен құрастыруға бола ма?



Балалардың жұмысын мадақтап, бағалайды.

Аппликация бөліктерін атайды, оларға дөңгелектің жартысы, шаршының жартысы, дөңгелектің ширегі, шаршының ширегі деген атаулар береді. Бүтін фигураны тең және тең емес бөліктерге бөлуге болатындығы туралы қорытынды жасаймыз. Бөліктерден бүтін құрастыруға болады.

Күтілетін нәтиже:

  1. Жаңғыртады бүтінді бөліктерге бөлуге, бөліктерден бүтін құрастыруға болатындығын; дөңгелек тең екі және 4 бөлікке қалай бөлетіндігін;

  2. Түсінеді: кез келген бүтін фигурадан, заттан бөліктер алу, бөліктерден затты құрастыру туралы түсінікті;

  3. Қолданады: дөңгелек пен шаршыны жарты және ширек бөліктерге бөлуді, бөліктерден фигура құрастыруды.

жүктеу 40,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау