19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (ias 19) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата14.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#13358
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


19 

ХҚЕС (IAS) 

 

©

 IFRS Foundation 



1

 

19 



Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS) 

Қызметкерлерге Берілетін Сыйақылар 

 

Мақсаты 

1. 

Осы  Стандарттың  мақсаты  есеп  тәртібін  орнату  және  қызметкерлерге  берілетін  сыйақы  туралы 



ақпаратты айқындау болып табылады. Стандарт ұйымнан мыналарды тануды талап етеді: 

(а) 


міндеттемені  –  егер  қызметкер  болашақта  төленуі  тиіс  сыйақы  орнына  қызмет  көрсеткен 

жағдайда; және 

(b) 

 

шығысты  -  егер  ұйым  жұмысшының  сыйақы  орнына  қызмет  көрсетуінің  арқасында  пайда 



көрген жағдайда. 

Қолдану саласы 

2  



ХҚЕС  (IFRS)  Акция  Негізіндегі  Төлемдер  қолданылатындардан  басқа,  жұмыс  беруші  осы 

стандартты жұмысшыларға төленетін барлық сыйақыларды есепке алу үшін қолданады. 

Осы  Стандарт  қызметкерлерге  сыйақы  төлеу  жоспарлары  бойынша  есептілікке  қатысты  емес  (26 



ХҚЕС  (IAS)  Зейнетақымен  Қамсыздандыру  Бағдарламалары  және  Зейнетақы  Жоспарлары 

бойынша Есептілік қараңыз). 

4  


Оларға қатысты осы Стандарт қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар мыналарды қамтиды: 

(а) 


жасалған  ресми  жоспарларға  немесе  ұйым  және  жеке  қызметкерлер,  қызметкерлер  тобы 

немесе олардың өкілдерінің арасындағы басқа да жасалған келісімдерге сәйкес; 

(b) 

заңнамалық талаптарға сәйкес немесе ұйым ұлттық, мемлекеттік, салалық немесе басқа да 



жұмыс  берушілер  тобына  жарналар  төлеуді  жүзеге  асыруға  тиісті  сала  ішіндегі  шарттарға 

байланысты; немесе 

(c)  

жүктелген  міндеттеменің  шығуына  әкеліп  соқтыратын  ұйым  тәжірибесінің  қалыптасуына 



сәйкес.  Егер  ұйымның  қызметкерлерге  төлеулерді  жүзеге  асыруына  нақты  баламасы 

болмаса,  қалыптасқан  тәжірибе  жүктелген  міндеттемеге  әкеліп  соқтырады.  Жүктелген 

міндеттеменің мысалы ұйымның қалыптасқан тәжірибесінің өзгеруі оның қызметкерлерімен 

қарым-қатынасында тиімсіз зиянға әкеліп соқтыратын жағдайы болуы мүмкін. 

Қызметкерлерге берілетін сыйақы төмендегілерден тұрады: 



(а) 

егер  олар  кезең  аяқталғаннан  кейін  он  екі  ай  ішінде  толығымен  төленетін  болса, 

қызметкерлерге келесідей қысқа мерзімді сыйақылар қарастырылады:  

(і) 


жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы, еңбекақы және әлеуметтік 

қамтамасыз етуге арналған жарналар; 

(іі) 

жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс; 



(ііі) 

пайда және сыйлықақыларға қатысу ; 

(іv) 

ақшалай  емес  нысандағы  сыйақылар  сияқты  (медициналық  қызмет,  үймен  және 



көлікпен  қамтамасыз  ету,  ақысыз  немесе  күні  белгіленген  тауарлар  немесе 

қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар; 

(b) 

зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар: 



(і) 

еңбек  қызметінің  аяқталуына  байланысты  берілетін  сыйақы  (зейнетақы  мен  бір 

жолғы төлем); және 

(іі) 


еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету 

сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы; 

(c)  

басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар: 



(і) 

жұмыс  өтілі  қызметкерлер  үшін  ақы  төленетін  демалыс  немесе  ақы  төленетін 

шығармашылық демалыс; 

(іі) 


мерейтойларға арналған немесе ұзақ жұмыс өтілі үшін берілетін сыйақылар; және 

(ііі) 


еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар; және  


19 

ХҚЕС (IAS)

 



©



 IFRS Foundation 

(d) 


қызметті аяқтау жәрдемақылары. 

