77
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 12: Білікті әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудағы және
жұмыста сақтап қалудағы түйіткілді мәселелер
1.
Төмен жалақы жоғары білікті үміткерлерді жұмысқа тартуға
кедергі келтіреді
Маңғыстау облысындағы бір аудандағы жергілікті әкімнің орынбасарының айтуынша, әлеуметтік
қызметкерлер сияқты қызметтерге өтініш беретін адамдардың әдетте біліктілігі төмен болады.
Оның себебі – төмен жалақы:
«Білікті адамдар бізге жалақысы мардымсыз деп келмейді. Өкінішке орай, біз келіп, осындай
жалақыға жұмыс істеуге келіскен адамдармен жұмыс жасауға мәжбүрміз. Бізде басқа мүм-
кіндік жоқ» (жергіілкті мемлекеттік қызметкер, 11.05.2017).
«Әлеуметтік қызметкерлер білімді болуы керек, олардың жалақысын көтеру керек» (ауыл-
дағы жергілікті әкімшілікте жұмыс істейді, 11.05.2017)
«Істей алатын жалғыз шара – лайықты жалақы тағайындау» (ПМПК-да жұмыс істейді,
25.05.2017).
Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысысы шамамен 45,000 теңгені құрайды: сұхбаттасқан екі
үкіметтік қызметкер жеткілікті біліктілігі бар үміткерлерді тарту үшін жалақы кем дегенде
100,000 теңге болуын ұсынды. Бір респондент әлеуметтік қызметкерлердің ешбір жеңілдіктер
алмайтынын немесе жалақысына үстеме жасалмайтынын атап өтті, осы себепті кейбірінің
бұл жұмысты істеуге құлқы жоқ (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
қызметкері, 10.05.2017).
2.
Жұмыстың салааралық сипаты
Әлеуметтік қызметкердің жұмысы салааралық сипатқа ие және осы рөлге үміткерлердің көпшілігі
ауыр дәрежелі мүгедектіккке шалдыққан балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі аз немесе жоқ.
Респонденттердің біреуі айтқандай, кіші әлеуметтік қызметкерлер ерекше қажеттіліктері бар
балалармен жұмыс жасаудың қиындығынан және жұмыста қалатындай тартымды жалақының
жоқтығынан бұл мамандықтан «қорқады». Сол респондент мүгедек балалардың ата-аналары
күтім көрсету жағынан біліктірек және кейбірі тіпті ерікті болып жұмыс істегенін айтты:
«Жастар келеді, сүйсіне жұмыс істейді, балаларды аяйды, көмектескісі келеді. Кейін бір-
те-бірте күш-қайраты кеміп, кетіп қалады. Себебі, шыдай алмайды. Жұмыс қиын. Біз бақы-
лай келе ең мүдделі мамандар балалардың туыстары мен ата-аналары екенін түсіндік.
Еріктілер ретінде келіп, кейін әлеуметті қызметкерге айналады. Балалардың аналары-
ның өздері жұмыс істей бастайды» (бейүкіметтік ұйым, 03/03/17).
3.
Жұмыс қандай болатынына қатысты нақты мәліметтің кереғарлығы және түсініксіздігі
Сұхбаттарда ата-аналар көбінесе әлеуметтік қызметкердің рөлін түсінбейтінін, олардан балаға
қарауды күтетінін, бірақ, олардың міндеті негізінен ақпарат пен құжат беру болып шығатынын
айтты. Мұндай түсінбестік әлеуметтік қызметкер рөлінің өзгермелі екенінен туындайды. Себебі,
бұл жұмысқа тұрғысы келетіндер көп емес, сондықтан, мекемелер міндеттері азайтылған төмен
білікті қызметкерлерді жұмысқа алады. Бір қызмет көрсетушінің айтуынша:
«Қазір ауылымызда мүгедек балалары бар түрлі отбасылар тұрады, бірақ, әлеуметтік
қызметкерлердің барлығы бірдей ондай балалармен жұмыс жасай алмайды, оларды ешкім
церебралды сал ауруына немесе ақыл-ойында кемістігі бар балалармен жұмыс жасауды
үйреткен жоқ. Сондықтан, олар тек әрлі-берлі жүреді, баламен шамасы келгенше ойнай-
ды, жөргектер береді, балалардың аналарына комиссияға құжат жинауға көмектеседі, со-
нымен бітті» (ауылдағы жергілікті әкімшілікте жұмыс істейді, 11.05.2017).
78
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
жасай алатын мұғалім жоқ екенін де анықтады.
