Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет1/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141


1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. Тоқпанов

О. Б. Мазбаев

КАРТОГРАФИЯ ЖƏНЕ

ТОПОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІ

Оқулық

Алматы, 2012


2

ƏОЖ 528(075.8)

КБЖ 26.12я73

Т 53


Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған

Пікір жазғандар:

география ғылымдарының докторы, профессор А. Р. Медеу;

география ғылымдарының докторы, профессор Ж. Д. Достай;

география ғылымдарының кандидаты, доцент Қ. Ш. Мұса.

© Тоқпанов Е. А., Мазбаев О. Б., 2012

© ҚР Жоғары оқу орындарының 

қауымдастығы, 2012

Т 53

ƏОЖ 528(075.8)

КБЖ 26.12я73 

ISBN 978-601-217-352-9



Тоқпанов Е. А., Мазбаев О. Б.

Картография жəне топография негіздері: Оқулық. – Алматы: 

«Дəуір», 2012. - 464 бет.

   

ISBN 978-601-217-352-9



Жоғары оқу орындарына арналған «Картография жəне топография 

негіздері» оқулығы 5В011600-«География» мамандығының типтік оқу 

бағдарламасына сəйкес  жазылған.

Бірінші бөлімінде географиялық карталардың проекциялары, мазмұнының 

ерекшеліктері, картографиялық жинақтаудың түрлеріне, карталарды құрудың 

дəстүрлі жəне қазіргі заманауи əдістері қарастырылған.

Екінші бөлімінде топографиялық карталардың қасиеттері, пайдалану 

əдістері, ірі жəне орта масштабты карталардың номенклатурасы жер бетінде 

қашықтықтан жүргізілетін түсірулердің түрлеріне, географиялық нысандар 

мен құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктеріне талдау жасалған.

Үшінші бөлімде жергілікті жерде жүргізілетін далалық жоспарлы, 

биіктіктік жəне жоспарлы-биіктіктік түсірулердің түрлері қашықтықтан 

түсіру əдістері,  олардың топографиялық жəне ұсақ масштабты карталарды 

құру дағы алатын орнын айқындайтын негізгі түсініктер жайлы мағлұматтар 

берілген.

Авторлардың ұзақ жылдар оқыған дəрістері мен далалық түсіру жұмыстары 

негізінде жазылған оқулық география мамандығының студенттеріне, оқыту -

шылар мен мектеп мұғалімдеріне арналған.




3

КІРІСПЕ

Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын 

географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен 

кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы 

ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда атластар мен 

глобустарда көрініс тапқан. Картография бойынша ғылыми зерт-

теулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын-

да, жоғары оқу орындары мен картографиялық кəсіпорындарында 

жүргізіледі. 

Əрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. 

Оны ғылым мен білімнің, өндірістің белгілі бір салаларындағы 

мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар 

маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрушылар 

кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол 

аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері 

айқын ашылып көрсетіле түседі. 



Картографияның басқа ғылымдармен байланысы. 

Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы 

өте кең. Қоғамдық ғылымдардан экономикалық жəне əлеуметтік 

география, тарих тағы басқа салалармен тығыз байланысты. Жа-

ратылыстану ғылымдарынан - табиғатты зерттейтін физикалық 

география, геология, ландшафтану, топырақтану, метеороло-

гия жəне климатология сияқты салалық ғылымдармен, нақты  

ғылымдардың ішінде математика, геодезия (Жердің пішіні мен 

өлшемі, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы ғылым), 

кибернетика, статистикамен тығыз байланысты. 



Астрономиялық-геодезиялық 

өлшеу жұмыстарының 

нəтижесінде картография жердің пішіні мен өлшемі, ауданы, 

белгілі бір нүктенің географиялық орны жөнінде маңызды дерек-

тер алады. 

Географиялық карталар, атластар тағы басқа картографиялық 

өнімдер жасау арқылы картография халық шаруашылығы мен 

адамның мəдени қажеттілігін  өтеуде. Географиялық карталар 

аумақты игеру жəне оны түрлендіру, шаруашылық салаларын 

дамытып, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту, адамзаттың 




4

жер табиғаты мен қоғамның əлеуметтік ұйымдасуы туралы ақ па-

рат  тар жинау қызметін атқаратын қуатты құрал болып табылады. 

Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 

сəйкес картография жəне топография негіздері пəнін оқытудың 

мін  


деті – болашақ география пəнінің мұғалімдерін карто 

-

гра фия  ғылымының  негіздерімен,  бірінші  кезекте  картатану, 



математикалық картографиямен, картометриямен жəне топо гра-

фиямен таныстыру. Пəнді оқыту барысында басты назар студент-

тердің географиялық картаны дұрыс пайдаланып, талдай білу 

дағ ды ларын қалыптастыруға аударылады. Осы дағдылар геогра-

фия пəндерін оқыту барысында қолданылып, білімдері одан əрі 

жетіл  діріледі. 



Карталардың ғылыми-тəжірибелік маңызы. Карталар 

шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу 

жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол 

кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті 

мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, 

қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, 

көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара бай-

ланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға 

мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған қасиеттер картаның маңызы 

мен құндылығын анықтайды. Сондықтан географиялық карта-

ларды іс жүзінде пайдаланудың төмендегі басты бағыттарын атап 

көрсетуге болады:

–   жергілікті жерге, ауданға, елге бармастан олармен картаның 

көмегімен жалпы танысу;

–   жергілікті жерде, құрлық пен мұхит бетінде əскери құра ма-

лардың қозғалу барысында,  туристік жорықтарда, навигация мен 

моторлы көліктер үшін картаның көмегімен бағдарлау арқылы 

оны жолбасшы ретінде қолдану; 

–  картаны көліктік, энергетикалық, өнеркəсіптік жəне ауыл 

шаруашылық, құрылыстарды инженерлік жобалау, сонымен 

қатар, аудандық жоспарлау, экономика мен мəдениетті дамыту-

ды жоспарлау, ең тиімді автомобиль мен темір жолдар, құбырлар 

құрылыстарын салу барысында пайдалану; 

–  картаны орта мектептер мен жоғары оқу орындарында білім 

көзі, сонымен қатар, ғылыми білімді насихаттау, халықты туған 

елімен, басқа мемлекеттермен таныстыру, жалпы мəдениетін 

көтеру құралы ретінде қолдану. 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау