65
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Сапалық сұхбаттар барысында айтылғандай,
өтініш беру тәртібі аса қиын болғанымен,
отбасылардың көпшілігінің ақыр аяғында қажетті
қызмет түрлеріне берген өтініштері қабылданып
жататыны туралы қорытынды жасауға болады.
Мұндағы үлкен мәселе немесе кедергі болып
іріктелім аймақтарында қызметтерге мұқтаж
екенін мәлімдейтін, бірақ, өтініш бере алмаған
мыңдаған халық бар екенін көрсететін жүздеген
респонденттер табылады. Осы тараудың қалған
бөлігінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қол жеткізудегі басты кедергілер толығырақ
сипатталады және оларды шешуге қатысты
ұсынымдар беріледі. Мұнда келесі кедергілер
кезек-кезекпен айқындалады және талқыланады:
• Шектеулі ақпарат
• Өтініш беру рәсімдеріне
қатысты қиындықтар
• Қызметтерге қол жеткізудегі ала-құлалық адам-
дар қажет етеді деп ресми түрде куәландырылған
қызметтерді әрдайым ала бермейтінін білдіреді
• Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізудегі
шалғайлық және көлік жетіспеушілігі
• Стигма
66
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Сізге [өтініш беру үшін] қандай
ақпарат қажет болды? (бірнеше
жауап нұсқасы)
A: Әлеумет-
тік күтім
қызметтері
B: Әлеу-
меттік-ме-
дициналық
қызметтер
C: Әлеумет-
тік-психо-
логиялық
қызметтер
D: Әлеумет-
тік-педа-
гогикалық
қызметтер
Осы туралы ешбір ақпарат таба алма-
дым
61
69
63
74
Қызмет алуға құқылымын ба, жоқ
па сол туралы ақпарат таба алма-
дым
27
28
36
26
Қалай өтініш беру керек екені тура-
лы ақпарат таба алмадым
23
16
37
29
Басқа (нақтылаңыз)
2
2
0
0
Кесте 25. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтініш беруге кедергі
келтірген нақты ақпараттық кемшіліктер.
1. Ақпарат жетіспеушілігі
Зерттеуіміз көптеген ықтимал өтініш
берушілердің
арнаулы
әлеуметтік
қызметтерден және оларға қол жеткізу
жолдарынан хабары аз екені туралы
бұрынырақ анықталған деректерді (Томини
және т.б. 2013) растайды. Осы тарауда
талқыланғандай, ақпарат жетіспеушілігі
арнаулы
әлеуметтік
қызметтерге
өтініш беруге кедергі болатын ақпарат
жетіспеушілігі немесе атап айтқанда,
әлеуметтік қызметкерге қатысты мәселе
көрсетілуі тиіс қызмет немесе көмек түрі
жеткілікті түрде түсінікті емес екенін
көрсетеді.
Кесте 21 көрсетіп тұрғандай, баласы арнаулы
әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп санайтын
ата-аналардың/қамқоршылардың тек 10-15% -ы
ғана өтініш беріп көрген. Мұндай төмен көрсеткіш
негізінен ата-аналардың ұсынылатын қызметтер
туралы ақпараты аздығымен, сонымен қатар,
қажетті қызметтер қолжетімсіз немесе тым алыста
орналасқан деп ойлауымен байланысты (Кесте
22). Нақты қандай ақпарат жоқ екенін сұрағанда
респонденттердің үштен екісі ақпараттық мүлдем
жоқ екенін алға тартты (Кесте 25). Кейбір қызмет
санаттары үшін өтініш беру тәртібіне (36% -ы
әлеуметтік-психологиялық қызметтер бойынша)
және қызмет алу құқығына (көбінесе әлеуметтік-
медициналық және әлеуметтік-психологиялық
қызметтер бойынша) қатысты көбірек түсінбестік
бар сияқты.
Сауалнама мәліметтерін пайдалана отырып,
өздерін мұқтаж деп санап, арнаулы әлеуметтік
қызметтер алу туралы өтініш берген және бермеген
үй шаруашылықтарының келбетінде ерекшеліктер
бар екенін көре аламыз. Өтініш бергендер орта
есеппен аздап кедейлеу, көбінесе жалғызбасты
67
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
аналар, үйде жұмыс істейтін ересектер жоқтың
қасы және үй шаруашылығында мүгедектігі бар
ересектер болу ықтималдығы жоғарырақ болған
(қосымшадағы Кесте 32). Екінші жағынан өтініш
берген үй шаруашылықтарында орта есеппен
біршама білімдірек мүшелері болған, бұл өтініш
беру тәртібінің күрделілігінің белгісі болуы мүмкін.
Осындай күрделілік мәселесі келесі тарауда
талқыланады.