Үйде оқитын балалар үшін де даярлығы бар
мұғалімдер жоқ екені де анықталды. Мүгедектігі
бар балаларды үйде оқытуға келетін мұғалімдер
біліктілікті арттыру дәрістерін алуы тиіс, алайда,
білім департаментінің мамандары мұндай
дәрістер мұғалімдерді мүгедектігі бар балалармен
жұмыс жасауға қажетті дағдылармен қамтамасыз
ете алмайтынын және кейбір мұғалімдер тіпті
балалардан қорқатынын айтады. Бірақ, Қызылорда
және Маңғыстау облыстарындағы ауылдарды
тұратын ата-аналардың айтуынша, мүгедектігі бар
балаларды оқытудағы қиындықтар тиісті оқыту
құралдарының жоқтығымен байланысты екен.
Келесі пікірлер сондай қиындықтар туралы сөз
етеді:
«Алты мұғалім: орыс тілі, қазақ тілі, ағыл-
шын тілі, математика және физика пән-
дерінің мұғалімдері келіп, баламды оқытады.
Балам ештеңені түсінбейтін сияқты, ол жай
ғана кітаптың бетіне қарап отырады, оған
мұғалімдердің келетіні ұнайды. Оқу бағдар-
ламасы балам үшін қиын, оқу құралдары
түсініксіз» (әйел, 50, үй шаруасындағы әйел,
11.05.2017).
«Мұғалімдер келеді, математика, ағылшын
тілінен сабақ береді. Қызым оқығанды ұната-
ды, бірақ, жаза алмайды, сондықтан, ауызша
оқиды. Оқу оған қиынға соғады, бағдарлама
бейімделмеген, бірақ, оған мұғалім ұнайды, оны
тағатсыздана күтіп жүреді» (әйел, 52, үй ша-
руасындағы әйел, 13.05.2017).
«Балама оқыған ұнайды, олар кәдімгі оқу
құралдарын пайдаланады, арнайы кітаптар
жоқ, жазуда қиналады, сондықтан, оқыту көбі-
несе ауызша жүргізіледі» (әйел, 45, тазалаушы,
13.05.2017)
3.3 Белгілі бір қызметтерді және
құрал-жабдықтарды кешіктіріп алу
Балаға диагноз қойылып, түрлі комиссиялардан
өткен соң да кейбір респонденттер тағайындалған
қызметтердің көрсетілуін ұзақ күтетінін айтты.
Кейде жөргек, қоларба немесе ортопедиялық
аяқ-киім сияқты негізгі құралдарды күтуге тура
келеді:
«Біз Халыққа қызмет көрсету орталығына
құжат тапсырып, жарты жылға уақыт күт-
тік. Әлеуметтік қызмет органдары барлық
құжаттарды жинап, мақұлдауын берген күт-
тік. Біз жөргектерге де құжат тапсырдық.
Оларға құжаттарды бөлек тапсыру керек.
Тағы да күтуге тура келді. Ұзақ күттік» (33,
әйел, жұмыс істемейді, 26.05.17).
«Үйде жүретін қоларба бар, көшеде жүретіні
де бар. Оларды 7 жыл бұрын алғанбыз. Олар
бізге қоларбаларды ауыстыру әлі ерте дей-
ді. Ол көшеде өздігінен жүре алмайды», деп
шағымданды ауылда тұратын әйел (әйел, 40
жаста, үй шаруасындағы әйел, 17.05.2017).
Басқа
респонденттер
оңалту-сауықтыру
қызметтерін ұзақ күтуге тура келетінін айтты:
«Мен үзбей қоңырау шалып, сұрастыра бер-
геннен кейін Астанада тегін квота берді.
2016 жылдың қыркүйегінде мен күту тізімін-
де 53-ші болып тұрдым, бір айдан кейін 52-
ші орынға жылжыдым. Мен оларға қоңырау
шалып, кезектің бір айда бір орынға ғана
жылжығаны ашуымды келтіретінін айттым,
олар тұтқаны қоя салды. Содан кейін, қоңырау
шалуды тоқтаттым, 2 айдан кейін қоңырау
шалайын деп шештім, сөйтіп, желтоқсанда
тағы бір рет қоңырау шалдым, ал олар маған
тізімде менің есімім жоқ деп айтты. Қайта-
дан ашуландым. Маған қызметкерлер ауысып
кеткенін, ешкімнің кінәлі емес екенін айтты.
Содан мен келесі бас тартқан адамның ор-
нына барамын деп талап еттім. Ол адамның
орнын сәуірде берді, осылайша квотамен бар-
дық» (әйел, 40 жаста үй шаруасындағы әйел,
05.13.2017).
«Біз сауықтыру-оңалту емін Ақсайда (Ал-
маты) қабылдадық. Квотаны дәрігерлерден
жалынып сұрап алғандай болдық. Біз орын-
ды Астанадан берсе деп күтеміз. 2016 жылы
Астанада кезекке тұрдық. Ол жерде кезегін
күтіп жүрген 1000-нан астам бала бар. Біз ке-
зектің соңғы жағында тұрмыз. Өкінішке орай,
кезек 1000 адамнан асқан жоқ. Баяу қозғала-
ды. Олар балалардың жынысына, жасына қа-
райтынын айтты. Бір айда бір-екі бала ғана