Қызметкерлерге  берілетін  сыйақы  қызметкерлерге  берілетін,  сол  сияқты  асырауындағы  адамдарға 



берілетін  сыйақы  сияқты,  және/не  қызметкерлердің,  олардың  жұбайларының,  балаларының  немесе 

басқа  асырауындағы  адамдардың,  не,  мысалы,  сақтандыру  ұйымдары  сияқты  басқа  тұлғалардың 

тікелей  пайдасына  іске  асырылатын  төлем  жасау  (немесе  тауарлар  немесе  қызмет  көрсету  үшін) 

арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 

Қызметкер ұйымға толық және толық емес жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша 



негізде  ішінара  жұмыспен  қамту  қызметін  көрсете  алады.  Осы  Стандарттың  мақсаты  үшін 

қызметкерлер санына директорлар және басқа да басқару саласының қызметкерлері кіреді. 



Анықтамалар 



Төмендегідей терминдер осы Стандартта белгіленген мағынада қолданылады: 

Қызметкерге берілетін сыйақылардың анықтамалары: 

Қызметкерлерге  берілетін  сыйақы  –  ұйымның  қызметкерлерге  олар  көрсеткен  қызметтің 

орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. 

 

Қызметкерлерге  берілетін  қысқа  мерзімді  сыйақылар  –  (шығу  жәрдемақыларын  қоспағанда) 



қызметкердің  тиісті  қызмет  көрсеткен  кезең  аяқталғаннан  кейін  он  екі  ай  ішінде  төленуге 

тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы. 

 

Еңбек  қызметі  аяқталған  кезде  төленетін  сыйақылар  -  еңбек  қызметі  аяқталғанда  төленетін 

қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақыларын қоспағанда). 

Қызметкерлерге  берілетін  басқа  да  ұзақ  мерзімді  сыйақылар  -    қызметкердің  тиісті  қызмет 

көрсеткен  кезең  аяқталғаннан  кейін  он  екі  ай  ішінде  төленуге  тиісті  емес  қызметкерлерге 

берілетін сыйақы. 

Жұмыстан  шығардағы  жәрдемақы  қызметкерлерге  қызметті  тоқтату  немесе  төмендегідей 

себептерге берілетін жәрдемақы

(а)  

қызметкерді  зейнеткерлік  жасқа  толмағанға  дейін  ұйымның  шешімімен  жұмыстан 

шығарса; немесе 

(b) 

қызметкердің  өз  еркімен  осындай  сыйақыға  айырбастауға  жұмыстан  шығу  салдары 

болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар. 

Жоспарларды жіктеумен байланысты анықтамалар: 

Еңбек  қызметі  аяқталған  кездегі  сыйақылар  жоспары –  ресми  немесе  бейресми  түрде  келетін 

жоспардың  саласындағы  кәсіпорынның  бір  немесе  одан  да  көп  қызметкерге  төлейтін  еңбек 

қызметі аяқталған кезедегі сыйақылар жопары. 

 

Белгіленген  жарналары  бар  сыйақы  жоспарлары  –  егер  ұйымның  (қор)  белгіленген  жарнаны 

бөлек  қорға  төлеуді  жүзеге  асыруын  және  қосымша  жарналар  төлеу  бойынша  қандай  да 

болмасын  заңды  және  жүктелген  міндеттемелері  болмаса,  белгіленген  жарнасы  бар  сыйақы 

жоспарларынан  ерекшеленетін  сыйақы  жоспарларын  қамтамасыз  етуді  болжайтын 

сыйақымен қамсыздандыру жоспары.  

Белгіленген  төлемдері  бар  сыйақы  жоспарлары  –  белгіленген  жарналары  бар  сыйақы 

жоспарларынан айырмашылығы бар сыйақымен қамсыздандыру жоспары. 

Жұмыс  берушілер  тобының  сыйақы  жоспарлары  –  орнатылған  төлепдермен  (мемлекеттік 

сыйақы  жоспарларынан  басқа)  немесе  орнатылған  төлемдер  жоспарымен  (мемлекеттік 

сыйақы жоспарларынан басқа), бұлар:  

(а)  

жалпы бақылауда тұрмайтын әртүрлі ұйымдар енгізген активтерді біріктіретін; және  

(b) 

сыйақы жарнасы және көлемі сыйақыны алушы қызметкердің қандай ұйымда жұмыс 

істеуіне  тәуелсіз  анықталу  шартымен  бірнеше  ұйымдардың  қызметкерлерін 

сыйақымен  қамсыздандыру  үшін  бұл  активтер  пайдаланылатын  белгіленген 

жарналары  бар  сыйақы  жоспарлары  немесе  белгіленген  төлемдері  бар  сыйақы 

жоспарлары  


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау