«БЕКІТЕМІН»
Түпқараған ауданының
әкімі__________Т.Т.Асауов
«___» __________2016 жыл
2016-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ КАРТАСЫ
2016 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Картаның паспорты......................................................................................................3-5
2. Кіріспе...................................................................................................................................6
3. Ағымдағы жағдайды талдау............................................................................................7
3.1.Ауданның географиялық орналасуы, Еңбек нарығын талдау................ ..................7-11
3.2. Аудандағы кәсіпкерліктің дамуын талдау................................................................11-14
3.3. Өнеркәсіп.....................................................................................................................14-16
3.4. Агроөнеркәсіптік кешен..............................................................................................16-20
3.5. Сауда........... ................................................................................................................20-22
3.6. Инновация мен инвестиция.........................................................................................22-24
4. Аудандағы кәсіпкерліктің даму болжамы................................................................24-26
5. Негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер...................................................................26-32
6. Қажетті ресурстар........................................................................................................... 32
7. Бағдарламаны басқару...................................................................................................... 32
КАРТАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Тақырыбы
|
2016-2018 жылдарға арналған Түпқараған ауданында кәсіпкерлікті дамыту Картасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Заңымен қабылданған «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№162 «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы қаулысы
|
Әзірлеуші
|
«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлкеттік мекемесі
|
Ауданның негізгі сипаттамасы
|
Түпқараған ауданы – Маңғыстау облысының солтүстік - батысында орналасқан. 1963 жылға дейін Шевченко ауданы, аудан орталығы Форт-Шевченко қаласы 1972-1992 жылдары облыс бойынша дербес қала болып келді.
Ал 1992 жылғы 6 шілде де Түпқараған ауданы болып қайта құрылды. Аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы. Ауданның жалпы жер аумағы 8076,9 шаршы км. Ауданның құрамына Форт-Шевченко қаласы, Баутин, Қызылөзен, Ақшұқыр, Саин Шапағатов, Таушық селолық округтары енеді.
Маңғыстау түбегінің мәдениеті, тарихы, өнері және экономикалық дамуы осы 170 жылдық тарихы бар Форт-Шевченко қаласымен тығыз байланысты. Түбектегі алғашқы оқу ағарту орны осында салынып ашылды. Сол сияқты Қазахстандағы алғашқы радиостанция осы Форт Александровскіде (қазіргі Форт-Шевченко қаласы) салынды. Соңғы 10 жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан жылға жоғарлап келеді. Барлық елдімекендер көгілдір отынмен қамтылған. Бүгінгі таңда ауыз су және кәріз су құбыры құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Барлық елдімекенде мектеп, бала бақша, мәдениет үйлері жұмыс жасайды.
Облыс орталығынан ара-қашықтық 132 км.
Аудан халқының саны іргелес елді мекендермен қоса есептегенде 25 400 адам.
Негізгі өнеркәсібі: Мұнай барлау және игеру операцияларын қолдау, теңіз сауда портының қызметі, құрылыс материалдарын өндіру. Кәсіпкерлік саласының барлық түрі.
|
Бағыттары
|
Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету;
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту.
|
Міндеттер
|
Кәсіпкерлік саласын дамытудағы басты стратегиялық мақсат, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру;
кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру;
Әзірленген кәсіпкерлікті дамыту картасы ауданға қарасты қала, селоларда көрсетілген жобаларды iске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
Тұрмыстық және заңгерлік қызметтердің сапасын жақсарту, санын көбейту;
Ішкі нарықтың сұранысы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін жергілікті жерде жеткілікті көлемде өндіру мен өңдеуге қол жеткізу;
Тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру, сапалы әлеуметтік көмектің барлық түрімен қамту;
Ауданға қарасты ауылдық елді мекендердің тұрақты даму қарқынын сақтай отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарылату;
|
Мақсаты
|
Ауданның инвестициялық жобаларында және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті мазмұндағы үлесті ұлғайту;
Кәсіпкерліктің барлық саласын дамытуда шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру, арнайы курстарда оқыту, консультациялар береу;
Ауыл халықын жұмыспен қамтуға қол жеткізу;
Экономиканың өндірістік және басқа да салаларында кәсіпкерлікті орнықты дамыту,
Кәсіпкерліктің серпінді де сапалы дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру.
|
Іске асыру кезеңдері
|
2016-2018 жылдар
|
Индикаторлар
|
Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі – 2016 жылы - 93%; 2017 жылы - 94%; 2018 жылы – 95%.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі, өткен жылға – 2016 жылы – 59,7%; 2017 жылы – 60%; 2018 жылы – 60 %.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 2016 жылы – 101 %; 2017 жылы –102%; 2018 жылы – 103 %.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі 2016 жылы – 100 %; 2017 жылы –100,1%; 2018 жылы – 100,3 %.
Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі 2016 жылы – 86,2; 2017 жылы – 86,5; 2018 жылы – 86,8.
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2016 жылы – 72,2%; 2017 жылы – 72,4%; 2018 жылы – 72,6%.
|
Қаржыландыру көздері
|
Көрсетiлген мақсатқа қарастырылған қаржы шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, бюджеттен тыс мақсатты қаражат, несиелік ұйымдар, кәсіпкерлер өз қаражаттары.
Қаржыландыру көлемдері:
2016 жылы – 378,7 млн. теңге;
2017 жылы – 6183,5 млн. теңге;
2018 жылы – 3266,3 млн. теңге;
Барлығы: 9828,5 млн. теңге.
|
2. Кіріспе
Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды жоғарылату және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.
2016-2018 жылдарға арналған Түпқараған ауданында кәсіпкерлікті дамыту Картасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы, 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында қойылған мiндеттердi орындау болып табылады.
Картаның мақсаты - өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.
Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының екінші бағытында көзделгендей Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және өткізу пункттері кешенімен бірге ұсақ тауарлар өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұйымдастыруы арқылы жүзеге асыру.
Кәсiпкерлiк мемлекет экономикасының өз ерекшелігі бар маңызды секторы болып табылады. Кәсiпкерлiк дағдыларын дамытуды ынталандырады, бәсекелестiк ортаны қалыптастырады, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерiстерiне тез бейiмделедi, жаңа жұмыс орындарын құрады және отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерiмен толықтыруға ықпал етедi. Кәсiпкерлiк қоғамның орта табын қалыптастырудың көзi болып табылады және халықты жұмыспен қамту проблемасын шешуге ықпал етедi.
Карта ауданда кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асырудың негiзгi мақсатын, осы мақсатқа қол жеткiзудiң негiзгi жолдары мен Картаның басты мақсаты - кәсiпкерлiктiң серпiндi де сапалы дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз етуге, мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамыту картасы «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы мен «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асырудың жалғасы болып табылады, бұл ретте қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
3.1 Ауданның географиялық орналасуы. Еңбек нарығын талдау
Достарыңызбен бөлісу: |