1.1 Өтініш беру рәсімі туралы
ақпараттың аздығы
Сапалық сұхбаттар (сегіз респондент) арнаулы
әлеуметтік қызметтерге өтініш беріп көргендер
арасында өтініш беру тәртібіне және талап
етілетін құжаттарға қатысты түсінбестік бар
екенін көрсетті. Атап айтқанда, сұхбаттасушылар
өтініш беру тәртібі туралы ақпаратты табу
адамдардың өзіне жүктелгенін, ал мемлекеттік
қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлер
осындай ақпаратты өмірлік қиын жағдайда
қалған отбасыларға жеткізуге қатысы жұмысын
тиісінше атқармайтынын жеткізді. Мысалы,
респонденттердің айтуынша:
«Ешкім мүгедектікті қалай тіркеу керек,
МӘСК-тен қалай өту керек, жәрдемақыны қа-
лай дұрыс рәсімдеу керек екені туралы ешбір
ақпарат бермейді – бәрін өзіміз анықтауымыз
керек» (әйел, 42 жаста, үй шаруасындағы әйел,
16.05.2017).
«Біз өзіміз барып, қажеттісін сұрап-біліп
аламыз» (әйел, 30 жаста, үй шаруасындағы
әйел, 16.05.2017)
«Басынан-ақ бәрі түсініксіз (өтініш беру
тәртібі, құжат жинау), бірақ, кейінірек түсін-
дім. Негізінде, ешкім ешкімге көмектеспейді,
бәрі өздері істейді» (45 жаста, әйел, жұмыс
істемейді, 26.05.17).
Өтініш берушілер өтініш беруге қатысты
ақпаратты көршілерінен, достарынан және
отбасынан,
сонымен
бірге,
мемлекеттік
қызметкерлерден алады. Ақпарат алудың баршаға
ортақ жолдары - ауызша тараған әңгіме немесе
басқалардан кездейсоқ естіп қалу:
«Кейде әлеуметтік қызметкер ақпарат бе-
реді. Көбінесе бейтаныс адамдардан, көршілер-
ден, тіпті банкоматтың жанында тұрып кей-
бір мәліметтерді есітп қаламын» (әйел, 29
жаста, үй шаруасындағы әйел, 13.05.2017).
«Бірінші рет МӘСК-тен өту қиын болды,
қайда өтініш беруді, қандай құжат жинауды
білген жоқпыз. Ауылда ешкім ақпарат бермей-
ді. Мен бұрын өтініш беріп көргендерген сұра-
дым» (әйел, 45, тазалаушы, 05.13.2017).
«Қай жерде болмасын, қай мекемеде болма-
сын, құжат жинау үшін белгілі бір жерлерге ба-
рамыз. Мен сияқты кішкентай балалары бар
көрші әйелдерден біліп отырамыз» (45 жаста,
әйел, жұмыс істемейді, 26.05.17).
Бір респонденттің айтуынша, адамдарды
арнаулы әлеуметтік қызмет алу құқығы туралы
ақпараттандыру
жүргізілмейтіндіктен,
алыс
ауылдарда тұратын адамдар осындай мүмкіндіктен
қағылады:
«Жарайды, біз қалада тұрамыз, құқықта-
рымызды білеміз, ақпарат жетіспей жатса,
Ғаламторға кіреміз немесе ата-аналармен
сөйлесеміз. Ал ауылда Ғаламтордың не екенін
ешкім білмейді, қайдан ақпарат алады? Мүм-
кін балалар үйлерінде еш дамымай-жетілмей
отырған шығар» (33, әйел, жұмыс істейді,
17.05.17).
1.2 Әлеуметтік қызметкерлердің рөлі
туралы ақпараттың аздығы және
жеткілікті түсінбеу
Әлеуметтік қызметкерлер - арнаулы әлеуметтік
қызметтерді
жеткізетін
басты
адамдар:
отбасындағы балаға диагноз қойылып, күтім
көрсетілу туралы ұсыным жасалса, әлеуметтік
қызметкер баланың ем алуын ұйымдастыруы қажет.
Әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ, отбасыларға
барып, қажет болса, қарапайым шаруаларды
істеп, көмек көрсетіп тұрады. Жергілікті сапалық
зерттеу барысында сұхбаттасушылар өздеріне
көмектесетін әлеуметтік қызметкерге жалпы көңілі
толатынын айтады. Олар балаларға келіп, бірге кітап
оқитынын, аналарға құжат жинауға көмектесетінін,
МӘСК және ПМПК өтуге бірге баратынын, жаялық
алып келетінін және жаңа ақпарат жеткізіп
отыратынын айтты. Бірақ, Маңғыстау облысында
және Астана қаласында бірнеше сұхбаттасушы
(жеті респондент) әлеуметтік қызметкердің рөлі
қандай екенін түсінбейтінін жеткізді. Әсіресе,
олардың рөлі ата-аналарға ақпарат беру және
құжат тапсыруға көмектесу ме, әлде балаға күтім
көрсету ме, түсініксіз екен. Бір сұхбаттасушы
осыны түсінбейтінін сұрақ арқылы білдірді: